kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коучинг сессия "Рефлексия түрлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Мұғалімдермен өткізілген коучинг сессия тақырыбы "Рефлексия және оның түрлері болды. Коучингтің мақсаты жаңартылған бағдарлама негізінде сабақ беретін мұғалімдерге әдістемелік көмек беру. Коучинг барысында мұғалімдер сабақтың әр кезеңінде өткізілетін рефлексиялар және олардың түрлерімен танысып, өз сабақтарында қолдануға жетіседі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Коучинг сессия "Рефлексия түрлері"»













Коучинг сабағының жоспары


Өткізетін: ІІ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі

Кусайнова Гулсара Ибраевна















Зайсан қаласы

2019


Коучинг сессиясының жоспары

Аудитория

Мұғалімдер

Тақырыбы

Рефлексия- оқу үдерісін жетілдіру құралы

Жалпы мақсаты:

Жоспарланған тақырыптар негізінде жалпы ұғымдарын қалыптастырып, өз тәжірибелерінде қолдануға үйренеді.

Оқытудың әдістері мен тәсілдері

Ой қозғау, болжау, топта бірлескен талқылау жүргізу, тәжірибелік жұмыстар, кестелер жұмыстар.

Көрнекі құралдар

АКТ,түрлі -түсті парақтар, бояулар, стикерлар, магниттер

Сабақтың барысы

Сабақтың өту кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру. Жағымды көңіл күй қалыптастыру

5 минут

«Көңіл-күй» шеңбері. Бір –бірімен әр түрлі қимыл көрсетіп амандасу.

Алақан түйістіріп

Саусақ түйістіріп

Иық түйістіріп

Бас түйістіріп

Тізе түйістіріп

Аяқтың ұшымен

«Магнит» ойыны арқылы үш топқа бөлініп отыру. Магнит алған қатысушы топ басшысы.








Магниттер


Сабақтың ортасы

25 минут























































Сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Кіріспе. БББ кестесі. Рефлексия туралы білетіндерін, білгісі келетінін жазады.

І. Теориялық аялдама. «Рефлексия» сөзі ежелгі латын тілінің «reflexio» сөзінен туындайды, аудармасы «кейінге үңілу» мағынасын білдіреді.

Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан – жақты қарастырады, яғни өзін – өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзетейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды.

Жалпылама алғанда рефлексияның қадамдары мынадай болуы ықтимал:

  1. Аялдама жасау (тоқтау)

  2. Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау;

  3. Өзгерістер енгізу;

  4. Болашақты жоспарлау;

Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады, өйткені мұнда дайын жауап жоқ, оны іздеу керек, іздену керек, жобалау мен жоспарлау қажет. Рефлексия күмәндану мен терең ойлануды қажет етеді. Өзіңе өзің толассыз сұрақтар қойып, оларға жауап табуға ұмтылу. Бұл туралы Америкалық педагог Джон Дьюи «Егер пайда болған ой лезде қабылданатын болса, онда алдымызда сыни ойлау емес, мұнда рефлексия minimum  түрінде болады» деп айтқан. Сонымен рефлексияда адам әрекеттерін бір мезетке тоқтатып, өзіне мынандай сұрақтар қояды:

Мен кіммін?

Қандаймын?

Не істеп жатырмын?

Осы әрекеттерімнің мақсаты қандай?

Мен мұны қалай қолданамын?

Маған мұны қалайша өзгертуге болады?

Енді не істеймін?

Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:

І. Мақсатына қарай :

  • эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы

  • әрекетттік рефлексия.

  • оқу мәліметтінің мағынасының рефлексиясы.


1 Эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы.
Көңіл - күйдің рефлексиясы сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады.
2 Әрекеттік рефлексия.
Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс - тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Шығармашылық іс - әрекетке, іздемпаздық жұмыстарға талдау жасай білуді үйретеді. Жеке іс - әрекетін ұйымдастырып өз бетімен сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы іс - әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді.
3 Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы.

(Жаңа сабақты түсіндіру кезінде). Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс - әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі. Іс - әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтау.

ІІ. Мазмұнына қарай:

  • Ауызша;

  • Жазбаша

ІІІ. Тұлғалық:

  • физикалық: үлгердім-үлгермедім;

  • сенсорлы: қызық-қызықсыз;

  • рухани: жақсы сезіндім –жаман сезіндім (тек жазбаша түрде)

  • интеллектуалдық: түсіндім-түсінбедім

ІV. Сабақтың түріне қарай:

  • ББД қалыптасуынан кейін

  • Аралық рефлексия

  • Бақылау рефлексиясы

  • Қорытынды рефлекси

V. Өту әдісіне қарай:

  • Анкета

  • Сұрақ

  • Кесте

  • Жағдаят

  • Сурет

  • Символ

VІ. Іс-әрекетіне байланысты:

  • Фронталды

  • Жеке

  • Топтық

  • Ұжымдық

Рефлексия түрлерін өткізудегі тиімді әдістер.

1. көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы;
1. «Пейзаж–көңіл күй айнасы» әр оқушы табиғат пейзажы бар сурет таратылады. Мұғалім оқушыларға суретте өзі қалаған жерді көрсетіп, ағылшынша бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.
2. «Түсті карточкалар» оқушыларда екі карточка: көк және қызыл. Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады.

3. «Смайликтер» арқылы көңіл-күйін білдіру.

4. «Күншуақ»: оқушылар барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды.

5. «Көңіл-күй гүлшоғыры». Оқушыларға түрлі –түсті гүлдер таратылады, өздеріне ұнаған гүлді құмыраға жабыстырады, таңдаған түстері бойынша көңіл-күйдері анықталады.

6. «Қайық». Оқушылар түсті кемелерге өз туларын жабыстырады: қызыл –сабақ ұнады, жасыл –қызықсыз, қара- сбақ ұнаған жоқ.

7. «Алма ағашы». Сары және жасыл түсті алмалардың ұнаған түсін таңдап іледі.

3. Іс-әрекет рефлексиясы
1. Жеке жазба жұмыс рефлексиясы.
Өткізу түрі – тестер, мини - шығарма, эссе, кесте, досыма хат, тірек сызба. Т

2. «Өзіме хат» жазу дағдысын дамытуға септігін тигізіп, оқушының өзіндік талдау жасауына ықпал етеді. Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды.
3. «Эссе». Ой толғау.

4. «Диаграмма» Сабақтағы материалды қалай түсінгенін тексеруге арналған.
6. «Уақыт шкаласы» мәтіндегі хронологиялық даталарды есте сақтау үшін қолданылады,
7. «Бағдаршам». Бақылай-бағалау рефлексиясы. Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

10. «Пантомима» . Қолдарын жоғары көтерсе –сабақ жақсы өтті, басы төмен - қанағаттанған жоқ, беттерін қолымен жауып алса –ұнамады.

11.Жүргізілген жұмыстар бойынша  көңіл – күйді талдау мақсатында өткізілетін әңгіме. Бұндай әңгімелесу барысында балалар өздерінің алған әсерлері бойынша ойларын бөліседі, жетістіктері мен қынжылатын жайларды талдайды, бірін- бірі тыңдап үйренеді, өз іс- әрекеттерін талдап үйренеді.

13. «Тілшілер» ойыны, оның мәнісі - орта және жоғары буын оқушылары күнделік жүргізеді. «Тілші» өз жазғанын оқиды, ал басқалары оған өз көзқарастарын айтады, тілшінің деңгейін анықтайды.

14. Әр түрлі тесттерді қолдану.

 17.  «Отырмақ», ойынға қатысушылар жұптасып  бір – біріне қарсы қарап отырып, жаңа білімдерімен бөліседі.

  20.« Эстафета» ойыны барысында қатысушылар үшке бөлінеді: әңгімелеуші, тыңдаушы, бақылаушы; әр қайсысы осылардың барлығында да болуы керек.

   «СМС» жазу. Сабақ қалай өткені туралы .

3. Оқу материалдарының мағынасының рефлексиясы.
Оны мұғалім оқушылар өткен материалдың мазмұнын қалай түсінгенін анықтау үшін қолданады.
1 Ақталмаған сөйлем тәсілі (тезис): Аяқталмаған фразалар сабақ тақырыбына байланысты болуы мүмкін.
2.Сабақ мақсатына жету рефлексиясы.
3. Think wane (синквейн) 5 жолдық
• Бірінші жол- тақырып атауы;
• Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен;
• Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен;
• Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты;
• Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын.
Бұл жұмыс түрінде әр оқушы өз ойын, алған әсерін білдіреді.

4. «Баспалдақ». Жаңа материалды қаншалықты меңгергенін бағалайды.

5. «Ақылдың алты қақпағы» материалды әр түрлі қырынан сипаттайды.

6. «Тірек сөздер». Тақтаға (параққа) тірек сөздер жазылады, сол сөздерден сөйлемдер құрау.

ІІ. Тәжірибелік аялдама.

Мұғалімдерге тапсырмалар үлестіру. Орындаған тапсырмаларынан соң өздері таңдаған әдіспен рефлексия жүргізу.

Сергіту сәті. «Мен кіммін, қандаймын?». Өзін бір затқа ұқсатып, қимылмен көрсетіп айту.

Мен –таумын, бәрінен биікпін.

Мен күнмін-өйткені көңілдімін.

Мен жаңбырмын- жылауықпын.

Мен сағатпын, ұқыпты, тиянақтымын.

І топ. Эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы

Сабақ тақырыбы: Аурудан аяған күштірек. Ы. Алтынсарин (әдебиеттік оқу). Қатысушылар топта ақылдаса отырып, кесте бойынша сабақ соңында өткізілетін рефлексия түрлерін анықтап, көрсетеді.

ІІ топ. Іс-әрекет рефлексиясы

Сабақ тақырыбы: Күрделі теңдеу (математика). Қатысушылар үй тапсырмасынан кейінгі рефлексия түрін анықтап көрсетеді.

ІІІ топ. Оқу материалдарының мағынасының рефлексиясы.

Сабақ тақырыбы: Менің қауіпсіздігім (дүниетану). Ұстаздар бірлесе жаңа білімнен кейінгі рефлексияны жүргізудің тәсілін анықтап көрсетеді.

Слайд 1


Слайд 2
















Слайд 3





















Слайд 4























































Слайд 5


















Слайд 6
































Слайд 7


























Слайд 8





Слайд 9

Тапсырмалар жазылған парақшалар, стикерлер,

кестелер






Сабақтың соңы

10 минут




Рефлексия.


БББ кестесін толтыру. Не білгендерін толтырып, бөліседі.

Білемін

Білгім келеді

Білдім




«Үш арал» әдісі арқылы ұстаздардың сабақты бағалауы

Слайд 10

Кесте




Слайд 11












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Коучинг сессия "Рефлексия түрлері"

Автор: Кусайнова Гулсара Ибраевна

Дата: 12.05.2019

Номер свидетельства: 509822

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Коучинг сессия. О?ыту ?шін ж?не о?уды ба?алау"
    ["seo_title"] => string(44) "kouchinghsiessiiaokytuushinzhnieokudybagalau"
    ["file_id"] => string(6) "321736"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461381960"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Коучинг-сессияны? та?ырыбы"Сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету" "
    ["seo_title"] => string(65) "kouchingh-siessiianyn-tak-yryby-syn-tu-rg-ysynan-oilaug-a-uirietu"
    ["file_id"] => string(6) "131031"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1416061213"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "Коучинг-сессия "Жа?а ?діс-т?сілдерді ?олдану ар?ылы топты? ж?мысты ?йымдастыру""
    ["seo_title"] => string(88) "kouchingh-siessiia-zhan-a-dis-t-sildierdi-k-oldanu-ark-yly-toptyk-zhu-mysty-u-iymdastyru"
    ["file_id"] => string(6) "293835"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455554097"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "Коучинг-сессияны? та?ырыбы«О?уда?ы ж?не о?ытуда?ы жа?а т?сілдер. Диалогты? о?ыту» "
    ["seo_title"] => string(95) "kouchingh-siessiianyn-tak-yryby-ok-udag-y-zh-nie-ok-ytudag-y-zhan-a-t-sildier-dialoghtyk-ok-ytu"
    ["file_id"] => string(6) "131027"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1416060277"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Коучинг-сессияны? та?ырыбы: «Жазу ар?ылы ?иял да?дысын дамыту» "
    ["seo_title"] => string(69) "kouchingh-siessiianyn-tak-yryby-zhazu-ark-yly-k-iial-dag-dysyn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "201060"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428955112"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства