- Математика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру .
Ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
Уақытты тиімді пайдаланса;
Тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе.
Онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады.
Оқушыларды қалай математикаға қызықтыру керек?
Оларды математика сабағын асығыспен күту үшін не істеу керек?
Оқушылардың өздерінің еңбектеріне жауапкершілікпен қарауды қалай қалыптастыру керек?
Менің оқыту жүйем, алдымен менің оқушыларым бап күш жігерімен менімен бірге сабақта жұмыс істеулеріне бағытталған.
Мұғалімнің шеберлігінің кілті:
Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері:
Дидактикалықь ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабілдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.
Оның сабақ технологиясын меңгеруі, әдеттемелік тәсілдерді тиімді қолдана білуі болып табылады. Осындай тиімді де, нәтижелі әдістердің бірі- дидактикалық ойындар деп есептеймін.
«Бір сарынды және бір бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан мұғалім оқыту барысында әртүрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану крек»- дейді К.У.Ушинский.
Мен қазіргі матаматиканың сабағының тиімділігін арттыру мақсатында негізгі ақпараттық мүмкіндіктерді; әр сабаққа ойын элементтерін қолданамын.
Қазіргі уақытта оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру, дамыту барысында түрлі әдістемелік әдістерқолданылады. Ойын элементтерін пайдалана оқыту әдісі математиканы оқытуда жиі қолданады. Бұл әдіс оқушылардың жеке шығармашылықпен жұмыс жасауына және ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Оқу тәрбие үрдісіндегі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу білім беру мазмұнымен тығыз байланысты. Оқушының нақты қабілетін анықтап беруге және оның қандай деңгейде белімі бар екенін нақты көрсетіп береді, қызығушылығын арттырады.
Ал, орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский«Ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңі өмірге қабілеті байқалады»-деген.
Бұл баяндама бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарын дидактикалық ойын арқылы жүргізуді қарастырамын.
Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді.
Сабақ- әрбір мұғалімнің ізденісінің нәтижесі сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өткізсе, сабақтың мазмұнын аша түседі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану, оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсегнділіктерін арттырады. Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз оқушылардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады.
Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзіне қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз–тынысы кең, алысқа меңзейтін ойдан-ойға жетелейтін адамға қиыл мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
Математикалық ойындар-сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. “Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты” – деп В.Ф.Сухомлинский айтқандай ойын ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды дидактикалық ойындар дейді.
Кіріспе.
Қазіргі таңда білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Себебі, қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңде өскелең ұрпақтың білім деңгейі қазіргі заман талабына сай болуы баршаның мақсаты болып отыр.
Қазақстанның қазіргі даму кезеңгі білім беру сапасын жаңалау және әлімдік сұранысқа лайықтау қажіттігін анықтап беріп отыр.
Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағытта пәндерді игеруі математикадан басталады. Математиканы дұрыс игермеген оқушы осы бағыттағы қай салаға да маман болып барса да шеберлігі шыңына жетуі қиынға соғады. Сондықтан ғылымның негізі болып табылатын математика пәнін оқушы сапалы түрде игеру тиіс.
А.Постниковтың «Мен адамның математикаға қабілеті жоқ дегенге сенбеймін» - деген тұжырымдамасын негіз ретінде алсақ, онда әрбір балада математикаға қабілеті бар деген ойға келеміз. Яғни сол қабілетті оятып, әрі қарай дамытып осы салада жетістіктерге жеткізу мұғалімге байланысты екені белгілі болады.
«Білім негізі бастауыштан қаланады» - деген ұғым біздер үшін қағидаға айналды. Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушыларына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім алуына зор ықпал етеді.
Қазіргі заман оқушысына білім алуына не кедергі етеді? Білімге деген қызығушылықтың жоқтығы десем қателеспеймін. Өйткені оқушыға заман талабына сай жан-жақтан, қоршаған ортадан алаңдататын көптеген қызықты, қол жетімді «объектілер» көп, олар теледидар, компьютер, қалта телефоны, интернет желісі. Осындай ортадан оқушының назарын білімге тарту оңайға түспейтіндігі белгілі.
Сабақтың тақырыбы:
“Қызықты математика әлемі”
Математика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар арасынан математика ғылымына ынталы,талапты,алғыр оқушыны анықтау
және оларды ізденуге,тез ойлауға,
алғырлыққа баулу.
Білімділігі:
Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамытып,өз ойын еркін жеткізуді,нақты шешім қабылдау дағдысын дамыту.
Дамытушылығы:
Оқушыларды ұйымшылдыққа,бірлесіп жұмыс істеуге,өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Тәрбиелігі:
Танымдық ойын сайыс сабақ.
Сабақтың түрі:
Сұрақ-жауап, ізденушілік,ойын.
Сабақтың өту әдісі:
Интерактивті тақта, сөзжұмбақ,ертегі есеп.
Көрнекілігі:
Сабаққа дайындығын тексеру.
Сабаққа дайындау.
Топқа бөлу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
1-кезең:“Сәлем сөздің анасы. Әр топ өздерін таныстырады:
2-кезең:“Білімділер”
3-кезең: “Сөзжұмбақ”
4-кезең:“Ұрылар мен кемпір” ертегі есеп.
Ал,енді балалар дайын болсақ сайысымызды бастаймыз.
1-кезең шарты бойынша топтар өздерін таныстырады.
1-топ«Алғырлар»тобы:
Озып шығып бәйге аламыз,
Аты аңызға айналған.
« Алғыр » бала атанып,
Біздер ғалым боламыз.
2-топ«Тапқырлар»тобы:
Мақтанбаймыз « Тапқырмыз » деп,
Таудай бірақ талабымыз
« Тапқыр » бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
2-кезең шарты бойынша«Білімділер»сайысы.
20
40
30
Логикалық есептер
10
10
Тест
40
20
30
20
30
40
10
Әртүрлі есептер
Пән аралық байланыс
10
20
30
40
Сергіту сәті:
Бейнелі сөзді шеш
.
,,
,,,,
Р
,
Дидактикалық
ойындар
Қабылдауды жеңілдетеді және білімді толық игеруге көмек береді.
Сабаққа деген ынтасын арттыру.
Сұраққа толық жауап беруге тырысады.
Көңілін аударады. Сөздік қоры артады.
ақылды
ойды
алғырлықты
тапқырлықты
Терең меңгеруге
Сабақтың сапасын жақсартады
Танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілетін арттыру
Ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді.
Ойлау жүйесі дамиды.
Математика сабағында ойын технологиясының пайдасы
Сіріңке шырпысы қолданылатын ойындар
3-кезең шарты бойынша әр топқа жеке-жеке сөзжұмбақ беріледі.5 мин ішінде топпен бірге шешуі тиіс.
«Алғырлар» тобына:
Сұрақ-жауап:
1. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз.
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш.
Шаршы.
3. Ондықтан құралған сан. Қырық.
4. Бір таңбалы сан. Үш.
5. Кеміту амалы. Азайту.
Ж
А
Қ
Ш
А
«Тапқырлар» тобына:
Б
Ұ
Р
Ы
Ш
Сұрақ-жауап:
1. Бір таңбалы сан. Бір.
2. Геомтриялық фигура.
Төртбұрыш.
3. Бұрыш түрі. Сүйір.
4. Уақыт өлшем бірлгі. Ғасыр.
5.Дөңгелектің басқаша атауы. Шар.
4-кезең шарты бойынша екі топқа
“ Ұрылар мен кемпір”
ертегі есеп беріледі.
-Кел балалар, ойнайық
Қандай есеп болса да
Шешпей оны қоймайық.
Ал,тыңдаңлар,тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар,
Асықпайық дегенге,
Бөгеліп те тұрмаңдар.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ жалғыз кемпірдің сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.
Кемпір «Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын»-деп ойлайды. Сөйтіп жалма-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер,-деген екен. Мұны естіген ұрылар:
«Қой Мұнымыз болмас,үй толы кісі,әрі бізден екі есе көп,кетейік»,-деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.
Жинаған фигуралар бойынша жеңген топты марапаттау.