Сабақтың тақырыбы: «М» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1) М дыбысына артикуляциялық сипаттама беру, М дыбысы бар байланысты сөздермен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасау. Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау, сабаққа деген қызығушылығын арттыру
2) балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, дыбыстарды дұрыс айту, анық айтуға үйрету.Фонетика-фонематикалық есту қабілетін арттыру.Сөздік қорын молайту
3) балалардың рухани өсуіне басшылық жасау, мәдени қарым-қатынасқа тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ, ойын
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер т.б
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың зейінін сабаққа аудару
Өткен сабақты қайталау
«Орнын тап» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау. Мына суреттерді атауларын тауып, «Ы» әріпін орындарына қой
Тыныс алу жаттығуы: Мұрынмен дем алып, демді дауысты дыбыстарды айтып шығару
Жаңа сабақ
Моншақ, мақта, мысық, мата, машина деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз, білесіздер ме?
- М дыбысы.
М дыбысына артикуляциялық сипаттама: [м] дыбысын айтқанда еріндер жұмулы; ауа ағысының жолында кедергі бар; ауа ағысы еріндерді жарып өтетін тәрізді.
- Балалар тақтадан ненің суреттерін көріп тұрмыз. Қане осы сөздерге сөйлем құрастырайық. Мысалы: Асанның үлкен ала мысығы бар.
- Марат пен Мұрат өсіп тұрған мақтаны көріп, қызығып тамашалап тұр.
Сергіту сәті:
- Балалар мысық туралы сергіту сәтін жасайық
Мен – мяу мысықпын
Мяу-мяу-мяу
Өзім сондай пысықпын
Мяу-мяу-мяу
Қастық ойлап дұшпанға
Мяу-мяу-мяу
Жолбарысша атылам
Мяу-мяу-мяу
Тісті аямай батырам
Мяу-мяу-мяу
Саусақ қимылдарын арттыру арқылы мақта шиттетіп, қолдың ұсақ моторикасын дамыту
- Балалар мақта неге ұқсайды?
- Түсі қандай?
- Ол жұмсақ па, қатты ма?
- Оны кімдер егеді?
- Бізге пайдасы бар ма?
Тілді жаттықтыру
Ық-ық-ық - мысық
Ақ-ақ-ақ - моншақ
Та-та-та - мақта
Ай-ай-ай - май
«Сиқырлы әріпті сандық ойынын ойнау» арқылы сабақты пысықтау
Балаларға ойын шартын түсіндіру
1-сандыққа М дыбысы сөздің басында келетін суреттерді салу
2-сандыққа М дыбысы сөздің ортасында келетін суреттерді салу
3-сандыққа М дыбысы сөздің соңында кездесетін суреттерді салу
Сергіту сәті:
Алақанды жаяйық
Аяқтарың орнында я-я-я
Тек алақанды соғайық я-я-я
Енді алға созамыз соқ-соқ-соқ
Енді арқаға созамыз тез-тез-тез
Биік - биік соғамыз соқ-соқ-соқ
Төмен-төмен соғамыз соқ-соқ-соқ
Енді қолды шайқаймыз шоқ-шоқ-шоқ
Демаламыз қане біз уф-уф-уф
Сабақты қорыту
- Балалар, біз қандай дыбыспен таныстық?
- М дыбысы қандай дыбыс екен?
- М дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма: М дыбысы бар сөздерге сөйлем құрау