kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Менің Отаным" сынып сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Классный час о Родине,о любви к Родине.  Групповые работы,презентация урока.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Менің Отаным" сынып сағаты»

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан

Мақсаты:

1.     Білімділік. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында мәлімет беру.

2.     Дамытушылық. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3.     Тәрбиелік. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.

Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік.

Түрі: жаңа білімді хабарлау, саяхат сабақ

Көрнекілігі: суреттер, ҚР-ның рәміздері,мақал-мәтелдер, музыка.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды  отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.

      -Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ардақты ата-аналар! Сіздерді биылғы басталғалы отырған жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Жазғы демалыстарыңызды жақсы өткізіп келдіңіздер деген ойдамын, енді міне 1 сыныпқа келіп, жаңа оқу жылын жаңа күшпен бастайтын уақыт келіп жетті. Келе жатқан оқу жылында  сәттілік, шыдамдылық, биік белестерді бағындыруларыңды, ылғи 4 және 5 деген бағаларға оқуларыңды тілеймін.

     Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: еліміздің тарихы жайлы, Астана қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер алу. Ізгі тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.

Балалар кішкене паравоз құрып 1 аялдамаға келеді.

1 аялдама «Мемлекеттік рәміздер»

-Егеменді Қазақтан!

Ән ұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Жаңағы біздің шырқап айтқан әніміз бұл жай ел туралы ән емес, бұл біздің еліміз үшін ерекше,құдіретті, ең қасиетті, әрі әдемі ән. Бұл ән Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Біле білсеңдер ҚР-ның үш мемлекеттік рәмізі бар. Ол Әнұран, Ту және Елтаңба. Жер шарында бар әр мемлекеттің өзіндік үш рәмізі болады. Мемлекеттік рәміздерді біз қастерлеп сақтауымыз керек. (бұл жерде ҚР-ның рәміздерінің суреттері көрсетіліп, рәміздеріміздің авторы мен олардағы суреттердің не білдіретінін түсіндіру)

2-ші аялдама « Ел тарихы - жер тарихы»

Еліміз тәуелсіз ел атану үшін біздің Отандастарымыз, ата-бабаларымыз көп тер мен қан төккен, біздің елдің болашағы үшін өмірлерін қиған. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Абылай  сынды  еліміздің батырлары жоңғарлармен соғыста ерлік көрсетті. «Желтоқсан оқиғасында» да батырлығымен есімізде қалған ерлер мен қыздар бар.  Олар Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Мінеки, осындай ардақты ерлердің қанымен келген келген тәуелсіздік қазақ еліне қайырлы болды. (Батырлардың суреттері көрсетіледі, Отан туралы мақал-мәтелдер айтылады)

Біздің Отанымыз осы 22 жылда қандай жетістіктерге жетті соны тізбектесек:

      *     1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.

      *     2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

      *     1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.

        10 желтоқсанда Қазақстан Советтік Социалистік Мемлекеті Қазақстан Республикасы болып ауыстырылды.

        16 желтоқсанда  ҚР Президенті «ҚР мемлекетінің тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.

        1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды. 2015 жылы, яғни бір жылдан кейін Конституциямызға 20 жыл толады. Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерзім. Конституция кітабы 9 бөлімнен, оның ішінде 98 баптан  тұрады.

        1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты

Сергіту сәті:

Қара жорға биін қойып билету

3-ші аялдама Астана қаласы

1998 жылы 6 мамырда ҚР президентінің нұсқауымен Ақмола қаласы – Қазақстан Республикасының астанысы Астана қаласы болып аталынды. Қазіргі кезде ел ордасы Астана қаласы ертегі қалашығына айналды. Түрлі мәдени құрылыс мекемелері, үйлер, ескерткіштер салынды. ( Бұл жерде Қазақ елінің бұрынғы астаналары жайлы айтылып, Астана қаласының суреттері көрсетіледі )

Қазақстан бүкіл әлемге қуатты, тәуелсіз, халық арасында бейбітшілік орнаған мемлекет ретінде танымал болды. Туризм, спорт, білім беру, медицина салаларында жетістіктерге жеттік. Халықтың тұрмыстық жағдайы әлдеқайда жақсарды. Мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салынды, қалалар гүлденді. Зейнеткерлерге, дәрігерлер мен мұғалімдерге жалақыларын арттырды. Жалпы алғанда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі артты.

4-ші аялдама «Президент»

ҚР-ның Президентінің портреті көрсетіліп, туған жылы, туған жері туралы әңгімелеу.    

Сұрақ-жауап сайысы 

1. Қазақстан қандай ел?

2. Қазақстанның қанша халқы бар?

3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?

4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?

5. Біздің еліміздің басшысы кім?

Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген балаға сыйлық беріледі.

  Қорытынды: - Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Менің Отаным" сынып сағаты

Автор: Мұхамбет Сандуғаш Жетпісқызы

Дата: 23.01.2017

Номер свидетельства: 382673

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Сынып сағат"
    ["seo_title"] => string(12) "synyp_sag_at"
    ["file_id"] => string(6) "387697"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486214274"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "т?рбие са?аты. Отан отбасынан басталады. "
    ["seo_title"] => string(40) "t-rbiie-sag-aty-otan-otbasynan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "148482"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1419743337"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Сынып сағаты тақырыбы: "Біздің Президент""
    ["seo_title"] => string(42) "synyp_sag_aty_tak_yryby_bizdin_priezidient"
    ["file_id"] => string(6) "387473"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486141207"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Т?рбие са?аты "Білім к?зі-кітапта""
    ["seo_title"] => string(28) "trbiiesagatybilimkozikitapta"
    ["file_id"] => string(6) "289374"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454786984"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Сынып са?аты «Біз ?рт?рліміз, біра? біз біргеміз!»"
    ["seo_title"] => string(48) "synyp_sag_aty_biz_rturlimiz_birak_biz_birghiemiz"
    ["file_id"] => string(6) "345962"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1474870945"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства