kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

АКТ - заман талабы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«А?паратты? технология заман талабы»

Жоспар :
І. Кіріспе
А?паратты? технологияларды пайдалануды? ма?ыздылы?ы
ІІ. Негізгі б?лім
1) Инновациялы? технологияларды пайдалану ерекшеліктері
2) А?паратты? технологияны пайдалану – баланы жан-жа?ты дамытуды? шешуші ??ралы.

ІІІ. ?орытынды

Ма?саты:
• А?паратты? коммуникациялы? технологиялар ар?ылы балаларды? даму де?гейін, іскерлік да?дыларын ?алыптастыру, т?рбиеленушілерді? а?паратты? м?дениет негіздерін ?амтамасыз ету, танымды? д?ниесін байыту.
• А?парат ?асырына сай компьютерлік сауатты,жан жа?ты дамы?ан жеке т?л?а т?рбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«АКТ - заман талабы. »

«Ақпараттық технология заман талабы»

Жоспар :
І. Кіріспе
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңыздылығы
ІІ. Негізгі бөлім
1) Инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері
2) Ақпараттық технологияны пайдалану – баланы жан-жақты дамытудың шешуші құралы.

ІІІ. Қорытынды

Мақсаты:
• Ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы балалардың даму деңгейін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, тәрбиеленушілердің ақпараттық мәдениет негіздерін қамтамасыз ету, танымдық дүниесін байыту.
• Ақпарат ғасырына сай компьютерлік сауатты,жан жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

І Кіріспе

"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет"
Н.Ә.Назарбаев.
Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі-ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагог қызметінің барлық саласына кірігіп,оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім кеңістігін заманғы сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану; білім мазмұнының заман талабына сай болуына, балалардың болашақта қажетті білімді, толығымен алуына өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды.
Олай болса:
1.Ақпараттық коммуникативтік технологиялар дегеніміз не?
2.Ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктері қандай?
3. Білім беруді ақпараттандыру үрдісі қалай жүзеге асуда?-деген сауалдар әрқайсымыздың , жалпы педагогтар қауымын толғандырмай қоймайды.
Ендеше бірінші сауалға: ақпараттық-ақпарат, жаңалық, коммуникативттік-байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе,технология-іскерлік,шеберлік ұғымдарын береді. Бір сөзбен "Ақпараттық-коммуникативттік технологиялар жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе" деп айтуға болады.Осыған орай бүгінгі ұстаздар қауымының алдында білім,білік дағдыларын игертіп қана қоймай,қабылдауын,ойлауын,ерік жігерлерін,яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеті тұр.Ғалымдар пікірінше Ақпараттық коммуникативтік технологияны екі бөлікте сипаттайды.
1.Компютерлік бағдарламалар
2.Желілік қызмет
жалпы білім берудің мақсаты-терең білімнің,кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болса,ақпараттандыру жолының басты мақсаты-оқыту үрдісін ақпараттандыру.
-Электрондық оқулықтардың құрылымын жасақтау;
-Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру;
-Әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып отыр.
Бірақ бұл мақсатқа жетудің ең басты міндеті:-
-білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
-Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасау
-Ақпараттық-комуникациялық технология -келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты,шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашуына тигізер пайдасы мол деп есептеймін.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Жаңа ақпараттық технологияға ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр мысалы: Н.Макарова "Жаңа ақпараттық технология-қысқаша компьютер негізіндегі технология[1] деп тұжырымдайды. Ал М. Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді: Ол "Жаңа ақпараттық технология-адамдардың білімін кеңейтіп,олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы"[2] дейді.
Яғни, білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде енгізіп,жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР-да біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
-ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялық құралдармен қамтамасыз ету;
-білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
1 «Қазақстан мектебі»журналы ¹11. 2013ж
2 «Қазақстан мектебі»журналы ¹11. 2013ж

-Оқу -тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету
бойынша ғылыми ізденушілік және оқу әдістемелік жұмыстарын жүргізу;
-жаңа ақпараттық технология құралдарын(жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедия технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесін материалдық техникалық базасын жетілдіру.
"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет"3деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге Президентіміздің Н.Ә.Назарбаев аса назар аударып, республикалық мұғалімдер сьезінде "ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе-ХХI ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлемдік әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады"деген болатын. Өйткені, қазіргі біз өмір сүріп отырған ХХI-ғасыр -"ақпаратандыру ғасыры" деп аталған.
ХХI ғасыр -бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге,адамның денсаулығына,кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.




ІІ. Негізгі бөлім.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі мәселелерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру үшін көптеген жұмыстар жасауда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда инновациялық процесс деп атайды.»
Инноватика ұғымының латынның «in - novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық»деген мағынаны білдіреді. Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды бағдарламаларды пайдалануды атайды.
Инновация дегеніміз - білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс - тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Инновациялық білім беру құралдарына; аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер - мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдалана алады.
Мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бүлдіршіндердің білім алу кезеңінде оқу іс - әрекетіне белсенділігін арттырады. Мұндай құралдарды балабақша бүлдіршіндеріне таптырмас құрал деп атауға болады
Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға жалпы әдемілікке әуес болады.
Мультимедиялық оқулықтар тәрбиеші үшін де бала үшін де күнбе-күн дамытылып отыратын әдістемелік жүйе болып табылады
Мектепке дейінгі. білім беру үрдісінде ақпараттық, қатынастық технология құралдарын пайдалану - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастырады.
Ал технология дегеніміз - педагогтық білім, біліктілік, интеллектуалдық кәсіптік әдіс - тәсілдер жүйесін қолдану арқылы білім беру мақсатындағы педагогпен балалардың өзара қарым - қатынас үрдісі
Осы технологияларға ойын технологиясы кіреді.
Ойын арқылы оқыту технологиясы.
Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық мақсатқа жету. Ойындық іс - әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап талғамдарына сүйенеді. Баланың бойында білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.
Баланың бірінші әрекеті - ойын, сондықтанда оның мән - мағынасы бала үшін ерекше. Ойын - адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы. Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев атамыз «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?»деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын ойнау кезінде ең бірінші балаға алынатын ойыншық олар: шелек, қалақ, әр түрлі пішіндер.
Сондықтанда баланың бір - бірімен ара қатынастары құмда болады. Бұл құмда ойналатын дәстүрлі ойындар
Құмдағы ойын - баланың табиғи әрекетінің бір формасы. Құмнан суреттер тұрғыза отырып, түрлі оқиғаларды ойдан шығарады.
Құммен ойналатын ойындар - бұл баланың табиғи белсенділігін көрсетеді.
Сонымен қатар баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау, қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, салауаттылыққа тәрбиелеу бүгінгі күн талабы. Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Ойынға шартты түрдегі мақсаттар қойылады, ал сол мақсат жолындағы іс - әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл - ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.
Балалар ойын барысында өздерін еркін сезіне алады. Ойын барысында бала қуанышы мен ренішін айқын көрсете алады. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды. мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілетін ұштайды.
Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы - дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы баланың ақыл ойының қалыптасуына әсер етеді.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді.
Дидактикалық ойындар үшке бөлінеді

Дидактикалық ойындар.

• Заттық дидактикалық ойындар
• Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар
• Сөздік дидактикалық ойындар

2. Ақпараттық технологияны пайдалану – баланы жан-жақты дамытудың шешуші құралы.

         Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден оқушылардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
        Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.

   Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды   сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

1. Балаларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

2. Тіл байлығын дамытады;

3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.

5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
АКТ - заман талабы.

Автор: Шардарбекова Акерке Бакирамовна

Дата: 10.04.2015

Номер свидетельства: 200039

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Разработка внеклассного мероприятия "За?ды білу-заман талабы""
    ["seo_title"] => string(65) "razrabotka-vnieklassnogho-mieropriiatiia-zan-dy-bilu-zaman-talaby"
    ["file_id"] => string(6) "275081"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452514394"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "???ы?ты? сауаттылы?-заман талабы"
    ["seo_title"] => string(38) "k-u-k-yk-tyk-sauattylyk-zaman-talaby-1"
    ["file_id"] => string(6) "312347"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459335929"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "???ы?ты? сауаттылы? -заман талабы"
    ["seo_title"] => string(38) "k-u-k-yk-tyk-sauattylyk-zaman-talaby-2"
    ["file_id"] => string(6) "312350"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459336199"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "За?ды білу-заман талабы."
    ["seo_title"] => string(20) "zandybiluzamantalaby"
    ["file_id"] => string(6) "258497"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448515148"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "За?ды білу-заман талабы"
    ["seo_title"] => string(21) "zandybiluzamantalaby1"
    ["file_id"] => string(6) "258499"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448515825"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства