Просмотр содержимого документа
«Презинтация "Етістік" »
Сабақтың мақсат – міндеттері:
А)Ақпараттық құзіреттілігі:
Берілген ақпарат арқылы етістікті, оның құрамын, сұрақтарын, сөйлемдегі қызметін ажырата білуін меңгерту;
Ә)Проблеманы шешу құзіреттілігі: Ауызша және жазбаша тілде күнделікті өмірде етістікті дұрыс әрі тиімді қолдана білуге дағдыландыру;
Б)Коммуникативтік құзіреттілігі:
Жаттығулар мен тапсырмаларды орындата отырып білімдерін қалыптастыру;
Жаңа материалды хабарлау:
Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? Не қылды? Қайтті? (немесе не істеді? Қайтіп? Не істесе т.б.) деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Көп ойласаң , дана боласың,
Көп ойнасаң, бала боласың.
Көкек көріп қарлығашты, қиғаш келіп амандасты.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, басқа жануарды теңгермедім.
Берілген мысалдарда ойласаң, ойнасаң, (сен не істесең?), боласың (сен не істейсің?) көріп, келіп (көкек не істеп?) амандасты (көкек не істеді?) көрмедім, теңгермедім. (мен не істедім?) деген сөздер заттың ұғымдағы сөздердің (сен, көкек, мен) қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Мұнда сөздер етістіктер деп аталады. Болымсыз етістік болымдыға: -ма,-ме, -ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.Мыс: үзбе,ерінбе,тиме.
Етістіктің түрлері
Құрамына қарай
Тұлғасына қарай
Негізгі:
Туынды:
Дара:
Күрделі:
АйттыАйтып болған еді:
Кел, барШегем:
Мағынасына қарай
Салт:
Болымды:
жүр, ер, байла
кел, бар
ата, көр, тап, ел
Сабақты:
келме, берме
Болымсыз:
Құрамына қарай
Дара
Күрделі
Екі я одан көп құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады.
Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады.
Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. Қозының жамырағанын. Байторының сақ құлағы бағана сезген.
Мысалы: Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен . Бір кішкентай қыз әкесінің шапанынжамап отыр екен.
Тұлғасына қарай:
Туынды
Негізгі
Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жұрнақтар арқылы жасалады.
Ол жұрнақтар мыналар:
1. ла, ле, да, де, та, те: шеге-ле, таза-ла, тіс-те, бас-та
2. а, е: ойн-а, бос-а, түн-е т.б.
3. ай, ей, й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й т.б.
4 .ар, ер, р: аға-р, көг-ер, қысқа-р т.б.
5. ғар, гер, қар, кер; бас-қа, ес-кер, тең-гер.
6. ық, ік, к: кеш-ік, зар-ық, бір-ік т.б.
7. ыра, іре: жар-ық, желб-іре т.б.
Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі түбір немесе көріп, алған, салған т.б.
Мысалы: кел, бар, жүр, көр, ал, қойды, айтты, жайды, үйіп көріп, алған, салған т.б.
Мағынасына қарай
Болымды
Болымсыз
Іс-әрекеттің амал-қимылдың жүзеге асқанын, асатындығын, асуын білдіретін форма етістіктің болымды түрі деп аталады.
Іс-әрекеттің, амал мен қимылдың жүзеге аспауын, орындалмауын білдіретін форма етістіктің болымсыз түрі деп аталады. Етістіктің болымды түрі түбір, туынды және күрделі етістіктер арқылы берілетін болса, оның болымсыз түрі болымды етістіктердің түбіріне
–ма, -ме, -ба, -бе, - па, - пе,жұрнақтар жалғау арқылы жасалады.
Мысалы:бар, көтер, сөйле, шық, жаз, кел.
Мысалы:бар-барма, көтер-көтерме, сөйле-сөйлеме, шық-шықпа, жаз-жазба, кел-келме т.б.
Мағынасына қарай
Сабақты
салт
Мағынасы жағынан тура объектіні табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктерсалт етістіктердеп аталады.
Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды.
Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктерсабақты етістіктердеп аталады.
Сабақты етістіктер Кімді? Нені? деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады.
Мысалы:Сөзді сенбаста.
Менжазбаймынөлеңді ермек үшін.
.
Жаттығу жұмыстары
Мәтінді түсініп оқы
Етістіктерді тап, оларға сұрақ қой.
Жазған, болған, құрастырған, қойған, сақтаған.
381 – жаттығу
* Жұмбақты жатқа жаз.
* Етістіктердің астын сыз, дара немесе күрделі екенін айт.
Аузымен суретсалады,
Демімен ағашжарады.
(аяз)
382 – жаттығу
Мәтінді көшіріп жаз.
* Сөйлем мүшесіне талда. Бастауыш пен баяндауыштың астын тиісті сызықтармен сыз.
* Етістіктердің дара немесе күрделі екеніні айт.
Ауылдың шетінде сырғанақ жасалған. Балалар сырғанақ теуіп жүр.
Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді.