«Менің сыныбым»
Нұрғалиева Г.Е.,
Затобол мектеп - гимназиясы
І.Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым.
3 сынып.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
«Менің сыныбым» мәтіннің мазмұнын айтап, талқылау.
Оқушылардың ойлау, таным белсенділігін арттыру, пікір айта білуге үйрету.
Тілдерді үйренуге, білуге талаптандыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, үлестірмелі кағаздар
Сабақтың әдісі: сөйлесу, пікірлесу, әңгіме құрастыру.
Сабақтың мақсаты: аралас
IІІ. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, кезекшімен сөйлесу,
кім жоқ белгілену, сабақтың мақсаттарын қою, барысын айту.
Психологиялық дайындық.
-Балалар, зкранда ненің суреті шықты?
1-слайд - Күннің
- Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?
- Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.
-ОСЫ КҮННІҢ ШУАҒЫ БІЗГЕ ДЕ ТҮСІП ТІЛЕК ЖОЛДАПТЫ.
-СОНДЫҚТАН, бәрің бір-біріңіздің қолдарыңыздан ұстап, тақтада жазылған тілекті оқып шығыңдар.
2-слайд.
Қайырлы күн, достым,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең «бестік» аламыз!
А)- Үй тапсырмасын тексеру
Экранда мектеп суреттері көрініп тұрады. Мақалды толтыру керек.
Мектеп - кеме,
Білім – теңіз.
Шығармашылық тапсырманы тексеру. «Менің мектебім» тақырыбына коллаж құрастыру. 4 – 5 сөйлем мектеп туралы оқу. Сұрақтарға жауап беру.
- Сен қай мектепте оқисың?
- Сенің мектебің қайда?
- Мектеп қайда орналасқан?
- Мектепте қандай кабинеттер бар?
- Мектепте тағы да не бар?
Экранға назар аударыңыз. Видео Полина. «Менің сыныбым» туралы монолог.
Ә)Жаңа сабақ
Сөздік жұмыс
Сөздік дәптерлерді ашып, жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
Сынып –
Қабат -
Қабырға - –
Үстел –
Ілулі тұр –
Орындық –
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
Бірінші топ - тән дыбыстарға фонетикалық талдау жасау.
Екінші топ – жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.
Әдемі сынып, мұғалім үстелі, көп гүлдер, әдемі суреттер, интерактивті тақта, менің сыныбым, жаңа жиһаз.
Үшінші топ жаңа сөздерді, сөзтіркестерді пайдаланып бірнеше сөйлем құрастыру.
Біздің сыныпта көп гүл бар. Сыныбым әдемі.
Сергіту жаттығу
Бір, екі, үш
Бір, екі, үш
Ал кәнеки ұш.
Төрт, бес, алты, жеті
Төрт, бес, алты, жеті
Мынау ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он
Сегіз, тоғыз, он
Ал кәнеки қон.
Асықпа да саспа,
Бірден қайта баста.
Ә) «Менің сыныбым» мәтінмен жұмыс
Менің сыныбым.
Мен үшінші сыныпта оқимын. Менің сыныбым екінші қабатта орналасқан. Ол кең, жары, таза. Сыныпта жаңа жиһаз тұр: парталар, орындықтар, үстел, шкафтар. Қабырғада тақта, әдемі суреттер ілулі тұр. Терезелерде ұзын перде ілулі тұр. Сыныпта көп гүлдер өсіп тұр. Шкафтарда әртүрлі кітаптар, сурет дәптерлері, фотосуреттер жатыр. Сондай – ақ интерактивті тақта, компьютер бар. Маған менің сыныбым ұнайды.
Б)Тапсырмалармен жұмыс.
Ойынның шарты:
Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.
- Сыныбың нешінші қабатта орналасқан?
- Сыныпта қандай жиһаз бар?
- Қабырғада не ілулі тұр?
- Терезелерде не ілулі тұр?
- Сыныпта гүлдер көп пе?
- Сыныбың қандай?
- Сыныбың саған ұнай ма?
«Грамматикалық бәйге».
Қазақ тілінде неше әріп бар?............
Неше дауыссыз дыбыс?....................
Неше дауысты дыбыс?....................
Неше тән дыбыс бар?.....................
Неше буын?........................................
Буынның түрлері...............................
Неше жалғау бар?.............................
Неше септік бар?..............................
Жуан дауысты дыбыстар:А, О, Ұ, Ы, У.
Жіңішке дауысты дыбыстар: Ә, Ө, Ү, І, Е, И, У, Э.
Дәптерге екі бағанға мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп жазу.
ІV.Қорытындылау Сабақтың қорытындысын шығару. Бар сұрақтарға жауап беру.
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру Сөздерді қайталау. «Менің сыныбым» мәтінді мазмұндау.
VІI. Қоштасу