kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұялы телефон" 3 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұялы телефонның пайдасы мен зияны туралы, оның қолданылуы. Телефонның даму жолы. Сынптан алынған сауалнама

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұялы телефон" 3 сынып»

«Глазунов орта мектебі» ММ





Шығармашылық зерттеу жұмысы

Тақырыбы: «Ұялы телефон»

Бағыты: Жаратылыстану

Орындаған: Тайқара Жасмин 3 «Б» сынып оқушысы, Глазунов орта мектебі, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Глазунов ауылы

Жетекшісі: Кдралиева Динара Сериковна Глазунов орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі





2016жыл

Мазмұны:

Кіріспе .....................................................................................................................4

Негізгі бөлім............................................................................................................6

І. Бөлімі: Ұялы телефон.......................................................................................6

    1. Шығу тарихы...............................................................................................6

    2. Телефонның түрлері...................................................................................6

ІІ. Бөлімі: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны.........................................7

    1. Пайдасы...............................................................................................7

    2. Зияны...................................................................................................8

    3. Сауалнама.........................................................................................11

Қорытынды бөлімі..............................................................................................14

Пайдаланған әдебиеттер тізімі





















Түйіндеме

Техника дамығалы, тереграмма және хаттың жұмысын ұялы телефон атқаратын болды. Қазір алақандай ғана осы құралды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ұстайды.

Ұялы телефон – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі.. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалта телефоны маңызды жұмысы бар азаматтарда ғана болса, қазір екінің бірінде кездеседі. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншектердің өзі бұл телефоннның бағалысын ұстайды. Кішкентайлардың көпшілігіне бұл тек ойын ойнауға, әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге т.б. керек. Ал көп ата-ана баласының қай жерлерде жүргенін біліп отыру үшін алып береді. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын, еске салғышын, сағатын және т.б. пайдаланады. Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп.

Ұялы телефон біреумен кезігерде оңай тауып алуға, бір нәрсе жайында сұрай салуға, алыстағы ағайынның жағдайын біліп тұруға таптырмайтын құрал. Қарамаңыз, қала, мейлі, дала болсын, бала мейлі қарт болсын «ұялы телефонсыз» жүре алмайды.    


















Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Ұялы телефонның адам өмірде маңызы орасан зор бола тұра, оның денсаулыққа тигізер зиянын анықтау.

Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі- оқушының шығармашылығын, қабілетін барынша ашып, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Бұл жобаның мақсаты оқушы белсенділігін арттырып, өз бетінше ой қорытып, пікір айтуға дағдыландыру. Оқушы қаншалық көбірек білген сайын оның оқуға деген ынтасы артады. Оқитын тақырыбының мәнін түсіну үшін осы заманғы ғылыми жетістігін түсіндіру қажет. Бүгінде біздер күнделікті тіршілігімізде электротехниканың сан алуан түрлерімен сәт сайын бетпе-бет келіп, тұрмысымызды оларсыз елестете де алмаймыз. Бүгінгі таңда адам баласы техника саласында таңқаларлық жетістіктерге қол жеткізіп жатқанменен, оның есесіне бізді қоршаған ортада техногенді электромагнитті өрістің қарқыны күрт өсті. Электромагниттік өрістің кері әсерін зерттеп жүрген мамандар компьютерге, ұялы телефонға шектен тыс үйір болу жас жеткіншектерге келе-келе түрлі науқастар жамайтынын айтады. Осындай электромагниттік сәуле шығаратын көздің бірі - ұялы телефон.

Мақсаты:

Ұялы телефонның пайдасы мен зиянды жақтарын зерттей келе оқушылардың пайдалануға рұқсат етілуіне ұсыныс білдіру.

Міндеттері:

Ұялы телефонның түрлері, қолданылуын білу;
Ұялы телефонның адам өміріндегі маңызын зерттеу;
Ұялы телефонның адам өміріндегі зиянын зерттеу;
Ұялы телефонды оқушының пайдалану жайлы ұсыныс беру.

Зерттеудің реті мен кезеңдері:

Ғылыми жобаның бөлімдері мен тараулары жоғары деңгейде дайындалған.Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жобаның мақсаты,міндеті,қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетілген.Бірінші бөлімде осы тақырыпқа байланысты,яғни ұялы телефонның шығу тарихы туралы көрсетіледі. Ал екінші бөлімде оның адам өміріндегі пайдасы мен зияны туралы мәліметтер келтіріледі. Қорытындыда жобаның ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстар қамтылған.

Зерттеудің жаңалығы: Біздер телефонның пайдасы көп екенін білеміз. Алысты жақындатып, тума – туыспен хабарласып амандығын біліп отырамыз. Керекті мәліметті де ұялы телефон арқылы анықтай білеміз. Ғылыми жұмыс – маған көп көмегін тигізді. Өйткені, әр түрлі кітаптар, газет – журналдар оқыдым. Ұялы телефон жайлы қызықты мәліметтер жинадым. Керек мәліметтерді таңдап, қорытынды жасадым.

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:   Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізер зиянын біле тұра, күнделікті өмірде қауіпсіз қолдану.


















Негізгі бөлім

I - бөлім. Ұялы телефон.

1.1 Шығу тарихы.

Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. 1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды.Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда «қоңырау» деген мағына береді. 1876 Филадельфияда өткен Бүкіләлемдік көрмеде Александр Белл ойлап тапқан телефон адамзат назарына ұсынылды.Осы көрмеде Бразилия императоры II Педру журналистердің көзінше телефонды құлағына көтеріп: «О, құдайым! Мынау сөйлейді ғой!» деп дауыстап жіберді. Міне ,сол сәттен бастап телефон байланыс құралына айналды.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде,яғни 1947 жылы Bell Laboratories зерттеу орталығы мобильді телефон жасау туралы ұсыныс тастады.Одан кейін уақыт өте келе көптеген өнертапқыштар қалта телефонының үлгілерін жасап көрді.

1973 жылы Motorola Dina TAC компаниясы ең алғашқы портативті ұялы телефонның прототипін шығарды.1973 жылдың 3 сәуірінде Motorola компаниясының әріптесі Мартин Купер өзінің бәсекелесі Джоэло Энгелоға қоңырау шалады. Бұл ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың ең алғашқысы болатын.

1.2 Телефонның түрлері.

Қазіргі қолданыстағы телефон түрлерінің бұрынғыға қарағанда қызмет көрсету жүйелері өте көп.Телефонның сенсорлық, кнопкалы түрлері болады. Сонымен қатар олар шығарған фирмасына қарай аталуы да әртүрлі болады. Мысалы: Samsung, Nokia, Motorola деген сияқты тағы басқалар. Олардың әрқайсысының қызмет көрсету жүйелері де әртүрлі.


II - бөлім. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны.

2.1 Пайдасы.

Ұялы телефон-сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалта телефоны маңызды жұмысы бар азаматтарда ғана болса,қазір екінің бірінде кездеседі. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншектердің өзі бұл телефонның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды.Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз.Ең кішісі,ұялы телефон біреумен кезігерде оңай тауып алуға,бір нәрсе жайында сұрай салуға,алыстағы ағайынның жағдайын біліп тұруға таптырмайтын құрал. Қоңырау шалу арқылы уақытыңды үнемдеуге болады.Себебі үйде отырып бір қоңырау шалумен бірнеше істерді бітіруге болады. Кішкентайлардың көпшілігіне ұялы телефон тек ойын ойнауға,әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге т.б керек.Ал көп ата-ана баласының қай жерлерде жүргенін біліп отыру үшін телефон алып береді.Бұл да бір жағынан дұрыс нәрсе.Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды,ондағы күнтізбесін, оятқышын(будильник), еске салғышын(заметка), сағатын , есептеуішін, қалаған өлеңді жазып алу,тыңдау, және т.б. пайдаланады.Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп.

Телефондағы фотокамераның пайдасы.

Телефонның аппараттарындағы фотокамераның сапалы суретке шамасы жетпейді.Қазақстанда ұялы телефондағы цифрлық фотоаппаратты қандай мақсатта пайдаланып жатқаны бізге белгісіз.Ал Англияда осы мәселеге қатысты зерттеу жүргізіліпті.Сонда мынандай мәліметтер белгілі болған:сауалнамаға қатысқан 3500 азаматтың 20%-ы цифрлық аппаратпен алынған өзінің фотосуретін жаңа киімі мен шашының моделін көрсетуге достарына,туыстарына жібереді, 18%-ы дүкендердегі киім үлгілерін түсіріп, айналасындағы адамдармен ақылдасуға пайдаланады. Сауалнамаға жауап бергендердің 15%-ы ол аппаратты айна орнына қолданатындықтарын айтқан. Олардың тағыда 4%-ы байланыс құралындағы соңғы жетістікті тамақ жеп болған соң тағам қалдықтары тістердің арасында қалып қоймағандығын тексеру үшін тістерін суретке түсіретін болып шыққан.

Интернет. Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды желілер бар,бірақ солардың ең таңдаулысы-ИНТЕРНЕТ желісі. Интернет-бір бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан. Компьютерлер мен компьютер желілерінің жиынтығы.Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпарат жүйесі болып отыр. Интернет арқылы көптеген ақпараттарды ала аламыз.

Хабарлама. Бұрын телефонның хабарламасы болмай тұрып,ақ қағазға қара қаламмен өз сезімін немесе жағдайын жазып жеткізген болатын. Оның жазған хаты бір жұмадан кейін барар жеріне әрең дегенде жететін.Ал жауабын келесі жұмада алған,яғни екі аптада жазған хатына жауап алған.Негізінде ол заманмен бұл заманды салыстыруға келмейді.Себебі, қазір телефоныңды аласың,жазатыныңды жазасың да тиісті мекен жайға жібере саласың.Бес минуттан кейін жазғаныңа жауабыңда келеді.Бұл әрине жақсы.

2.2 Зияны.

Әлем ғалымдары ұялы телефонның адам ағзасына зияны көп деп дабыл қағуда. Телефон адам энергиясының 50% өзіне тартады. Бұл ғылымда дәлелденген нәрсе. Ғалымдардың айтуынша,10 жыл бойы күніне жарты сағат ұялы телефонмен сөйлескен адамдардың глиома дертіне шалдығу қаупі 40%-ға дейін ұлғаятын көрінеді. Зерттеушілердің бірі, тіпті, қалта телефонын ұзақ пайдалану өкпе ісігін тудыратын темекіден де зиян деп қорытынды жасапты.

24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтафонмен өткізеді.Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны сабақ үстінде пайдаланады:музыка тыңдайды,клип көреді,кейде сондағы әуенге елітіп,ұйқылы-ояу,маужырап отырады.Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне «хат» жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді.Бұл тірлік өкінішке орай,үйге келген соң да қайталанады.Демек,оқушының білімі төмендейді.

Ұялы телефоннан шығатын электромагнитті толқындар адам денсаулығына зиян келтіреді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар телефонмен көп сөйлесетін жандарда бас ауруы, ұйқышылдық, ашушаңдық белгілері кездесетінін анықтаған. Сондай-ақ, ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың есте сақтау қабілетін нашарлататынын, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтыратынын дәлелденген.

Басыңызды абайлаңыз!

Қалталы телефоннан бөлінетін электромагниттік толықдарды көп жылдан бері зерттеп келе жатқан ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр. Олар телефоннан бөлінетін электормагниттік толқынның теледидардың, радиотелефон мен компьтердің толқындарынан он есе күшті екенін анықтаған. Олардың пайымдауынша телефонмен сөйлескен кезде одан бөлінетін электромагниттік толқындар бас пен жүйке ұлпасына тікелей әсер етеді. Салдарынан ми қызып, жүйке жүесі әлсіреп, адам ағзасындағы жүрек қан тамырларының айналымы шарарлап бастайды.

Иммунитет пен көз жанарына да зияны бар

Ал, ресейлік ғалымдар ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың көз жанарына кері әсер ететінін анықтап отыр. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері нәтижесінде сынақтан өткен тышқандардың барлығы дерлік көз жанарынан айырылған. Сондай-ақ, зерттеу барысында сынақтан өткен хайуандардың иммундық жүйесі әлсіреп, бұзылғаны анықталды.

Балаларға бермеңіз!

Балаларға гаджеттермен ойнауға тыйым салыну керек. Себебі, бұл құрылғылар балалардың , жүйке жүесі мен ойлау қабілетін нашарлатады. Сондай-ақ, мамандар құрылғылардан бөлінетін сәуленің бас ауруы, есте сақтау және көру қабілетіне душар ететінін анықтап, ұйқысыздыққа шалдықтыратынын дәлелдеген.

Ұйқысыздыққтың себебі

Өшірулі тұрған телефон да адам организіміне зиян келтіреді. Сондықтан да мамандар, байланыс құралын өзіңізден неғұрлым алысырақ ұстау керек екенін айтады. Әсіресе мамандар ұялы телефонды бас жаққа қойып ұйықтауға болмайтынын ескертеді. Себебі, телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындар ұйықтап жатқан адамның орталық жүйке жүесіне әсер етіп, ұйықтауға кедергі келтіреді.

Абайлаңыз: Мобильді найзағай!

Айтпақшы, телефонның магниттік толқындары мен сәулесінен бөлек, денсаулыққа зиян келтіретін басқа да тұстары бар екен. Мамандардың сөзіне сүйенсек, гаджеттерді күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде алып жүру өте қауіпті. Өйткені, олар электр тоғын өткізгіш қасиетке ие болғандықтан найзағай ұру қауітін тудыруы әбден мүмкін.

Қалай сақтануға болады?

Гаджеттердің денсаулыққа қауіпті екенін белгілі болса бүгінде олардан бас тартатындар кемде-кем. Керісінше, телефондарға, планшеттерге, смартфондарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Сәйкесінше, ақпараттық технология қарыштап дамыған сайын, аталмыш бұйымдардың қауіптілігі де жоғарлай түседі. Осы ретте мамандар қарапайым қағидаларды ұстана отырып, ұялы телефоннан келетін қауіптен сақтануға болатынын айтады.


1) Көшеде сөйлесу керек.

2) Телефон тұтқасын құлақтан кем дегенде 1 сантимерт алыс ұстаған жөн.

3) Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз;

4) Телефон тұтқасын астыңғы жағынан ұстағане жөн;

5) Телефонды тігінен ұстау керек;

6) Телефондағы дыбыстық сигналды тыңдамаңыз;

Сондай-ақ, телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жазыңыз. Ал, желі “ұстамаса” қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Мұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.

Осы ұялы телефон тақырыбында өз сыныбымнан сауалнама алдым.

2.3 Сауалнама сұрақтары мынадай болды.

  1. Ұялы телефоннан шығатын сәулелер адам денсаулығына зиянды деп ойлайсыз ба?

а/ Иә. ә/ Жоқ. б/ Білмеймін

  1. Сіз ұялы телефон таңдағанда төмендегі көрсетілген қасиеттердің қайсысы маңызды деп есептейсіз?

а/ Құны ә/ Төзімділігі б/ Қызмет түрлері. в/ Өндіруші танымалдығы.

  1. Ұялы телефонмен хабарласудың қай түрін жиі пайдаланасыз?

а/ Сөйлесуді ә/ SMS арқылы байланысуды

  1. Ұялы телефонмен орта есеппен (1 хабарласуға) қанша уақыт сөйлесесіз?

а/ 10-45 сек ә/ 5-10 минут б/ 15 минуттан артық

  1. Үйде болсаңыз қай телефонды қолдануға тырысасыз?

а/ Үй телефонын ә/ Ұялы телефонды

























Қорытынды

Осындай мәліметтерді жинай отырып, мындай болжам жасадым: Ұялы телефон адам ағзасына зиян. Бірақ, адамдар ұялы телефонның пайдалану ережелерін сақтаса, оның адам ағзасына әсер ететін зияны төмен болуы мүмкін деген болжамға келдім. Ұялы телефонды мектеп ішінде қолдану ережесі бар екенінде ұмытпайық. Әсіресе жоғары сынып оқушылары көп қолданады. Бізге апайымыз ережелерді үнемі еске салып, ата – аналарымға ескертіп тұрады. Осы ережелерді ұстансақ, денсаулығымызға да, сабағымызға да кедергі болмайды деп ойлаймын. Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет - журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық - зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандырып отыру керек.















Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Г.Ә. Жапаров Информатика негіздері

  2. Балапанов Информатика оқулығы. Алматы 2007

  3. Камардинов. Информатика Алматы


Ғаламтор ресурстары.

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Ұялы_телефон

  2. http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/1005/

  3. https://www.youtube.com/watch?v=NXgtVea0ZGw


9



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Ұялы телефон" 3 сынып

Автор: Кдралиева Динара Сериковна

Дата: 05.02.2017

Номер свидетельства: 388202

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(172) "О?ушыларды? коммуникативтік ?абілетін дамыту ма?сатымен ?ялы телефонды саба? барысында ?олдану"
    ["seo_title"] => string(105) "ok-ushylardyn-kommunikativtik-k-abilietin-damytu-mak-satymien-u-ialy-tieliefondy-sabak-barysynda-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "278918"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453144783"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Мобильді телефон  ?аншалы?ты  зиян ж?не оны? негативті  ы?палы. "
    ["seo_title"] => string(70) "mobil-di-tieliefon-k-anshalyk-ty-ziian-zh-nie-onyn-nieghativti-yk-paly"
    ["file_id"] => string(6) "184357"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426046504"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "А?ылшын тілінен орта мерзімді саба? жоспары 7- сынып "
    ["seo_title"] => string(56) "ag-ylshyn-tilinien-orta-mierzimdi-sabak-zhospary-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "221038"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1435003715"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "5 - сынып тест с?ра?тары"
    ["seo_title"] => string(20) "5synyptiestsuraktary"
    ["file_id"] => string(6) "322137"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1461512726"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "5-сынып. Информатика"
    ["seo_title"] => string(19) "5-synyp-informatika"
    ["file_id"] => string(6) "251215"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447211093"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства