Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
«Білім сапасын арттыру жағдайындағы бастауыш мектептің жобалық-зерттеушілік үрдісі»
«Естігенімді - ұмытамын, көргенімді — есте сақтаймын,
өз істегенімді — меңгеремін»
Конфуций
Жоспары:
Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалары:
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті – оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Осы қажеттіліктерді оқушыларға меңгерту барысында жобалық оқыту әдісі тәжірибеге енгізілді. Жұмыс мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына жобалық оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін үйрету, сабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін талдау, оның тиімділігін анықтау. Оқушының өзіндік іс- әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс- тәсілдер жиынтығы болып келетін оқыту технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көздеген нәтижелерге жету.
Жоба – мұғаліммен ұйымдастырылған және оқушымен өз бетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі. Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді.
Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалау технологиясының негізінде – оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Бастауыш сыныптарда жобалық оқытуды қолдану үшін:
► Оқушының коммуникативтік дағдылары қалыптасуы қажет
- сауалдар қою (басқа оқушының пікірін білу, ақпарат жетіспегенде
мұғалімнен сұрау)
- дауысымен басқару;
- өз көзқарасын білдіру (барлығына түсінікті түрде өз ойын ашу,дәлелдеу)
- келісімге келу;
►Оқушының ой — өрісінің дамуы, «ақыл – ой толықтығы»
- талдау, біріктіру әрекеттерінің дамуы;
- салыстырмалы талдау жасау;
- негізгіні бөліп көрсету;
- жалпы әрекет әдісін табу, оны қолдану мүмкіндігі;
► Өзіндік бағалау әрекеті
- өзінің және басқаның жұмысын шынайы бағалау;
- нәтижені және оқу міндеттерінің шешілу барысын бағалау дағдысы;
- кемшіліктерді көру;
Жоба жұмысын дайындау кезеңдері:
Бастапқы: негізгі тақырыпты анықтау; Ізденіс: жоба жұмыстарын, ақпарат, әдебиет көздерін айқындау, жоба бойынша жеке жұмыстарды топ ішінде ұйымдастыру; Нәтижені өңдеу: зерттеу тақырыптары бойынша презентациялар дайындау Тұсаукесер: жұмыстарын қорғау;
Шебер-сынып
1.Жоба: «Бiр сөздiң энциклопедиясы»
Жоспары:
Қорытынды бөлім
Сонымен, жобалау әдісі арқылы бастауыш сынып үшін оқушылары
• білімді өздігінен меңгеруге, сол білімді жаңа танымдық және тәжірибелік мәселелерді шешуге жұмсауға үйренеді;
• коммуникативті білік – дағдыны меңгереді;
• қажетті ақпараттарды жинауға үйренеді;
• қорытынды шығарып, түйіндер жасауға дағдыланады;
• талдау жасауға үйренеді;
Жобалау әдісін бастауыш сыныптарда мына тақырыптарға қолдануды ұсынар едiм.
- Ауа райы және оны болжау
- Табиғаттағы су айналымы
- Күн, су, ауа, құстар– біздің достарымыз
- Жаңа өсімдік қалай пайда болады ?
- Ертегілер елінде
-Дәстүрлер
-Туған жер, т.б.
Назарларыңызға рахмет! Конец формы
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт