- Балалар, бүгінгі математика сабағы ерекше болмақ. Казір оны өздерің де байқап, куәсі боласыңдар. Ендеше сабағымыз қызықты өтсін, сендерге сәттілік тілеймін!
Топка бөлу (орналастыру)
Топта отырған балаларды 1,2,3,4 деп санау арқылы бөлемін. Әр оқушы өздеріне берілген сандар арқылы тотарын ауыстырады
- Балалар, енді әркім өз жанұялық тобын тауып отырсын. Бүгін негізгі 4 топ бойынша жұмыс жүргізіледі. Топ жетекшісі мен бағалаушыларды сайлайық.
Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Санды кеміту, бірнеше есе кеміту ұғымдарын пысықтау мақсатында әр топқа карточкалар таратылып, тізбектеп орындаулары сұралады.
а
16
32
24
8
20
4
36
4 есе кемiт
4-ке кемiт
а
20
40
35
10
25
5
45
5 есе кемiт
5-ке кемiт
а
12
21
18
6
15
3
27
3 есе кемiт
3-ке кемiт
а
24
60
36
12
30
6
54
6 есе кемiт
6-га кемiт
Қағаздар жиналып, қорытындыланады.
Жана сабақты енгізу.
1.Кіріспе
4 топқа алма, алмұрт, пирог, шоколад таратылады. Берілген заттарды 2,4, 6, 8-ге бөлу тапсырылады
- Балалар, тапсырманы орындау барысында көңіл қойып, өте зеректікпен орындаңдар! Қазір сендер пышақпен жұмыс жасайтындықтан қауіпсіздік ережелерін де естен шығармаңдар!
Пышақпен жұмыс кезінде өте абай болу керек!
Пышақпен ойнауға болмайды!
Пышақты біреуге бергенде сабы жағын ұсынған жөн!
Пышақпен жұмыс жасағанда қасындағылардың алыспауын, бөгет жасамауларын қадағалау қажет!
Пышақты көрінген жерге тастама!
2. Қорғау.
Әр топтан 1 оқушы орындалған жұмыс бойынша сөйлейді, өз жұмысын қорғайды
3. Мұғалімнің қорытындылауы.
Мұғалім топ жұмыстарын қорытындылайды, кемшіліктері болса анықтап, түзетеді
4. Жаңа ұғыммен таныстыру.
- Балалар, мінеки сендер бұрын естімеген жаңа ұғым ҮЛЕС ұғымы. Бүгін бізде 4 топ, 4 түс, ендеше 4 әріптен құралған сөзіміз де осы сабақтың негізі болмақ. Ол – Ү Л Е С.
-Кез келген заттың үлесін табуға болады. Ол үшін керекті үлесті бөліп алу арқылы таба аламыз.
- Соған сәйкес бөлшек ұғымы да кірігеді. Мысалы бөлшек сызық арқылы анықталады екен. Сызықтың астындағы сан неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді және бөлшектің бөлімі болады, ал сызықтың үстіндегі сан неше бөлігі алынғанын көрсетеді және бөлшектің алымы деп аталады.
1 1 1 1
3 5 9 10
5. Пысықтау.
- Балалар, енді сендердің жаңа сабақты қалай түсінгендеріңді тексергім келіп тұр. Қазір мен 4 топқа геометриялық фигураларды таратамын. Сендер сол фигураларды бөлшектерге бөліп үлесін тауып бояйсыңдар. Сонымен, дөңгелектің үштен бірін, шаршының төрттен бірін, жолақтың жетіден бірін, тік төртбұрыштың бестен бір бөлігін табу керек. Уақыт шектеулі, жылдам әрі дұрыс орындауға тырысыңдар!
6. Әр топтан 1 бала шығып сөйлейді.
- Міне, үлес ұғымымен де тыныстық. Мен сендердің казіргі жасаған жұмыстарыңа, еңбектеріне ризамын, алғыс айтамын.