Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой -мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.
Балалардың дүниетанымын дамыту,өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылардың табиғатпен үйлесіміділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мәнерлеп оқу сайысы «Табиғаттың әсемдігі»»
Мәнерлеп оқу сайысы
Тақырыбы: «Табиғаттың әсемдігі»
Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой -мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.
Балалардың дүниетанымын дамыту,өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылардың табиғатпен үйлесіміділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: 1 - оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту. 2 - оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету. 3 - ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Сабаққа қажет құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: балалар ақын-жазушыларының кітаптарынан көрме, табиғат туралы суреттер, нақыл сөздер.
Сайыстың барысы:
Шаттық шеңбері Тілек Шөліркемей гүл тұрсын! Жерім жайнап құлпырсын! Нұрын сыйлап біздерге Көкте мәңгі гүл тұрсын! Нұр сыйлаған күн ыстық Ыстық бізге кең өлке Ыстық бізге тыныштық! Балалар кезекпен өздеріміз «Жер анаға”, бір - бірімізге деген өтініш, тілегімізді білдірейік.
1-жүргізуші:-Армысыздар көрермен қауым.Бастауыш сыныптар арасында«Табиғаттың әсемдігі » атты мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер.
“ТАБИҒАТ СЫЙЫ” өлеңін мәнерлеп оқу. Тамаша көк жазығы таң қалғандай, Үстінен жауса жауын нұр тамғандай. Қызығып ішсең суын құмартасың, Аузыңа кетпес дәмі бал салғандай
2-жүргізуші:
Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем,
Жансыз өлең жанымды алды кілең.
Бір ойым жүрегімде қаза болып,
Бір ойым көмейімді қалды тіреп,
Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем
1-жүргізуші:Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек,
1. Ақындардың өлеңдерінен тақырыпқа сай бір шығарма болу керек.
2. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт.
3. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті .
4. Өлең оқыған оқушының жүріс-тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.
2-жүргізуші:
Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар.
«Табиғаттың әсемдігі»атты мәнерлеп оқу сайысына қатысушылар:
4-сынып оқушылары
1.
2.
3.
4.
5.
6.
3-сынып оқушылары
1.
2.
3.
4.
5.
6.
1-жүргізуші:
Сурет бойынша әңгімелеу 1. Табиғаттың адам көңіл - күйіне қандай әсері бар? 2. Суретке қарап, табиғат сыйы туралы не айтуға болады? Іздену бағыты. Табиғат - адам үшін ерекше қасиетті ұғым. Сол табиғаттың бір бөлігі - өсімдіктер. Өсімдік ішсе - тамақ, кисе - киім, дем алса - ауа, саялы баспана. Көшелерге, алаңдарға, т. т емдеу орындарының айналасына ағаштарды көптеп егу қажет, себебі:......
Ой қозғайық! Адамдар табиғаттан нені үйрене алады? Құстардың жақсы қасиеттерін тауып, айтыңдар. Аққудың жақсы қасиеті... Қарлығаштың жақсы қасиеті... Қыранның жақсы қасиеті... Тоқылдақтың жақсы қасиеті... Сауысқанның жақсы қасиеті... Бұлбұлдың жақсы қасиеті... Тотының жақсы қасиеті... Керекті сөздер: адалдығы, достығы, батылдығы, қамқорлығы, сақтығы, әншілігі, әдемілігі. Табиғатпен тілдесейік (бейнесуретпен жұмыс)
Дәйексөз В. А. Сухомлинский “Табиғаттың әдемілігі - адам жанының тазалығы..”деп айтқан. Табиғат - ана адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін сыйға ұсынған. Ұлдарының емендей мықты болуын ойласа, қыздарының қайыңдай нәзік майысқанын қалаған. Ал табиғаттың әсемдігі адам жанын тазалыққа, сұлулыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді.
Шығармашылық жұмыс: сайыскерлерге тапсырма беру 1. Табиғаттың адамға пайдасы туралы әңгімелеу. 2. Адамның табиғатқа пайдасы туралы әңгімелеу
2-Жүргізуші:
Жаңа ақпарат «Адам баласы жаратылысын табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы. Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Табиғат – ана барлығына ортақ. Сондықтан « Табиғат тазалығы - адамзат амандығы» екенін естен шығармау керек. Адамзаттың басты міндеті - табиғаттың қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу, ағаш егу т. т.». Адам мен табиғат бірлігі, табиғат адамның асыраушысы, панасы, сондықтан оны таза ұстау, мейірімділік қатынас жасау әр адамның парызы.
Түйіндеме Табиғат дегеніміз - аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, ауа, жер т. т. Олар біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті. Бұл заңдылық деп білейік!
Оқушылар кезекпен шығып , дайындаған өлеңдерін оқиды.
Сүйейік, табиғатты, аялайық! Біз де онан жақсылықты аямайық! Анадай табиғаттың аясында Жадырап жас балаша дем алай
Ризамыз, Табиғат - Анамыз Өзіңнен денсаулық аламыз. Ризамыз, Табиғат - Анамыз Қашанда қорғаушы панамыз. М. Мақатаев Табиғаттың тарылтпайық мөлдір, кәусар тынысын, Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың. Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың, Ол - анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың. Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық! Құрметті қонақтар, ұстаздар және ата - аналар! Көңіл бөлгендеріңізге рахмет!
Табиғатың құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым биік, Білген сайын сырын оның жүреміз Жүректерге өшпес жалын нұр құйып Табиғаттың қадірлеп қасиетін Әділдікке әрқашан бас иетін Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп Халқың айтқан орынды өсиетін
Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ, Досың жер,су мөлдір уа,өсімдік. Ала жүріп осылардың сыйлығын, Осыларды қорлау деген не сұмдық? Жер ешлімге жазбайды деп арызды, Барын сарқып ала беру парыз ба? Жоқ,замандас әр ұрпаққа туған жер. Не берсе де,беретіне қарызға.
Табиғатым сырың терең сенің неткен, Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен Күн көзінен күмістей шағылған нұр Көз алдымда көк орай гүлді кезең Кең даламда шертілген сыбызғы үні Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры Құстар да қылықтап жан тербеген О,табиғат,не деген керемет ең Сенің әсем бейнеңнен әсер алам Ағаштарың әдемі бұралған Бар керемет қасиет сенен екен Әрқашан да боламын саған қорған.
Бозторғайың шырылдап боз кілемде, Көз алдымда көк орай гүлді кезең. Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн, Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен. О,Табиғат,сырың да терең екен, Тұнып тұрған қойнауың өлең екен. Қанымдағы қасиет сенен екен, Не деген керемет ең,керемет ең!
1-Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір – күрес , жеткізе ме мұратын? Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген, Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық,сайыстың шешімін оқиды.
2-жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық Мезгілде біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осыменен байқауымыз аяқталды! Назарларыңызға көп рахмет!