Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Үй құстарының суреттері, жұмыртқа, жастық, құстың мамығы, слайдтар. Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, топтастыру, құрастыру, әңгімелеу, сергіту жаттығулары, ойын, көрнекілік әдісі. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Ашық сабақ.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер
- Балалар, бүгін бізде ерекше күн! Бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса бәріміз тұрайық та сәлемдесейік.
Слайд
Жарқын, жарқын үйіміз
Болашақтың күніміз
Балалық шақ үйінің
Жайнап тұрған гүліміз.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар
Қош келдіңіз, бәріңіз!
-Әдемі отырайық, аяқтарымыз бірге, арқамызды тік ұстаймыз.
- Балалар бізге бүгін қонаққа Айша апай да келіпті. Айша апай бізді «Ауылға» қонаққа шақырады.
- Барамыз ба? ( иә барамыз.)
- Балалар кімнің ауылда әжесі, атасы бар?
- Сендер оларға қонаққа барасыңдар ма?
(Иә жазда әжемнің ауылына барамыз.)
- Ауылға барғанда, үйдің алдында қандай жануарларды көресіңдер?
(сиыр, қой, ат, ешкі)
Ал қандай құстарды көресіңдер? (тауық, әтеш, қаз, үйрек)
Тәрбиеші:Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?Балалар,бүгін біз қыс мезгіліндегі орманға серуенге барамыз.Орманда қандай өзгерістер болып жатқанын көреміз.
(Музыка ырғағымен серуенге шығады).Орман қандай тамаша!Айнала ап-аппақ.Ағаштардың бұталарын қар басқан.Балалар,қараңдар сандық тұр.
Тәрбиеші:Қане,ендеше көрейікбұл сандықта не бар екенін?Сандықты ашады,ашылмайды.
Балалар мына сандық ашылмайды ғой.Бұл сандық жай сандық емес,сиқырлы сандық болды.
Бұл сандықтың ішіне аңдарды ,жалмауыз кемпір сиқырлап салып қойыпты.Аңдарды құтқарайық.Аңдарды құтқару үшін жұмбақтар шешуіміз керек екен.
Жұмбақтар шешеміз.
1.Сыбдыр шықса қашады
Қырдан бірақ асады. (қоян)
2.Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю)
3.Өзі қу,жүрген жері айғай да шу. (түлкі)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар,жұмбақтың шешуін таптық.Кане, балалар сандықта қандай аңдар бар екенін қарайық.
Мынау не?
Балалар:Аю.
Тәрбиеші:Аю қандай?Түсі ше?Ол қыста не істейді?
Балалар:Үлкен,қомпиған.Түсі қоңыр.Ол қыста ұйықтайды.
Тәрбиеші:Түлкі ше?Түсі қандай?
Балалар:Түлкі қу,айлакер .Түсі қызғылт сары.
Тәрбиеші:Қоян қандай?Түсі ше?
Балалар:Қорқақ.Түсі аппақ.
Тәрбиеші:Міне,балалар,біз аңдарды құтқардық.Осы аңдарды бір сөзбен қалай айтамыз?
Балалар:Жабайы аңдар дейміз.
Тәрбиеші:Қане,тағы да қайталап жабайы аңдарды атайық.
Аю,түлкі,қоян.
Балалар,аңдар бізге рахмет айтып жатыр.Сендер оларды сандықтан құтқарып алдыңдар ғой.Әсіресе мына кішкентай қоян қорқып қалыпты.Қане, қоянның көңілін көтерейік және өзімізде дем алып ойын ойнайық.
Сергіту сәті.
Аяқпенен топ-топ-топ,
Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп,
Бір оңға,бір солға
Айналайық ,кел мында.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық,
Бір оңға,бір солға.
Айналайық кел мұнда..
Есікті тарсылдатып қоян кіреді.
Сәлеметсңдер ме ,балалар!Сендерді кездестіргенім қандай жақсы болды!Сендер маған көмек беретін шығар деп ойлаймын.
Тәрбиеші:Қандай көмек жасайық.Бүгін біз жабайы аңдарға көмек жасап жатырмыз.Саған да көмек береміз.
Қоян:Сендер сияқты менің де достарым көп болса ғой.
Тәрбиеші:Балалар қоянға өздерің сияқты көңілді достар құрастырып береміз бе?
Балалар:Иә.
Тәрбиеші:Балалар,біз ендеше қоянға достар жасап берейік.Қоян,сен мына жерде отыра тұр.Біздің балалар саған қояндар жасап берсін.
Құрастыру тәсілі:Балалар, біз қоянды қарап алайық, ол неше бөліктен тұрады екен.Сопақша денесі,дөңгелек басы,екі сопақша құлағы,екі қолы,екі аяғы.
Жұмыс барысы: Бірінші сопақша денесін қоямыз,екіншіден басын қоямыз,басына екі сопақша ол құлақтары,екі сопақша қолдары,екі сопақша аяқтары.
Қоян балаларға рахмет айтады.
. Қоян:Балалар,сендер менің көңіл күйімді көтердіңдер,маған көп достар жасап бердіңдер, Сендерге көп рахмет.Мен енді көжектеріме барайын.Сау болыңдар балалар!
Балалар:Сау болыңыз!
Тәрбиеші:Балалар,міне қоянға біз көп достар құрастырып бердік .Енді балалар ,біздің топқа қайтатын уақыт жетті,қане орындарыңа жайғасып
Отырыңдар.
Тәрбиеші:Балалар,біз бүгін қайда бардық?
Онда біз не тауып алдық?
Сандықта нелер болды?
Біз қоянға нелер жасадық?
Қоян қуанды ма?
Балалар,сендер бүгін маған өте ұнадыңдар.Барлықтарың оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар.Міне ,қоян сендерге арнап сыйлық беріп жіберіпті.Бұны тобымызға барғаннан кейін ашамыз. Қане,орнымыздан тұрып қонақтармен қоштасайық.