а) Білімділік: О?ушылар?а ауа ж?не
оны? ?асиеттері туралы ке?інен
т?сінік бере отырып, білім
да?дыларын жетілдіру.
?)Т?рбиелік:Ауаны таза ?стау?а,
айналаны б?лдірмеуге,?орша?ан ортаны
?ор?ау?а баулу. О?ушылар?а
экологиялы? т?рбие беру. ?здігінен
ізденіп,ойларын орта?а салу?а ж?не
?орытынды шы?ара білуге
машы?тандыру.
б)Дамытушылы?:О?ушыларды?
с?здік ?орлары мен тіл байлы?тарын
дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар.Онымен әркім-ақ
күнделікті кездесіп отырады.Сен оны сезесің.Міне , ол есікті тарс жабады ,
терезені ашып жібере алады.Көшемен келе жатқанда жапырақтарды жерге
жұлып түсіріп ,ұшыра жөнеледі,оны көрінбейтін сиқыршының алып
бара жатқанын сезесің.Ол кейде сенің бетіңнен сипап ,шаштарыңды
тарақтайды.Бұл не?
-Ауа.
ІІІ. Ой ашар.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Бүгінгі ауа райы қалай?
ІҮ.Үй тапсырмасын тексеру.
Жергілікті жердің планы мен суреті.
-План деген не?
План дегеніміз –заттың үстінен қарағандағы көрінісінің сызбасы.План заттың алып
тұрған орнын да көрсетеді.
-Планның суреттен айырмашылығы неде?
План арқылы да жергілікті жерді бағдарлауға болады.План арқылы жүретін бағытты
оңай анықтауға болады.
-Планды қалай оқуға болады?
Шартты белгілердің көмегімен планды оқып, қай жерде не барын білеміз.
-Жергілікті жер планының шартты белгілерін ата.
Қала.Ауыл. Тас жол және электр желісі.Өзен және көпір.Қара жол.Бұлақ және жылға.
Көл және батпақ.Орман және соқпақ жол.Жеміс бағы.Бақша және егістік.
V.Ой шақыру.
1.-Сен қалай және немен тыныс аласың?
-Деміңді біраз ұста ,қанша уақытқа дейін демалмай тұра алатыныңды
байқа
ҮІ.Жұмбақ.
Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң , құшағың толмайды.
(Ауа .)
ҮІІ.Мағынаны тану.
Жаңа сабақ.
Ауа .Ауаның қасиеттері.
Тәжірибе арқылы айналаның бәрінде
ауа бар екенін дәлелдеу.
3-тәжірибе.
Мұрныңмен ауаны ішіңе тарт. Сен кеудеңе ауаның толғанын байқайсың.Қолыңды мұрныңның алдына ұстап ,дем шығарсаң, мұрын қуысынан шыққан жылы ауаны сезесің.
Қыстағы және жаздағы ауаның қандай болатынын есіңе түсір. Ол ыстық ,жылы, салқын ,суық болады.Біздің айналамызды түгел
ауа қоршап тұр.Біз оны көрмейміз ,
себебі ол мөлдір және түссіз.
Ауа айналадағы бүкіл кеңістікті ,
ашық жерлерді толтырып тұрады.
Ауа кез-келген жерде бар. Ауаның пішіні жоқ.
Жер бетіндегі басқа заттар
сияқты ауа да орын алады.
4-тәжірибе.
Бос шыны сауытты түбін жоғары қаратып ,суы бар ыдыстың ішіне төңкеру арқылы оны оңай дәлелдеуге болады.Шыны сауытқа су кірмейді.Себебі оның ішінде ауа бар.
Шыны сауытты бір жағына қарай қисайт.Сен одан жоғары қарай шыққан көпіршіктерді көресің ,ал сауытқа
су кіре бастайды. Яғни ,ауадан босаған бос орынға су толады.
Ауа сығылады және серпімді. Сығылған ауа машина , велосипед дөңгелектерінің , резеңке доптардың ішінде болады.
5-тәжірибе.Допты жерге ұрғанда ,ішіндегі ауа одан әрі сығылады. Ол серпімді болғандықтан ,қайтадан орнына келген кезде доп жоғары қарай секіреді.От жану үшін ауа керек.Оны дәлелдеу үшін тәжірибе жаса.
6-тәжірибе.
Екі май шамды жақ.Біреуін үстел үстіне қой ,екіншісінің үстіне шыны ыдысты төңкер. Үстел үстіндегі май шам
әбден таусылғанша жанады. Ал ыдыстың астындағы май шам шамалы жанғаннан кейін сөнеді. Себебі ,ыдыстың ішіндегі ауа таусылды.Таза ауада иіс болмайды. Бірақ біз кейде ауадан әртүрлі иістерді сеземіз. Бұл тамақтың ,гүлдің, иіссудың иістері болуы мүмкін.Күн сәулесі ауадан еркін өтеді. Ол жерді және жер бетіндегі заттарды қыздырады, одан әрі ауа қызады.Үйлерге қос қабатты терезе қояды.Олардың арасында ауа болады. Ол сырттағы суықты ішке өткізбей , іштегі жылуды сыртқа шығармай ұстайды.Ауа түрлі түтін және шаңнан ластанады.Мұндай ауа денсаулыққа зиянды.
ҮІІІ.Сергіту сәті.
Саусақпен мұрын қысайық ,
Әншіге біраз ұқсайық .
Әрбір сөздің дыбысы ,
Қандай екен ұғайық.
Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?
-Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгереді.
ІХ.Оқулықпен жұмыс.
Х.Ойын . «Кім тапқыр?»
ойыны.
Суреттердің ішінен ауаны қажет ететін ,пайдаланатын заттарды сәйкестендіреді.
Х.Қорытынды.
Топтастыру стратегиясы арқылы ауаның қасиеттерін сипаттау .
Сенің маңайдағы заттарды көруіңе ауа кедергі келтіре ме?