Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Х,? дыбыстары »
Мұғалімі : Достаева Жулдыз Игликовна
Мекен-жайы:Атасу кенті
Мектебі : № 132 ОМ.
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 3
Тақырыбы : Х,һ дыбыстары
Мақсаты : х,һ дыбыстарының ерекшелігін меңгерту, х , һ дыбыстары туралы 1 сыныпта алған ұғымдарын бекітуін қамтамасыз ету;тіл байлығының,ойлау қабілетінің дамуына көмектесу;жаңа сабақты меңгеру үшін жағдайлар жасау;көркем жазу мәдениетін дамыту. Түрі : жаңа сабақ
Енді, балалар, мына сөйлемді тақтаға жазайық. Циркке халық көп жиналды.Тақтаға осы сөйлемдегі цирксөзіне дыбыстық талдау жасайық.
Осы сөйлемдегі халық сөзіне мағыналас қандай сөздерді білесіңдер? (Ел,адамдар,кісілер)
Ендеше, осы халық арасынан қандай оқымысты,білімді ,батыр,зерттеушілер шыққан,білесіңдер ме? (А.Байтұрсынұлы.,Ы.Алтынсарин,Б.Момышұлы,Ш.Уалиханов т.б.)
Дұрыс,ал Б.Момышұлы туралы не айтар едіңдер? Ол кісіні біз кім дейміз?
Халық қаһарманы дейді екенбіз.
Олай болса,балалар,бұл сөз қандай адамдарға арналып айтылған?
Балалар,осы сөзде ұқсас дыбысталып тұрған қандай әріптерді көріп тұрсыңдар?
Х,һ- дыбыстары
Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз Х,һ дыбыстары.Дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді тақырыпты жазып қойыңдар.Бүгін біз х,һ дыбыстарының ерекшелігі туралы 1 сыныпта алған білімімізді ары қарай дамытып, тапсырмалар,жаттығулар орындап,өзіміздің білімдерімізді көрсетеміз.
ІІІ.Жаңа сабақ: 1.Көркем жазу. Хххххххх,һһһһһһһ -дыбыстары келетін сөздерді тақтаға жазу.
(Оқушылар өздері мысал келтіріп отырып жазады)
2. Х,һ дыбыстарының айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктеріне тоқтала отырып, ереже шығару.
Х – тіл арты дауыссызы, һ- көмей дауыссызы , екеуі де қатаң ызың дауыссызға жатады. Х- дыбысының бас әрпі бар,һ дыбысының бас әрпі болмайды.Х-дыбысы орыс тілінен енген сөздерде көп кездеседі, һ-дыбысы төл дыбысымызға жатады.