kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Тәуелсіздік - тұғырым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тәуелсіздік - тұғырым"

Мақсаты: Жасөспірімдерге тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, тәуелсіздіктің тарихын ұғындыру және тәуелсіздіктің жеткізген жетістіктерімен таныстыру, қадірлей білуге үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Тәуелсіздік - тұғырым"»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік-тұғырым!»

Мақсаты:Жасөспірімдерге тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, тәуелсіздіктің тарихын ұғындыру және тәуелсіздіктің жеткізген жетістіктерімен таныстыру, қадірлей білуге үйрету

Эпиграф: Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын
Н.Ә. Назарбаев

«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал – сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»- деп М. Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Ақиық ұлы ақынымыз:
«Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»- деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет - қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың таңғажайып тарихын, деректерін оқу арқылы білеміз. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді. Жер бетіндегі қарапайым тірі жандарға зер салсақ та, олардың өз бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келеді емес пе! Әлемде екі жүз қырыққа жуық мемлекет болғанымен, оның ішінде күні бүгінге дейін басқа мемлекетке бағынышты өмір кешіп, тәуелсіздігін алмағаны қаншама! Сол уақыттан бері қазақ халқы егеменді ел боламыз деп талай тар жол тайғақ кешті, сондықтан мен тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білемін. Бүгінде біз де еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен қатар өсіп келеміз, яғни тәуелсіздік атты өшпес ұғымның құрдасымыз десек қателеспеймін. Қазіргі жастар бақытты, себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары. Ендігі алаңдайтын мәселе, әлемнің басқа елдеріне көз салсақ, мемлекет ішінде болып жатырған қақтығыстар, төңкерістер жүректі ауыртады. Жастарымыз түрлі діни ағымдарға еріп кетпей, қасиетті аталардың жанын қиған оқиғалар қалған еліміз тыныш болсын деп тілейміз. «Дүние дамуымен есептегенде,25 деген көп те емес шығар. Бірақ, біз үшін үлкен кезең, тұтас бір дәуірмен бара-бар. Олай болатыны, тәуелсіздік- ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, мәні айырықша»,- деуі арқылы да Мемлекет басшысы егемендіктің қадір-қасиетін биіктете түсті.еліміздің тәуелсіздігі- ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазақ елінің басына бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес.Қаншама қиындықты бастан өткерседе, еліміздің бар мақсаты халық болып бірігіп, тәуелсіздікке қол жеткізу болатын.Азаматтыққа ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында ғана әрең қолын жеткізді.Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып,өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз. Осы бір аумалы-өкпелі заманда елдің елдігін танытқан Елтаңба, аспан түстес көк Байрақ, рухты оятар Әнұранымыз қабылданды. Елбасымыздың елдікті орнатумен қатар,есімі тарихта қалған ұлылардың абыройын көтеруін қалай мадақтасаң да жарасып тұр.ЮНЕСКО көлемінде Абай, Махамбет, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев тойлары әлемдік дәрежеде тойланды. Тарих құндылықтары да назардан тыс қалған жоқ. Осы уақыт ішінде Түркістанның 1500 жылдығы, Тараздың 2000 жылдығы тойланды. БҰҰ-ның қолдауымен Қазақстан көптеген халықаралық конференциялар мен жиындар өткізді. Мәселен, 2003, 2006, және 2009 жылдары Астана қаласында Әлемдік және дәстүлі діндер басшыларының І, ІІ, ІІІ сьездері өткізілді. Бұл Қазақстанның жер байлығымен қоса, рухани байлығының дамуын көрсетеді. Бүгінгі Қазақстан- әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуразияны мойындата білген өжет елдің мекені. Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды, көптеген елдермен елшілік қарым-қатынас орнатты. Елдің абыройын, ұлан-байтақ жеріміздің тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шартқа қол қойылды.Тәуелсіздік алып келген жетістік те, оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі-еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі. Соның бірі-Астана. Елордамыз Алатау баурайындағы әсем ару Алматыдан Арқа төсіндегі ақорда Астанаға келіп орнықты. Аз уақыт ішінде көркейіп, түрленген, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр.Бас қала, арман қала-жас қаламыз өнер-білім мен мәдениет пен ғылымның ордасына айналуда. Жаңа астанамыз бүгінгі күн өзінің зәулім құрылысымен ғана емес, рухани орталықтарымен де көркейіп келеді.Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, ел болғандығының арқасында әлем оралысына шығуы. Президентіміз белгілеген «Қазақстан-2030» бағдарламасы және жыл сайынғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әдеттегідей тәуелсіз еліміздің өткен жылғы қол жеткен табыстарына, еліміздің әлемдік аренадағы алар орнына тоқтала келе Қазақстанның ертеңі мен болашағы жолындағы өтуге тиіс асуларына жан-жақты тоқталды. Әлемнің алпауыт елдерінде өтіп келе жатырған ЕХРО-ның 2017жылғы көрмесі өзіміздің Астана қаласында өтетіні белгілі болды. Бұл бағындырған биік белестер Қазақстандай жас елдің күннен-күнге өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Бір кездері арман болған азаттықтың жоғары жетістіктері жанымызды жадыратады.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қазақстандықтар үшін айырықша оқиға. Ол ата-бабаларымыздың қанымен, ерлігімен, қайратымен,қуғын-сүргіндерде арманда кеткен аяулы ағаларымыз бен апайларымыздың рухымен қолымыз жеткен Тәуелсіздік, оны күнделікті қорғау, қолдау қажет.Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлектіміздің ірге тасын бекіту, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз! Тұңғыш рет қолымызға тиген тәуелсіздіктің асыл құсын ұшырып алмай берік ұстау бүгінгі ұрпақтың қолында. Сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, қастерлете білу баршамыздың міндетіміз болуы тиіс. «Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. 
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!
Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!
Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. 
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М. Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін.
Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын!

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату - тәтті халқымызға бақ қонып,

Кетпесін туған жердің берекесі.
Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады, 
Сан армандар іске асты ойыңдағы. 
Терезесі тең елдер қатарында 
Салтанатпен өтуде тойың - дағы.
Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік, 
Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп, 
Азаматтар ақтады сеніміңді 
Талай істе танытты кемеңгерлік.
Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Егемен Қазақстан» газеті

2. «Ел» газеті

3. «Тәуелсіз қазақстан шежіресі-2010»

4. «Жас Алаш» газеті

5. «Ақтөбе» газеті

6. «Елбасы» газеті








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Баяндама "Тәуелсіздік - тұғырым"

Автор: Карабекова Каракоз Каденовна

Дата: 06.01.2017

Номер свидетельства: 376004

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік"
    ["seo_title"] => string(45) "ielimnin_bak_ytyn_tierbietkien_t_uielsizdik_1"
    ["file_id"] => string(6) "379201"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484389506"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашы?  т?рбие    са?аты  "Т?уелсіздік""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "258200"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448462528"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Мені?  Т?уелсіз ?аза?станым!»"
    ["seo_title"] => string(32) "mienin-t-uielsiz-k-azak-stanym-1"
    ["file_id"] => string(6) "290104"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454923264"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Тәуелсіз ел"
    ["seo_title"] => string(13) "t_uielsiz_iel"
    ["file_id"] => string(6) "382262"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485074886"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Баяндама "1наурыз- Ал?ыс айту  к?ні""
    ["seo_title"] => string(29) "baiandama1nauryzalgysaitukuni"
    ["file_id"] => string(6) "299851"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456599223"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства