kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орта мерзімді жоспар 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

акмола

Мектепте екі ж?з ?ыры? о?ушы бар.

Он бірінші сыныпта жиырма бір о?ушы бар.

Бастауыш сыныптарда 

облысы

Жа?сы 

ауданы

бірінші категория

Білімім жо?ары 

Бастауыш сынып м??алімі 

2041

-2015

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Орта мерзімді жоспар 1 сынып »

Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба

Түсініктеме

Жалпы білім беретін мектептің 1 сыныбына арналған Ана тілі оқулығы «Алматыкітап» баспасы 2012 жыл.Оқулық авторлары:Г.И.Уайсова, А.Е.Жумабаева .Мемлекеттік стандартқа сәйкес пәнге 119 сағат бөлінген,аптасына 7 сағаттан.Үшінші деңгейлік курстың бірінші кезеңінде алған білім мен білік дағдыларыма сүйене отырып,тізбектелген сабақтар топтамасына «Сөз»тарауының «Сөз.Қой», «Сөз.Жылқы», «Сөз.Бөрте лақ», «Сөз.Түйе» тақырыптарына арналған сабақтарды таңдадым.

Тараудың мақсаты: Мұнда сөз туралы түсініктен бастап оның мағыналық топтарына дейін қамтылады.Орта мерзімді жоспарды құрастыруда сабақтардың құрылымына жеті модульды ықпалдаса отырып жасадым.Орта мерзімді жоспар сабақтарымның нақты мақсаты мен міндеттерін және күтілетін нәтижені айқындауға көмектеседі.Орта мерзімдік тізбектелген сабақтар жоспарымда түрлі тренингтер, оқушылармен топтық және жұптық жұмыс үлгілері, СТО-ның миға шабуыл,ББҮ, кластер әдістері,деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақтамен жұмыс жасалады.Бағалау бойынша өзін және сыныптарын критерий арқылы бағалау, формативті бағалау арқылы оқушыларды ынталандыру,іздемпаздық қабілеттерін жетілдіру.

Бағдарламаның түйінді идеялары білу,түсіну,қолдануды ықпалдастыра отырып,жасалған тізбектелген сабақтарымнан төмендегідей нәтиже күтіледі деп ойлаймын:

- Сөз және олардың түрлері,төрт түліктер мен олардың пайдасы туралы білімдерін молаяды.

- Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді,өздігінен ізденуге,талаптануға ынтасы артады.

- Топта ынтымақтаса жұмыс жасай отырып,өзін, сыныптастарын әділ бағалауға үйренеді,сыни көзқарастары жетіледі.

Тәжірибе кезінде өтілген сабақтарымның бұрынғы сабақтарыма қарағанда оқушылардың білім алуына тиімді болғанын ескере отырып,болашақта осы жеті модуль идеяларын жүзеге асыру жұмыстарын жетілдіре түсемін деп жоспарлап отырмын.




Орта мерзімді жоспар

Ана тілі. 1 сынып

Оқытудың негізгі мақсаттары

Белсенді оқытудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер

Пәнді оқытуда кездесетін кедергілерді жеңу

Оқу нәтижелері

Бағалау соның ішіндегі оқыту үшін бағалау

Барлығын қосқанда дарынды және талантты балалар

Негізгі дереккөздер

1

Тақырыбы: «Сөз.Қой».

«Сөз» туралы білімдерін пысықтау.

Қой және оның пайдасы жөнінде түсініктерін молайту.

Тренинг:«Төлдер дыбыстайды».Үй тапсырмасы: «Мал сүйеді баласын» рөлге бөліп оқу.

Презентация:

сөзжұмбақ арқылы тақырыпты ашу.

Кластер

құрастыру. «Сөз»

Кітаптағы «Қой» өлеңін мәнерлеп оқу.

Мазмұны жөнінде диалог жүргізу.

Дөңгелек,шаршы арқылы топқа бөлу.


І-топ Қойды сипаттау.

ІІ-топ Қойдың суретін салу.

Сергіту сәті: «Доп»

Миға шабуыл: «Буынға буын қосып, сөз құра»

«Қойдың төлі»арқылы бағалау.

Рефлексия смайлик арқылы бағалау


Сабақта көп сөйлемейтін балаларды, жеке сурет парақшалары арқылы сөзге тарту.

Сөз туралы білімді меңгереді. Ережесін түсінеді. «Қой» туралы мағлұмат алады.

Қойдың төлі арқылы бағалау


Кері байланыс.

Смайлик арқылы бағалау.

«Қой» туралы бес жол өлең

шығару.

Мұғалімге арналған нұсқаулық, ғаламтор, ана тіліне арналған әдістеме құрал, дидактикалық материалдар.

2

Тақырыбы: «Сөз.Жылқы»

Мақсаты:

Мағынасы қарама –қарсы сөздермен таныстыру. Жылқы туралы білімдерін кеңейту.Шығармашы-лық қабілеттерін дамыту.

Тренинг: «Қара жорға»

Үй жұмысы:«Ауадағы сұрақтар».

Презентация: «Ер қанаты –ат» бейнебаян.

Диалог жүргізу.

«Жылқы» өлеңін мәнерлеп оқу.

Миға шабуыл «Қыл» сөзінің ортасындағы әріпті өзгерту арқылы сөз жасау.
Жеке жұмыс.177-жат.Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жазу.

Сергіту сәті: «Қызықты жаттығулар»

Жұппен жұмыс .

сәйкестендіру стратегиясы.

Төрт түлік арқылы топтастыру,топпен жұмыс.

Венн диаграммасы «Жылқы мен қой»

І-топ Жылқы туралы.

ІІ-топ Қой туралы

ІІІ-топ Екеуінің ортақ қасиеті туралы жазады.

Күн мен бұлт арқылы бағалау.

.




Төлдердің дыбысталуын шатастыруына байланысты аудиотаспадан дыбысты тыңдату.

Мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы

мәлімет алады. Жылқының қасиетті жануар екенін түсініп,біледі.

Рефлексия

Кері байланыс.

Формативті,

жиынтық бағалау.

Тақтада күн, бұлттың суреті жабыстырылған.

Оқушылар сабақ ұнаса күнге,

ұнамаса бұлтқа

жабыстырады.

Басбармақпен оқытуды бағалайды.

«Кел, ойнайық!» сәйкестендіру стратегиясы

Мұғалімге арналған нұсқаулық, ғаламтор, ана тілі арналған әдістеме құрал, дидактикалық материалдар.

3

Тақырыбы: «Сөз. Бөрте лақ», «Ботақаным-бөбегім»,

«Құлыншағым-құндызым»

Мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы білімдерін

молайту.Төрт түлікке деген сүйіспеншілігін ояту.

Тренинг: «Жүректен-жүрекке».

Аудиозаписьтан жүректің соғып тұрған дыбысы беріліп тұрды.

Үй жұмысы : «Қағып ал да,жауап бер».Өлеңді мәнерлеп оқу. «Сиқырлы сандық» ойыны арқылы тақырыпты ашу.

Оқулықпен жұмыс, диалог арқылы оқыту.

Кәмпиттің түстері арқылы 3 топқа бөлу. Өлеңдердің мазмұны бойынша лақ, құлыншақ,ботаға кластер құрастыру.

Сергіту сәті. «Орманға ойша саяхат»

Жеке жұмыс.181-жаттығу.

Семантикалық карта арқылы білімдерін тексеру.

«Бағдаршам» әдісімен формативті бағалау.

Рефлексия «Басбармақ»


Топпен бөлуде қиындықтардан шығу үшін, кәмпит арқылы бөлу.

Берілген тапсырмалар

ды орындайды.

Лақ,бота,кұлыншақ туралы кеңінен түсінік алады.


«Бағдаршам» бағалау парағы.


«Ортеке» әнін айту. Лақ туралы ертегі құрастыру.

Мұғалімге арналған нүсқаулық, ғаламтор, ана тіліне арналған әдістеме құрал, дидактикалық материалдар.

4

Тақырыбы:«Сөз.Түйе

Мағынасы бір-біріне жуық сөздер туралы түсінік беру. Түйенің ерекшеліктерімен таныстыру.

Тренинг: «Жалғыз аяқ жол»

«Ми қозғау» стратегиясы.Үй тапсыр-

масын тест арқылы тексеру.

Жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу.

ББҮ бағалау парағын тарату.

Жұппен жұмыс: «Сөз тізбегін жалғастыр» стратегиясы.

Үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері арқылы топқа бөлу.

І топ :мәтіннің мазмұны ашу.ІІ топ:мәтіннің мазмұны бойынша сурет салады.

Жұппен жұмыс.183-ж.

Сергіту сәті: «Қояндар»

Жеке жұмыс .184-жат.

«Сиқырлы таяқша » ойыны арқылы сабақты қорытындылау.Төрт түлікті сөйлету.

ББҮ бағалау парағы арқылы бағалау.





«Араласып кеткен» оқиға стратегиясы арқылы мәтінді құрай алмау кедергісін жою.

Мағынасы бір-біріне жуық сөздер туралы түсініктері кеңейеді. Түйе туралы түсініктері молаяды.

ББҮ бағалау парағы.

Бесбұрыш,төрт

бұрыш, үшбұрыш арқылы оқушыларды бағалау.

«Түйе» туралы жоба жасау, өлең шығару.

Мұғалімге арналған нұсқаулық, ғаламтор, ана тіліне арналған әдістеме құрал, дидактикалық материалдар.




















































Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай түсінуге болады?



Санаулы күндерден соң білім жетілдіру барысындағы іс-тәжірибе кезеңі аяқталады. Артымызда білім алуға талпынған бірінші ай, сол білімді іс-тәжірибеде қолдана отырып, нәтижеге жетсем деп құлшынған екінші ай. Осы кезең маған не үйретті, мен не үйрендім? Бұл кезең менің бойымда нендей өзгерістер қалыптастырып, педагогикалық қызметіме қандай өзгерістер енгізді және бұл өзгерістердің тиімділігін мен қалай бақыладым?

Алғашқы «Бетпе-бет» кезеңінде алған білім менің алдағы педагогикалық жолыма азық боларын анық білемін. Бұл білімді толықтыра отырып, іс-тәжірибемде тиімді пайдаланамын және аз ғана уақыт болған өз іс-тәжірибем барысында осы курсқа дейін өткізген сабақтарымнан гөрі, осы үш айлық курста алған білімімді сабағымда пайдалануды қолайлы, тиімді екенін және тәлімгерлік пен коучингті іс-тәжірибеге енгізу- мектепті дамытудың алғышарты екенін түсіндім. Бұл курстан өзіме көптеген жаңалықтар алдым. Ең бастысы, іс-тәжірибеме көптеген өзгерістер енді, солардың біразын айта кетсем.

Ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енді. Ол- жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу. Жаңа бастамалардан мен бұрын қорықпасам да, бір дүдамал ой кейін тартатын. Қазір мен кез келген істі ешқандай іркіліссіз қолыма алатын болдым, яғни тәуекелге бел бууға әр уақытта дайынмын, мені ештеңе тоқтата алмайтынын аңғардым. Себебі мен нені және қалай істеу керек екенін үйрендім.

Екінші жетістігім - өзімді шыдамдылыққа үйреттім. Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оқушының керегінше ойлануын бірінші орынға қоятын болдым.

Мұғалім ретіндегі өзгерістерге тоқталсам, әрине, бұған дейін де жақсы оқитын оқушылар, жақсы білім сапасы, түрлі сайыстардан жеңімпаз оқушыларым болып, түрлі сайыстарда өзім де жеңімпаз атанып жүрдім. Бұның бәріне мен оқушыға жеке тұлға ретінде емес, оқушы ретінде қарап, тек білім алуына ғана назар аударып сыңаржақты дамытып келіппін. Алдағы уақытта мен тек білім берумен шектелмей, сол алған білімін бала келешек өмірінде қолдана алу біліктіліктерін дамыта отырып оқытуды және өз әріптестерімнің де кәсіби дамуына өзгерістер енгізуді көздеп отырмын.

Бұрын оқушылар тарапынан жазуда, сөйлеуде қате жіберілген жағдайда соны өзім бірден дұрыстаймын немесе басқа оқушыларға, әсіресе жақсы оқитын оқушыларға дұрыстатсам, қазір өздерінің қателерін өздері тауып, өздері дұрыстауын, дұрыс жауабын дәлелдей білуін баса назарға алдым.

Балаларды мұқият зерттеуді бастадым. Әр балаға психологиялық- педогогикалық тұрғыдан сауатты түрде қарауға да үйрендім. Бұрын алдымдағы оқушы менің сабағымды жақсы оқыса жеткілікті деп ойлайтынмын. Енді мен балаға жан-жақты қарайтын болдым. Оның көңіл-күйі, сабаққа қатысы, қала берді мен олардың аузынан шыққан әр сөзге мән бере қарауды үйрендім.

Сабақ барысында көп мүмкіншілікті оқушылардың өзіне бердім. Мұндағы басты мақсатым өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, қолдарынан іс келетініне сендіре отырып алға жетелеу, оқудың қажеттілігін сезіне отырып үйрету, бір-бірімен ұжымдаса отырып жұмыс істеу және соған қажетті дағдыларды дамыту.

Сабақ үдерісіне өзгеріс енгізуді мен орта мерзімді жоспарымнан бастадым. Бұрын екі- үш баған толтырып, өзім үшін жасап келсем, жаңаша жасау барысында

  • сабақ барысындағы жұмыс кезеңдерінің тізбектеліп келуіне;

  • жеті модульді барынша тиімді ықпалдастыруға;

  • әрбір сабағым үшін оқыту мен оқу мақсаттарын сауатты анықтауға,

  • нәтижеге қол жеткізу үшін әрекет етуге;

  • сабақтың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз етуге,

  • сабақ барысында барлық оқушыларды қамтуға баса назар аудардым. Нәтижесінде мұғалім мен оқушының сабақ барысында атқаратын іс-әрекеті құрылды. Осы орта мерзімді жоспарды негізге ала отырып, қысқа мерзімді жоспарымды құрдым. Әр сабақтың алдында осы жоспарға сүйене отырып болжау жасадым. Тиянақты әрі жан-жақты қарастырылып құралған сабағым нәтижесінде өз болжауыма сай өтіліп отырды.

Сабаққа кіргізген келесі өзгерісім-сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Себебі топтық жұмыс барысында топ мүшелерінің ұйымшылдығы, ауызбірлігі, бір-біріне деген сенімділігі- сабақтағы белсенді іс-әрекеттерінің кепілі. Сол себепті сабақтарымды көңілді мультфильм, сабақ тақырыбына сай әндер, түрлі ойындар мен тренингтен бастап отырдым. Нәтижесінде оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынастары, достықтары нығая түсті. Бұл сабақ сапасына оң әсер етті.

Оқушыларды топпен отырғызу да өз оқушыларым үшін сабақтағы өзгеріс. Топтасып жұмыс істеу арқылы олар бір-бірінің пікірін тыңдауға, белгілі бір тапсырманы бірлесе атқаруға ұмтылуға, әр балада әртүрлі идея, әртүрлі ұсыныс пен көзқарас болатынын ұғынды. Өздеріне және басқаларға сыни көзбен қарауды үйренді.

Сабақ барысында бұған дейін де диалогті қолданатынмын. Ол қарапайым сұрақтар мен жауаптардың төңірегінде ғана жүзеге асатын. Енді мен өз сабақтарымда топтық әңгімені түрткі сұрақтар мен қайта бағыттау сұрақтарын қоя отырып сыни ойлауларын дамыту арқылы диалогті жандандырдым.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда оқушыларды сыни ойлауға бағыттайтын түрлі әдіс-тәсілдер қолдандым. Сабақтарымда «Топтастыру», «Теріп алу», «5 жолды өлең», «Эссе», «РАФТ», «6 қалпақты ой әдісі» стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу, жазу, ойлау, іздену, ой қорыту, пікірталасқа түсу сияқты практикалық дағдыларын дамыта отырып, сыни ойлауға бірте-бірте қадамбаса бастады. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты және алынған ақпараттарды өз беттерінше сараптап, баға беруді үйренді. Бұл стратегиялармен жұмыс жасау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытты және түрлі қасиеттерін ашуға ықпал жасады.

Курс барысында, біз курс тыңдаушылары, сабақта оқушы білімі мен білік дағдыларын критерилер арқылы бағалаудың әдіс-тәсілдерін, қолдану жодарын үйрендік. Сабақ барысында түрлі критерилер арқылы оқушылар бірін-бірі, өзін-өзі, топ басшылары бағалады. Бастапқыда оқушылар өздерін бағалауда, топ басшылары бағалау кезінде қызық көрді ме, ұнаған бағаларын қоя беретін, кейін басқа сабақтар барысында қалай баға қою керектігін де үйреніп алды, дұрыс бағалауға тырысты. Нәтижесінде оқушылар шынайы бағалауды, өз жауаптарын дәлелдей білуді үйренді.

Осы курсқа дейін мен дарынды балалармен сабақтан тыс уақытта жұмыс істесем, жеті модульді сабаққа кірістіру арқылы мен өз сабақтарымда дарынды балалармен жұмысты да атқара алатын болдым. Олардың шығармашылығын шыңдай отырып, көшбасшылыққа итермелеп отырамын. Сонымен қоса, білім деңгейлері әртүрлі оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру де сабақтарымның ажырамас бөлшегіне айналды. Бұндай тапсырмалар арқылы оқушылар білімін теңестіруге, алға ұмтылуға жол ашылды.

Балалармен бірге өзім де өзгеріп, қызығушылығым артқанын сезіп жатырмын. Оқушылармен бірге өзім де оқып-үйреніп жатырмын.

Енді әр сабағымда АКТ-ны көбірек пайдалану әдетіме айналды. Себебі АКТ арқылы сабақ барысында уақытты үнемдеймін, бұрын оқушыларға өзім айтып, жазып, тапсырманы түсіндірсем, қазір соған кететін уақытты мен қызықты тапсырмаларға, оқушыларға жаңа ақпарат беруге, қала берді тренинг өткізуге арнаймын. Сондай-ақ, оқушы орындайтын тапсырманы өзі интербелсенді тақтадан өзі оқиды, не істеу керегін ойластырады, соған сәйкес іс-әрекетті орындайды. Яғни, бұрынғыдай өзім тапсырманың жартысын түсіндіру барысында айтып бермеймін, толығымен оқушылардың өздерінің орындауына бағыттаймын.



Бұрынғы сабақтарымда қырық бес минут өтпейтіндей болатын, қазір керісінше бір 45 минут жетпей қалады, себебі бұл жерде жалпы сынып жұмыс жасайды, әр оқушы өз жұмысын көрсеткісі, оқығысы келеді. Сұрауға үлгермеген кездерде шәкірттерімнің ренішін де байқап жүрдім. Сондай жағдайларды болдырмас үшін сабақтағы әр минутты ұтымды да тиімді жұмсауға тырысатын болдым.

Дәстүрлі сабақта өзім тақырыпты айтып, оны талдап, өзім бағалап, қортындыны өзім жасап отыратынмын. Ойлап қарасам, мен оқушыны ойландыруға жағдай жасамаған екенмін. Ал қазір осының барлығын оқушы жасайды. Алғашқы «Аяз би» ертегісінің тақырыбы мен идеясы» деген сабақта кейіпкердің жағымды, жағымсыз қасиеттерін бір топ жазса, келесі топ бас кейіпкер Аяз бидің тапқырлығы, ақылдылығы, қайырымдылығы арқылы мұратына жеткенін анықтады. Нәтижесінде ертегінің негізгі тақырыбы тапқыр, адал болу, идеясы жамандықты жақсылықтың әрқашанда жеңетінін оқушыларым өздері ашты. Бұл кезеңде мен оларға тек бағыт беруші ғана болдым.

Өзімнің осы жетістігімді басқа әріптестеріммен бөлістім және оларға ықпал ете алдым. Іс-тәжірибе барысында менің сабақтарыма қатысқан әріптестерім мен қолданған әдіс-тәсілдерді өздері де сабақтарына енгізе отырып, оң өзгерістерімен бөлісті.

Өзім өзгере отырып, сабақ беру тәсілдерін де өзгерттім. Сол арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, оқушылардың оң өзгерісін байқадым. Зерттеуге алған оқушымның бірі Ақботаны мен дарынды оқушылардың қатарына жатқыздым. Сабақ барысында Ақботаның ерекше білім иесі екенін, алғырлығы мен алға ұмтылушылығын аңғардым. Топтық жұмыс барысында топ мүшелерімен бірлесе жұмыс істеуі, оларды алға сүйреуі жанындағы достарына да жақсы әсер етіп, Ақботамен қоса олар да алға ұмтылды. Ақботаның жанарынан бұрын байқамаған ерекше бір ұшқынды байқадым. Тапсырма берген сайын ол «көзі жанып» , ерекше құлшыныспен, жауапкершілікпен жұмыс істеді. Келешекте осы оқушыны өшіріп алмау- менің ұстаздық міндетім.

Айсұлу деген оқушыма мен әуелде білімі төмендеу, көп қозғалады, кейбір кезде өзімен өзі болып, сабаққа назар аудармайды деген мінездеме берсем, енді мен ол пікірімді түбегейлі болмаса да, өзгертер едім. Ол баланы зерттей отырып, сурет салуға деген қабілетінің зор екенін байқадым, сурет салуға тапсырма берілсе өзі ғана салғанды, жеке отырып орындағанды жақсы көреді. Осындай кездерде мен оның сұранысын қанағаттандыру үшін оған жеке тапсырма беруге тырысамын. Өте әділ екенін бағалау барысында байқадым. Өзіне де, өзге жолдастарына да өзіндік бір ерекше талаппен қарайды. Өте жауапкершілігі мол. Берген тапсырманы өз деңгейінде орындайды. Менің тарапымнан бірдеңе мүлт кетсе, үнемі айтып отырады. Сабаққа деген ынтасы да артты. Барлық сабақтарды өзі қолын көтеріп жауап береді. Қосымша тапсырмалар беруімді сұрайды.

Жеті модульді сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе, енді қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгерлермен ой бөлісуге асығатын болды. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер. Оқушылар жоспарлау, жағдайға бейімделу, нәтижені нақты бағалау сияқты қабілеттерді, табандылық, сынға төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады.

Жеті модульді орыс тілі мен әдебиеті сабағында қолдана бастағаныма көп уақыт болмасада, мынандай пікірге келдім. Тек осы жүйемен өтілген сабақтарда ғана оқушылардың жазған, айтқан сөздерінде табиғатқа, елге, айналаға, өзгеге, өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері қалыптаса бастады. Алғашқыда дайын білімді алуға тырысатын оқушылар енді жаңалық ашуға, өз қолымен өнім жасауға, сұлулықты сезінуге ұмтылыс байқатты. Сабақ барысында орнынан тұрып жауап бермеген оқушы болған жоқ. Бұл менің әрбір сабағымда қайталанып отырды. « Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын» - деген шығыс нақылын сабақ жоспарлау кезіңде есте ұстанамын.

Ойымды қорыта келгенде, мен нені, қалай өзгерттім дегенде, біріншіден өзімнің көзқарасымды өзгерттім, екіншіден сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілін, үшіншіден –бала еркіндігін шектемеу, төртіншіден оқушылардың сабаққа ынтасын ояттым, өзін- өзі реттеуді үйренді, бесіншіден бағалауды өзгерттім және әріптестеріме де ықпалым болды. Менің түсінгенім жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес, тек осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек. Бұл курс келген тындаушыларын осындай мақсатта үйретіп жатыр. Алғашқылардың бірі болып, осы курстан өткеніме қуаныштымын. Себебі бұл курс менің алдағы қиын да ұзақ ұстаздық жолымда нәтижелі еңбек етуіме бағыт бергендей.





















Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізгенім туралы есеп.

...Әркім өзі талпынбақ,

Басына бітер бағы үшін...

Мұғалімдердің көпшілігі, өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық . Дьюидің « Біз қалай ойлаймыз? » (1910) деген кітабы рефлективтік ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып , идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттарды зерттеулеріне бастама жасап және іске асыра отырып білім беруге ерекше ықпал етті.

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп , кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай , пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады.

Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін , оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы , сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі . [1]

Курсқа келгенше осы курстың бұрынғы қатысып жүрген біліктілікті арттыру курстарынан артықшылығы бола қояр ма екен деген үмітімнен күдігім басым болып келген едім. Бірақ алғашқы күннен сабақтың өзгеше басталғанынан , тренердің бізді жылы шыраймен қабылдағанынан өз бойымда бір өзгерістің боларын, осы курстан өзіме құнды-құнды нәрселер аларыма сенімім мол болды . Өйткені курс барысында мен қорғаншақтамай , қателігімді бетіме басар-ау , жерден алып ,

жерге салар адам жоқтығын біліп еркін ой айттым, еркін дәлелдедім, мәселенің түйінін тереңінен түсіндім.

Алғашқы бетпе-бет кезеңі мен үшін жаңалыққа толы болды. Мен өзімнің іс-тәжірибеме ғана емес, өмірге деген көзқарасым өзгере бастады. Ал «өзгеріс» дегеніміз не ? Мен өзгерісті «даму» деп түсінемін. «Даму» ұғымына философияда « мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып сапалық өзгерістерге айналуы » деген анықтама беріледі .[2] Даму –жаңару үрдісі. Жаңаның өмірге келіп , ескінің жоғалуы деген мағынаға сәйкес. Демек жаңаның пайда болуымен даму тікелей байланысты. Мен үшін курс барысындағы әр күнім жаңа дүние болды. Мен рухани байыдым. Мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы өзіме деген, өмірге деген көзқарасымды өзгерттім. Тәжірибеге барғанда да өз сабақтарыма елеулі өзгеріс кіргізетініме еш күмәнім болмады.

Қызу-қызу талқылауларға толы , мағыналы , мазмұнды сабақтар өтіп , мектепке тәжірибеден өтуге баратын күн де туды . Осы орайда:

-Неден бастасам?

-Сабағымды қалай қызықты өткізсем?

- Кімнен көмек сұрасам ?

- Білім берудегі көшбасшылықты , қалай жүргізсем ?

- Оқығанымды қалай жүзеге асырсам ? - деген сұрақтар туындай бастады.

Ең бірінші өзімнен бастауым керек деген ой келді. Егер мен өзімді өзгертсем, онда мен жұмыс барысын да өзгерте аламын - деген ой менің барлық жұмыс барысыма түрткі болды. Иә, мен өзгердім. Мен бұрын « қатал ұстаздар » санатына жататын мұғалім болатынмын. Мен: «Мұғалім қатал болса , онда сыныпта тәртіп болады , ал тәртіп болса , білім де болады» - деген қағиданы ұстанған едім. Қазір ойласам , өзімнің қалай қателескенімді мойындап отырмын. Бәрі де керісінше екен... Адам бойындағы ең құнды қасиеттің бірі – мейірімділік екеніне , сол қасиет арқылы талай қамалды алуға болатындығына тағы да көзім жеткендей...

Тәжірибе де басталды . Мектепке барған кезімде ең бірінші маған мектептің қолдауы керек екендігін түсіндім. Мектепке барған алғаш күннен мектеп басшысы мен әріптестеріме осы үш айлық курстың мән жайын айтып түсіндірдім және де олардан көмек сұрадым. Маған басшы интерактивті тақтасы бар кабинетті берді, әріптестерім сабағыма келіп көмек көрсетеміз деп айтқаны көңілімді көтерді. Ендігі кезек оқу үрдісі мен сабақ беру тәсілін өзгерту болды. Жаңа бағдарлама бойынша үйренген әдіс-тәсілдерімді, жеті модульді өз тәжірибемде жан-жақты, тиімді қолдану мақсатында өткізген сабақтарымда енгізілген өзгерістер көп болды. Әр сабақты жоспарлағанда «қалай оқытсам тиімді болады?» деген сұрақ қоя отырып, үнемі ізденісте болдым. Тәжірибенің бірінші күнінен бастап, көптеген жұмыстар атқарып, әр модульді оқу үрдісінде қолдана келе, жеті модульдің тиімділігін тереңінен ұғына бастадым.

Мен зерттеуге алған 6- сынып оқушыларының саны 22 болды.

Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қоймайды,ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағытталған.Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады. .(Тапсырмалар. 11-бет)

Мен бұл балаларды 5-сыныптан білемін. Былтырдан бері бұл сыныпқа қазақ тілі және әдебиет пәнінен сабақ беріп келемін. Бұл сыныпты әдейі (бұрын) зерттемесем де сыныптағы ахуалды сырттай байқап жүретінмін. Менің байқауымша ең бастысы сыныпта ауызбіршілік жоқ. Сыныптағы оқушылар жік-жікке бөлініп , жеке-жеке топ болып жүргенді ұнатады. Бұндай ахуал бәрімізге белгілі. Осы жастағы балалардың бойында жиі кездесетін құбылыс. Десек те сынып оқушылары мектептегі тәртіп ережелері мен нормаларын қатаң сақтайды. Әрине сыныпта тәртіп бар. Бірақ неге бұлардың бойында татулық , ынтымақтастық жоқ ? деген сұрақ мазалағандай...Әсіресе мен бұл жағдайды оқушыларды топқа бөліп сабақ жүргізгенде байқадым. Топқа бөлгенде « Менің тобымдағы балалар жаман » , Мен анамен отырмаймын » деген қыңыр пікірлер де бой көрсетіп жатты. Әсіресе жақсы оқитындар мен қабілеті төмен , момын балалардың арақатынасы алшақтап кеткендей . Осы жағдайда не істеу керек ? Қандай іс-шаралар жүргізу керек? деген ой келді. Әрине тәжірибеден өтуге келген 3 аптада атап айтарлықтай түбегейлі өзгеріс жасап тастау мүмкін еместігін білсек те ,өзгеріс енгізуге алғашқы қадамдар жасауға тиіспіз деп ойлаймын. Сөйтіп ең алдымен балалардан сауалнама алуды жөн көрдім. Сауалнамадан әр баланың шынайы жауап бергенін байқадым. Әсіресе « Сыныптарың тату ма ? » деген сұраққа оқушылардың 90% -ы «жоқ» деген жауап беріпті. Бұл оқушылардың өздеріне –өзі берген бағасы. Бұдан соң бұл жағдайда не істеу керек? - деп ойладым. Жауабын курста өткен жаңаша әдіс – тәсілдерді сабақтарыма тиімді енгізу деп таптым. Әсіресе топтық , ұжымдық жұмыс түрлері олардың арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастырып , нығайтады деп шештім. Сөйтіп іске кірісіп те кеттім.

Оларға топпен жұмыс жасау ұнады. Бір - біріне сұрақ қою , жауап алып диалогтық қарым - қатынас жасау арқылы бір - бірімен жақын қатынаста болды. Тек қана пәнде, оқу үдерісінде ғана емес , қоғамдық жұмыстарда, сыныптан тыс жүргізілетін іс- шараларда , кештіктерде де, сыныптастар арасында да байқалды. Әрине бір сыныпта мінез - құлқы әртүрлі оқушылар бар. Әртүрлі мінезді оқушылардың іс -әрекеттеріне отбасындағы , мектептегі , өзімен жақын сырласатын жолдастарының әсері көп жағдайларда басым екендігін байқадым. Себебі ата-ана, ұстаз, оқушы арасында тығыз байланыс болмаса , нәтиже жоқ деп айтуға тура келеді. Бұдан соң сынып ішіндегі ынтымақ - бірлікті нығайту мақсатында түрлі тренингтерді де жүргізіп отырдым. Бірінші сабақта сыныптағы ахуалды , ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында бір-бірінің жақсы жақтарын айту тренингін өткіздім. Бұл тренингтің шарты бойынша балалар билейді , ән тоқтаған кезде жұп-жұппен тұра қалып бір-біріне қарап тұрып 4 жақсы қасиеттерін 1 ұнамсыз қасиетін айтады. Осы тренинг барысында Жасұлан деген үндемейтін оқушы сыныптың беделді Диана деген қызымен жұп болып, « оның қасиеттерін мен айтпаймын » деп ұялды. Оған « Қане бірігіп айтайық »- деп көмекке келдім. Сөйтіп кезектесіп ол қыздың бойындағы қасиеттерді тізіп шықтық. Ал Диана өз кезегінде Жасұланның бойындағы жақсы қасиеттерді айтқанда, Жасұланның жүзі бұл-бұл жанып бір қуанып, бір қызарғанын көргенде мен де Жасұланмен бірге қатты қуандым. Өйткені тренингтің пайдаға асқанын байқадым. Барлық балалар да бір-бірінің жақсы-жаман қасиеттерін айтысып мәз болысты. Шынында да осы тәрізді тренингтердің нәтижесінде балалардың бір-біріне деген көзқарастары өзгеріп, аз да болса сыныпта татулықтың, бір-біріне деген қамқорлықтың нышаны байқала бастағанын сездім. Бұдан кейін жеті модульді тізбектелген сабақтар топтамасына ықпалдастыра отырып , қалай өткізу керектігін ойланып, қысқа мерзімді жоспарымды құрдым. Қысқа мерзімді жоспар аса жауапкершілікті талап ететін күрделі жұмыс болса, оған орта мерзімді жоспарды негізге ала отырып жеті модульді ықпалдастыру мені одан да көп ойландырды. Бұрынғы құрған жоспарларымыз жайына қалып , жаңаша жоспар жасау басында қиынға түссе де , кейін қызығушылығым оянып , одан да бір рахат алатын болдым. Сабақ барысында тапсырмаларды орындату арқылы оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландырып отырдым. Бұл несімен тиімді болды? Ойларын ашық, тез айта алмайтын «тұйық» оқушыларды топтық жұмыстар алға тартты. Олар өз ойларын ашық айтып , еркін сөйлеуге дағдыланды. Ал, сабақ барысында өзім аз сөйлеп, сабақтың көп бөлігінде оқушыларға ойлануға мүмкіндік беріп, яғни ойларын ашуға ынталандырып отырдым. Мен енді бағыт беруші, бақылаушы, оқушының әр жауабына ризашылық білдіріп , формативті бағалаудың бірнеше түрін қолдана отырып, мадақтаушы , марапаттаушы болдым . Яғни, сабақ барысында әр оқушының жауабын , іс-әрекетін назарымда ұстап , көшбасшылық танытып отырдым.

Білім беруде ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Сол себепті де АКТ- ны қолдану арқылы мен көптеген нәтижеге жеттім , қанша уақытымды үнемдедім. Сыни тұрғыдан ойлау –Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. [1] Мен 2 жыл бұрын « Жазу мен Сызу арқылы Сын тұрғысынан ойлау» тнхнологиясының біліктілікті арттыру курсынан өткен болатынмын . Шындығына келсем сол жолы курстың мақсаты мен міндетін дұрыс түсінбеген сияқтымын . « Шыңдалған ойлаудың » байыбына бармаған екенмін. Қазір модуль ретіндегі сын тұрғысынан ойлауды дамыту –менің көзімді ашты. Өйткені ол басқа алты модульмен тығыз байланыста сабақтарымызда көрініс тапты. ...Бұл күнде шыңдалған ойлау дәрежесіне көтерілдім деп айта алмаймын. Шығармашылыққа негізделген шыңдалған ой айту үшін өзіңнің өреңнің биік болуы қажет екендігін сезіндім. Алайда біртіндеп оқушылардың сыни ойлауын дамыту арқылы өзім де сыни ойлап , мәселенің түйінін тереңінен түсіндім. Жалпы жеті модульді қолдана отырып өткізілген сабақтың оқушыға берері мол екеніне көз жеткіздім. Себебі, оқушылардың барлығы дерлік сабаққа қатысты; өздерінің ойын еркін айтты, мәтінді оқып ойланды, салыстырды, бірін-бірі тыңдады, бір сөзбен айтқанда әр оқушы сол сабақтан өзінше бір түйін жасап, өз бетінше білім алды. Ал тәрбиелік жағынан келетін болсам, оқушылар ұйымшылдыққа, тез шешім табуға, сыйластыққа, өзіне баға беруге ұмтылды. Осындай жүргізілетін іс-әрекеттің барлығын бақылап, жүргізіп отыратын - мұғалім. Сондықтан мұғалім ізденіс үстінде болып, сабақтың оқушы үшін қалай ыңғайлы , қалай тиімді болар жолдарын іздестіру керек екендігін аңғардым. Соның нәтижесінде біз балаларға негізгі білімді бере отырып, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруға ұмтылатын, жауапкершілік сезімі бар жас адамның жеке басын қалыптастыруға айтарлықтай үлесімізді қосамыз деп ойлаймын. 

...Мен бұрын да жаңа әдістерді қолдану , сол жолда ізденістер жасауға әрекет ететін едім. Соған сәйкес оқушыны сөйлету , пікірін тыңдау, оған өз белсендігі бар субьект ретінде қарауға деген қадамдар жасаған болатынмын.Бұл курс барысында менің дәстүрлі педогогикадан қасаң болып қалған стереотиптерім күйрей сынды. Мен енді басқа машинаға отырдым деп есептеймін . Бірақ бұл көліктің жүргізушісі –менің оқушыларым. Олар басқарушы , жаңа жол іздеушілер, жағдаяттардан шығып, мақсатына жетушілер. Ал мен болсам – бағыттаушымын. Өмір атты ұзақ жолда адаспай, анық басып ,биік белестерге жетудің тәсілдерін ұсынушымын.

Пайдаланған әдебиеттер: 1.Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық

2. «Қазақ энциклопедиясы» 1993. 356 бет












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Орта мерзімді жоспар 1 сынып

Автор: Жалмурзина Нуржамила Аскаровна

Дата: 16.05.2015

Номер свидетельства: 212178

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(176) "9-сынып физика орта мерзімді жоспар .Тарау :«Механикалы? ?оз?алыс.Бір?алыпты т?зу сызы?ты ?оз?алыс» "
    ["seo_title"] => string(105) "9-synyp-fizika-orta-mierzimdi-zhospar-tarau-miekhanikalyk-k-ozg-alys-birk-alypty-tuzu-syzyk-ty-k-ozg-alys"
    ["file_id"] => string(6) "228460"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1441304261"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Тізбектелген саба?тар топтамасынан орта мерзімді жоспар .7-сынып ?дебиет"
    ["seo_title"] => string(79) "tizbiektielghien-sabak-tar-toptamasynan-orta-mierzimdi-zhospar-7-synyp-diebiiet"
    ["file_id"] => string(6) "298918"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456415101"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Дене шыны?тыру п?нінен орта мерзімді жоспар"
    ["seo_title"] => string(50) "dienie-shynyk-tyru-p-ninien-orta-mierzimdi-zhospar"
    ["file_id"] => string(6) "279116"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453197782"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "География п?ні бойынша 9-сынып?а арнал?ан орта мерзімді жоспар "
    ["seo_title"] => string(70) "gieoghrafiia-p-ni-boiynsha-9-synypk-a-arnalg-an-orta-mierzimdi-zhospar"
    ["file_id"] => string(6) "210837"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431508231"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "П?н: Информатикадан орта мерзімді жоспар "
    ["seo_title"] => string(41) "p-n-informatikadan-orta-mierzimdi-zhospar"
    ["file_id"] => string(6) "188297"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426659273"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства