Ауыз әдебиеті – халқымыздың ауызекі шығарып, ауызекі тарап отыратын асыл мұрасы. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман мүддесі, қиялы, жастардың пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.
Ауыз әдебиетінің түрлері:
1) Тұрмыс-салт жырлары
2) ертегілер, аңыздар
3) эпостық жырлар
4) тарихи жырлар
5) лирикалық өлеңдер
6) өтірік өлеңдер
7) мақал-мәтелдер
8) жұмбақтар, айтыстар
9) шешендік сөздер
10) жаңылтпаштар
Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс –салт жырлары, көңіл күйін білдіретін қара өлеңдер мен ән мәтіндері лирикалық жанрға,ал ертегілер, аңыз ертегілер, батырлар жыры эпостық жырға жатады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Халық ауыз әдебиет үлгілері»
ТІЛ ТІРЕГІМІЗ, СОҒЫП ТҰРҒАН ЖҮРЕГІМІЗ
Халық ауыз әдебиеті
Ауыз әдебиеті – халқымыздың ауызекі шығарып, ауызекі тарап отыратын асыл мұрасы. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман мүддесі, қиялы, жастардың пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.
Ауыз әдебиетінің түрлері:
1) Тұрмыс-салт жырлары
2) ертегілер, аңыздар
3) эпостық жырлар
4) тарихи жырлар
5) лирикалық өлеңдер
6) өтірік өлеңдер
7) мақал-мәтелдер
8) жұмбақтар, айтыстар
9) шешендік сөздер
10) жаңылтпаштар
Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс –салт жырлары, көңіл күйін білдіретін қара өлеңдер мен ән мәтіндері лирикалық жанрға,ал ертегілер, аңыз ертегілер, батырлар жыры эпостық жырға жатады.
3
Халық ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру
Мақал – мәтелдер
Жұмбақтар
Батырлар
жыры
Халық ауыз әдебиеті
Тұрмыс-салт
жырлары
Төрт түлік туралы
жырлар
Аңыз әңгімелер
Ертегі– халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі.
Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, барлық мұң-мұқтажын, күрес-тартысын, талап-тілегін шыншыл ертегілерде бейнелеп, суреттеген.
Ертегілер
Хайуанаттар
туралы
ертегілер
Қиял-ғажайып
ертегілер
Шыншыл
ертегілер
Негізгі
кейіпкерлер
аң, құс, үй
жануарлары
болады
Ер жүрек,
батыр
адамдардың
басынан
кешкен
сан алуан
оқиғалары
баяндалады
Өмірдегі
шындық
оқиғаларды
баяндалады
Адамдар неге ертегіні ойлап шығарды?
Адамдардың жақсы
өмірді аңсауы,
ұшақтар
машиналар
Жарық, су
Ұялы байланыс, телефон, хат,
Оқиға желісі күнделікті
өмірде кездесетін сюжетке
құрылады
Әңгіме, жыр
Белгілі бір адамның
атына, іс-әрекетіне
құрылады
Аңыз
Аңыз түрлері:шежірелік,
жылнамалық, эпостық
Кейіпкерлері:Алдар көсе,
Жиренше, Асан Қайғы,Аяз би
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздерімен өзіне тән ерекшеліктері даму тарихы бар. Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:
1. Бәдік; 2. Жар-жар; 3. Жануарлар мен адамның айтысы; 4. Өлі мен тірінің айтысы; 5. Жұмбақ айтысы; 6. Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы; Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшілігі, өзіндік мәні бар. Бәдік айтыс-айтыстың көне түрі. Ол адамның, табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде шаманизм діни нанымына байланысты туған.
Жар-жар - қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады.
Жұмбақ айтыс – айтыс жанрының бір түрі. Онда табиғат құбылыстары, адам, жан - жануар, қоғам тіршілігіндегі көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен әріптестер бір-бірінің ақыл-парасаты мен ой-түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді көздейді.
Салт айтысы — айтыстың ежелгі түрі. Салт айтысы халықтың әдет-ғұрпы мен сенім-нанымына, күн көріс кәсібіне байланысты қалыптасқан. Салт айтысы белгілі бір әдет-ғұрып негізінде топпен орындалатындықтан, өлең мәтіні жұрттың бәрі жатқа білетіндей жеңіл, аса қарапайым болып көбіне тұрақты қайталаулар негізінде айтылады.
Осы күнгі айтыс
Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін айқын сипаттайды.
6
Айтыс – халық әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады.
Айтыс
1.Бәдік
2. Жар-жар
3. Жануарлар мен адамның
айтысы
4. Өлі мен тірінің айтысы
5. Жұмбақ айтысы
6. Салт айтысы
1. Қыз бен жігіт айтысы
2. Ақындарайтысы
7. Осы күнгі айтыстар
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Мақал-мәтелдер бізді ата-бабаларымызбен жалғастырып жатқан көпір сияқты. Мақал-мәтелдер арқылы олардың өсиетін тыңдай аламыз. Олардың әрбірінен ата - бабамыздың бізге қалдырған баға жетпес тәрбиесін көре аламыз.Бір жағынан мақал-мәтелдерді өмір сүру қағидалары десек те болады. Өйткені олардан керекті ақылдың бәрін таба аласыз. Нені істеу керек, нені істемеу керек екенін білесің. Адасқан уақытында саған бағыт беріп отырады. Демек, мақал-мәтелдерді оқып үйренген адам өмірден өз жолын таба алады. Сондықтан “Ғалымның өзі өлсе де, сөзі өлмейді” деген мақал-мәтел осыған байланысты айтылған.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР – КӨЛЕМІ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ОЙ, КӨП МАҒЫНА БЕРЕТІН СӨЗДЕР. МАҚАЛ- МӘТЕЛДЕРДЕ ОЙ ТҰЖЫРЫМДАЛЫП, ҚОРЫТЫНДЫ ПІКІР ТҮРІНДЕ БЕРІЛЕДІ.
Қоянды қамыс өлтіреді,
жігітті намыс өлтіреді
Сабыр түбі – сары алтын.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Бірлік түбі – тірлік
Ұрлық түбі – қорлық
Көз – қорқақ,
қол – батыр.
Халық ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі-шешендік сөздер. Ғасырлар бойы халық сынынан екшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып, (ХІІ-Х ІІІ ғ) Жиренше шешен, Асанқайғы (ХІҮ-ХҮІІІ ғ) есімдерімен қатысты қалыптасып, өркендей түскен.Шалкиіз,Бұхар (ХҮ-ХҮІІІ ғ) Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты.
Шешендік өнерінің кеңінен дамып, биіктеген кезеңі-ХҮ-ХҮІІІ ғ. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті, туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуына тапқырлық пен шешендік тамаша нұсқалары-жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Сөз туралы Бөлтірік шешен «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге қай жерде, қай кезде қалай сөйлейтініңді біл» деп толғайды.
Шешендер-ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі. Мұндай сөз білетін жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқ берілген. Шешендік өнер-көрген білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп, ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер.
Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұхар жырау:
... Көш бастау қиын емес-
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес-
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын
Шешімін таппас дау бар,- деп дұрыс аңғартқан.
4
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР: ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ БІР САЛАСЫ. БЕЛГІЛІ БІР УАҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТАПҚЫРЛЫҚПЕН,КӨРКЕМ ТІЛМЕН АЙТЫЛҒАН ЖӘНЕ ЖҰРТШЫЛЫҚ ҚАБЫЛДАП,ЕЛГЕ ТАРАҒАН БЕЛГІЛІ ОЙ,ТҰЖЫРЫМДАР.
ХАЛЫҚ ШЕШЕНДІГІН БАҒАЛАҒАНДАР: ҒАЛЫМ В.В.РАДЛОВ. ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК ТАПҚЫРЛЫҚ,НАҚЫЛ СӨЗДЕРІН АЛҒАШҚЫ ЖИНАП,ЖАРИЯЛАУШЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ БІРІ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН.