Тапсырма. Сөздерді өз орнына қойыңдар. Сөйлем құрауға бізге қандай тілдік құрал беріліп тұр?
Мөлдір, сулы, айналуы тиіс, Қазақстан, желекті, жасыл, өлкеге.
«Қазақстан мөлдір, сулы, жасыл желекті өлкеге айналуы тиіс.» Н.Назарбаев .
- Ал олардан сөйлем шығару үшін қандай қасиетіне қарадық?
- Мағына
- Мағына – сөздің ішкі мазмұны
- Алайда тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?
- Жоқ
- Олай болса, тіліміздегі сөздерді де топқа бөледі екенбіз.
Сөз
Атауыш сөз
Көмекші сөз
Ұлт
туралы
Атамекен
Одағай сөз
үшін қарай
Кең
алақай
пай-пай
паһ
Оқулықпен жұмыс
32-жаттығу. Мәтіннен бес сөз таңдап алып, олардың лексикалық мағыналарын анықтандар.
33-жаттығу. Мәтіннен тура мағынадағы сөздерді тауып жазындар.
35-жаттығу. Жасыл, әсемпаз, үйірсек сөздерінің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, әрқайсысы бойынша бірнеше мағыналы сөз құрандар. Кез келген дыбыстар тізбегі сөз бола ала ма?
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
В) Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма: Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құраңдар.
Тірек сөздер: Қазақстан, болашақ ұрпақ, ел тізгіні, әлемдік көзқарас, қазақ халқы, тіл мәртебесі.
2-тапсырма: Сөйлемдегі асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.
Адамның ең үлкен бақыты – оның өмір сүрген әр күні .
ІҮ. Сабақты бекіту.
Лексика дегеніміз не?
Сөз деген не?
Сөздің мағынасы деген не?
Тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?
Сөз мағынасының қандай түрлері бар?
Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.
«Тез ойла, сөз ойла!»ойыны.
(мағынасы әртүрлі сөздер ойлау керек. Мысалы: алма тәтті, (Алма мектепте) кілт: үйдің кілті, кілт тоқтады.
«Кім тапқыр?» ойыны.
Мына сөздерді пайдаланып сөйлем құра. Сөйлемді мағынасын өзгерту үшін нені пайдаланамыз? Мысал келтір.
1 топқа: Ана, жұлдыз, аспан, өзен, гүл, жапырақ, адам, балапан, бақыт, тілек, қуаныш, анар, арман, жидек, топырақ
2 топқа: Ақ, қоңыр, көк, әдемі, жақсы, сыпайы, таза, ащы, кермек, жуас, жүйрік, таяз, лай, сары, шабан, алыс