Саба?ты? та?ырыбы: Сын есімнен ?ткенді ?айталау.
Саба?ты? ма?саты: Сын есім туралы ал?ан білімдерін пысы?тау. Тапсырмалар мен жатты?улар орындау барысында ойлау ?абілеттерін арттыру. С?здік ?орларын молайту, байланыстырып с?йлеу да?дысын ?алыптастыра отыру.
Саба?ты? к?рнекіліктері: Тірек сызбалар, ?нтаспа, тест, семантикалы? карта.
Т?рі: ?айталау саба?ы.
?діс - т?сілдері: шы?армашылы?, с?ра? - жауап, талдау, ж?пты? ж?мыс, СТО элементтері,
Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і.
ІІ. Кіріспе б?лім. Саба? ма?сатымен таныстыру.
- Б?гінгі ?аза? тілі саба?ында сын есімнен ал?ан білімдері?ді жина?тап бекітеміз,
жалпы сын есім туралы біз осы т?рт жыл ішінде не білдік, не ?йрендік? соны орта?а саламыз.
1- тапсырма:
ІІ. Негізгі б?лім. Сын есім бойынша тест./3минут/
1. Сын есім дегеніміз не?
а/затты? сынын, т?рін, т?сін, сапасын, д?мін білдіреді.
?/затты? т?рін, атын, т?сін білдіреді.
б/затты? к?лемін, атын, ?имылын білдіреді.
2. ?арсы м?ндес сын есімді тап.
а/жа?сы - жаман ?/биік, жо?ары. б/ с?лу, ?демі.
3. Сын есімні? с?ра?тарын жаз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Сын есімнен ?ткенді ?айталау" саба?ы »
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты: Сын есім туралы алған білімдерін пысықтау. Тапсырмалар мен жаттығулар орындау барысында ойлау қабілеттерін арттыру. Сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыра отыру. Сабақтың көрнекіліктері: Тірек сызбалар, үнтаспа, тест, семантикалық карта. Түрі: Қайталау сабағы. Әдіс - тәсілдері: шығармашылық, сұрақ - жауап, талдау, жұптық жұмыс, СТО элементтері, Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Кіріспе бөлім. Сабақ мақсатымен таныстыру. - Бүгінгі қазақ тілі сабағында сын есімнен алған білімдеріңді жинақтап бекітеміз, жалпы сын есім туралы біз осы төрт жыл ішінде не білдік, не үйрендік? соны ортаға саламыз. 1- тапсырма: ІІ. Негізгі бөлім. Сын есім бойынша тест./3минут/ 1. Сын есім дегеніміз не? а/заттың сынын, түрін, түсін, сапасын, дәмін білдіреді. ә/заттың түрін, атын, түсін білдіреді. б/заттың көлемін, атын, қимылын білдіреді. 2. Қарсы мәндес сын есімді тап. а/жақсы - жаман ә/биік, жоғары. б/ сұлу, әдемі. 3. Сын есімнің сұрақтарын жаз. 1. 2. 4. Күрделі сын есімге мысал келтір ----------------------------------------------------------------------------------------- 5. Мына қарсы мәнді сын есімдердің сыңарын жаз. 1. Ащы - 2. Қатты - 3. Жақсы - 2-тапсырма. Абайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерінен «Жаз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Күз» өлеңдерінен сын есімдерді табу .... Жаз келер, қыстыгүнгі қысым өтіп, Қар, суық аяз, боран - бәрі кетіп. Қасықтай қар, тобықтай тоң болмайды, Табиғат барша жанға рахым етіп. ... Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр мылқау, танымас тірі жанды. Үсті - басы ақ қырау, түсі суық Басқан жері сықырлап келіп қалды. ... Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан - жануар, адамзат анталаса, Ата - анадай елжірер күннің көзі. .. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан. Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тоңғаны ма, тойғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
3 -тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Сын есімдерді тауып, оларды дара, күрделі түрлеріне ажырату. Наурызым қорығы қарағайлы орман мен далалы аймақтың шағын көлдерін сақтап қалу мақсатымен құрылған. Бұл жерді табиғи музей десе де болады. Бұл қорықта қызыл жемсаулы қаз, дуадақ, аққұр секілді құстар, қызыл түлкі, қара көк күзен, ақ сары суыр секілді жануарлар мекендейді. /қорықтар туралы шағын әңгіме жүргізу/ 4 - тапсырма. Жұмбақ шешіп, мақал - мәтел айтып жарысу./Сын есімі бар мақал - мәтел, жұмбақтар/ топпен жұмыс. Айбарлы сұсы бар, Қанжардай тісі бар. Аң патшасы болатындай, Тұла бойында, Тасыған күші бар. Күжірейген жалды, Білсең айт бұл аңды /арыстан/ т. б. Жақсы кісі жығылса, Жаман адам табалар Тілі тәтті, Діні қатты. Сабыр түбі - сары алтын. Т. б. 5 – тапсырма. Семантикалық карта толтыру. мысалдар дара күрделі қарсы Торы Ұзын Ажарлы Ұзын - қысқа Әдепті Үлкен - кіші Тұп - тұнық Қара көк Қызыл қоңыр Ақ түтек Жақсы - жаман
6 – тапсырма. Сын есім сөзіне топтастыру жасаумен қорытындылау.
СЫН ЕСІМ
Оқушылар білімін бағалау. Үйге тапсырма: «Сын есім» сөзіне ребус құрастыру.