Сабақ тақырыбы: «Мен және отбасым»
Сабақ мақсаты: Оқушылардың дене бітімінің қалыптасуына
көңіл бөлу спорттың денсаулыққа пайдасы зор
екендігін түсіндіру.Салауатты өмір салтын
қалыптастыру арқылы ептілікке,жылдамдыққа,
шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Бүлдіршіндердің
обасына деген қызығушылығын дамыту.
Сабақтың көнекілігі: Отан отбасынан басталады.
Әке – асқар тау
Ана – мөлдір бұлақ
Бала – жағасындағы құрақ
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап
Сабақ түрі: Жарыс сабақ
Сабақ барысы: Топқа бөлу (3 топқа
Тапсырма түрлерімен таныстыру
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, оқушылар және жарысқа қатысушылар.
Әке - асқар тау
Ана – мөлдір бұлақ дегендей
Бала – жағасындағы құрақ – демекші отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Әке – шешем көңіл қойса дем беріп
Спортты біз сүйер едік тең көріп
Салауатты өмір салтын сақтайық
Спорт қана қамалымыз ең биік
Қазағымда спорттың аты да бар
Ойындар көп бар елді мойындатар
Бірі жеңіп, біреуі ұтылатын
Топтық ойын жарысып қызықтаңдар дегендей ойынымыз 8 бөлімнен тұрады:
Таныстыру
Әкелер сайысы
Аналар сайысы
Балалар сайысы
Отбасылар сайысы
Әке мен шеше сайысы (Бетпе бет)
Би «Қара жорға»
Кенгуру отбасы құрамы толық қатысады.
Ал енді сайыс болғандықтан, бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Игісінова Гүлайым – оқу ісінің орынбасары
Сатмағанбетова Б – тәрбие ісінің орынбасыра
Сүлейменов Мәдениет- дене тәрбиесінің мұғалімі
-2-
Жанұялар отыр сынға түскелі.
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің күш жігері жалындап,
Жеңіс сатын тағат таппай күткені.
«Сайыс» десе таза біздің арымыз
Жалындайды сайысқанда жанымыз
Сайысатын отбасыларды бүгінгі
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз – дегендей ортаға:
Кенжеғалиевтер отбасынан құрылған – «Жас өркендер» тобы
Тілешовтар отбасынан құралған «Айсұлтан» тобы
Баймұратовтар олтбасынан құралған –
Сайысымызды бастамас бұрын сыныптастарына жеңіс тілей отырып ортада Амангелді Ерасыл ән шырқайды.
Әні: «Біз жастардың түлегіміз»
Ал, енді жарысымздың І бөлімі таныстыру.
Яғни, топ басшылары өздерінің топтарын өлең жолдарымен таныстырады.
Әр бөлімнен кейін баға беріледі.
ІІ бөлім. Әкелер сайысы.
«Ассалаумағалейкум халқым» деп,
Әрқашан еліне бас иетін,
Отбасы мерекесі, берекесі,
Үлгі еттік әкелер тәрбиесін, - деп ортаға әкелерді шақырамыз.
Ойын шарты: Берілген жолақпен футбол добын аяқпен тебе отырп,
мәреге барып қайта орнына келу.
Баға беріледі.
ІІІ бөлім. Аналар сайысы
«Ана өмірдің гүлі» дейді. Жанұяны аналық махабатымен суарып аналар өнерін көрсек дейміз.
Ана деген – өміріңнің шырағы,
Өмір көзі алтын кұннің шуағы.
Дем беретін сүйетұғын жанымен,
Шөл далада орындайтын бұлағың.
Ойын шарты: Сақинаны мойынан түсірмей айналдыру. Неғұрлым ұзақ
айналдырған ойыншы жеңімпаз атанады.
Баға беріледі.
ІІІ бөлім. Балалар жарысы
Өз бойыңда күллі арман,
Әуені ерке гүлі жыр.
Мейірленген, нұрланған
Балалардың гүлі бұл.
-3 -
Аспан ашық дәл бүгін,
Бұлтанбайды көк аспан.
Бақытты алдан тосамыз,
Жарысатын күн бүгін – де отырып балаларды ортаға шақырамыз.
Ойын шарты: Допты жерге бір қолымен соға отырып белгіленген жерден
айналып, қайта келу. Баға беріледі.
Сыныптастарына жеңіс тілей отырп ортада Арыстанқызы Аружан ән шырқайды.
Ән: «Бала тілегі»
Ү бөлім. Жанұялар құрамы толық қатысады.
Картобымыз қапта тұр,
Жанұялар сапта тұр.
Ептілік пен жылдамдығын
Білдіретін осы кез – дей отырып отбасылар құрамын ортаға шақырамыз.
Ойын шарты: Белгілі бір жерге төгілген картопты баласы алып келіп
әкесіне береді.Әкесі аршып анасына береді. Анасы текшелеп
турайды. Баға беріледі.
ҮІ бөлім. Әке мен шешеш сайысы
Яғни бұл ойын бетпе бет деп аталады. Допты маңдайларына тірей отырып, кедергілерден өтіп қайтып келу. Дайындалыңыздар, бастаймыз,Алға!
Баға беріледі.
ҮІІ бөлім. Би
Қара жорға болмас
Бидің сәні келеме – дегендей бұл бөлімде отбасы құрамы толықтай қатысады.
Шарты: Бүкіл тұла бойын қозғалта отырп билейді.
Дайындалыңыздар, бастаймыз,Алға!
Баға беріледі
ҮІІІ бөлім. Соңғы бөлім кенгуру сайысы.
Бұл бөлімде допты тізеге қыса отырып кедергілерден өтіп, орнына қайтып келу. Дайындалыңыздар, бастаймыз,Алға!
Баға беріледі
Ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Әділ қазылар шешім шығарғанша ортада Ізтілеу Мерей сыныптастарына арнап ән шырқайды. Әні : «Менің анам»
ІХ бөлім. Марапаттау. (жеңімпаздарды анықтау)
-4-
Х бөлім. Қорытынды
Шынықсаң шымыр боларсың.
Сауығып айдай толасың,
Спортты серік ете біл.
Жақсы азамат боларсың – дей отырып отбасылар сайысымызды аяқталады!
Келгендеріңізге рахмет!