kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЗКО г Уральск СОШ № 14

Нажмите, чтобы узнать подробности

Провели мероприятия на ПДД Ученики хорошо участовали

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЗКО г Уральск СОШ № 14»

Тақырыбы: «Жол жүру ережелерін білеміз бе?» 

Мақсаты: оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, оқушылардың

жол қауіпсіздігін есте сақтауға, дұрыс жүруге сұрақтар қою, жұмбақ,

өлең айту арқылы ойларын дамыту, жол ережесін білуге, сақтауға,

тәртіптілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Көше ережелерін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, жол белгілерінің суреттері, қолдан жасалған бағдаршам.

Барысы:

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, қатер тұрғызады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбіне балалардың жол бойында қалай болса

солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға

жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін

бұзғандықтан кейбіреулері машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады, ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

    Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандырып көмекшіміз оның сырын біліп, тілін алу

баршамызға керек. Оны дұрыс білу үшін мен сендерге жол белгілері туралы ертегі айтып берейін.

       Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде сиқырлы түстер деген жанұяда үш ағайынды түс өмір сүріпті. Олар ылғи кім күшті деп бір-бірімен айтысады екен.

      Қызыл түс айтады: «Мен күштімін, от сияқты қызылмын. Отсыз адам өмір сүре алмайды», - дейді екен.

      Сары түс айтады: «Мен күштімін – күн сияқты сарымын. Сенен мен күштімін», - депті.

      Жасыл түс айтады: «Мен күштімін – шырша сияқты жасылмын», - депті.

      Үшеуі шешімге келмеген соң сол кезде бағдаршам патша болыпты. Содан ақыл сұрап барады. Сонда бағдаршам патша айтыпты: «Үшеулерің де күштісіңдер, ешкім де жаман емес. Менің уәзірлерім боласыңдар. Менімен бірге патшалық етесіңдер» - депті.

      Содан бері жүздеген жыл өтті. Бағдаршам машина, адам жолдан өткенде, жүргенде бағдаршам мен уәзіріне бағынады.

     Енді біз өз уәзірлермен патшалық еткенде қандай жұмыс атқаратынымен танысайық.

Қызыл түс – тоқта.

Сары түс – дайындал.

Жасыл түс – жүр дегенді білдіреді екен.

    (Жол белгілері атрибуттарын киген балалар шығады).

      Бағдаршам атрибутын киген оқушы:

      Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

      Қашпаймын мүдіріп ешқандай сұрақтан.

      Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады

      Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

     Сақтандыру, ескерту белгісі қолында айналасы қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті тең қабырғалы үшбұрыш жолағын ұстаған.

  Қып-қызыл үшбұрыш,

  Ескерту белгісі мен болам.

  Қауіптен сақ бол деп, сәт сапар жолдаған.

 Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те,

 Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

  Тыйым салу белгісі форма киген, қолын жолақпен көмкерілген, сары түске  боялған дөңгелек қалқан.

 Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты,

 Мен тұрған жерлерде жақын жоқ жүруге,

  Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жаққа.

Міндеттеу белгісі қолындағы көк түсті дөңгелек қалқанды алға тосып.

Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе, қауіпті

Барлығын анықтап тұрамын жолында,

Абай бол, шартымды міндетті орында!

Нұсқау, көрсеткіш белгісі қолында көк түсті төртбұрыш қалқан.

Баратын жерінің бағытын, тұрағын

Үн-түнсіз жөн айтып жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.

Қай көше, қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жолда жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға.

 

                 Көше ережелері туралы тыңдау.

1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп-тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс. Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.

3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.

4. Тротуармен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.

Отырған оқушыларымызға жолда жүру ережесіне қатысты жұмбақтарды жасырамыз.

           Көліктің қаншасын жанынан өткізген,

           Іргеден басталып, алысқа жеткізген.   (Жол)

Шабысқа тәулік бойы төзе алады,

Бір тұлпар, жаңылмайтын жорғасы бар.

Жүк емес жандарға жүз дамың,

Доғасын сымға сүйреп, жолға шығар.  (Травмай)

      Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

      Бақырайған үш көзі бар бірақ та.  (Бағдаршам)

Екі аяқта, бір ізді,

Үстіне адам мінгізді.  (Велосипед)

       Ала таяқ ұстаған,

       Жол тәртібін нұсқаған.

       Өміріңді күзеткен,

       Ысқырығы күшті адам.  (Жолда жүру инспекторы)

Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді.  (Машина)

       Сөйлеуді ол білмейді,

       Бірақ «тоқта», «жүр» дейді.  (Бағдаршам)

  Қалада

  Сен бір қалаға келдің делік. Ауылға қарағанда мұнда адам да көп, машина да көп. Ал енді сол қала көшелеріндегі лек-лек халық пен ерсілі-қарсылы ағылған машина, автобус, троллейбус, трамвайлар арасынан дұрыс жол тауып өту үшін сен көшеде жүру тәртібінің негізгі ережелерін жатқа білуің керек.

  Ол мына ережелер: 1. Екі көшенің қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана көшені кесіп өтуге болады.

2. Жүріп келе жатқан машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

3. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.

4. Көше қиылыстарында бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде ғана көшені кесіп өтуге болады.

5. Аялдамада тұрғанда автомобиль, автобус, троллейбустың тек ары жағынан айналып өт, сонда сен оның соңынд келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

6. Ал трамвайдың тек алдыңғы жағынан ғана өтуге болады.

    Әйтпесе қарсы келе жатқан трамвайды көре алмай қалуың мүмкін.

  Сұрақ-жауап.

 

1. Өміріңізді қатерден сақтандыратын, көшемізде тұратын көмекшіміз не?

2. Көше қиылыстарынан қалай өтесің?

3. Қанша жасқа дейін велосипедпен жүруге болмайды?

Жауабы: Тек 14 жастан кейін ғана рұқсат етіледі.

4. Трамвай, автобус, машина ратына жабысуға бола ма?

Жауабы: Транспорт артына жабысуға болмайды. Апатқа ұшырауың мүмкін.

5. Үлкен көшеде тротуар жоқ болса қалай жүресің?

Жауабы: Жолдың шетімен жүремін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
ЗКО г Уральск СОШ № 14

Автор: Симгалиева Рухия Аскаровна

Дата: 04.12.2019

Номер свидетельства: 530223

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Литературная игра "Узнай книгу-юбиляра" "
    ["seo_title"] => string(43) "litieraturnaia-ighra-uznai-knighu-iubiliara"
    ["file_id"] => string(6) "190999"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427261038"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Природные зоны Северной  Америки, 7 класс "
    ["seo_title"] => string(43) "prirodnyie-zony-sieviernoi-amieriki-7-klass"
    ["file_id"] => string(6) "210877"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431514383"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Тема урока:Работа над проектом."
    ["seo_title"] => string(28) "tiemaurokarabotanadproiektom"
    ["file_id"] => string(6) "311143"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459161124"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "ЗКО г Уральск СОШ № 14"
    ["seo_title"] => string(22) "zko_g_uralsk_sosh_14_1"
    ["file_id"] => string(6) "530237"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1575479035"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "коуч-сессия "Барьеры в обучении учащихся" "
    ["seo_title"] => string(51) "kouch-siessiia-bar-iery-v-obuchienii-uchashchikhsia"
    ["file_id"] => string(6) "104058"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402662894"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства