Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по казакскому языку»
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:сөйлем туралы алған білімдерін еске түсіру, толықтыру; Дамытушылығы:оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелілігі:кітаппен дос болуға құстардың қамқоршысы болуға тәрбиелеу.
1-жаттығудағы берілгендердің қайсысы сөйлем, қайсысы сөйлем емес екендігін анықтау, талдау.
Сөйлемге тән белгілерді есіңе түсір:
*сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады:
*аяқталған ойды білдіреді:
*бірінші сөзі бас әріптен жазылады:
*соңына не., не.?, не! қойылады.
Дәптермен жұмыс. Күннің жадын,тақырыпты жазу.
2-жаттығуда берілген сөздерден сөйлем құрастыру: Кітапты көп оқы! Сендерге білімді болуға кітап көмектеседі. 3-жаттығуда берілген сөйлемдердегі жақшадағы сөздерді мағынасына қарай өзгертіп жазу.
Сергіту жаттығу.
4-жаттығудағы ертегіні оқу, тиісті тыныс белгілермен толықтырып, көшіріп жазу. Мәтінде неше сөйлем бар? Бұл ертегіні ары қарай кім жалғастырады? Түлкі неліктен арыстанның жанына жақындамайды? Түлкі арыстанның айласын неден біліп қояды?
5-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп оқу, нүктенің не үшін керек екенін анықтау. Нүктеден басқа қандай тыныс белгі білесіңдер?