kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мүмкіндігі мол «Lesson Study» тәсілінің тиімділігі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Питер Дадли - PhD, Лестер университетінің құрметті профессоры.  Питер 2001 жылы Ұлыбританияда Lesson Study тәсілін ұсынды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мүмкіндігі мол «Lesson Study» тәсілінің тиімділігі.»

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы





Мүмкіндігі мол «Lesson Study»зерттеу

тәсілінің тиімділігі.
















Бастауыш сынып мұғалімі

Сайдуганиева Назакат

Пікір

Бүгінгі заман-бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Елбасымыз Қазақстан халқына кезекті жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген еді. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді интелектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.

Әр бір оқушының сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру мұғалімнің басты міндеті деп түсінетін ұстаздардың бірі Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Назакат Сайдуганиева. Осы тұрғыда бұл мұғалім оқу әдістерінде жаңа технологияларды пайдалануда.

Өзінің іздемпаздығы,еңбекқорлығы,жаңашылдығы арқасында оқушыларға заман талабына сай сабақ өтіп білім беруде. Өз сабақтарында Lesson Study- тәсілі, 

«Сын тұрғысынан ойлау»,Ж.Қараевтің«Деңгейлеп оқыту технологиясы»ларын үнемі пайдаланады.

Атап айтқанда математикадан «6 санын көбейту және бөлу», «XXI ғасыр көшбасшысы», сауат ашу сабағынан «Ии товуши ва харфи» тақырыбындағы ашық сабақтары жоғары деңгейде бағаланды.

2016 жылы Республикалық www.45minut.kz газетінің « Шығармашыл тәжірибелі ұстаз» төсбелгісі,күәлік,алғыс хат

2016 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Эрудит» Интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен Республикалық байқауларға өз шәкірттерін белсенді қатыстырып,шығармашыл ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс хат

2017жылы Қазақстан Республикасы Түркістан қаласының білім бөлімі ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптарда білімнің жаңартылуы бойынша оқу үрдісінде заманауи сабақтарды ұйымдастыруда жаңа талаптарды пайдалану тәсілдері» тақырыбы аясында өткен қалалық семинарда үлгілі ашық сабағымні ұсынып, озат тәжірибесімен бөліскені үшін мақтау қағазы

2016 жылы «Білімді ел-мәңгі ел!» тақырыбы аясында өткен қалалық педагогикалық оқуларда өзінің озық үлгідегі іс-тәжірибесімен бөлісу арқылы кәсіби білімін, ізденімпаздылығын көрсетіп бастауыш сыныптар секциясы бойынша жүлделі II орынға ие болғаны үшін мақтау қағазы

2017 жылы Республикалық «Жас ғалым» журналы мен ОҚО «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Егеменді еліміздің жас жеткіншектеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беріп,оқушы бойына ұлттық рухты дарытып,

шығармашылық қабілетін арттырып,шәкірті Расулов Элнурдың ғылымы ізденісін шыңдауға үлес қосқаны үшін алғыс хат

2017 жылы «Intolimp»Республикалық дарынды оқушылар порталы ұйымдастырған шығармашылық байқауларға шәкірттерін дайындағаны үшін алғыс хат

2017 жылы Просвещение Республикалық байқауына қатысып, сайтқа өзімнің сабағыні жариялағаны үшін сертификат және II дәрежелі диплом

2018 жылы Зерделі Интеллектуалды білім порталының үйымдастыруымен Қазақстан Республикасы дарынды оқушылар арасындағы қашықтықтан өткізілген байқауларға шәкірттерін дайындағаны үшін алғыс хат



2018 жылы «Математика –ғылымдар патшасы»облыстық зияткерлік байқауында шәкірті II орын алған үшін диплом

2018жылы Қазақстандық-Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және Жалпыресейлік ОҒҚ оқушылардың ғылыми қоғамы II Халықаралық қашықтық олимпиадада математика пәнінен шәкірттері қатысып, жүлделі I орын, мұғалімі диплом

2019жылы«Бастауыш мектеп» Республикалық педагогикалық ғылыми –әдістемелік журналында «Үздік сабақ»көрсеткені үшін Сайдуганиева Назакат дипломмен марапатталды

2019жылы«Ұлт мектебі» Республикалық әдістемелік ғылыми журналында мақалалары жарық көрді, мадақтама

2019 жылы«Кенгуру-лингвист-2019» халықаралық байқауына шәкірттері қатысқаны үшін сертификат

2019жылы «Дарабоз»оқу орталығы ұйымдастыруымен өткен Республикалық

«Оқушының ғылыми жұмысы»конкурсына Расулов Рамазан қатысып, Бас жүлде

2019жылы.Түркістан облысының 2-11 сынып оқушылары арасында өткен«ALTYN URPAQ»зияткерлік олимпиадасында Абдималиков Саидакбар II орын дипломмен марапатталды.








Пікір жазған:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары : А.Аталыкова





















Тақырыбы:



Мүмкіндігі мол «Lesson Study» зерттеу

тәсілінің тиімділігі.









Мақсаты:« ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны

қалыптастыру.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын,ынтасын оятып,танымдық белсенділіктерін арттыра отырып,

шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау»








Жоспар



I. Кіріспе бөлім

Жаңа ғасырда жаңаша көзқарас.



II. Негізгі бөлім

1. Lesson Study: нұсқаулыққа кіріспе


2. Lesson Study-дің мақсаты


3. Lesson Study жүргізу


4. Lesson Study тәсілінің тиімділігі



5. Шығармашылық негізі-ізденімпаздық



III. Қорытынды

Білім жүйесі-тиімді жүйе









Мүмкіндігі мол «Lesson Study» тәсілінің тиімділігі.



«Ең оңайы - еліктеу,

Ең ащысы - тәжірибе,

Ең мәртебелісі – ойлау»

Конфуций


Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек.Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көпмәдениетті ортада  бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіріп, әлемдік сапа деңгейіндегі білім мен білік дағдыларына негізделген  білім беру жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе.

Бүгінгі күні әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал бұл жұмыстың ең тиімді әрі қолжетімді екі түрі бар: 1) сабақтарды бірлесе жоспарлау және 2) өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында талдау мен талқылау.Осы екі әрекетті де қамтитын бірден бір құрал - Сабақты зерттеу немесе Lesson Study әдісі.

1. Lesson Study: нұсқаулыққа кіріспе

Питер Дадли - PhD, Лестер университетінің құрметті профессоры. Питер 2001 жылы Ұлыбританияда Lesson Study тәсілін ұсынды. Сондай-ақ соңғы 18 жыл бойы ол Lesson Study тәсілін қолдану жөніндегі көптеген ұлттық және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын енгізді.

Осы кітапша оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында Lesson Study (сабақты зерттеу) тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық болып табылады.Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study  - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.  Бұл тәсілдің ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған. Жапониядағы Lesson study-ның маңызы бүкіл әлемде танымал болды. Оның қуатты импульсын 1999 жылы жарыққа шығарылған Оқытудағы олқылықтар кітабынан (Teaching gap) байқауға болады.Teaching gap - lesson study-ды бүкіл әлемге танымал еткен алғашқы кітап.
Lesson Study қадамдары:

  • Жоспар : сабақты бірлесіп жоспарлау

  • Зерттеу сабағын өткізу : әріптестермен сабақты бақылау

  • Бағалау : мұғалімдердің сабақты, оқушыларды бақылау жүргізуінің нәтижелері

  • Іс-әрекет: өз сабақтарын жақсарту және басқа сыныптарда іске асыру.


Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.   Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық  

Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:

• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.

• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды.

• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.

• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.

• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.

• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.

• Lesson Study-ді талқылайды.

• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.

• Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.

2. Lesson Study-дің мақсаты

Lesson Study-дың мақсатқа байланысты үш түрі бар. Бірінші түрі Lesson Study-дың бірыңғай тақырыбына байланысты, екінші түрі оқыту дағдыларын дамытуға арналған, ал үшінші түрі бақылау дағдыларын дамытады.  



















Lesson Study бірінші түрінде барлық мұғалімдер бірге жұмыс істеп, бірыңғай зерттеу тақырыбын таңдайды. Олар бірге ақпарат жинап, Lesson Study-ді соның негізінде өткізеді. Жыл аяғында олар зерттеу туралы есепті басып шығарады. Lesson Study-дың бұл түрінде әрбір мұғалім Lesson Study-ды өзі үшін емес, бірыңғай тақырып үшін өткізеді. Жыл бойы өткізілген әрбір Lesson Study мектептегі Lesson Study үдерісі бөлшектерінен тұрады. Бұл жағдайда, сабақ жоспарын талқылау әсіресе маңызды. Әрбір Lesson Study мектептің зерттеу тақырыбына байланысты болуы ке-рек. Әрбір Lesson Study циклын өткізгеннен кейін мұғалімдер зерттеу нәтижелерін бірыңғай тақырыпқа байланыстыруға тырысады.

















Lesson study-дың екінші түрінде мұғалім өз еркімен Lesson study-ды өткізеді. Мұғалім өзінің зерттеу тақырыбын таңдап, өзінің оқыту әдісін дамытуға тырысады. Ол өзінің сабақ жоспарын зерттеу тақырыбына байланысты жазып, зерттеу сабағын өзі жүргізеді. Ол сабақты бірнеше мұғалімдер тобы бақылайды. Бақылаушылар сабақты талқылап, оның нәтижесінде мұғалім сабақ жоспарын қайта жазып, екінші зерттеу сабағын ашады. Мұғалім Lesson study циклы барысында кері байланыс алып, өзінің оқыту дағдыларын дамытады.















Lesson Study-дың үшінші түрінде барлық мұғалімдер зерттеу сабағын өткізіп, соымен қатар әріптестерінің зерттеу сабағын бақылайды. Сабақты бақылаған кез-де, мұғалімдер жақсы әдіс-тәсілдермен бөлісіп, өздерінің оқыту және бақылау дағдыларын дамыта алады. Lesson Study-дың бұл түрінде мұғалімдер өздерінің зерттеу тақырыбын таңдай алады, бірақ бірыңғай тақырыпты беру оларға көбірек пайда келтіреді. Lesson Study-дың бұл түрінде әрбір мұғалім жылына бір зерттеу сабағын өткізіп, бірақ бақылау процесіне көбірек назар аударады.





















3. Lesson Study жүргізу

Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды.



АҚШ-ның ғалымы Lewis (2002) Lesson Study үдерісін басқару циклі ретінде сипаттайды.

1.Lesson Study-дың тобын құру

2.Оқушыларге оқу және ұзақ мерзімді даму мақсаттарын қою

3.Зерттеу сабағы үшін бірігіп жоспар жасау

4.Бір топ мүшесі сабақты жүргізіп, қалғандары оқушылардің оқуы жөнінде мәлімет жинайды.

5.Сабақ кезінде жиналған мәліметті талқылап, оны сабақты жақсарту үшін қолдану және жалпы нұсқаулықтарды жинақтау

6.Тексерілген сабақты қайта басқа сыныпта өткізу



4. Lesson Study тәсілінің тиімділігі

• әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;

• мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;

• оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;

• Lesson Study-дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға;

• Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.

Lewis (2002) Lesson Study тиімділігін былайша сипаттайды:

• Білім беру стандарттары мен мақсаттарын сыныпта жүзеге асырады;

• Ақпаратқа жүгініп дамуды көздейді;

• Оқушылардің түрлі қасиеттеріне әсер ете отырып, оқу процесін дамыту

• Даму қажеттігі жайлы мәселе қояды

• Мұғалімдерді бағалау

Бірінші тармақта Lesson Study-де білім беру мақсаттарын жүзеге асыру жолында ынтымақтаса жұмыс істеу процесін ұйымдастыру мүмкіндігі жайлы айтады. Екінші тармақ мұғалімдердің тест пен үй тапсырмасы арқылы алған мәліметке қарағанда, сабақты бақылау үстінде алған мәлімет тиімдірек екені жайлы айтады. Бұл мәлімет келесі ақпаратты қамтиды:

•Оқушыларді тақырып жайлы түсінігі сабақ барысында қалай өзгереді;

•Оқушылардің оқу процесінде қажетті қасиеттері. Мысалы, жақсы ұйымдасу, жауапкершілік, басқа адамдардың идеяларын тыңдау және жауап беру.

Dudley (2011) Lesson Study тиімділігін былайша сипаттайды:

•Оқушылардың оқу процесі әдеттегіден тереңірек түсіндіріледі;

•Оқу процесінде оқушылардың не оқып жатқаны жайлы ой-пікірлері мен шынымен не оқып жатқаны жайлы түсінік арасындағы айырмашылық айқын көрінеді;

•Оқу процесі оқушылардың қажеттіліктеріне сай жоспарланады;

•Бұның барлығы қолдап оқыту мен оқу ортасы мәнмәтінінде жасалады.

Мен Lesson Study процесін имплициттік білім алу және мектеп мәдениетін дамыту ретінде сиппатаймын.


5. Шығармашылық негізі-ізденімпаздық

Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!

Ұстаздың алғашқы міндеті – балаға біліммен тәрбие беру. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»,- деп Әл-Фараби атамыз айтып кеткендей, әрдайым бірінші орында біліммен тәрбие тұрады. Дұрыс бағытта берілген біліммен тәрбие ғана жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.





«Lesson Study» әдісін мектебімізде қолданамыз

Қазіргі заман талабы жаңашылдық болғандықтан дәстүрлі сабаққа деген  көзқарас  өзгеріп, сабақ беру тәсілін жаңа бағытқа бұра бастадық. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі,  сондықтан   бұл мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі  болғандықтан ол тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Мұғалім зерттеу барысында өзінің жинаған білімімен әріптестерімен өзара бөлісе алады .Мұндай әдіс кеңінен таралған және мұғалімдер қауымына да, ұрпақтарымызға да берері мол екендігі нақты дәлелденген. Бұл әдістің балаларды оқытуда тиімділігіне көз жеткізу үшін және мектептің болашағын дамыту мақсатында мұғалімдер тобын біріктіріп «Lesson Study» зерттеуін өткізуді жөн көрдік. Осыған орай мектебіміз директоры Урумова Рахила Кенжебекқызы бірінші ілгері деңгей курсын аяқтап келгеннен кейін коучинг сессия барысында Lesson Study  әдісіне тоқталып, мұғалімдерді  осы әдіспен таныстырды. 

Мектебімізде 10 Lesson Study  шығармашылық тобымызды құрдық.

Биздің тобымыз 7 топ-бастауыш сыныптар тобы.

Тобымызда 5 мұғалім.

Lesson Study-ге қатысатын мұғалімдер тобы:

Бабаханова Матлуба

Нурушева Туйғун

Lesson Study-тобының жетекшісі Сайдуганиева Назакат







Абдухаликова И

Мухамедраимова Г






Осы әдісті тәжірибе жүзінде іске асыру мақсатында тізбектелген сабақтарды өткізуді жөн жоспарладық. Бұл зерттеу жұмысын бастамас бұрын «L.S» жобасы өткізілетін сыныпты түрлі сауалнамалар және білім деңгейін көрсететін тест жұмыстары арқылы анықтап алдық. «L.S» жобасының зерттеу нысаны ретінде

4 «Д» сыныбы алынды. «L.S» зерттеу жобасында тізбектелген сабақтарды бастауыш сынып пән мұғалімі- Бабаханова Матлуба жоспарлап жүргізді, ал қалған топ мүшелері: бастауыш сынып мұғалімдері сабақ барысындағы оқушылардың іс- әрекеттерін зерттеп, сабақтың өтуін қадағалады және қажетті тұстарын өздеріне жазып отырды. Тізбектелген сабақты өткізбес бұрын зерттеу нысаны ретінде таңдалып алынған сыныптың ішінен білім деңгейі әр түрлі үш оқушыны таңдап алу мақсаты тұрды. Ол оқушыларды сынып жетекшісі Бабаханова Матлуба, мектеп психологымен кеңесіп, түрлі сауалнамалар, тест тапсырмаларын бере отырып анықтап алдық. Іс-әрекетті зерттеу сабағында

бақылауға алынған оқушылар: 
А оқушы (үлгерімі жоғарғы)- Ергешова Сарвиноз. 
В оқушы (үлгерімі жақсы) –Ташиева Дурдона.
С оқушы (үлгерімі төмен)- Тайиров Абдулла

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматты қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады". Сыни тұрғысынан ойлауға проблемалық сұрақтарды қарастыру мақсатымен сұрақтарды тереңдетіп қоюға, дұрыс қолдануға үйрету, түсіндіріп беру; нәтижелерін бағалау үшін білімдерді қолдану, олардың ақиқаттығын анықтау; дәлелдеу, оларға баға беру " мақсаттарын негізге ала отырып Lesson Study   зерттеу жобасының тақырыбын "Сыны тұрғыдан ойлау әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру" -деп таңдадық.

Lesson Study

тақырыбы мен мақсаты:




«2019-2020 оқу жылында 4 «Д» сыныбында оқу сауаттылығын арттыру мақсатында сыни тұрғыдан ойлау әдістері қаншалықты тиімді екенін анықтау








Сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолдана отырып,

оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру.







Лессон Стади зерттеу тобының мұғалімдермен ақылдаса келе төмендегі жұмыс жоспарын бекіттік.

Жұмыстың мазмұны

Уақыты

Жауапты

1

«Lesson Study» зерттеу тобын құру

Қыркүек

Сайдуганиева Н

2

«Lesson Study» тақырыбында коучинг өткізу.

Бақыланатын үш оқушыны анықтау

Қыркүек

Сайдуганиева Н

Топ мүшелері

3

Топ мүшелерінің отырысы.

Қаралатын маселе:«Топтық жұмыста айтылым дағдысын қалыптастыруда оқушы белсенділігі қандай?»

Қыркүек

Топ мүшелері

4

Топ мүшелерінің отырысы:

Өткізілетін сабақтың жоспарын жасау

Қыркүек

Топ мүшелері

5

Топ мүшелерінің отырысы:

Күтілетін нәтижелерді анықтау

Қазан

Топ мүшелері

6

Сабақты жоспарлау,бақылау және талқылау кестесін толықтыру

Қыркүек

Топ мүшелері

7

Бақылаудағы оқушыларға ұсынылған сұрақтар

Кестесін толтырту

Қыркүек

Топ мүшелері

8

Топ мүшелерінің отырысы:« Оқушылар нені біліп,нені істей алуы керек?»

Әр с-ң алдында

«Lesson Study» зерттеу тобы

9

Оқушылармен әңгімелесу,кері байланыс алу

Әр с-тан кейін

Топ мүшелері

10

«Lesson Study» өткізу.

Пәні: Әдебиеттік оқу 4 сынып Ватаннинг чироғи

26.09.19ж

Пән мұғалімі

Бабаханова М

11

«Lesson Study» өткізу.

Пәні: Математика 4 сынып

10га 100га1000га қолдиқли булиш

03.10.19ж

Пән мұғалімі

Бабаханова М

12

«Lesson Study» өткізу.

Пәні: Өзбек тілі 4 сынып

Сифат сўз туркуми

15.11.19ж

Пән мұғалімі

Бабаханова М

13

Топ мүшелерінің отырысы:Қорытындылау

желтоқсан

Топ мүшелері


Зерттелетін пәндерді мұғалімдердің ұсынысы бойынша

1. Әдебиеттік оқу

2. Математика

3. Өзбек тілі пәндері деп ұйғардық.

Алғашқы сабақ әдебиеттік оқу пәнінен «Ватаннинг чироғи» тақырыбында өткізілді. Бұл сабақта көбіне топтық жұмысқа көңіл бөлінді, мұғалімнің негізгі алдына қойған мақсаты оқушылардың тіл байлығын дамытып, еркін сөйлей алу қабілетін дамыту, өзара көмек қолын ұсынып, әлеуметтік қатынас орнату болды. Ол үшін топтық жұмыста топ мүшелерінің бір-бірін оқытуды ұйымдастыруды жоспарладық.

Екінші сабақ математика пәнінен тақырыбы «10га 100га1000га қолдиқли булиш» болды. «Lesson Study» топтамасының екінші сабағында мұғалім төмендегідей стратегияларды қолданды.

• Ой қозғауға: «Қатесін тап»

• «Қайым айтыс»

• Әр топқа «Фишбоун», «Ассоциация», «Семантикалық карта»

• Бағалауға «Бутерброд», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістерін қолдана отырып сабағын өткізді.

«Қатесін тап» стратегиясы оқушылардың үйге берілген тапсырманы түсінгендігін және қандай дайындықпен келгендігін анықтау мақсатында берілді. Бұл тапсырманы орындай отырып оқушылардың өткен сабақты өте жақсы түсінгендігі байқалды, өйткені оқушылар берілген есептердің қатесін анықтау барысында үлкен қызығушылықпен топтаса, ізденіс жасай отырып орындады. Бұл тапсырма арқылы балалар сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытты және ізденімпаздығын арттырды.

Келесі сабақ өзбек тілі пәнінен «Сифат сўз туркуми» тақырыбында өткізілді. Мұғалім сабақты бастамас бұрын оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында оқушылар арасында бүгінгі сабаққа байланысты оқушылардың бір-біріне тілектерін айтқызып, сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатып алды және де бұл мұғалім үшін тиімді болды деп есептеймін өйткені сол арқылы оқушылардың шаршағандары басылып, пәнге деген құлшынысы артты.


«А» оқушы сабақтың басынан белсенді болып, барлық сұрақтарға жауап беріп отырды. Ол оқушының бойында осыған дейін өзімшілдік басым болғандықтан, постермен жұмыс кезінде оқушылардың шығарған есептерін ешқайсысына сенбей, өзі тексеріп барып одан кейін қағаз бетіне түсіріп отырды. Оқушы бұл сабақта көшбасшылығымен көзге түсті. Тақырыптың мәнін ашуда бұл топтағы жұмыста зерттеушілік жұмыстың белгісі көрініс тапты. Өйткені оларда ортақ проблема болды, әркім әр түрлі болжамдар ұсынып, идеялармен алмасты, өз ойларын дауыстап айтып, бірге ойланды, талқылады.

В оқушы бұл сабақта аса белсенділік таныта қойған жоқ. «Ребус» тапсырмаларын шешу кезінде өз белсенділігін көрсетіп , тіл байлығының бар екендігін, ережелерді жақсы білетіндігін көрсетіп ұтымды ой айтып жұмысқа өзі де байқамай араласып кетті.

С оқушы тұйық болғанмен, тобындағы белсенді оқушымен бірге тапсырмаларды орындап, асықпай өз ойындағы шешімдерін нақтылап қысқа болса да ұялып жеткізді. Сабақ сайын мұғалім сыныптағы белсенді балаларға өздерінің тобына түскен С оқушыға қолдау көрсетуін бағыттады, 

Мұғалімдің бұл сабақтарында қолданған әдіс-тәсілдері тиімді болды деп ойлаймыз, өйткені сабақтың өн бойында «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» арасында диалог болып, сынып белсенділігі арта түсті.


«Lesson Study»  мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік. «Lesson Study» оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік. К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық. Осы жолда, алла сіздерге күш-қуат берсін!


«Lesson Study» бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады.

Зерттеу нәтижесі

Қорыта келгенде оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда, мәтінмен сауатты жұмыс жасауға жетелейтін сыни тұрғыдан ойлау әдістері орынды, сауатты қолдана білу әр мұғалімнің міндеті. Осы тиімді әдістерді үздіксіз түрлендіріп қолдану арқылы көздеген мақсаттарға қол жеткізуге болады.

- А,В,С деңгейдегі оқушыларды жұпта, топта жұмыс жасау арқылы бірлесіп ойлауға біршама ынталандырды;

- Оқушыларды бірлескен жұмыста Жигсо әдісін қолдану арқылы сыни ойлауға, ізденуге, АКТ-ны қолдануға, бағалауға, белсенді жұмыс түріне икемдеді;

- Диалогтық оқыту әдісінің тиімді жолдары арқылы оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға жетілдірді;

- Мұғалімнің бақылау дағдысын жетілдіру арқылы оқушыларды топта белсенді жұмыс істеуге, кері байланыс дағдыларын жетілдірді.


Болашаққа жоспар: 1. Үнемі ізденісте болу; 2. Кембридж бағдарламасындағы 7 модульді әр сабақта қолдану; 3. Әдістемелік бірлестіктерде, педкеңестерде шебер сыныптарға, коучингтерге белсене қатысып отыру; 4. Рефлексия жазып отыру



Фан номи: Савод таълими

Булими: Менинг мактабим

Мавзу: Ии товуши ва харфи

Мактаб: №17 Отатурк

Куни: 18.10.19 йил

Муаллим: Сайдуганиева Назакат

Синфи: 1 Е

Қатнашган уқувчилар сони: 25


Қатнашмаган уқувчилар сони: -

Узоқ муддатли режанинг булим мақсадлари

1.2.5.3.Харфни таниш,аниқлаш ва уни товуш билан мослаштириш

1.1.8.1.Берилган сюжетли расмлар орқали кичик хикоя тузиб гапириш

1.2.5.2 Уқиш турларини, буғинлаб уқиш еки куп учрайдиган сузларни бутунлай уқиш

Дарсга асосланган уқиш мақсадлари:

Барча уқувчилар:

1. Харфни танийди,аниқлайди ва уни товуш билан мослаштиради

2. Берилган сюжетли расмлар орқали кичик хикоя тузиб гапиради.

3. Уқиш турларини, буғинлаб уқийди еки куп учрайдиган сузларни бутунлай уқийди.

Бахолаш мезони:


1. Харфни танийди, аниқлайдива уни товуш билан мослаштириб айтади.

2. Берилган сюжетли расмлар орқали кичик хикоя тузиб гапира олади

3. Сузларни буғинлаб уқий олади еки куп учрайдиган сузларни бутунлай уқий олади.


Луғат бойлиги

Асосий терминлар: И товушидан бошланадиган сузлар (тинглаш), мисоллар келтиради (айтиш), гап тузади (езиш).

Таянч сузлар: Ит ,игна ин транспортдан тушиш

Диалог: И харфидан бошланадиган сузлар...

Қуйиладиган саволлар: узбек тилида нечта харф бор? Нечта унли

–Нечта ундош?

Игнадан қандай фойдаланиш керак?

Йул харакатини нима тартибга солиб туради?

Қадриятларни еритиш

Уқувчилар биргаликда иш бажара олади, бир фикрга келади (дустлик, хурмат). Атроф мухитни кадрлашни, асрашни урганади (патриотизм).

Соғлиқни сақлаш ва техника хавфсизлиги


Уқувчилар «Йул харакати қоидалари» хақида видеолавхвни ноутбук орқали куради

Узлаштирилган малакалар

Йул белгиларини танийди


Аввалги уқиш

Йул харакати қоидаларини, йул белгиларини танийди


Саралаш

Бир топшщириқ берилади, уни бажаришда уқувчиларга хар турли ердам берилади Уқувчиларнинг билим даражасига мос турли натижа режалаштирилади

Бахолаш

Уқувчиларга саволлар бериш, Қайта боғланиш . Дескрипторлар буйича уқувчилар бир-бирини текширади

Ресурслар

Тапсырма № 3 https://www.youtube.com/watch?v=ok6Q44ltnZk

Савод таълими дарслиги

Режа ҚМЖ

Режаланган вақт

Дарснинг бориши:

Дарснинг боши

- 14 мин


6 мин




2 мин

2 мин

1 мин

3 мин

Дарс бошлашдан олдин уқувчилар билан шодлик доираси қурилади.Уқувчилар бир-бирларининг қулларини ушлаб тилак айтишади..

Шодлик доираси:

Келинг болалар ўйнайлик

Ўйнайликда ўйлайлик

Қандай савол бўлса-да

Топмай уни қўймайлик

Болаларга бугунги дарснинг мақсадини айтиш.

Болалар ранглар орқали гурухларга булинади.

Йул харакати қоидалари ҳақидаги тушунчаларини аниқлаш .Шеърни ед олиш,ролларга булиб айтиш.

Тренинг.«Охири ким»ўйини.

куз




-Болалар тренинг еқдими?

-Кунгил куйларинг қандай?

Қизиқувчилигини уйғотиш босқичи

-Болалар узбек тилида нечта харф бор?

-Нечта унли

–Нечта ундош

-Унли товушлар қандай талаффуз қилинади?

-Ундош товушлар-чи?

-Биз қайси харфлар билан танишдик?

I -А II-О III-Н IV-Л

Харфларга суз топиб шу сузларга гап тузиш

Ўйлаш босқичи

Хар бир топга конверт берилади.Болаларга қирқма расмларни бирлаштиради.

I -топ Ит Суз айтиш,буғинга булиш ва гап тузиш.

II-топ Илон

III-топ Ип

IV-топ Ин

Болалар шу сузлар қайси харфдан бошланади?

Бугун сизлар билан Ии товуши ва харфи билан танишамиз.

Ии товушини хор булиб айтамиз.

Рефлексия: Берилган топшириқда қандай қийинчиликлар булди? Қийинчиликларни қандай ечишга булади?


Дарснинг уртаси

– 14 мин







8 мин



3 мин

3 мин

Китоб билан ишлаш.

1-топшириқ.Дескриптор

1.Сузларни уқийди ,уларни буғинга ажрата олади.

2. Сузларни уқийди ,уларни қатнаштириб гаплар тузади.

ил А-ли Но-и-ла

ин о-на ло-ла

ол о-и-ла нон

Сузларни буғинга булиб уқитйди.

2-топшириқ Дескриптор

1. Уй хайвонлари, еввойи хайвонларни ажрата олади.

2. Сузларни турт тилда айта олади

I -гурух Расмлар тагига суз езиш

II- гурух Уй хайвонлари, еввойи хайвонларни ажратиш

III- гурух Гап тузиш

IV- гурух Сузларни турт тилда айтиш

Уй хайвони

От Туя



Эчки Қуй Сигир


Еввойи

хайвони

Бури Айиқ



Шер Олмахон


От-жылқы-лощадь-horse

Туя-түйе-верблюд-camel

Эчки-ешкі-коза-goat

Қуй-қой-баран-sheep

Олмахон-тиін-белка-sguure

Шер-арыстан-лев-lion

Сигир-сиыр-корова-cow

Айиқ-аю-медведь-bear

Бури-қасқыр-волк-wolf


3-топшириқ Дескриптор

1.Расмлардаги жой номларини айтади.Болаларга исм қуяди.

2. Расмлардаги жой номларини билади,воқеа ходисаларни гапириб беради.

Расм асосида сухбат

Венн диаграммаси


Яхши бола Емон бола




Дам олиш дақиқаси

Дафтар билан ишлаш

Хуснихат билан ишлаш

и

ин

ит

Дарсниг якуни

- 12 мин





5 мин

3 мин



3 мин





1 мин

4-топшириқ Дескриптор

1. Уй хайвонлари, еввойи хайвонларни ажрата олади

Хайвонларга уз инларини топишда ердам беринг.Бу хайвонларни икки гурухга ажратинг.Барча уқувчиларга расмли қоғоз тарқатилиб топшириқ бажарилади.

Хайвонларга уз уйларини топишда ердамлашамиз.

Қайта боғланиш

Қушимча ахборот

Саралаш-Сиз қушимча ердам беришни қандай режалайсиз?Қобилиятли уқувчиларга топшириқларни қандай мураккаблаштиришни режалаштирдингиз?


Бахолаш-уқувчиларнинг узлаштиришини қандай режалайсиз? Тренинг.«Охири ким»ўйини. Қайта боғланиш


Фанлараро боғланиш

Табиатшунослик Дунетаниш Бадиий мехнат Мусиқа

Техника хавфсизлиги:Йул хараеати қоидалари АКТ ни қуллаш

Рефлексия

1.Дарснинг уқув мақсадлари туғри танланганми?

2.Бугун уқувчилар нима билди?

3.Синфдаги ахвол қандай булди?

4.Мен режалаган саралаш ишлари фойдали булдими?

5.Мен берилган вақт оралиғида барига улгурдимми?

Бүгін оқушылар не білді?

6.Мен уз режамга қандай тузатишлар киритдим?Нима учун?


Қуйидаги буш уринга дарс хақидаги фикрингизни езинг.Дарсингизнинг мавзусига мос келадиган саволларга жавоб беринг

1.

2.

3.


Якуний серхисоб

Қандай икки нарса муваффақиятли булди ? (уқитишни хамда уқишниям хисобга олинг)

1: бахолаш

2: топ билан иш

Қандай икки нарса дарсни яхшилай олди? (уқитишни хамда уқишниям хисобга олинг)

1: топ билан мухокама қилиш

2: балаларнинг фикри

Дарс давомида мен синф еки якка уқувчи хақида кейинги дарсимни яхшилашга ердамлашадиган нима билдим?

1. уқувчи фикрининг мухимлигини хисобга олиш

2: саводхонликка эътибор бериш


































Қорытынды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай мемлекетіміздің болашағы саналатын жас ұрпаққа саналы білім мен тәрбие беру әрбір мұғалімнің парызы да міндеті.

XXI ғасыр қатаң бәсеке ғасыры.Еліміздің білім жүйесі әлемдік білім беру кеңестігіне бағыт алуда.Бүгінгі мақсат-әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

Мен Lesson Study процесін имплициттік білім алу және мектеп мәдениетін дамыту ретінде сиппатаймын

Lesson Study: сабақты жақсартуға арналған процесс. Ол сабақты жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабағын ашу, сабақтан кейінгі талқылау сияқты кезеңдерден тұрады.

Зерттеу сабағы: мектеп немесе мұғалімнің зерттеу тақырыбына байланысты жоспарланған сабақ. Оны мектептің басқа мұғалімдері бақылайды.

Сабақтан кейінгі талқылау: бақылаушылар арасындағы талқылау, оның мақсаты сабақтан алынған ой-пікірді талқылау, сабақты жақсарту жөніндегі жаңа идеялармен алмасу.

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында басты мақсаты жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматты қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады". Сыни тұрғысынан ойлауға проблемалық сұрақтарды қарастыру мақсатымен сұрақтарды тереңдетіп қоюға, дұрыс қолдануға үйрету, түсіндіріп беру; нәтижелерін бағалау үшін білімдерді қолдану, олардың ақиқаттығын анықтау; дәлелдеу, оларға баға беру " мақсаттарын негізге ала отырып Лессон Стади зерттеу жобасының тақырыбын "Сыны тұрғыдан ойлау әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру" -деп таңдадық.

Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік. Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік. К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық. Осы жолда, алла сіздерге күш-қуат берсін!




Пайдаланған әдебиеттер


1. Lesson Study: Нұсқаулық. Алматы, 2014.


2. Оқыту мен оқу саласындағы зерттеу бағдарламасы.


3. «Кембридж университеті бағдарламасының негізінде тренерлердің тәжірибе алмасу мастер кластары» Алматы, 2014.


4.«Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару»

Алматы,2014.


5. «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». 2012 ж.

6.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші(негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015.

7. «Әдіскер-Методист» журналы, 2013 ж.


8. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б.


9. 1. Абдраманова Ж.Б., Биярова С.Б., Зейнолдина Г.Т.

Lesson Study: өз сабағын зерттегісі келетіндер үшін: әдістемелік ұсыным. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері»

ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. – 52 б.


10. Интернет желісі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Мүмкіндігі мол «Lesson Study» тәсілінің тиімділігі.

Автор: Сайдуганиева Назакат Хасановна

Дата: 23.02.2022

Номер свидетельства: 600985

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Lesson study – ді?    р?лі  мен ма?ыздылы?ы"
    ["seo_title"] => string(33) "lessonstudydinrolimienmanyzdylygy"
    ["file_id"] => string(6) "270015"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450972255"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(151) "Кембридж  ба?дарламасыны? ?дістері негізінде сыныпта?ы т?рбие ж?мыстарын жетілдіру "
    ["seo_title"] => string(93) "kiembridzh-bag-darlamasynyn-distieri-nieghizindie-synyptag-y-t-rbiie-zhu-mystaryn-zhietildiru"
    ["file_id"] => string(6) "179943"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425101836"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "педагогикалы? о?у "
    ["seo_title"] => string(21) "piedaghoghikalyk-ok-u"
    ["file_id"] => string(6) "194534"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427790144"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства