Білу және түсіну Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. 1 топ. Ою құрастыру (Ою суреті шығаы) 2 топ. Ребус шешу (өрнек) 3 топ. Буыннан сөз құрастыру (Құ-рас-тыр-ра-мыз) Сабақтың тақырыбы «Ою-өрнек құрастырамыз» Сұрақ-жауап 1.Балалар ою-өрнекті білесіндер ме? 2. Ою-өрнек дегеніміз не? 3. Олардың не үшін керек деп ойлайсыңдар? « Өнерді таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан, Апамның киізінен, Қошқардың мүйізінен үйрендім.»-- Ә.Қастеев.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері алуан түрлі. Олардың әрқайсысының өз атауы бар. 200-ге жуық түрі белгілі. Кез- келген қазақ халқының заттарын қарасақ ою-өрнектермен әшекейленген. Мысалы алдарыңдағы заттарға көңіл бөлейік сандық, ыдыс-аяқтар, зергерлік бұйымдар, кілемдер, ұлттық киімдер, ұлттық музыкалық аспаптардың барлығында ою өрнектермен өрнектелген. Әшекейлі сурет пен сызықтарды белгілі бір тәртіппен орналастыруды ою-өрнек дейміз. Ондай болса балалар, бәріміз түгел тақтаға қарайық. (Видео-слайд) Ал енді балалар өз топтарымыздың атын анықтайық. Топ басшысы келіп 1 карточка таңдайды. Топтың атын анықтау. 1 топ. Қошқармүйіз 2 топ. Арқармүйіз 3 топ. Түйетабан Ертегімен жұмыс Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығымен қол астындағы халық үй жиһаздарын, киім-кешек, құрал-саймандарын, қару-жарақтарын ою-өрнектеп әдемілеп ұстайтын болған. Сондықтан оны халық Ою хан атапты. Бір жылдары бөтен елдің ханы жаулап алып, Ою ханды зынданға тастапты. Ою ханның орнына хан болып, бұрынғы салт-дәстүрді, ою-өрнекті жойып, жаңаша құрмақ болады. Жаңа дегендерінің бәрі тез ұмыт бола береді. Оған жөн айтқан адамдардың көзін жоя берген. Сондықтан оны халық Жою хан деп атапты. Бұл кезде Ою хан зынданда жағдайдың бәрін естіп-біліп жатыпты. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолдағы аңның бәрін түгел қырып, ойына келгенін істеп келе жатырғанда бір үкі мұның бетіне шапшып, екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жардан құлап көлге батып өледі. Жою хан баласына іздеу салады. -Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын,- деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды. Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға салады. Ол дәрі-дәрмегін алып орманды аралап келе жатса бір тастың астынан: -Жойылсын, Жою хан! –деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қараса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұр тышқанды көреді. Оның аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. Осылайша кездескен аң-құстың барлығын емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкіні емдеп, «Жою ханның баласын көрдің бе?» деп сұрайды. -Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұр тышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралап, балықты құрлыққа тастап, қайтып айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені бұл аңдардың барлығы Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр. Мұның бәрін естіген Ою хан үйіне келіп, ойланып, оқиғаның желісін сырмақтың бетіне ою түрінде түсіріп, Жою ханға алып келеді. Жою хан сырмақтың оюына қарап отырып, оқиғаны былайша тарқатады. (Ою –өрнек презентация оюлар сөйлейді) -Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұр ма? -О, жалған! Менің ұлым шынымен өлгені ме? Өлтірем!!!- деп қылышын суырып Ою ханға төнеді. Ою хан саспастан Жою ханның өз жарлығын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, жарлық бойынша өз басын алады. Ою ханды ел-жұрты қайта хан көтереді. Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған. Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді. |