Жыл мезгілдеріні? ?зіне т?н ерекшеліктерін ай?ын аны?тай алады. ?з ойларын ?р жыл мезгіліне с?йкес келетін т?сті ?а?аз б?ліктерін та?дап, жапсырмалау ар?ылы суреттейді ж?не ?ор?ай алады.
VI.Саба?ты? барысы: Психологиялы? тренинг. «К??ілді ше?бер» О?ушылар ішкі ж?не сырт?ы ше?бер ??рып, бір - біріне ?арама ?арсы айналады. Музыка то?та?анда бір- біріне тілек айтып,с?ттілік тілейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Презентация на тему "Жыл мезгілдері"»
I.Сабақтың тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
II.Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілдерінің өзіне тән ерекшеліктерін айқын анықтай алады. Өз ойларын әр жыл мезгіліне сәйкес келетін түсті қағаз бөліктерін таңдап, жапсырмалау арқылы суреттейді және қорғай алады.
III.Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ дүниетану, еңбекке баулу
IV.Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жыл мезгілдерінің суреті,түсті қағаздар,ақ қағаз,жұмбақтар.
VI.Сабақтың барысы: Психологиялық тренинг. «Көңілді шеңбер» Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып, бір - біріне қарама қарсы айналады. Музыка тоқтағанда бір- біріне тілек айтып,сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын сұрау. Жазып келген мақал- мәтелдерді оқу.
Жаңа тақырыпты ашу. Оқушыларға өлең- жұмбақ жасырамын.
-Қозы лақтар маңырап, - Жап жалаңаш қырқалар,
Жататұғын жамырап, Кетеді ұшып тырналар,
Білесің бе қай мезгіл? Білесің бе қай мезгіл?
-Күн сарғайтып көгіңді, - Ағарып жер қап қара,
Оратын кез егінді, Ұлып тұрар ақ боран,
Білесің бе қай мезгіл? Білесің бе қай мезгіл?
-Қыс,көктем,жаз,күз оларды бір сөзбен қалай атауға болады?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Жұппен жұмыс.Алдымен біздер жұп болып бөлініп алайық. Ол үшін өлең шумақтары жазылған парақтарды таңдап алу арқылы өз жұптарын табады.
1- жұп « қыс мезгілі»
2-жұп « көктем мезгілі»
3-жұп « жаз мезгілі»
4-жұп « күз мезгілі»
5-жұп «адамдар»
Топтастыру әдісі. Әр жұп таңдап алған өлең шумақтарын оқиды .( «Жыл мезгілдері»өлеңі) Әр жыл мезгілін атағанда ойымызға нелер түседі?
«Жыл мезгілдері» өлеңінің авторы Калина Малинамен таныстыру.
Ертегі құрастыру. Ертегі терапиясы.
-Біз бүгінгі жаңа сабақтың мазмұнын тереңірек түсіну үшін ойымызды әрі қарай жыл мезгілдері туралы ертегі құрастыру арқылы өрбітейік.Сендердің әрқайсысың осы ертегінің авторы боласыңдар.Әр жұп өзінің жыл мезгілі туралы құрастырады.Ертегі қызық болуы үшін біз бірлесе отырып,бар ынтамызды салуымыз керек. Ертегіміздің тақырыбы «Жыл мезгілдері қалай пайда болды?»
-Өте ерте заманда мынандай оқиға болыпты: бүгін күн жылынып,гүлдер ашылып, құстар сайраса,келесі күні қар жауып,аяз болыпты.Кейін қатты күн ысып,өзендер суалыпты,ал келесі күні жел тұрып, жаңбыр жауыпты. Адамдар бұл жағдайдан қатты күйзеліпті.
Сол заманда алыс аспанда Жыл деген патша өмір сүріпті. Оның төрт қызы болыпты.Қыздары өте ақылды, мейірімді және әдемі болыпты.Бірақ олардың мінездері бір- біріне ұқсамайды екен.
-Қыздарының атын білесіңдер ме?
Әр жұпқа бірдей сұрақтар қойылады. (Әр мезгілге байланысты)
-Ол қыздың мінезі қандай еді?Ол қандай киім кигенді ұнатады? Ол қандай жұмыстарды атқарады? Бізге не сыйлайды?
Әр жұп өз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.
-Патша адамдарға көмектесуге қайсы қызын жіберерін білмей дал болады. Ақырында төрт қызын да кезекпен Жерге жіберуді ұйғарады. Сонымен қыздардың бәрі жерге барып қайтады. Бәрінің де жерде қалғысы келеді. Ақсақалдың алдында қиын таңдау тұрды. Қайсы қызының жерде қалуын адамдардың өз таңдауына қалдырады. Әр қызынан адамдарға қандай жақсылық жасағанын сұрайды.
Әңгіме дебат.
-Қыс, сенің жерде қалғың келеді.Сен адамдарға қандай пайда келтірдің?
-Бәрі саған риза болды ма? Сендер не айтасыңдар,көктем,жаз,күз?
Адамдар бұл дауды естіп, патшаға қыстың жасаған жақсылықтарын айтады.
-Менің екінші қызым туралы не айта аласыңдар?( Мезгілдер мен адамдардың жауабы)
-Жазгүл сендерге несімен ұнады? (Мезгілдер мен адамдардың жауабы)
-Күз туралы не айта аласыңдар? (Мезгілдер мен адамдардың жауабы)
Асақал ойланып қалады. Адамдарға қыздарының барлығы ұнап қалыпты, бірақ барлығы бірдей өз үстемдігін жүргізе алмайды. Патша өте ақылды әрі әділ еді.
-Қалай ойлайсыңдар,патша қандай шешім қабылдады? Әр жұптың жауаптары тыңдалады.
Патша өзінің шешімін жария етті: «Бұдан былай қызымның әрқайсысы Жерге өз кезегімен белгіленген уақытқа келетін болады»
-Міне сол уақыттан бері бізге қыс,көктем,жаз,күз мезгілдері кезектесіп қонаққа келіп отырады.
Сергіту сәті.
Суретпен жұмыс. ИТ - дан жыл мезгілдерінің суреттері көрсетіледі.
Өздеріңнің жыл мезгілдеріңе сәйкес келетін суретті таңдап, дәлелдеңдер.
Түс таңдау. Үстелдің үстінде түсті қағаздардың бөліктері бар. Өздерінің жыл мезгілдерінде кездесетін ,сәйкес түстерді таңдап алады.
Жапсырмалау. Енді өз жұптарыңмен бірге ақылдаса отырып,жапсырмалау жасайсыңдар. «Сендер үшін қыс,көктем,жаз,күз деген не?»
VII.Қорытынды. Ой қозғау. Әр мезгілге байланысты мақал- мәтелмен өз ойларын түйіндейдейді.
VIII.Үйге тапсырма. Жыл мезгілдеріне байланысты өлең жаттап келу.