Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу 1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Ж әрпін таниды, ажыратады. Көбі: ж дыбысын басқа дыбыспен сәйкестендіреді. сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтай алады. Кейбірі: оқудың түрлерін (буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды, түсініп оқиды) |
Жетістік критерийлері | Ж әрпін таниды, ажыратады; Буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды, түсініп оқиды сөздің буыннан тұратынын түсінеді, сөздегі буын санын анықтай алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 9 минут | Амандасу, жақсы тілек айту «Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан, аппақ бұлттарды көріп, құстардың сайраған әнін, судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады. Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты, дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Ой шақыру. «Бұл қай кезде болады?» Тақтаға күз, көктем, қыс, жаз суреттері ілінеді. Оқушыларға жапырақ, жаңбыр, қар, алма суретін көрсеткенде қай мезгілмен сәйкес екенін табады. Сұрақ: Осы төрт мезгілді бір ауыз сөзбен не деп атайды? Иә, табиғат. Балалар, менімен бірге мына бір суретті бояп көрейікші. Қане, кім бояғысы келеді? (алдын-ала шырағданмен жазылған Ж әрпін бояғанда, қанық түсте Ж әрпі көрінеді. Ендеше, бүгін «Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі» тақырыбын өтеміз. | Шаттық шеңбері күз, көктем, қыс, жаз суреттері. жапырақ, Жаңбыр, қар, алма суреті |
Сабақтың ортасы 8 минут | Оқулықпен жұмыс (110-бет) 1-тапсырма. 5 минут «Ара» әдісі арқылы оқу Жұптық жұмыс. Жаға, жаса, жалау, жасау, жасыл, айлау, жақсы, жаман, жылтыр, жауын, жарыс, Жарас сөздері ортасынан ара суретімен бөлініп беріледі. Осы сөздерде неше буын бар? Буын санын анықтату. ҚБ Жалаушалар беру арқылы бағалау 2-тапсырма. 3 минут «Көмек аралы» әдісі. Дарынды оқушымен жұмыс. Сыныптағы дарынды оқушылар Аяла мен Нұрзадаға оқулықтағы «Жарыс» мәтінін буындап толық оқытамын. ҚБ медаль беру арқылы ынталандыру | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
Сергіту сәті 1 минут | | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Сабақтың ортасы 17 минут | 3-тапсырма 7 минут АКТ электронды оқулықпен жұмыс. Оқушыларға Ж дыбысы туралы бейнеролик көрсету (Құмырсқа мен қоңыз сұхбаты. 1,03 мин) Ж дыбысы туралы бейнеролик. 0,08 мин 4-тапсырма 5 минут Ж дыбысының жазылуы туралы 0,07 мин. Ж әрпін көркем жазу ҚБ Жалаушалар беру арқылы бағалау | |
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Тақтаға қыс мезгіліндегі сырғанақтың суретін ілемін. Кім сабаққа жақсы қатысып, өзін сырғанақтың ең төбесіне шықтым деп санаса, атын жазып, ең биікке ілсін. Кім сабақты аздаған көмектермен түсінсе, өзін сырғанақтың ортасына ілсін. Кім бүгінгі сабақта сәл қиналды, сырғанақтың төмен жағына өз есімдерін жазып ілсін. Үйге: Ж дыбысын оқу | Бас бармақтар |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |