Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәні "Сын есім"»
Ашық сабақ
Қазақ тілі
Сын есім
2-сынып
Сабақтың тақырыбы:Сын есім
Мақсаттары:
Сын есім туралы толық білім беру, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, сабаққа ынта- ықыластарын арттыруға көңіл бөлу, заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу.
Дамытушылығы: Ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту.Байқағыштыққа, сауаттылыққа, жазу каллиграфиясын, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін жетілдіру,
Тәрбиелілігі: Кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, жинақылыққа баулу.
Сабақтың әдісі:Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмыстары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа қажетті оқу құралдарын қадағалау.
Қазақ тілім –өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне, балалар кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз қазақ тілі сабағы екен, олай болса, қазақ тілін кім қалай білетінін байқап көрейік.
Өткен сабақты қайталау.
Топ.Зат есім деген не?Сұрақтарын ата, мысал келтір.
Топ.Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын ата, мысал келтір.
Топ. Дара және күрделі етістіктер дегеніміз не? Мысал келтір.
Заттарды сипатта.
Мынау не? АЛМА
Түсі қандай? ҚЫЗЫЛ
Көлемі қандай ? ҮЛКЕН
Дәмі қандай? ТӘТТІ
Иісі қандай? ЖҰПАР
Бүгін біз сөз табының тағы бір түрі яғни заттың белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс.
407- жаттығу.
Топ. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Топ. Қараменжазылған сөздерді оқу.
Топ. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.Ол сөздер нені білдіреді?
Сын есім туралы ережені оқу, оқушыға оқыту.
Дәптермен жұмыс.
408- жаттығу. Мақалды жатқа жаз.
Жақсы адам-елдің ырысы,
Жақсы жер- жанның тынысы.
Топ. Сын есімдерді табу.
Топ. Оның қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.
Топ. Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Сергіту сәті
409- жаттығу.Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.
Қой-жуас мал. Қалың орман тұнжырап тұр.
Анам қалың шұлық тоқып берді.Ауылдың жолы тегіс.
410-жаттығу.(ауызша орындалады)
Бағандағы сөйлемдерді салыстыру.сын есім не үшін қажет екенін дәлелдеу.
Оның құлағы, құйрығы және жүні бар.
Оның ұзын құлағы, қысқа құйрығы және жылы жүні бар .Жазда жүні сұр, ал қыста ақ болады.
Жауаптары:
Екінші бағандағы сөйлем сын есім болады.Өйткені сөйлемнің толық мағынасын ашып тұр және қандай? деген сұраққа жауап беріп тұр.
Сабақты бекіту.
Топ. Сызық арқылы сын есімді өзіне тән зат есіммен тіркестіріп жаз.