Просмотр содержимого документа
«ана тілі Ер тарғын, Зеректік»
Ана тілі 4 – cынып
Күні: 01.09.2015
Тақырыбы: Ер Тарғын (жырдан үзінді)
Мақсаты: Жырды оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу. Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аударту.
Жаңа сабақ:
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады. Сендер бұл бөлімде ертегілерден бастап ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен танысасыңдар.
Қазақ халқында елін, жерін сыртқы жаулардан қорғап, аман сақтап қалған адал ұлдар аз болмаған. Халық ондай батырларды құрметтеп,ерлігін, қайратынжыр қылып аузынан тастамай, үлкенге өнеге, кішіге үлгі еткен. Ал мұндай жырларды халық бас қосқан жерде айтатын адамдарды жыршы деп атаған. Жыршыдан жыршы жатқа үйренген себепті жырлар ауыздан ауызға көшкен, қиялдан қиялға түскен. Әр жыршы өз ойынша, өз қиялынша дамытқан, көркейткен. Сөйтіп жыршылар арқылы жетіліп, елден елге тараған батырлар жыры ұрпактан ұрпаққа жетіп отыр. Осы жырлардың бірі Ер Тарғын.
Дәптермен жұмыс
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі. Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.