Сабақтың барысы | Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі | Күтілетін нәтиже |
І. Ұйымдастыру бөлімі | - Сәлеметсіздер ме, оқушылар! - Сыныпта кім кезекші? - Бүгінгі сабақта кім жоқ? Оқу-құралдарының дайындығын тексеру, сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру. Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару. | Оқу-құралдарын дайындайды, кезекшілік міндеттерін атқарады. Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады, көңіл-күйі көтеріңкі болады. | Сынып сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды. |
ІІ. Өткен материалды қайталай отырып жаңа материалды қабылдауға дайындық | -Балалар, бүгінгі жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын өткен сабағымызға бір шолу жасап, жаттығулар орындайық. Дайынсыңдар ма? Шығармашылық диктант. Сөйлемдегі әр сөз тіркесін даралап бөлек жаз. Даусы өзімсініп көңілді шықты. Күннің жылы лебі сезіледі. Біз автобус тоқтайтын аялдамаға келдік. Менің Айдар деген жолдасым бар. Ауыл шетіндегі Тастөбе алыстан көрінеді. Балалар, өткен сабақтарға байланысты бірнеше сұрақтар қоямын, сол сұрақтарға белсенді қысқа әрі нақты жауап берейік?! Сөз тіркесі дегеніміз не? | Шығармашылық диктантты Даусы шықты, өзімсініп шықты, көңілді шықты. Лебі сезілді. Автобус тоқтайтын аялдамаға,аялдамаға келдік. Алыстан көрінеді, ауыл шетіндегі Тастөбе. Сөз тіркесі дегеніміз - Екі немесе бірнеше сөздің бір- бірімен байланысуы. Қоңырлау үй, өзенге бардық, қызықты ойындар. Басыңқы сөз: қара ала, бағыныңқы сөз: күртеше. | Тез ойлау арқылы, тапсырманы жылдам орындайды. |
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту. Оқулықпен жұмыс | 1-жаттығу. Екі бағандағы сөз тіркестерін салыстыр. Ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Оныншы пәтер он тоғызыншы пәтер Торы ат торы ала ат Кітап оқыды кітап оқып отыр Бір сыңары күрделі сөз болатын сөз тіркестері бар бағанды тап. | Оқушылар бүгінгі күннің жадын жазып, тақырыппен танысады. Екі бағандағы сөз тіркестерін салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығы бірінші бағанда жай сөзден құралған сөз тіркестері, ал екінші бағанда күрделі сөзден құралған сөз тіркестері. Бір сыңары күрделі болатын сөз тіркестері: он тоғызыншы пәтер, торы ала ат, кітап оқып отыр | Мұғалімнің түсіндірген тақырыбын меңгереді. Тапсырма орындау барысында жаңа материалға байланысты орындалатын жаттығуларға дағдыланады. |
ІV. Жаңа материалды бекіту. а) мұғалім көмегімен бекіту | 2-жаттығу. Мәтінді оқы. Сөз тіркестерін теріп жаз. Қазақстанда үш жүзге жуық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар. Жас спортшыларды бапкерлер жаттықтырады. Жылдан-жылға спорт базалары көбейіп келеді. Олардың арасында спорт сарайлары, спорттық мұзайдындар бар. 3-жаттығу. Суретте берілген зат атауларынан сөз тіркестерін құрастыр. 5-жаттығу. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрастырып жаз. Комбайнмен ауыл Мерекеге жағасы Айтылатын оқушы Өзеннің ору Озат ән Малды дайындық Сөз тіркесінің бірінші сыңарына сұрақ қой. | Мәтінді оқып, сөз тіркестерін теріп жазады. спорт мектебі, бапкерлер жаттықтырады, спорт базалары, спорт сарайлары, спорттық мұзайдындар. Суретте берілген хат атауларынан сөз тіркестерін құрастырып жазады. Ұшақпен келді, өткір ара, хатпен жетті, арбадағы шөп. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркесін құрастырып жаз. Комбайнмен ору, мерекеге дайындық, айтылатын ән, өзеннің жағасы, озат оқушы, малды ауыл. Комбайнмен – немен? Мерекеге – неге? Айтылатын – не істейтін? Өзеннің – ненің? Озат – қандай? Малды – нені? | Жаттығуды орындау арқылы, бүгінгі жаңа тақырып одан әрі түсінікті болады. Мағынасы жағына сөздерді дұрыс байланыстыра біледі. Сөз бен сөздің байланысу жолын сызып, талдай біледі және сұрақ қоя біледі. |
ә) өз бетімен бекіту. | 1-тапсырма. Екі бағандағы сөздердің мағынасы жағынан сәйкестендір. Алма құралы Үйдің партасы Еңбек ағашы Мектеп аспап Музыкалық төбесі «Кім шапшаң?»ойыны Берілген үлгі бойынша сөз тіркесін құрау керек. Зат есім етістік Сын есім зат есім Сан есім зат есім | Екі қатарда орналасқан сөздерді дұрыс тіркестіріп, сәйкестендіреді. Алма құралы Үйдің партасы Еңбек ағашы Мектеп аспап Музыкалық төбесі «Кім шапшаң?»ойыны Кітапты оқыды Қызыл көйлек Бірінші үй | Екі қатардағы сөздерді сәйкестендіру арқылы сөһз тіркестерін шығарады. Ойын арқылы сабақты қорытындылау. |
V. Үйге тапсырма | | Үйге берілген тапсырманы мұқият күнделіктеріне жазып алады. | Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады, өз бетімен жұмыстанады. |
VІ. Бағалау | Оқушылардың іс-әрекетін бағалайды. Қойылған бағаларға түсінік береді. | Өз білімдерінің нәтижесінде алған бағаларын күнделіктеріне қойдыртады. | Өз іс-әрекетінің нәтижесін көреді. |