Амандасу Диалог және монолог ережелері арқылы топқа бөлінеді, не білетіндері туралы айтылады «Оқымысты бала» мәтін тараулары бойынша сұрақтар арқылы баяндайды. Екі топ бір-біріне сұрақтар береді. «Менің атым-Қожа» киносынан интербелсенді тақтадан Қожаның суреті көрсетіледі. -Балалар, бұл суреттегі кім? -Қай кинодан? Көргендеріңіз бар ма? Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсатын айқындап алайық: -Бұл мәтінді оқуда қандай мақсатқа қол жеткіземіз? Слайд арқылы жазушы туралы түсінік беру 1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы? “... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”
2. Жазушының қандай шығармалары бар? - «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б. 3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер? Менің атым Қожа Жанр: комедия, жанұялық Мемлекет : Қазақстан Шыққан жылы: 1963 Режиссер: Абдолла Қарсақбаев Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала. Жаңа сабақты меңгерту Мәтінді өз беттерімен оқып шығады. Мәтіндегі негізгі идеяны анықтайды Кинодан үзінді көрсетіледі Оқушылардың кинодан кейінгі әсерлері тыңдалады |