Сабақ тақырыбы: | Ертедегі саяхат | Мектеп: |
Күні :30.01.2018Ж | Пәні:Дүниетану | Мұғалімнің есімі: |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: |
| |
| ||
| ||
Тірек сөздер: | ғұндар – гунны – huns; қоныс аудару – переселение – мigration. | |
Ресурстар: | Интерактивті тақта, диктофон, Ақ Бұғы туралы аңыз бойынша жекелеген бес сюжетті сурет, оқушылар санына қарай жаңа сөздер жазылған тірек сөздер, «Экскурсия жетекшісі» ойынын жүргізуге арналған ғұндар туралы суреттер.
| |
Сабақтың мақсаты: | 1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар | Сабаққа қатысты ескертпелер | |
Ғұндар – II-IV ғ. өмір сүрген ежелгі көшпенді халық.Тарихшылардың пікірі бойынша ғұн империясы батыстағы Альпі мен Балтық теңізінен бастап шығысында Каспий теңізіне дейінгі жерді алып жатқан. Оның тіршілік етуі Еуропа халқы үшін маңызы зор еді.
| Ежелгі тайпа. Сабақ басында оқушыларғаоқулықтағы 1-суретті мұқият қарап шығуға тапсырма беріледі. Суретті интерактивтік тақтада көрсеткеніңіз дұрыс. Оқушылар өз бетімен суретте кімдер бейнеленгені, олардың қай уақытта өмір сүргені туралы болжамын айтады, олардың сыртқы келбетін суреттейді. Киімдері және заттары бойынша олардың немен айналысқанын анықтайды. Тапсырманың бұл түрі бейнелі ойлауын және қиялын дамытады. Бұдан әрі оқушыларға мәтінді өз бетімен оқып шығуға және өз жорамалдарын мәтіндегі нұсқамен салыстыруға тапсырма беріледі. Жұмыстың мұндай түрі оқушыларға мәтінді тез және қызығып оқуына мүмкіндік береді. Содан кейін шағын әңгіме өткізуге және ғұндар, олардың тіршілігі туралы дұрыс түсінігін бекітуге болады. Оқушылардың назарын қазақтар ұлы ғұндар тайпасының ұрпақтары екеніне аудартыңыз. Оқушыларға бұл жерде ғұндар туралы үзінді көрсетуге болады. | |
Сабақтың қорытындысы | Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру | |
Халық үнемі көшіп отырды, себебі өмір сүру үшін лайықты орын іздеді. Бұндай үдеріс қоныс аудару деп аталады. | Оқушылар санына қарай жаңа сөздер жазылған бір-бір үлестірме парақшалар дайындаңыз. Егер сіздің сыныпта 26 оқушы болса, сіз 4 «қоныс аудару», 4 «переселение», 4 «migration» үлестірме парақшаларын дайындаңыз. | |
Бағалау | Оқушылар –– ғұндар және олардың тіршілігі туралы; –– ертеде халықтың қоныс аударуы туралы; –– олардың қоныс аудару себептері туралы білді. Оқушылар –– картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсетуге; –– өз жүрген бағыттарының картасын салуға үйренді. Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға жұпта талқылауға және жауап беруге үш сұрақ беріледі: –– Сақтардан кейін біздің жерімізді кімдер мекендеді? –– Олар қандай тіршілік етті? Олар немен айналысқан? –– Ертеде халық не үшін қоныс аударған? |