kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дос болайық, бәріміз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін -өзі тану пәнінен сабақ жоспары. Тыныштық сәтінен басталып тыныштық сәтінен аяқталады. Шығармашылық жұмыс топтарға бөлініп орындалады. Әрбір оқушы тақырыпты дұрыс түсініп ұғып алуына байланысты көптеген тапсырмалар орындалады. Осы сабақ арқылы оқушылар достық ұғымын жақсы меңгереді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дос болайық, бәріміз!»

Өзін-өзі тану сабақ жоспары


Мектеп: №47ЖОББМ

Тақырып: «Дос болайық, бәріміз» 15-сабақ

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: адамгершілік, кішіпейілділік,ізгілік, қарапайымдылық, татулық

Мұғалім: Адилгереева А.С

Сыныбы: 3 ә Оқушы саны : 25

Сабақ мақсаты: «Татулық» адамгершілік құндылығы туралы түсіндіру.

Міндеттері:

-«татулық» ұғымы туралы түсінік беру;

-жақсы қасиеттеріни дамытуға ықпал ету;

-татулыққа, бірлікке тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену.


Сабақ барысын талқылау



Үй тапсырмасын тексеру:

Ө. Тұрманжанов «Күштісің енді сен», - деді

Сұрақтар:

  • Достар бір-біріне қандай көмек жасады?

  • «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  • Осы өлеңнен қандай ой, пікір түйдіңіздер?



Дәйексөз

«Татулық- достықтың кепілі»

мақал

71 бет

Мәтінмен жұмыс:

Құм мен тас

Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Досы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақын досым жағымнан шапалақпен тартып жіберді»

Олар әрі қарай келе жатып, бір көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады. Ол өз-өзіне келген кезде былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақын досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:

- Мен сені ренжеткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

Досы: Бізді біреу ренжіткен кезде, ренішті жел өшіріп тастау үшін құмға жаздым, ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.

Сұрақтар:

  • Достар не үшін ренжісті?

  • Шапалақ жеген баланың бойынан қандай жақсы қасиет көріп тұрсыңдар?

  • Екі дос бір – бірімен қандай дос екен?


Өзін-өзі тану журналы

Шығармашылық жұмыс:

  • І топ – Достыққа тән қасиеттерді жазу

  • ІІ топ – Дос туралы мақал – мәтелдер, мағынасы

  • ІІІ топ – Әңгімені жалғастыр

  • IV топ – Жақсы дос пен жаман досты топтастыр



Топпен жұмыс.

«Адал достар» үйі бұлттағы жағдаяттарды шешу.



Дәптермен жұмыс

«Досыңды құрметте» сөзін құрастырып жазыңдар


Топпен ән айту

Дос болайық бәріміз!!!

 Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбектікті сүйіңдер!

Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.

 

Қайраттанып қарышта

Озып шыққан жарыста

Батыл бас жас ұлан

Самға биік, алысқа

Жұлдыздарға, ғарышқа

Бойда күш тасыған.


Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен: - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.


















№47 жалпы орта білім беретін мектеп













Ашық сабақ







Тақырыбы: «Дос болайық, бәріміз»

Сынып : 3 «ә»

Мұғалім: Адилгереева А.С





















2016-2017оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Дос болайық, бәріміз!

Автор: Адилгереева Айгерим Сырымкызы

Дата: 18.01.2017

Номер свидетельства: 380784

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Дос болайы? б?ріміз "
    ["seo_title"] => string(21) "dos-bolaiyk-b-rimiz-2"
    ["file_id"] => string(6) "152482"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420865934"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Урок"Дос болайы? б?ріміз""
    ["seo_title"] => string(20) "urokdosbolaiykbrimiz"
    ["file_id"] => string(6) "312440"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459342893"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "«Дос болайы? б?ріміз»"
    ["seo_title"] => string(21) "dos-bolaiyk-b-rimiz-5"
    ["file_id"] => string(6) "252419"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447386381"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "« Дос болайы? б?ріміз!» - Тренинг "
    ["seo_title"] => string(29) "dos-bolaiyk-b-rimiz-trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "211546"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431629113"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "«Дос болайы? б?ріміз!»."
    ["seo_title"] => string(16) "dosbolaiykbrimiz"
    ["file_id"] => string(6) "291904"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455198446"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства