Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты:
1. Сөз таптары.Сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың
білімдерін,ұғымдарын қайталау.
2. Сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын шығармашылық,
қабілеттерін байқау.
3. Оқушылардың ана тілін сүюге,адамгершілік қабілеттерін
қалыптастыруға, сөздерді түсініп,үлгі,өнеге алуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: слайд,сызбалар
Пәнаралық байланыс: ана тілі,математика
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Оқушылармен амандасу,сабаққа зейінін аудару
3. Өткен тақырыпты пысықтап,бекіту
Психологиялық дайындық.
Міне,оқушылар кемеңгер,ғұлама ақындарымыздың тілі - қазақ тіліміз – қазақ тілі сабағы.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Сөз таптары туралы меңгерген білімімізді тиянақтау барысында жаттығу жұмыстарын жүргізіп,қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Үй тапсырмасын сұрау:
Ереже сұрау.
Миға шабуыл.
«Кім шапшаң»ойыны
Дәптермен жұмыс
Күннің жады
Сөз таптары
Гг Гг Гг Гг
гүл,көген.
Мұғалім сөзі: Қазақ тілі - өте бай тіл.Оның құрамында мыңдаған сөздер бар.
Сөздер атқаратын қызметіне,мағынасына,сұрағына қарай 9 топқа бөлінеді екен.
Зат есім,сын есім,сан есім,етістік,үстеу,одағай, есімдік,шылау, еліктеуіш сөздер.
Ендеше,бүгінгі сабағымыз топпен өтеді.
I – топ.Тапсырма
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есімнің сұрақтары қандай?
3.Зат есімнің қандай түрлерін білесіңдер?
II – топ. Тапсырма
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сын есімнің сұрақтарын ата
3. Сын есімнің қандай түрлерін білесіңдер
III – топ.Сан есім
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтары
3. Сан есімнің түрлері
IV – топ.Етістік
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістіктің сұрақтарын атау
3. Етістіктің түрлері
Оқулықпен жұмыс: 30- жаттығу. Сөздерді оқып,тұсындағы сұраққа жауап бер.
Әр сөз табына қойылатын сұрақтардың әр басқа болуын дәлелдеу
- Оқушылар жақында қандай мереке келе жатыр?
9 мамыр Жеңіс мерекесі. Жеңіс үшін күрескен аға – апаларымызды еске түсірейік.
Мәтінмен жұмыс.
Сергіту сәті.
Кім жүйрік ойыны. Тақтамен жұмыс.
Өз бетімен жұмыс.Өлеңді оқып, жазу.Сөздердің қай сөз табына жататынын анықта.
Шығармашылық жұмыс:Ұлы жеңіс туралы өз ойларын айту. Семантикалық картамен жұмыс.
Сөз таптарына бірнеше сөз жазу.
Сабақты бекіту: сұрақ жауап
Үйге тапсырма : ереже жаттау
Бағалау