kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ мақсаты 

көрнекілігі 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«өзін-өзі тану жоспары»

Өзін- өзі тану . 2-сынып.1-тоқсан

1тарау. Өзін-өзі тану бақыты.

1-ші сабақ. 1-ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Біз осындай баламыз

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • -2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;

  • -өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

  • -ізгілікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,сюжетті суреттер.

Шаттық шеңбері

-Қош келдіңдер, балалар!Міне жазғы демалысымызда аяқталып,жаңа оқу жылы басталды.Балалар, енді сендер екінші сынып оқушысысыңдар.Ер жетіп,ақылдарыңа ақыл қосылды.Сендерді алда қызығы мен шаттығына,жақсылығы мен жаңалығына толы «Өзін-өзі тану»сабақтары күтіп тұр.Олсабақтарда өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерің мен жаңа мүмкіншіліктеріңді білетін боласыңдар,сондай-ақ адами қарым-қатынаста шыншылдықпен танылып,адамгершілік құндылықтар мен денсаулықты бағалай білесіңдер.Табиғат перзенті,Отан ұланы екндеріңді мақтан тұтасыңдар.

Сабақтың жақсы көңіл-күймен басталуы үшін,оқушыларға шеңбер айналасында көңілді ән айту ұсынылады:

Жас дәуірдің түлегіміз

Сөзі:Е.Өтетілеуов Әні:И.Нүсіпбаев

Бау,бақша,белдер, Көңілді ауыл,қаламыз.

Орман,тау,көлдер- Қайырмасы:

Көрікті шексіз даламыз. Жадырап күндей,

Дәулеті тасқан, Жайнаған гүлдей-

Сәулеті асқан- Бақытты біздер баламыз!(2 рет)

Өзіміз туған, Жалықпай оқып,

Көбелек қуған- Көңілге тоқып-

Өлкеде өсіп,толамыз. Білімді аджам боламыз.

Тапсырма Оқушыларға суреттерге қарап, «Менің жазғы демалысым»тақырыбына әңгіме құрастыру.

Әңгімелесу Оқушылардың ,өзін-өзі тану сабақтарына қызығушылықтарын арттырып,оларды танып білуге баулу мақсатында әңгімелесу әдісі қолданылады.

  • Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?

  • Өзіңе,өзгеге,табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?

Жаңа ақпарат Оқушылар оқулықтан «Өзін-өзі тану сабақтары арқылы өзін,басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады.Сүйіспеншілік,отбасы,жақсылық,достық,бақыт,білім сияқты құндылықтармен танысады» деген жаңа ақпаратты оқу.

Мәтінмен жұмыс Оқушылардың «Өзін-өзі тану»пәні туралы білімдерін дамыту мақсатында өлең оқылады. «Мен қандаймын?», «Жақсы болу- өзіңнен»-деген өлең жолдарындағы ойларды айқындай түсу үшін сұрақ қоюға болады.

Өзіңді тану. Ө.Ақыпбеков

Тапсырма Тапсырма бойынша оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан үйренген құндылықтар туралы түсініктерін айтып береді.

Дәптермен жұмыс Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіру.Тапсырма: Кіші шеңберлердің ішінднгі әрәптерден мейірім,қамқорлық,тазалық,денсаулық,рахмет,кешіріңіз деген сөздерді құрап жазу.

Жүректен жүрекке Балалар шеңберге жиналып ән салады.

Біз бақытты балдырғандар.

Сөзі:М.Әлімбаев

Әні:Ө.Байділдаев









Өзін- өзі тану . 2-сынып

2-ші сабақ. 8 – ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Біз осындай баламыз

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • -2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;

  • -өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

  • -ізгілікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,сюжетті суреттер.

Шаттық шеңбері Балаларды шеңберге шақыру.Олармен бірге қосылып Б.Жақыптың«Біз бақытты баламыз!»әнін айту.

Дәйексөз ТақтағаА.Пивеннің «Өзіңді тыңдағанда ғана өзгені білесің»деген нақыл сөз жазылады.

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірақ түсіндіру мақсатында әңгіме оқу ұсынылады.Әңгімеде өздері сияқты балалардың жазғы демалыс кезінде жасаған қамқорлық істері жайлы айтылады.«Балапан»әңгімесін оқу және жақсы істер жасауға талпындыру үшін мынадай сұрақтар қою:

*Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

*Сендер жазғы демалыс кезінде қандай қамқорлық істер жасай алдыңдар?

Түйіндеу:-Балалар, «Өзін-өзі тану»пәнінен үйренген адамгершілік құндылықтарын өмір жағдайларында пайдаланып,адамдарға және айналаға жасаған жақсылықтарыңа қуанып тұрмын.

Ойын «Мен қандай баламын?»ойыны ұйымдастырылады.

Шығармашылық жұмыс «Біз осылай өсеміз»тақырыбына әңгіме құрастыру.

Дәптермен жұмыс «Менің жазғы демалысым»тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Қорытындылау Шеңбер құрып тұрып,шеңберді бойлай кезектесіп,жазғы демалыстағы өздеріңнің жақсы істерің туралы айтамыз.

Жүректен жүрекке Шеңбер құрып «Біз осылай өсеміз»әнін айту.

Өзін- өзі тану . 2-сынып

3-ші сабақ. 15- шіқыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Көңіл күйімізді басқара білейік

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК БЕРУ;

  • ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАЙ БІЛУ ІСКЕРЛІКТЕРІН ДАМЫТУ;

  • ҰСТАМДЫЛЫҚҚА,САБЫРЛЫЛЫҚҚА,РИЗАШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ.

Мақсаты: «Махаббат», «бақыт» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттер.

Шаттық шеңбері Балаларды шеңберге шақыру.Олармен бірге қосылып «Кел,балалар күлейік» атты өлең шумақтарын қосылып айту.

Әңгімелесу Әңгімелесудің мақсаты-оқушылардың жағымды көңіл –күй,ұстамджы болу және әр-түрлі жағдайларда өзін ұстай білуі туралы ойларын тыңдап,өміріндегі мәнін түсіндіру.

Мәтінмен жұмыс «Бос қайық».Аңыз әңгіме. Оқушылар мәтінді оқып,сұрақтарға жауап береді.

*Аңызда адамның қандай көңіл-күйі сөз болды?

* Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер?

Жаңа ақпарат Жаңа ақпаратты талдау оқушылардың тақырыпқа байланысты өзкөзқарастарын қалыптастыруға негіз болады.Жақсыіс,жағымды әрекет,ізгі ниет,жылы сөз,жақсылық хабар қуаныштың адам өміріндегі маңызын түсінуге бағдар беру.

Тапсырма «Суреттегі балалардың бет бейнелеріне қарап,қандай көңіл-күйде тұрғанын әңгімелеп беру».

Қорытынды -Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз «Көңіл-күйімізді басқара білейік»деп аталады.Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді және өзімізге,айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді.

Дәптермен жұмыс Ребусты шешу.(Шешуі: «Орынсыз ашу- от шашу»)

Жүректен жүрекке Балалар шеңберге тұрып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтып,өз көңіл-күйі қандай екенін сыныптастары алдында жария етеді.Мыс: «Менің көңіл-күйім көтеріңкі,өйткені жақсы көңіл күй қуаныш әкеледі».

Өзін- өзі тану . 2-сынып

4-ші сабақ. 22- шіқыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Көңіл күйімізді басқара білейік

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК БЕРУ;

  • ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАЙ БІЛУ ІСКЕРЛІКТЕРІН ДАМЫТУ;

  • ҰСТАМДЫЛЫҚҚА,САБЫРЛЫЛЫҚҚА,РИЗАШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ.

Мақсаты: «Махаббат», «бақыт» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттер.

Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Өлең шумақтарын қосылып айтады.

Ризамыз саған біз.(Қ.Ыдырысов)

Күнде шат күліп күн Өміріміз жайдары.

Мәңгілік бақыттың Өзіміз- айғағы.

Дәйексөз Тақтаға Ш:Смаханұлының «Өмір деген жарыста,Шаттанғын,дос,қалыспа!»деген нақыл сөзін жазу.Дәйексөзді дәптерге жазу.

Жағдаяттарды талдау Оқушылардың сабақта үйренгендерін іс жүзінде көрсете алуға үйрету үшін жағдаяттарды шешу ұсынылады.Мұнда балалар «Өзіңнің,өзгенің көңілін қалай көтеруге болады деп ойлайсыңдар?»деген сауалға ойланады.Ол үшін оқулықта бірқатар суреттер берілген.Жағдаяттардың шешімін табу үшін осы суреттерді негізге алуларына болады.

Сахналау Балалар «Мен әртіспін»атты тақырыпта сахналық көрініс көрсетеді.Мұнда әр-түрлі көңіл-күйдің адамдарға оң және теріс әсерін көрсетуі мен жағымсыз күйлерді болдырмау мақсаты көзделеді.

Ойын Балалар «Менің көңіл-күйім қандай?»деген ойын ойнайды.

Мәтінмен жұмыс Сабақтың тақырыбын ашып түсіндіру мақсатында «Тиін мен қасқыр»мәтінін оқушыларға оқытады.Оқушылар мәтінді оқып,сұрақтарға жауап береді.

Назар аударыңдар Оқулықтағы «Назар аударайық»айдарымен мынадай түйіндеу берілген:

Жақсы көңіл күй-тез түсінісуге септігін тигізеді.

Жақсы көңіл күй-өзара сыйластыққа негіз болады.

Жақсы көңіл күй-достасуға көмектеседі. Балалар оқып мағынасына мән береді.

Қорытынды -Балалар,көңілді,қуанышты адамның жүзі де әдемі.Ал ашулы адамның жүзі адамды өзіне татпайды.Сондықтан қолдан келгенше ашулы сезімдерімізді ақылмен іштей жеңіп,көңілді жүргеніміз дұрыс.Ол біздің адамдарға,айналаға деген сүйіспеншілігімізді оятады және бақытты өмір сүруімізге көмектеседі.

Дәптермен жұмыс Оқушыларға дәптермен жұмыс жолдарын түсіндіру.

Тапсырма Балалардың суреттеріне қарап ,олардың көңіл-күйлерін табиғатпен салыстырып жазу.Мыс:жымиып тұрған қыз суреті-күлімдеген күндей.

Жүректен жүрекке Жақсы көңіл-күй адамдарды достыққа,сыйластыққа,жақсылыққа жетелейтінін ұғындыру.Е.Өтетілеуовтың «Көңілді балалар әні»өлеңімен сабақты аяқтау.



























Өзін- өзі тану . 2-сынып

5-ші сабақ. 29- шы қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Оқуға құштарлық

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

  • Оқуға,білім алуға деген ынталарын дамыту;

  • Кітаптарды қадірлеуге,еңбекті сүюге тәлбиелеу.

Мақсаты: «Махаббат», «білім» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Оқулық,дәптер,үлкен ватман қағаз,түрлі-түсті қағаздар,қайшы,үнтаспа. Әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттер.

Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Үнтаспадан «Бақытты балалық шақ»әнін оқушылармен бірге қосылып айту.

Әңгімелесу Тақырыптың мақсатын ашу үшін оқулықта «Ойнайық,пікірлесейік»айдарымен берілген сұрақтар бойынша әңгіме жүргізіледі:

  • Адамға білім не үшін қажет?

  • Оқу кезінде қандай қиындықтар кезігеді?

  • Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?

  • Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

  • Мәтінмен жұмыс Аңыз әңгімедегі Әлімнің «Мен оқуым керек»деген өз мақсатына қалай жеткенін және оның үлкен ғалым болғанын мысалға ала отырып,балалардың оқуға құштарлығын арттыру. «Табанды бала»аңыз әңгімені оқу.

  • Бала өз мақсатына қалай жетті?

  • Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?

Жаңа ақпарат Оқулықта берілген «Жаңа ақпарат»арқылы балалардың оқуға деген құштарлығын нақтылай түсу:

Білім алу қызығушылық,еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді.

Білім адам игілігіне қызмет етеді.

Дәптермен жұмыс –Бақытты балалар елінің суреті арасынан жазу жазылатындай етіп бос қалдырған жолдарға олардың бақытты болуына нелер көмектесетінін жазу.Балалар тапсырманы орындайды,орындап біткен соң жария етеді.

Жүректен жүрекке Балалар бір-біріне білім алудың маңыздылығын білдіретін тілек айтумен қорытындылайды.



Өзін- өзі тану . 2-сынып

6-шы сабақ. 6- шы қазан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Оқуға құштарлық

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

  • Оқуға,білім алуға деген ынталарын дамыту;

  • Кітаптарды қадірлеуге,еңбекті сүюге тәлбиелеу.

Мақсаты: «Махаббат», «білім» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Оқулық,дәптер,үлкен ватман қағаз,түрлі-түсті қағаздар,қайшы,үнтаспа. Әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттер.

Шаттық шеңбері Жаңа сабақты бастағанда әр баланың жағымды көңіл-күйін қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберін ұйымдастыру. Балалармен бірге «Кел,билейік» әнін қосылып айту.

Тапсырма Оқушыларға білімнің көзі кітапта екенін және оқуға деген балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында Е.Ашықбаевтың өлеңін тапсырма ретінде ұсыну.Балалар сұрақтарға жауап береді:

*Неліктен кітапты «ұстаз»деп атаймыз?

*Кітаппен қалай дос болуға болады?

Назар аударыңдар Оқулықта Алпамыс пен Махаббаттың атынан ұсынылған тұжырымдамаларға жеке-жеке талдау жасалынады:

Білім- өзіңді өзіңді танытады. Білім-өмірді түсінуге көмектеседі.

Білім-табиғат құпияларын ашады. Білім-болашаққа жетелейді.

Дәйексөз Балалардың жауаптары сабақтың дәйексөзімен түйінделеді.Тақтаға «Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ»деген халық мақалын жазып қою.Мақалдың мәнін түсіндіру.

Тапсырма Сабақта алған білімдерін пысықтай түсу үшін мынадай тапсырма беріледі,оның орындалу жолдары түсіндіріледі.Оқулықта берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп,жаттап алу.

Дәптермен жұмыс Берілген суреттерді пайдаланып,сөзжұмбақты шешу.

Жүректен жүрекке Шеңбер аясында Ә.Дүйсенбиевтің сөзіне жазылған И.Нүсіпбаевтың «Ақылшым-мұғалім» әнін бірігіп айту.

Өзін- өзі тану . 2-сынып

7-ші сабақ.13 - ші қазан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Менің ұстаздарым

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Оқушыларға мұғалімнің,ата-ананың,үлкндердің,кітаптың өмірдегі «ұстаздары»екендігін түсіндіру;

  • Мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін,кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру;

  • ұстазарды қадірлеуге,бағалауға,сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Үнтаспа,түрлі-түсті қарындаштар.

Шаттық шеңбері Шеңбер құрып тұру,сәлемдесу.Үнтаспаға қосылып, «Жарқын жүзді ұстазым»әнін бірігіп айту.

Әңгімелесу Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты дамыту мақсатында әңгімелесу.Ол үшін мынадай әңгімелесу сұрақтары қойылады:

-Ұстаз деп кімдерді айтамыз?

-Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар?

-Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер? Мұғалім жауаптарды тыңдап, қорытынды жасайды.

Ойын «Жас тілші»атты рөлдік ойында балалар «Айгөлек»журналының жас тілшілері рөлінде мұғалімнен сұхбат алады.Мұғалім ойын соңында осы мамандықты не үшін таңдағаны туралы айтып береді.

Мәтінмен жұмыс Оқушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметін арттыра түсу мақсатында,өлең оқу ұсынылады.Оқушылар өлең оқып,ондағы негізгі ойға мән беріп,берілген сұраққа жауап береді.

*Өлеңде ұстаз кімді айтып отыр?

* Өлеңде ұстаз бойындағы қандай жақсы қасиеттер айтылған?

Тапсырма Ұстаз туралы ой-пікірлерді толықтау және оқушылардың өз пайымдауларын байқау үшін «Суретке қарап, ұстаздық еңбек туралы айтып беріңдер»-деген тапсырма беріледі.

Жаңа ақпарат Оқулықта берілген «Жаңа ақпаратты»талдау арқылы ұстаздың адам өміріндегі маңызы түсіндіріледі.

Мәтінмен жұмыс «Өнерлі жігіт» аңызы негізінде әңгімелеу ұйымдастырылады.

Қорытындылау Оқушылардың сабақтан алған білімдерін төмендегідей түйіндеуге болады:

  • Ұстаз-тек оқу,жазу үйретіп,білім беретін мұғалім ғана емес.Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші,қамқор,іздеген сұраққа,бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы,бірге еңбек ететін сенімді дос бола алады.

Дәптермен жұмыс Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды, орындап біткен соң жария етеді.

Тапсырма «Менің ұстазым»тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Жүректен жүрекке Балалар мұғалімді ортаға алып,өз тілектерін арнап,ұстаздарымен қосылып ән айтады.

























Өзін- өзі тану . 2-сынып

8-ші сабақ.20 - шы қазан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Менің ұстаздарым

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Оқушыларға мұғалімнің,ата-ананың,үлкндердің,кітаптың өмірдегі «ұстаздары»екендігін түсіндіру;

  • Мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін,кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру;

  • ұстазарды қадірлеуге,бағалауға,сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Үнтаспа, жүрекше пішіндегі ашық хат,фольга,түрлі-түсті қағаздар.

Шаттық шеңбері Шеңбер құрып тұру,сәлемдесу. Бір-біріне тілектер айту.

Тапсырма Төменде айтылған сөздерді түсіндіру.Бұл тапсырманы біреудегі мақсат-оқушылардың мұғалім еңбегін түсініп,бағалай білуге ықпал ету.Тапсырманың орындалуын сынып алдында жария етеді.

Дәйексөз Тақтаға «Ұстазы жақсының,ұстамы жақсы»деген мақалды жазу.Мақалдың түсінігін сұрау.Балалардың жауаптарына қорытынды жасау.

Мәтінмен жұмыс Балаларға Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары»әңгімесін айтып беру.

-«Ата-анасының,үлкендердің айтқан ақылын тыңдап өскен бала жақсы азамат болып өседі»деген өнегелі сөзбен түйіндеу.

Тапсырма «Суреттерге қарап, «Менің ұстаздарым»тақырыбына әңгіме құрау»

Назар аударыңдар Оқулықта ұстаз туралы Алпамыс пен Махаббаттың атынан берілген үзіндіге балалардың көңілін аударту:

Ұстаз біліммен сусындатады;

Ұстаз тәлім-тәрбие береді;

Ұстаз өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;

Ұстаз табиғатты танып білуді меңгертеді;

Ұстаз адамдарды түсінуге үйретеді:

Шығармашылық жұмыс «Түнгі аспан»жұмысын орындау.

Дәптермен жұмыс Берілген сөздерді орындарына қойып,сөзжұмбақты шешу.

Қорытындылау -Иә,шәкірттеріңнің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі,үлкн жетістіктерге жетуі-ұстаз үшін үлкен қуаныш.

Жүректен жүрекке Мұғалім сағаттың қос тіліндей екі қолын екі жаққа созып ортаға тұрады.Балалар сағаттың тілімен оңға қарай қозғалыспен бірінен кейін бірі алақаны арқылы ұстаздан жылу алады.Әр бала алақанын ұстаздың алақанына тигізіп тұрып,алғыс білдіреді.Мыс: «Білім бергеніңіз үшін рахмет! Оқуға үйреткеніңіз үшін рахмет!Ақылдылыққа жетелегеніңіз үшін рахмет!Жақсылыққа,әдептілікке,мейірімділікке,имандылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!»



































Өзін- өзі тану . 2-сынып

2-ші тарау. Адами қарым-қатынасқа үйренейік.

9 шы-сабақ.27- ші қазан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Үлкенге –құрмет,кішіге -ізет.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

  • Сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Дәптер,оқулық,ақ қағаздар.

Шаттық шеңбері Жақсылықты үйреніп,жамандықтан жиренуді ұғындыру мақсатында төмендегі өлең жолдарын балалармен бірге қайталап шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Жақсылықтан үйреніп, Жамандықтан жиреніп,

Боламыз біз жақсы адам. Үлгі аламыз жақсыдан.

Әңгімелесу

* Өзіңді,өзгені құрметтей білесің бе?

*Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

* Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?

Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым-қатынас жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.

Мәтінмен жұмыс Әңгімені оқып,талдау барысында адамның әр ісінде, жүріс-тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындыру. «Үш дос» М.Төрежанов.

  • Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

  • Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойындақандай қасиеттер болу керек?

Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет» Сабақтан түйген ойлар ойын-жаттығу және рөлдік орындаулар арқылы пысықталады.

Жаңа ақпарат Адамдар бір-бірін сыйлап,түсіне білсе,жақсы қарым-қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.Өмірде адамдар бір-бірін кешіре,түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын өзара сыйластық қана достыққа әкелетініне назар аудару.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма. «Менің айтар ақылым».Бос жолдарға үйдегі қарындасыңа(сіңілі),ініңе арнап хат жазу;

2-тапсырма. «Менің тыңдар ақылым».Үйдегі үлкндердің өзіңе айтатын ақылдарын жазуға ұсыныс жаса.

Жүректен жүрекке Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі өлең жолдарын бірге айтып,сабақ аяқталады.

Құрметтеп ата-анамды, Бәрін де жақсы көремін,

Ардақтап әпке, ағамды, Үнемі көмек беремін.

Қамқор боп сіңілі,ініме, Үлкенді сыйлау-кішілік,

Сыйлымын үлкен-кішіге. Үлгілі мінез-кісілік.





























Өзін- өзі тану . 2-сынып .1-тоқсан

10 шы-сабақ.3- ші қараша.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Үлкенге –құрмет,кішіге -ізет.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

  • Сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Дәптер,оқулық,ақ қағаздар.

Шаттық шеңбері Сыйластық,құрмет ұғымдарының отбасынан басталатынын ұғындыру мақсатында М.Керейбаевтың әнін балалармен қосылып айтып,шаттық шеңберін ұйымдастыру.Балалардың үлкендерді сыйлауға және үлкендермен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру мақсатында мынадай сұрақтар қою:

  • Ата,әжелерің сендерге қандай ақыл кеңестер айтады?

  • Сендер әжелеріңе қандай құрмет көрсетесіңдер?

Тапсырма Балаларға өздерінің ерекше сыйлайтын адамдары туралы және оның қандай ісі,қасиеттері сыйлауға лайық екенін айтып беру үшін тапсырма беріп,олармен ой бөлісуге ұсыныс жасау.

Жағдаяттарды шешу Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын бекіте түсу үшін жағдаяттармен жұмыс жүргізу.Оқулықтағы берілген суреттерге оқушылардың назарын аударып,немесе тақтаға сюжетті суреттер іліп,жағдаяттарды шешу жолдарын түсіндіру.

Мәтінмен жұмыс «Рахмет,ата»деген оқулықта берілген әңгімені оқып,талдау барысында әр адамның атқарған ісінде,жүріс-тұрысында сыйластық пен үлкенді құрметтеу болатынын оқушылардың өздерінің пайымдауына бағыт беру.

Сахналау «Кісілік-кішілік»өлеңін рөлдерге бөліп орындау.

Тыныштық сәті Баланың өзінің ішкі көңіл-күйіне үңілуге,оның табиғатпен байланысын сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Шығармашылық жұмыс Балалардың суреттерге қарап,кімді не үшін құрметтеу керектігін баяндап беруді ұсыну.Балалар бұл шығармашылық жұмысты орындау барысында сыйластық,құрмет ұғымдарының мәнін түсінеді.Өз пікірлерін ашық айтады.

Назар аударыңдар Оқулықта сыйластық туралы Алпамыс пен Махабаттың атынан берілген үзіндіге балалардың назарын аударту: адамдар өзара сыйласып,бір-бірінің жақсы,ізгі қасиеттерін құрметтесе,сыйластыққа қол жеткізеді.Өзін-өзі сыйлайтын адам,өзгелерді де сыйлай біледі.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма.Сурет бойынша әңгіме құрастырып,дәптерге жазу.

1-тапсырма.Берілген сөздердің шеңбер ішінде отбасы мүшелерінің қайсына қатысты екендігін тауып белгілеу.

Жүректен жүрекке Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі әнді айтумен аяқтайды. «Бақытты балалар әні». Сабақты жағымды көңіл-күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтуымен қорытындылау.





































Өзін- өзі тану . 2-сынып .2-тоқсан

11- ші сабақ.17- ші қараша.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Кешірімді бала- кішіпейіл бала.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Кішіпейілділік,кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;

  • Кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту;

  • Кішіпейіл,кешірімді болуға тәрбиелеу.

Мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

Көрнекі құралдар: Күннің,бұлттың суреті,оқулық,дәптер,сөзжұмбақ.

Шаттық шеңбері Оқушылармен амандасып,А.Бейсебайдың өлең жолдарымен сабақты бастау:

Адамдарға кешіріммен қарайтын Кішіпейіл бала болғым келеді,

Жан жылуы жылылықпен тарайтын. Айналасын нұрлы күнге балайтын.

Әңгімелесу Әңгімелесудің мақсаты-оқушылардың «кешірім сұрау», «кешіре білу», туралы ойларын тыңдап,адам өміріндегі мәнін түсіндіру.

  • Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?

  • Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?

Мәтінмен жұмыс Р.Әбілқадырованың «Кешірім» атты мәтінді оқып,мәтіннің соңында берілген сұрақтар бойынша тұжырымдау жасау.

  • Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?

  • Атай қандай жақсы қасиет танытты?

  • Өздерің атайдың орнында болса болсаңдар не істер едіңдер?

Өзіммен-өзім Оқушыларға кішіпейілділік құндылығын сезіндіру мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастыру.

Дәйексөз «Кешірім-ізгіліктің белгісі»деген халық даналығы нақыл сөзін түсіндіру.

Ойын. «Құнды қасиеттер» Оқушыларды кешірімді,кішіпейіл болуға дағдыландыру мақсатында ойын ұйымдастыру.

Дәптермен жұмыс Балалардың кешірім туралы түсініктерін үйде бекіте түсу үшін үй тапсырмасы беріледі және оны түсіндіру.

1-тапсырма. Сендер «Кешірім»әңгімесіндегі атаның орнында болсаңдар ,не істер едіңдер?

2-тапсырма.Сендер «Кешірім» әңгімесіндегі атаның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

Жүректен жүрекке Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап,шеңбер құрып тұрады.Сабақты жағымды көңіл-күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне кешірімділік таныту туралы жақсы тілек айтып,қорытындылау.

Өзін- өзі тану . 2-сынып .2-тоқсан

12- ші сабақ.24- ші қараша.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Кешірімді бала- кішіпейіл бала.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Келісім,жарастық туралы түсінік беру;

  • Достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

  • Өзара татулыққа,шағымдылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: «Достық», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту..

Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,бірдей етіп қиылған таспа кескінділері.

Шаттық шеңбері Шаттық шеңберінде оқушылармен амандасып,С.Молдасанұлының сөзіне жазылған Ф.Жолдасованың «Бала тілегі» әнімен сабақты бастау.

Әңгімелесу

  • Сыныптастарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?

  • Қалай татуластыңдар?

  • Өзгелердің пікірімен келіспеген жағдайда не істер едің?

  • Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру үшін өсиет әңгімені айтып беру және оқушыларға сұрақ қойып,олардың жауаптарын тыңдау.

  • Адам,ат,ит қагдай келісімге келді?

  • Жапалақ неліктен жалғыз қалды?

Келісімде,жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті Оқушыларды кешірімді,кішіпейіл болуға ұмтылдыру мақсатында мына мазмұндағы сергіту сәті ұйымдастырылады:

Кешірімді боламыз, (Өзін көрсетеді.)

Жұлдыздай боп жанамыз. (Қолын жоғары көтереді.)

Кішіпейіл боламыз, (Өзін көрсетеді.)

Құстай қанат қағамыз. (Қолдарын жайып,қанат қағады)

Жағдаяттарды талдау Оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар ұсынылады.Әр жағдаяттың шешеімін талқылау барысында балалар өзін және өзгелерді бағалауға,адамдармен өзара жағымды әрекеттестік құра білуге үйренеді.

Ойын-жаттығу. «Күннің көзін бұлттан арылту»

Мәтінмен жұмыс «Автобуста» деген оқулықта берілген әңгімені оқып,талдау барысында балалардың үлкен адамдарға үнемі кішіпейілділік танытуға қажет екенін ұғындыру.

Назар аударыңдар

  • Кешірім жасау- татуласуға бірінші қадам жасау;

  • Кешірім жасау-кішіпейіл болу;

  • Кешірім жасау-қателікті мойындау;

  • Кешірім жасау-өзара түсінісу;

  • Кешірім жасау-ренішті ұмыта білу.

Дәптермен жұмыс «Досым көп болсын десең...» тақырыбында өз ойларын жазу.

Жүректен жүрекке Қ.Толыбаеевтың сөзіне жазылған И.Нүсіпбаевтың «Күн күледі» атты әнін айту.




















































Өзін- өзі тану . 2-сынып .2-тоқсан

13 ші сабақ.1- ші желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Келісім түбі жарастық.

Келісіп пішкен тон- келте болмас .

Мақал.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Келісім,жарастық туралы түсінік беру;

  • Достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

  • Өзара татулыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: «Достық», «сыйластық»адамгершілік құндылықтары туралы түсінктерін кеңейту.

.

Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,бірдей етіп қиылған тапсырма кескінділері.

Шаттық шеңбері Шаттық шеңберінде мұғалім оқушылармен амандасып С.Молдасанұлының сөзіне жазылған Ф.Жолдасованың «Бала тілегі» әнімен сабақты бастауды ұсыну.

Әңгімелесу

  • Сыныптастарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?

  • Қалай татуластыңдар?

  • Өзгелердің пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңдер?

  • Келісімге келу не үші қажет деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру үшін өсиет әңгімені айтып беріп,сұрақ қою.Оқушылардың өздеріне де кезекпен мәнерлеп оқытуға да болады.

Өзіммен-өзім Достықтың мәнін тереңірек түсіну мен оны сезіну мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады.

Жаңа ақпарат Жаңа ақпарат бірін-бірі толықтыратын екі ойдан тұрады.Біріншісі адамдардың бір-бірімен тіл табысуы,түсінісуі,ортақ шешімге келуі,екіншісі-олардың қуанышқа,шаттыққа бөленуі.

Адамдардың бір-бірімен өзара тіл табысуы,түсінісуі,ортақ шешімге келуі оларды қуанышқа,шаттыққа бөлейді.

Сергіту сәті Оқушылардың достық қарым-қатынастарын дамыту мен денесін сергіту мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.

Достығы жарасқан, (Оң қолын оң жаққа сөзады. )

Сыйлы біз баламыз. (Оң қолын түсірмей сол қолын сол жаққа созады.)

Келісіп бәрімен, (Бір-бірін көрсетеді.)

Татулық табамыз. (Өзін көрсетеді.)

Бәріміз бір болсақ, (Бәрі қол ұстасады.)

Бәрін де жеңеміз.

Күндей боп күлімдеп, (Қолдарын жоғары көтереді.)

Таудай боп өсеміз! (Қолдарын жоғары көтерген күйінде біріктіреді.)

Дәптермен жұмыс Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіру.

Тапсырма Берілген ойлардың қайсымен келісесіңдер?Неліктен?

  • Сыныпта тату болу.

  • Сабақты жақсы оқу.

  • Бірін-бірі тыңдамау.

  • Мұғалімді сыйлау.

  • Сыныптағы заттарды күту.

  • Оқулықтарға күтіммен қарау.

  • Келіскен уақытқа кешігу.

Жүректен жүрекке Бірлік пен татулық тек келісім мен жарастықта және адам өмірінде кездесетін кейбір жағымсыз жағдайлар:ерегісу,есептесу,дау-дамайдың зиянын ұғындыру үшін оқулықта ұсынылған «Келісім мен жарастық» өлеңінен үзінді оқумен сабақты қорытындылау.

Ерегісіп,есептесіп тұрмадық,

Дау-дамайға мойнымызды бұрмадық.

Бірлік пенен татулыққа кенелткен,

Келісім мен жарастықты жырладық.



































Өзін- өзі тану . 2-сынып .2-тоқсан

14 ші сабақ.8- ші желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Келісім түбі жарастық.

Келісіп пішкен тон- келте болмас .

Мақал.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Келісім,жарастық туралы түсінік беру;

  • Достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

  • Өзара татулыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: «Достық», «сыйластық»адамгершілік құндылықтары туралы түсінктерін кеңейту.

.

Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,Күн шапағының сұлбасы.

Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрып,бәрі бірге «Достық» әнін шырқайды.

Жағдаяттармен жұмыс Сабақ барысында айтылған ойларды өмірде кездесетін оқиғалармен ұштастыру мақсатында оқулықта берілген суреттерге қарап,балалардың жағдаяттармен жұмыс істеуіне бағыт беру.Әр жағдаятты сұрақ бойынша талдау.

  • Тілес Бекарысты байқамай қағып кетті.....

  • Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды.....

  • Тар көпір үстінде екі лақ кездесіп қалды....

Осындай жағдайларда өзара түсінісу үшін не істеуге болады?

Мәтінмен жұмыс Оқушылардың жауаптарын түйіндеу,сондай-ақ олрдың достық пікірлерін білу мақсатында «Піл мен Маймыл» халық ертегісін оқып беру және қойылған сұратардың жауабын тыңдау.

Дәйексөз Тақтаға «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақалды жазып.түсіндіріп талдау.

-Адамдар бір-бірімен келісіп,ақылдасып атқарған істің нәтижесі де жемісті болады.Әр түрлі пікірлерден ортақ дұрыс шешімге келу адамдардың бір-бірін құрметтеуіне,сыйласуына ,достасуына жағдай жасайды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген осы.

Назар аударыңдар Келісім:

  • Басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға көмектеседі;

  • Адамдарда бір-бірін жете тани білуге үйретеді;

  • Басқалардың көңіл күйін сезіне білуге ықпал етеді.

Жаттығу. «Достық нұры» Оқушылардың татулық,келісім туралы ойларын бекіту үшін жаттығу орындалады.

-Балалар арасында ренжіскен сәттерде бірін-бірі түсінбей қалып,сол уақытта келісімге келмесе де,уақыт өткен соң түсініп,өкініп жататындары да болады.Ал біз сондай көңілсіз сәттерді болдырмау үшін бір-бірімізді түсінуге тырысамыз,түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болу қажеттігін білеміз.Қанеки,өзімізді тексеріп көрейікші.Қазір мен тақтаға достық шапағын ілемін.Ал бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы үшін берілген сөздерді ашып оқып, «нұр таратамыз».Әр қағазда шыдамдылық,татулық,бірлік,келісім,сыйластық,жарастық достық деп жазылған.Балалар әр-бір қағаз орамын ашып,ішінде жазылған сөздерді оқиды,тақтаға жапсырады.Сондықтан да тақтада шуақ күн пайда болады.

-Осы шуаққа алақан тосып,нұрын сезінейік.Айтылған қасиеттер бойымызда болып,аталған әрекеттерді жасай алсақ,бір-бірімізбен келісіп,жарастықта бола аламыз.

Дәптермен жұмыс Сабақта айтылған негізгі ойларды бекіту үшін үй тапсырмасы беріледі.

-Балалар, «Уәде» әңгімесінднгі Асан мен Жомарттың қателігі неде деп ойлайсыңдар?Дәптерде «Достық хат» айдарымен берілген бос жолақтарға Асан мен Жомартқа ақыл айтып,достық хат жазыңдар.

Жүректен жүрекке

-Балалар,бүгінгі сабақта бір-бірімізбін ренжіспей келісімге келу,бір-бірімізге шыдамдылық таныту-жарастықтың,достықтың белгісі екндігін түсіндік.Сендердің де барлық уақытта бір-біріңді тыңдап,біріңмен-бірің келісіп,достықтарың жарасып тұратындығына мен сенемін.

Барлығы қосылып «Ізгі тілек» өлең жолдарын айтады:

Ізгі тілек.

Көк аспанда күн күлсін, Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін. Ұл қолында ту жүрсін.

Көк аспанда күн күлсін, Көк аспанда күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын. Бірге жүрсін бүлдіршін.


Әлеует. М.Қалдыбаевтың «Уәде» атты әңгімесін оқып,сұрақ қою арқылы талдату.

  • Асан неліктен уәдеде тұрмады?

  • Асанның орнында болғанда сендер не істер едіңдер?

  • Осы әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?Өз ойларыңмен әңгімені аяқтаңдар.























Өзін- өзі тану . 2-сынып .2-тоқсан

15-ші сабақ.15- ші желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Күш бірлікте.

Татулық-табылмас бақыт .

Мақал.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Бірлік туралы түсінік беру;

  • Көпшіл болу іскерліктерін дамыту;

  • Бір-біріне көмектесуге,бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Достық туы,қайық, «Достық арқылы» дельфин,өзен,лақ,құмырсқа илеуі,дәу қара тас, «Таңбалы тас» суреттері.

Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Мұғалім өз қалауына байланысты сабақты саяхат түрінде өткізуіге және мынадай сөздермен бастауға болады:

- Балалар,сендер білесіңдер ме,мөлдіреген көк теңіздің ортасында «Достық аралы»бар.Мәңгілік желбіреп тұратын «Достық туын» көруге елдің түкпір-түкпірінен балалар Аралға барып қайтады.Ондағы «Таңбалы тасқа» өздерінің тілектерін жазады.Біз де біздің бүгінгі «Күш бірлікте»атты сабағымызда «Достық аралына»барып қайтайық.Саяхатымызды әнмен бастайық.

Балалар үнтаспаға қосылып «Елімізді сүйеміз» әнін орындайды.

Өзіммен-өзім Оқушылардың достық қарым-қатынастары мен сезімдерін арттыру мақсатында релаксациялық тәсіл жүргізіледі.Теңіз толқындарының,қарсы ескен самалдың дыбыстары үнтаспадан естіледі.

Сергіту сәті

-Балалар,міне тапсырманы дұрыс орындау арқылы лақтың да судан өтуіне көмектестік.Енді мөлдіреген көк теңіздің де жағалауына жеттік.Теңіз жағалауында бойымызды сергітіп алайық.

Біз өнерлі баламыз. (Өзін көрсетеді.)

Шырқатып ән саламыз. (Екі қолды жанына созады.)

Би билейміз бұралып, (Би қимылын көрсетеді.)

Доспыз,тату боламыз. (Барлығы қол ұстасып,жоғары көтереді.)

- «Достық аралына» жету үшін бізге не қажет?

Балалардың жауаптары.

-Әрине,теңізбен жүзіп баратын қайық қажет.

Ойын-жаттығу. «Қайық жасап алайық»

Ойынның шарты:Мұғалімнің алдында қайық бөліктері(қағаздан жасалған)жатады.Осы бөліктердің артқы бетіне тапсырма жазылған.Тапсырмаларды орындау арқылы қайықты құрастыру керек.

Мәтінмен жұмыс Оқушылар аңыз әңгімені оқиды.Қарияның өсиетіне назар аударып,оқушылардың сұрақтарға берілген жауаптары арқылы,олардың да пікірлерін білу және бірлік ұғымының мәнін ұғындыру.

Дәптермен жұмыс Тақтаға үлкен қара тас бейнеленген суретт ілу.

-Балалар,алдымызда кездескен үлкен қара тасты бәріміз бірлесіп жолдың шетіне шығарып тастай аламыз ба?Оны орындау үшін дәптердегі ребусты бәріміз бірге шешейік.Оқушылардың барлығы өз дәптеріне қарап ,дауыстап айтып отырып,ребусты шешеді.

Ребуста жұмыртқа,бала,көйлек,дәптер,үкі,киім ілгіш суреттері берілген.Шешуі:Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Ребус шешілгеннен кейін,дәу қара тас жолдың шетіне шығарылады.

Жүректен жүрекке Сабақты балалардың бір-біріне тілек айтуымен аяқтауға болады.









































Өзін- өзі тану . 2-сынып .2-тоқсан

16-ші сабақ.22- ші желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Күш бірлікте.

Татулық-табылмас бақыт .

Мақал.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Бірлік туралы түсінік беру;

  • Көпшіл болу іскерліктерін дамыту;

  • Бір-біріне көмектесуге,бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Достық туы,қайық, «Достық арқылы» дельфин,өзен,лақ,құмырсқа илеуі,дәу қара тас, «Таңбалы тас» суреттері.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Қол ұстасып Ф.Оңғарсынованың «Тату доспыз бәріміз»өлеңінін мұғаліммен бірге қосылып айтады.

Тапсырма Өткен сабақтағы ойды түйіндеу мақсатында оқушыларға тапсырма беру.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді аяқтау.

Жаңа ақпарат Адамдар арасында бірлік болса,олар ынтымақта,тату-тәтті өмір сүреді.Өзара сыйласып,ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады.

Сахналау Б.Грасианның ізімен жазылған «Өмірлік сый» атты шағын әңгімені апалы-сіңілілі қыздардың диалогын сахналауды ұсынады.Сахналау кезінде балалар ағайынды адамдардың арасында да бірлік болуы өмір екенін түсінеді.

Дәйексөз Тақтаға «Татулық-табылмас бақыт»-деп халық мақалын жазып қою керек.

Оқушылар өз пікірлерін ртаға салып,неліктен «Татулық –табылмас бақыт»екендігін өз пайымдауларымен айтып береді,мұғалім толықтырады.

Жағдаяттармен жұмыс Сабақ барысында айтылған ойларды өмірде кездесетін оқиғалармен ұштастыру мақсатында мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, балалардың жағдаяттармен жұмыс істеуіне бағыт береді.Әр жағдаятты сұрақ бойынша талдайды.

Назар аударыңдар

Бірлік-ортақ істе ұйымшылдық көрсету. Бірлік-жаныңдағылармен тату өмір сүру.

Бірлік-өзгенің пікірімен санаса білу. Бірлік-өзгенің қамын ойлау,көпшіл болу.

Дәптермен жұмыс Дәптерде бейнеленген таңбалы тасқа бірлік туралы тілектерін жазу.

Жүректен жүрекке Сабақты А.Естеновтің «Бата» өлеңімен аяқтау.

Бата

Ұзақ болсын ғұмырың, Өнегелі,өрісті,

Биік болсын тұғырың! Елін сүйген ұлан бол!

Ақиықтай қыран бол, Деп аталар өрелі

Абылайдай ұран бол! Баталарын береді.

Өзін- өзі тану . 2-сынып .3-тоқсан

17-ші сабақ. 29-желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Текті білу тегін емес.

Өзіңді танығың келсе,тегіңді біл .

Мақал.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • ата тегі,жеті ата туралы түсінік беру;

  • ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;

  • ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтырытуралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,бәйтерек суреті,оқулық,дәптер.

Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Үнтаспадан «Келші,келші,балашым» әніне қосылып айтады.

Әңгімелесу

  • Өз аталарың туралы не айтасыңдар?

  • Нағашыларың туралы не айтасыңдар?

  • Жеті атаңды айта аласың ба?

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға Ж.Дәуренбековтың «Арұлан»атты әңгімесін оқу.

  • Арұлан қандай бала? Аружан ше?

  • Олардың отбасындағы сыйластығын қалай байқауға болады?

Тапсырма Балаларға туған-туыстарымен,жақындарымен қауышқан кезде қандай сезім-күйге бөленетіндерін ортаға салып айту үшін «Өз отбасыңдағы қуанышты кездесулер» туралы айту тапсырылады.

Шығармашылық жұмыс Оқушыларға өз отбастарында қалыптасқан тәлім-тәрбие ,дәстүрге сүйеніп, «Біздің отбасымыздағы дәстүрлер» тақырыбына фотоальбом құрастырып,әңгімелейді.

Жаңа ақпарат «Адамның жақсы қасиеттерінің бірі өз отбасын құрметтеу.Отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлап,қамқорлық жасайды».

Дәптермен жұмыс «Менің туыстарым» атты сөзжұмбақты шешу.

1. Әкеңнің шешесі... 5.Сенен үлкен туысың....


2.Атаңа сен кім боласың? 6.Алтыншы атаң......

3.Әкеңнің әкесі...... 7.Сені дүниеге әкелген жан...

4.Сенен кейінгі туысың....

Шешуі:әже,немере,ата,іні,аға,шөпшек,ана.

Жүректен жүрекке Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім өлең жолдарын айтады,оқушылар қайталайды:

Ата,бізге келіңіз! Күнде бата беріңіз!

Дайын сізге төріміз! Жүзіңізден нұр таймай,

Өстіп бізге күлімдеп: Жүз жасаңыз қартаймай!

«Өс,жарығым-күнім»,-деп

Өзін- өзі тану . 2-сынып .3-тоқсан

18-ші сабақ. 12-қаңтар.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Текті білу тегін емес.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • ата тегі,жеті ата туралы түсінік беру;

  • ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;

  • ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтырытуралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,бәйтерек суреті,оқулық,дәптер.

Шаттық шеңбері Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.Ә.Тәжібаевтың «Атадан ақыл аламыз» өлеңін қосылып айтады.

Атадан ақыл аламыз

Атамыз-біздің панамыз, Атадан ақыл аламыз,

Атамыз-біздің данамыз, Атадай адам боламыз.

Мәтінмен жұмыс Е.Өтетілеуовтың «Текті білу тегін емес» атты өлеңін оқу.

Тапсырма «Данышпан ата тілегінің мағынасын түсіндіріп беру».

  • «Атаның ғана баласы болма,адамның баласы бол».

  • «Балаларымыз қуаныш әкелсін,немерелеріміз жұбаныш әкелсін».

  • «Қыздарымыз есті болсын,ұлдарымыз сесті болсын».

Ойлануға үш минут уақыт беріледі.Әр топтың оқушылары бірге ойланады.Әр топ өз арасынан жауап беруге бір не екі оқушыны дайындау.

Жаңа ақпарат

Оқушыларды өз ата тегін біліп, қастер тұта білуге баулу мақсатында, тегін білген бала жақсы азамат болып өсетінін өнеге ету үшін мынандай оқу ақпаратын беру.

«Ата тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі.»

Назар аударыңдар

Түйіндеме Алпамыс пен Махаббат ұсынған «Жеті ата» туралы мәлімет беріледі.Балаларға «Жеті атаға» кімдер жататынын естеріне сақтау ескертіледі.

Жеті атаға жататындар:

1.Ата

2.Әке

3.Бала

4.Немере

5.Шөбере

6.Шөпшек

7.Немене

Оқушылардың ата тегін білуге деген көзқарастарын байқау мақсатында мынандай сұрақтар қойылады?

  • Неліктен текті білу қажет деп ойлайсыңдар?

  • Сендерге үлкендердің ата тектерің туралы айтып, сендерден сұраған кездері болды ма?

Балалардың жауаптарын тыңдау.


Сергіту сәті

Оқушылардың ойын жинақтап,бойларын сергітуді төмендегідей өткізу.

Біз гүлдерше өсеміз (Қолдарын жоғары көтереді)

Жапырағы жайқалған (Құшағын кең ашады)

Сабақтары салалы.

Желге ырғалып жайқалған (Оңға,солға қозғалады.)

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма:

Отбасы мүшелерінің туған күндерін естеріңе түсіріңдер.Ашық жолдарға олардың туған күні мен айын жазу.

2-тапсырма:

Өз отбасыңдағы мерекенің жақсы өтуі үшін төменде берілгеніс-әрекет және заттардың қайсысы ең бастысы деп ойлайсың?

Дәптерде берілген бүгінгі сабақтың дәйексөзін дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы осы тақырып көрсетілген бетке жазу тапсытылады.

Қорытындылау

-Балалар, ата-бабамыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр,ер етіп өсіруді мақсат етті. Ұрпақтары әдепті де ізетті,бәрінақылға салып шешетін болса, өмірде бақытты болатынынасенді.Баланың бақыты- ата-ананың бақыты,ұрпағының бақыты.Біздің ең түпкі шыққан тегіміз -адам. «Атаның ғана ұлы болма, адамның ұлы бол»

Жүректен жүрекке

Шеңберде қол ұстасып тұрып «Мен әдепті баламын» әнін айту.

Мен әдепті баламын

Сөзі: У.Бекетов

Әні: И.Нүсіпбаев

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.


Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті ,мен әдепті баламын!


Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең ,

Қашанда мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп,

Сол заматта сүйеніп боп қол берем.


Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті ,мен әдепті баламын





Өзін- өзі тану . 2-сынып .3-тоқсан

19-шы сабақ. 19-қаңтар.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Обал мен сауап .

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Обал мен сауап туралы түсінік беру;

  • Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;

  • мейірімділікке,үндемей білуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Мейірімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту..

Көрнекі құралдар: үнтаспа,сюжетті суреттер,оқулық,дәптер.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Оқушылар мұғаліммен бірге А.Естеновтың «Көк алма» өлеңін айтады.

Әңгімелесу

  • Обал дегенді қалай түсінесіңдер?

  • «Обал болады» , «сауап болады» деген сөздер қандай жағдайларда айтылады?

  • Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?

-Обал мен сауап мағынасы жан-жағынан бір-біріне ұқсас ұғымдар.Обал-жақсы нәрсенің қадірін біл,болмаса оның зардабын тартасың деген ұғымды білдіреді.

Сауап-адамға жақсылық жасау,табиғатқа қамқорлық көрсету,жақсы іс істеу дегенді білдіреді.

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға обал мен сауаптың мәнін түсіндіру үшін мәтін оқу ұсынылады.Оқушылар мәтін мазмұнымен танысып,берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?

  • Нанды жерге тастау дұрыс па?

  • Балаларға обал туралы не айтар едіңдер?

Дәйексөз

-«Обалды біліп өссең-сауапқа кенелесің»-деген халық даналығында үлкен мән бар.Өйткені үлкендер жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады» деп айтып отырып,кішілерді,балаларды жаман әдеттерден сақтандырады. «Сауабын аласың» дей отырып,жақсы істер жасауға жетелейді. «Сауабын аласың» дегеннің өзі,бұл-жақсы іс істегенің,жақсылыққа жетесің,алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді.Сондықтан үлкендердің бізге «обал болады», «сауабын аласың» деп айтқандағы тілін алып отыру,бізді үлкен жақсылықтарға жеткізеді.

Ойын-жаттығу «Обал-сауап»

Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген суреттерді бояу.Сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырып,жазу.

Жүректен жүрекке

Оқушылар сабақтан түйген ойларын өлең арқылы білдіреді.Өлеңді оқушылар мұғаліммен бірге айтады.

Торғайларды атпаймын, Отанымды сатпаймын.

Құмырсқаны баспаймын. Ақылсызға жатпаймын.

Бәрін-бәрін қорғап мен, Халқымның мен үмітін,

Мейірімді сақтаймын. Әрқашан да ақтаймын.



Өзін- өзі тану . 2-сынып .3-тоқсан 20-шы сабақ. 26-қаңтар.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Обал мен сауап .

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Обал мен сауап туралы түсінік беру;

  • Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;

  • мейірімділікке,үндемей білуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Мейірімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту..

Көрнекі құралдар: үнтаспа,сюжетті суреттер,оқулық,дәптер.

Шаттық шеңбері Барлығы шеңберге тұрады,сәлемдеседі.

Ой,обал-ай,обал-ай.

-Енді қарным ашпайды! Ой,обал-ай,обал-ай.

Деп,Кер сұмдық бастайды: Ас «артық»деп төгеді,

Нан артылса,қоқсыққа Аш қап,азап шегеді,

Лақтырып тастайды. «Үнемді жасай біл!» десең,

Сөлекеттеп,сөгеді.

Ой,обал-ай,обал-ай.

Тапсырма

«Торғай» әңгімесін оқу және жалғастырып айту.

Шығармашылық жұмыс Суретке қарап ,қандай жағдайларда обал болатынын айтуды тапсыру.

Жаңа ақпарат

Халқымыз «обал болады» ескерту арқылы адамның,жан-жануардың,табиғаттың қадірін білуге шақырады.Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кенеледі.

Мәтінмен жұмыс

Ө.Тұрманжановтың «Құс ұясын бұзбайық!» өлеңін оқып,сұрақтарға жауап беру.

  • Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?

  • Құс балапанын қалай мәпелейді?

  • Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасай алады?

Сергіту сәті

Аппақ болып таң атып, /құшағын кең ашып/

Түтін тікке ұшады /қолдарын толқындата жоғары көтереді/

Қарлығаштар қанатын /қанатын жаяды/

Самғап биік ұшады /құсша қанат ұшады/

Тапсырма

Суреттерге қарап табиғатқа обал жасау дегенді қалай түсінетіндері туралы айтып беру.

Дәптермен жұмыс И.Тургеневтің «Торғай» әңгімесін әр түрлі бағытта жалғастыру.

Қорытындылау

-Балалар ,бүгінгі сабақта «Обал мен сауап» туралы білдік.Қазақ халқы балаларының адал,жақсы болып өсуін,адамдарға,айналасына жақсылық жасай алатын ізетті адам болып қалыптасуын қалаған.Осы мақсатта –тағамды төкпе,шашпа,аяққа баспа,ысырап етпе,көкті жұлма сияқты сөздер айтып отырған.Біреуге жақсылық етсең сауабын аласың,деп үйреткен.

Жүректен жүрекке Оқушыларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырып, «Жарқын заман бөбегі» атты әнді қосылып орындау.

Өзін- өзі тану . 2-сынып .3-тоқсан. 21-ші сабақ. 2-ақпан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Еңбек-бәрін жеңбек.

Еңбек-қуаныш,жалқаулық-айырылмас азап.

Абай.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

  • еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

  • еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер,жеміс ағаштары,себет,оқулық,дәптер.

Шаттық шеңбері Барлығы шеңберге тұрады,сәлемдеседі.А.Меңжанованың «Болайықшы осындай»атты әнін айту.

Әңгімелесу

  • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

  • Өздерің еңбектің қай түрлерімен айланысқагды ұнатасыңдар?

  • Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Тапсырма

Оқулықта берілген суреттерге қарап,еңбектің түрлерін анықтау үшін балаларға тапсырма беру.

Мәтінмен жұмыс

Б.Әділовтің «Еңбексіз өмір-сүрсеңіз» деген мысал әңгімесін оқып беру.Балалар сұрақ бойынша өз ойларын айтады.

  • Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

  • Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

  • «Еңбексіз өмір-сүрсеңіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

-Адам,ең бастысы,еңбектенуге,яғни адам бір іске күш-қуатын,ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек.Өйткені жалқаулық,еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады.Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа ,арманыңа жетесің.Арманың орындалса өзіңді бақытты санайсың.

Сахналау

Үш оқушы (автор,қуыршақ,бауырсақ)рөлдерде «Қайдан келдің ,бауырсақ?» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Дәптермен жұмыс

«Еңбек-бақыт бастауы» тақырыбында әңгіме жазу.

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып,бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтады.




Өзін- өзі тану . 2-сынып .3-тоқсан. 22-ші сабақ. 9-ақпан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Еңбек-бәрін жеңбек.

Бақыт кілті-еңбек.

Халық мақалы.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

  • еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

  • еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер,жеміс ағаштары,себет,оқулық,дәптер.

Шаттық шеңбері Әр адамның белгілі бір іске күшін,қуатын,ақыл-ойын,уақытын жұмсауын түсіндіру мақсатында оқушыларды еңбекке және оның маңызына байланысты бір-біріне тілек айтуын ұйымдастыру.

Мәтінмен жұмыс Еңбектің маңызын жете түсіндіру үшін «Жақсылардың жақсысы» атты аңыз әңгімені кідіріспен оқып беру және сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойларын білу.

  • Неліктен әкесі ұршық,өрмек,кітапты «жақсылардың жақсысы» деді?

  • Дүниедегінің бәрі кңбекпен табылады дкгкнді қалай түсінесіңдер?

Жаттығу-ойлану

1-тапсырма:Еңбек туралы бір мақалды тауып,оның мағынасын түсіндіріп беру.

2-тапсырма:Н.Жанаевтың «Еңбек сүйсең»өлеңін оқып,мағынасын түсіндіріп беру.

Тыныштық сәті

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Шығармашылық жұмыс Балалар суретке қарап, «Еңбек-түбі береке»тақырыбына әңгіме құрастырып береді.Тапсырма сыныпта орындалады.

Дәптермен жұмыс

Берілген суреттерді пайдаланып,сөйлемдерді оқу.Суретттерді бояу.

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге мына өлең жолдарын қайталайды.

Еңбек.

Н.Жанаев.

Гүл өсірсең,терлеп, Сабағыңды жөндеп.

Мұның аты-Еңбек Әзірлесең –Еңбек.

Кесте тіксең,зерлеп, Қиындықтың бәрін,

Мұның аты-Еңбек. Еңбек қана жеңбек.

Өзін- өзі тану . 2-сынып .3-тоқсан. 23-ші сабақ. 16-ақпан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы.

Табиғатағы барлық жылу-күннен,

Өмірдегі барлық жылу-адамнан.

М.Пришвин. .Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Мейірімділік,қайырымдылық тураплы түсініктерін кеңейту;

  • қамқорлық жасауға жетелеу;

  • мейірімділікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,тауық пен балапандардың суреті,дәптер,оқулық.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,мұғаліммен бірге Ж.Әділжанқызының өлеңін қосылып айтады.

Әңгімелесу

  • Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

  • Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

  • Басмқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Мәтінмен жұмыс Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында О.Осееваның «Жай ғана әжей»мәтінін айтып беру.

Дәйексөз

-Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады.Ал өзің біреуге қайырымды іс жасағанда көңілің көтеріліп,жаның жай тауып,қуанасың,сол адамды қуантасың,қайырымды іс істей алатыныңа жақын туыстарың,достарың,айналаң қуанады.Әрбір адамның жүрегінде сондай жылу болса,бір-біріне қайырымдылық жасап жатса,әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта,бақытта өмір сүреді.

Тапсырма Балалар өздері жақсы көретін адамдары туралы әңгімелеп,айтып береді

Жағдаяттарды талдау Оқулықта берілген суреттерге қарап,жағдаяттарды шешу.

Жаңа ақпарат Мейірімді адам,өзге адамғатуған-туыстарына,табиғатқа деген жанашырлық сезімін,қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.

Дәптермен жұмыс -Жүрегіңнен шыққан мейірімділік,қайырымдылық, жанашырлық ,жан жылуы кімдерге,нелерге арналатынын суретке қарап,бос торкөздерге жазу.

Жүректен жүрекке

Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түкпіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіріді.

Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынандай сөздер айтады:

-Менің қайырымды жүрегіме рақмет!

-Менің мейірімді жүрегіме рақмет!

-Менің жылы жүрегіме рақмет!

-Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет!

-Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рақмет!

-Менің жүрегімнің қуана білетініне рақмет!

-Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет!































Өзін- өзі тану . 2-сынып .3-тоқсан. 24-ші сабақ. 23 -ақпан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы.

.Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Мейірімділік,қайырымдылық тураплы түсініктерін кеңейту;

  • қамқорлық жасауға жетелеу;

  • мейірімділікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,тауық пен балапандардың суреті,дәптер,оқулық.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады, сабақты мынандай . кіріспе сөзбен бастау.

-Балалар,қолдарыңды жүректеріңнің тұсына бір сәт қойып,дүрсілін тыңдап көріңдерші.Сендердің жүректерің мейірімге,қайырымға,махаббатқа,жылы сезімге толы.Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады.Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен бір-біріміздің қолымыздан қысайық,осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік.

Әңгімелесу

  • Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

  • Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Мәтінмен жұмыс М.Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесін кідіріспен әңгімелеп беру.

Тыныштық сәті

Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Жаңа ақпарат Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа ,махаббат пен бақытқа бөлейді.

Ойын-жаттығу. «Көмек»

Оқушылардың сабақтан алған білімдерін бекіту мақсатында ойын-жаттығу ұйымдастыру.

Балапандардан адасып қалған тауыққа көмектесу үшін балапандар суретінің артқы бетіндегі сұрақтарға жауап беру.

Мәтінмен жұмыс Балаларды табиғатқа жетелеу мақсатында З.Мейірханованың «Маржан мен жауқазын» әңгімесін оқып беру.

Тапсырма Суреттерге қарап,тал мен мысыққа,үлкен кісі мен сырқат жанға қандай жақсылық жасау керек екендігі туралы айту.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма:Өздерің жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар.

2-тапсырма: «Ана деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар.



Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен қосыла төмендегі өлең жолдарын қайталайды:.

Қайырымды жандар айлана, Сүйеміз барлық ананы,

Шеңберге келсін жайлана. Жүрегім оттай жанады.

Жалықпастан қайта біз, Бақыттымыз осы біз,

Махаббат сөзін айтамыз. Қасымызда досымыз.



Сабақтың тақырыбы: «Халық даналығы».

Мақсаты: Балалардың «даналық» ұғымы мен бірлік ұғымының құндылығы, адами қасиеттері туралы түсінігін кеңейту.

Көрнекіліктер: дәптер,оқулық, Данышпан атаның жіберген хаты.

Шаттық шеңбері: -Балалар біз бүгін сендермен ерекше сәлемдесеміз.

-Қазақ халқы амандасуға көп мән берген. Алыстан алты жасар бала келсе ,алпыстағы ата келіп сәлем берген. Шеңберде тұрған бойынша бір бірімізбен амандасамыз. Бірақ бір біріміздікі ұқсамайтын ерекше болу керек.Мысалы: -Айнұр амансың ба?,

Саян қалың қалай?,Айжан,сәлем!,-Бақыт ,Ассалаумағалейкум!

Әңгімелесу:-Халық даналығы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Қандай адамды дана адам деп айтады?

-Егер сендер дана адаммен кездессеңдер,не жөнінде сұрап білер едіңдер?

Жаңа ақпарат: Халық даналығы өлең,жыр,мақал-мәтел,жұмбақ , ертегілер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады.Оларда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі,ақылы мен арманы ,тұрмысы мен салты бейнеленген.

Мәтінмен жұмыс: «Алпыстан асққаннна ақыл сұра» ертегісін оқушы бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету үшін түсіндіріледі.

Оқушы пікірлерін білу үшін сұрақтар қоямын.

-Патшаның жарлығы дұрыс па?

-Қарттыңданалығы неден көрінді?

Тыныштық сәті:-Балалар денелерін түзу ұстап,бастарыңды жоғары ұстапыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Таза шипалы ауаның тұла бойыңа сіңгенін бақыла. Енді көздеріңді ашыңдар.

Шығармашылық жұмыс. Мен мақалдап сөйлеймін.

Оқушы екі топқа бөлінеді. 1 тапсырма; Ақыш аға жастайынан еңбекпен күнін көрген адам.Мектеп жасынан әкесінің жанынан қалмай ,егін даласында өскен ағайды жұрт мақтан тұтады.

Алынатын жауаптар. «еңбек ер атандырды», «Еңбек бәрін жеңбек», «Еңбек етсең емерсің», «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей», «Еңбектің наны тәтті».

2тапсырма. Ботаның алдына қойған мақсаты-тек жақсы оқуболған сияқты.Бар уақытын мектеп пен кітапханада өткізетін . Ботаның достары «кішкентай оқымысты» деп атайтын.

Алынатын жауаптар : «Оқу білім бұлағы,білім өмір шырағы», «білімсіз күнің жоқ», «Білімді мыңды жығады», «Білім инемен құдық қазғандай».

Дәйексөз: «Ақыл шыңы-даналық» халық даналығы. Өте ақылды,данышпан адамды дана деп айтамыз.Дана адам сабырлы,ұстамды болады. Ашуды сабырмен,төзіммен ақылмен жеңеді.Оқушыға дәексөзді жазып алуға кеңес беріледі.

Жүректен жүрекке. «Ақыл дария»

Ақыл-дария Талаппен еңбек,

Ми-теңіз Ұқыппен мұны

Арнасы-еңбек- білсеңіз!





Сабақтың тақырыбы: «Табиғат әсемдік әлемі».

Мақсаты: Балалардың «табиғат,сұлулық» ұғымының құндылығы, адами қасиеттері туралы түсінігін кеңейту.

Көрнекіліктер: дәптер,оқулық.

Шаттық шеңбері: -Балалар біз бүгін «Табиғат анамыз»деген өлеңді бірге айтамыз.

Табиғат ол анамыз, Жазда аралап тауын да,

Табиғатқа баламыз. Барамыз біз бауына.

Құшағында ойнаймыз, Өзеніне шомылып,

Шаттық әнге саламыз. Жүгіреміз жауында.

Әңгімелесу .

-Табиғат аясында демалыс сендерге ұнай ма?

-Адам табиғатты түсіне ала ма?

-Туған жердің қандай көрінісін ұнатасыңдар?

Балалар туған жер туралы ойларын ортаға салады.



Жаңа ақпарат: Халық даналығы өлең,жыр,мақал-мәтел,жұмбақ , ертегілер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады.Оларда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі,ақылы мен арманы ,тұрмысы мен салты бейнеленген.

Мәтінмен жұмыс: «Алпыстан асққаннна ақыл сұра» ертегісін оқушы бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету үшін түсіндіріледі.

Оқушы пікірлерін білу үшін сұрақтар қоямын.

-Патшаның жарлығы дұрыс па?

-Қарттыңданалығы неден көрінді?

Тыныштық сәті:-Балалар денелерін түзу ұстап,бастарыңды жоғары ұстапыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Таза шипалы ауаның тұла бойыңа сіңгенін бақыла. Енді көздеріңді ашыңдар.

Шығармашылық жұмыс. Мен мақалдап сөйлеймін.

Оқушы екі топқа бөлінеді. 1 тапсырма; Ақыш аға жастайынан еңбекпен күнін көрген адам.Мектеп жасынан әкесінің жанынан қалмай ,егін даласында өскен ағайды жұрт мақтан тұтады.

Алынатын жауаптар. «еңбек ер атандырды», «Еңбек бәрін жеңбек», «Еңбек етсең емерсің», «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей», «Еңбектің наны тәтті».

2тапсырма. Ботаның алдына қойған мақсаты-тек жақсы оқуболған сияқты.Бар уақытын мектеп пен кітапханада өткізетін . Ботаның достары «кішкентай оқымысты» деп атайтын.

Алынатын жауаптар : «Оқу білім бұлағы,білім өмір шырағы», «білімсіз күнің жоқ», «Білімді мыңды жығады», «Білім инемен құдық қазғандай».

Дәйексөз: «Ақыл шыңы-даналық» халық даналығы. Өте ақылды,данышпан адамды дана деп айтамыз.Дана адам сабырлы,ұстамды болады. Ашуды сабырмен,төзіммен ақылмен жеңеді.Оқушыға дәексөзді жазып алуға кеңес беріледі.

Жүректен жүрекке. «Ақыл дария»

Ақыл-дария Талаппен еңбек, Ми-теңіз Ұқыппен мұны

Арнасы-еңбек- білсеңіз!











Сыныбы:2 а .Күні:07.04.2011

Сабақтың тақырыбы: «Табиғатпен біргеміз».

Мақсаты: Балалардың «табиғат,үйлесімділік» ұғымының құндылығы, адами қасиеттері туралы түсінігін кеңейту.

Көрнекіліктер: дәптер,оқулық.

Шаттық шеңбері: -Балалар біз бүгін «Табиғат»деген өлеңді бірге айтамыз.

Армысың алын күн! Бас ием тауларға,

Көгілдір көк аспан! Жамылған қарларға.

Бармысың,құстарым! Жайқалған даланы,

Қанатты достарым! Табиғат-ананы.

Суларым таза ма? Көруге сағынып,

Талдарым аман ба? Келген біз-балаңыз.

Әңгімелесу .

-Табиғатпен біргеміз дегенді қалай түсінесің?

-Аймен,күнмен,жұлдыздармен сөйлесіп көрдіңдер ме?

-Әсем табиғаттан,шуақты күнне,жауған жаңбырдан қандай әсер аласыңдар?

Жаңа ақпарат;

Табиғат адамды қуанышқа бөлейді,шабытқа кенелтеді. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі.

Тыныштық сәті:-Балалар денелерін түзу ұстап,бастарыңды жоғары ұстапыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Таза шипалы ауаның тұла бойыңа сіңгенін бақыла. Енді көздеріңді ашыңдар.

Мәтінмен жұмыс: «Жел» әңгімесін әңгімелеп айтып беремін.

-Мәтінде қар мен жел гүлге қандай көмек көрсетті?

-Қар мен желге қандай тілек айтар едіңдер?

Тапсырма: Табиғат бейнеленген суретті ұсынып сурет бойынша табиғат туралы өз ойларын айтуды тапсыру.

Дәйексөз: «Адам мен табиғаттың тілдескені- өмірдің үндескені» халық даналығы. Табиғат бояулары арқылы тіршіліктің қайнар көзі туралы түсідіріп нақыл сөз мағынасын түсіндіремін.

Дәптермен жұмыс: 1 тапсырма: тек қана жасыл түсті пайдалана отырып табиғат құбылыстарының суретін салыңдар.

2 тапсырма.Табиғатқа қамқорлық туралы қысқаша өз ойларыңды жазыңдар.

«Жүректен жүрекке».

Жадыраған күндейміз,күндейміз! Жайнап өскен гүлдейміз,гүлдейміз!

Тұнық таза Ауамыз,ауамыз! Сылдыраған сумыз біз,Тазамыз,Тазамыз.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
өзін-өзі тану жоспары

Автор: Дуйсенбаева Айгуль Турсынгалиевна

Дата: 29.10.2016

Номер свидетельства: 353191

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "?дебиет п?нінен "Т?ркістан" М.Айтхожина саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(56) "diebiiet-p-ninien-turkistan-m-aitkhozhina-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "153497"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1421023222"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "?дебиеттік о?удан ?ыс?а мерзімді саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(44) "diebiiettikokudankyskamierzimdisabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "278079"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453033785"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Өсімдіктің топырақтан суды және минералды сіңіруі"
    ["seo_title"] => string(54) "osimdiktin_topyrak_tan_sudy_zh_nie_minieraldy_sin_irui"
    ["file_id"] => string(6) "386771"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486013684"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "?аза? тілінен саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(30) "k-azak-tilinien-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "166329"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422950264"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Авторлы? ба?дарлама: "Жаз?ы о?у-т?рбие ж?мысы жоспары" "
    ["seo_title"] => string(59) "avtorlyk-bag-darlama-zhazg-y-ok-u-t-rbiie-zhu-mysy-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "209736"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431275843"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства