kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Уақытқа саяхат. Ертедегі саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саяхат дегеніміз – адамдардың айналаны тану, білім алу немесе спортпен айналысу мақсатында белгілі бір аумақ бойынша қозғалысы. Адамдар өте ертеден бастап саяхаттай бастады. Ертеде аңшылар аңдардың артынан, малшылар малға азық табу, ал жер өңдеушілер егін егуге құнарлы жер іздеу үшін орын ауыстырып жүріп, үлкен аумақтарды игерген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Уақытқа саяхат. Ертедегі саяхат"»

Сабақ тақырыбы:

Уақытқа саяхат

Ертедегі саяхат

Мектеп: № 4 ЖОББМ

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: уақытқа қатысты қарапайым терминдерді қолдануды үйрену;


  • Оқушылардың басым бөлігі: Қазақстандағы саяхаттың рөлі туралы ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге үйренy;

  • Кейбір оқушылар: картадан Астананың орналасқан жерін анықтай алy;

  • Астананың негізгі көрікті жерлерін сипаттауды үйренy.

Тірек сөздер:

саяхат – путешествие – travel; астана – столица – capital city.

Ресурстар:

Қолбасшы Аттиланың дулығасы, «Уақыт машинасы» суреті, «Аттила» тақырыбына тест, тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалар, Қазақстанның картасы, саяхаттауға арналған әдемі жерлердің суреттері (5-6), ұялы телефондар, тірек сөздердің дыбыстық жазбасы, «Астана – болашақ қаласы» бейнефильмінің үзіндісі.

Сабақтың мақсаты:

1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру

1.2.4.2 туристтердің негізгі мақсаттарын анықтау

1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстырады

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Саяхат дегеніміз – адамдардың айналаны тану, білім алу немесе спортпен айналысу мақсатында белгілі бір аумақ бойынша қозғалысы. Адамдар өте ертеден бастап саяхаттай бастады. Ертеде аңшылар аңдардың артынан, малшылар малға азық табу, ал жер өңдеушілер егін егуге құнарлы жер іздеу үшін орын ауыстырып жүріп, үлкен аумақтарды игерген. Ел билеушілер әскерлерімен аумақ бойынша жылжып отырып, жаңа жерлерді жаулап алу үшін соғыстар ашқан. Кейінірек адамдар айналадағы тірлікті тану, жаңа білімдерді меңгеру үшін саяхаттай бастады.


Ертеде керуен жолдарының жүйесі Ұлы жібек жолы Шығыс пен Батыстың арасын байланыстырып тұрған. Бұл жол Қазақстан аумағы арқылы өткен. «Саяхат» ұғымы Қазақстанның ежелгі тарихында


– көшпенділік өркениетін қалыптастыру мен дамытуда, жаулап алу және қоныс аудару кезеңінде, Ұлы жібек жолы жұмысын атқарып тұрған кезеңде орталық рөл атқарды.


Қазіргі кезеңде саяхаттың рөлі өзгерді. Қазіргі заманғы саяхатшыларды алға итермелейтін білімге деген құштарлық қана емес, сонымен қатар саяхат барысында адамдар жаңа достар табады, жақсы әсер алады. Қазіргі кезде саяхат – бұл негізінен туризм немесе жұмыс бабымен көшу.


Салыстыруды үйрен


  • Астана қаласының суреттерін мұқият қара және салыстыр.


  • Қала қалай өзгерген?


  • Астананың қандай көрікті жерлерін білесің?


  • Қазақстан картасынан Астананы тап.


Саяхатқа барамыз! Оқушыларға суреттерді көрсетіңіз және бұл сабақта қазақ ертегісі Алдар көсемен бірге қиял-ғажайып уақыт машинасымен саяхат жасайтындарымызды айту. Алдар көсе қулығымен, көңілді мінезімен танымал. Ол жақсы істер жасай отырып, кең далада саяхат жасаған.Алдар Көсе қайда саяхатқа барсам екен деп қиялдайды. Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға.

Талқылауды үйрен. Оқушылардың саяхаттау үшін көліктің қандай түрін таңдайтынын анықтау. Оқулықпен жұмыс 52-беттегі «Талқылауды үйрен» тапсырмасы.. Көңілді айлакердің қай сурет бұрынғы, ал қай сурет қазіргі заманғы екенін түсіне алмай тұрғанын естеріне салу.

Салыстыруды үйрен. Уақыт машинасы бұрынғы заманға бара жатқанын айту. Қазақстан картасында Астана қаласын көрсету.. Астана қаласының суреттерін – 100 жыл бұрынғы ескі Ақмола қаласы мен қазіргі

Астана қаласының суреттерін салыстыруға тапсырма беру..100 жыл бұрынғы көліктер: ат, алғашқы автомобильдер. Бүгінгі Астана – бұл қайталанбас еуропалық келбеті бар, тұрақты дамып келе жатқан және салынып жатқан қазіргі заманғы мегаполис.

Астанаға көрікті жерлерді қызықтау үшін әртүрлі елдерден көптеген саяхатшылар келеді..



Астана – Қазақстанның астанасы. Бұл – еліміздегі әдемі қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астанада театрлар, мұражайлар, ескерткіштер көп. Астана жыл сайын жаңарып, көркеюде.

Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Сабақтың қорытындысын шығарғанда «Уақыт машинасымен» саяхат аяқталғанын айтыңыз. Астананы қандай екенін бір сөзбен жеткізсін.

Жауабы: Әдемі, жас, жаңа және т.б.

«Аудармашылар» жаттығуы. Диктофонға бір тілдегі тірек сөздерді жазып алыңыз және Ботаның атынан дыбыстық жазбаны тыңдатыңыз. Оқушылар қайталайды, қалған екі тілдегі нұсқаларын айтады.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Бейнефильмді тамашалаған кезде Астана қаласының көшелеріндегі көліктерді санайды.

Өнер. Қосымша тапсырмаға суреттер салады.Астана туралы бейнефильмді тамашалайды.


Бота қазіргі заманғы саяхат туралы көбірек білгісі келетінін айту.. Үйде қазіргі заманғы басқа да саяхатшылар туралы ойлануын сұрау


Жауабы: Xабарлама, ақпарат, жүктер, тауарлар

Бағалау


Оқушылар

–– саяхат туралы; –– бұрынғы және қазіргі көлік туралы;

–– Астананың көрікті жерлері туралы білді.

Оқушылар

–– дерек көздерімен, яғни суреттермен жұмыс істеуді;

–– уақытқа қатысты «сол уақытта, енді, болашақта, бұрын және қазір» деген сияқты қарапайым терминдерді қолдануға;

–– ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге; –– қазіргі заманғы көлік қалай өзгергенін сипаттауға; –– картадан Астананы табуды үйренді.

Сұрақтар қою:

–– Астана деген не?

–– Астана қандай өзеннің жағалауында орналасқан? –– Астана нышаны саналатын монумент қалай

аталады?

–– Астанада қандай көрікті жерлер бар?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Уақытқа саяхат. Ертедегі саяхат"

Автор: Касымова Гульжан Ахатовна

Дата: 29.03.2017

Номер свидетельства: 404734

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Та?ырыбы: «Ертегілір еліне» саяхат . Тіл дамыту ?дістесмесі "
    ["seo_title"] => string(63) "tak-yryby-iertieghilir-ielinie-saiakhat-til-damytu-distiesmiesi"
    ["file_id"] => string(6) "139236"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1417686053"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "?лы  жібек  жолыны?  ?алыптасуы  ж?не тарихи  ма?ызы "
    ["seo_title"] => string(58) "u-ly-zhibiek-zholynyn-k-alyptasuy-zh-nie-tarikhi-man-yzy-1"
    ["file_id"] => string(6) "175231"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424252701"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Рәміздеріммен мақтанамыз"
    ["seo_title"] => string(27) "r_mizdierimmien_mak_tanamyz"
    ["file_id"] => string(6) "406958"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1491407607"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства