Менің оқушыммен зерттеген бұл ғылыми жобам өте қызық болды. Бұл бұл тақырыпты зерттеуде мысықтың қандай пайдасы бар және де оның даму кезеңдерін зерттедік. Бұл тақырыпта оқушыма мысықты зерттеген өте қызық болды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Cлайд "Менің сүйікті мысығым"»
Тақырыбы: «Менің сүйікті мысығым»
Ғылыми жобаның авторы: Дюсек Назым
Ғылыми жобаның жетекшісі: Рыздық Жанаргүл
Мазмұны
І. Аннотация
ІІ.Кіріспе
ІІІ.Негізгі бөлім
І V Зерттеу бөлімі
V .Қорытынды
V І.Пікір
V ІІ.Қолданылған әдебиеттер
Зерттеу мақсаты:
мысықты қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәлімет жинастыру; мысығымның өсу кезеңіндегі іс-әрекетін, өзгеруін бақылау арқылы оған менің үйімде тұру жайлы ма екендігін анықтау; саналылығы туралы қорытынды шығару; құрбы-құрдастарыма ұялы телефондар мен планшеттерде өмір сүретін мысықтарды емес шынайы мысықты жақсы көру керектігін насихаттау;
Міндеттері:
-интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы мысықтың қолға үйретілуі және түрлері туралы мәлімет жинастыру.
-өз мысығыма ұдайы бақылау жүргізу.
- жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару.
Мысықтарды қолға үйрету тарихынан
Миацидтер- бұдан 50 млн жыл бұрын пайда болған, барлық жыртқыштардың арғы тегі. Миацитар кішігірім денелі және ұзын құйрықты жануар болған. Ал жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Ливия мысығы болып саналады.
Мысықтың түрлері
Жер бетінде тек қана мысықтардың сексенге жуық түрлері тіршілік етеді. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Ман аралының шолақ құйрық мысығы, сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары. Мұның сыртында мысықтар түр-түсі, мінез-дағдысы, көз жанарының түсі және басқа да белгілері бойынша ажыратылып, аталады. Көптеген елдерде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істейді.
Ангор мысығы Бомбей
Парсы мысығы Азиаттық табби
Мысықтың пайдасы мен ерекшелігі
Бірқатар халық емшілерінің баяндауынша, мысық иесінің қай жері ауырса, сол жерге барып жататын көрінеді. Және де мысықтардың кейбірі иесінің ауырған жерін ақырын тырналап емдесе, екіншілері олай массаж жасамай-ақ, сол жерде жатқан күйі оған бойындағы қуатымен әсер етіп, шипасын сыйлайды екен. Сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің.
Үй мысығы - өте таза хайуан болып есептеледі. Мысықты түзге шығуға өзі сұранатындай етіп үйретеді. Жүні ұзындарын күн сайын, жүні қысқаларын күн ара тарап отыру қажет. Мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге шығарады. Мойын жіп байланғаны дұрыс. Пәтерде оларға арнайы орын бөлініп, оған құм немесе топырақ, ағаш ұнтағы салынған себет әйтпесе жәшік қойып, ішін күнде жаңартып тұрады.
Түрлі мәлімет көздерінен мысықтар жайлы оқып білгенімнен төмендегідей түйіндіге келдім:
1.Мысықтар 15-20 жыл тіршілік етеді екен.
2.Мысықтардың көзі түнде жақсы көреді.
3.Олардың мұрттары “антенна” қызметін атқарады екен.
4.Мысықтар ешқашан адаспайды екен. Олар өз иесі мен үйін кез-келген жағдайда тауып алады екен.
5.Мысықтар еш уақытта арқасымен құламайды екен.
6.Мысықтар иесінің қай жері ауырса , сол жерге жатып оны емдейді екен.
7.Мысықтар ауа-райын болжай алатын көрінеді.
Өз мысығыма ұдайы бақылау жүргізу арқылы оның даму кестесін құрастырдым
Жасы
салмағы
Мінез-құлқындағы өзгерістер
2 ай
1кг
Алғаш рет суға түсірдік.Судан қорқады екен.
3ай
1,3кг
Мысығыма Тұмар деген ат қойдық. Ол жіппен, доппен ойнағанды ұнатады.Аңдып тұрып адамға қарсы жүгіреді.
4ай
1,5кг
Алғаш рет тышқан ұстады.Оны бірден жемей, біраз ойнап алды.Маған әбден үйренді.
5ай
1,8 кг
Тұмар күніне 5 рет ұйықтайды.Ет, нан,макарон өнімдерінен басқа тағам жемейді.
Күніне 5-6 рет 2-3 түйір ет.Көп су ішпейді.6 рет тілімен жалап сүт ішеді.Түнде ұйықтайтын уақытты біледі, бізбен жату үшін ол шкафтың артына тығылып анам есікті жапқанын күтіп отырады да, ол кеткен соң зып беріп менің қойныма кіріп кетеді.Екеуіміз рахаттанып ұйықтаймыз.
6ай
2,5кг
Менің жанымда ұйықтағанды, бізбен асыр салып ойнағанды жақсы көреді.
7ай
3,1кг
Шомылдырғанда судан қорықпайды, яғни ол суға үйренді.
Қорегін аулауға шыққан жыртқыш аң сияқты бір бұрышта немесе қалтарыс жерде бір орында көздері жанып тырп етпей отырады.Сондай кезде біз оған кедергі жасасақ, ренжігендей сыңай танытады.Сондықтан мысығым «аңға шыққанда» біз оған кедергі жасамауға тырысамыз.
Ұялы телефондағы «Том» және менің мысығым Тұмарды салыстырып кестеге түсірдім
1.Мысықпен ойнап отырған бала еш қозғалыссыз отырады.
2.Ол мысық бір қалыпта өмір сүреді.
3.Бала үнемі өз дегенін істету арқылы оның бойында өзімшілдік қалыптасады
4.Үнемі бір нүктеге қарауынан көру қабілеті төмендейді
5.Денесі шынықпаған , қозғалыста болмаған баланың физикалық жетілуі төмен болады.
6.Бұл мысықтың тұрақты , оны шынайы жақсы көретін иесі жоқ, кім ұялы телефнды қолына алса, сол адам оның иесі бола қалады, және ол мысық ешкімді жақсы көре алмайы.
Менің Тұмарым
1.Мен мысықпен ойнағанда жүгіремін, аунаймын, секіремін. Бұның бәрі менің денемнің шынығып жетілуіне әсерін тигізеді.
2.Менің мысығым виртуалды мысық тәрізді емес, ол саналы тіршілік иесі, әркез жаңа қылықтар шығарады. Ол мені және менің отбасымды таниды.
3.Үнемі өз мысығыммен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, оған деген жылы сезімім пайда болды,сол арқылы жан-жануарларға деген көзқарасым өзгерді, жануарлар әлеміне деген деген қызығушылығым артты.
4.Мысығым мені өте жақсы көреді.Мен де оны өте-өте жақсы көремін.
Назым мен Тұмар
1.Тығылмақ ойнағанда мысығым
мені кез-келген жерден тауып алады. 2.Шомылдырғанда , алғашында судан
қорқып еді, соңынан үйреніп алды.
3 .Суретке т үскенді ұнатады.
4.Мамық төсекте ұйықтағанды ұнатады.
5.Мысықты тамақтандыру ,сүт дайындауда
Қорытынды
1 . Менің мысығым мысықтардың даму кестесіне сай жетіліп келеді.
2. Менің Тұмарыма менің үйімде тұру өте қолайлы.
3. Мысықтар- саналы, ақылды тіршілік иелері.
4.Мысығым маған қосымша дене шынықтырумен айналысуыма үлкен көмегін тигізеді.
5.Менің бойымда жауапкешіліктің қалыптасуына үлкен көмегін тигізді.
Құрбы-құрдастарыма ұсыныс:
1.Жан-жануарларды жақсы көру керек.
2.Уақыттарыңызды тиімді әрі пайдалы өткізу үшін мысықпен дос болыңдар.
3.Ұялы мысықтан алшақтауға тырысыңдар, өйткені ол сенің денсаулығыңа қауіпті.
Ата-аналарға ұсыныс: Өз уақыттарыңызды үнемдеу үшін балаларыңызды ұялы телефондағы мысықпен ойнатып қойғаннан гөрі шынайы мысықпен достасуларына мүмкіндік жасаңыздар.Мысық баланың жалпы дамуына көп әсерін тигізеді екен.