Мақсаты: Балалардың ертегі туралы білімдерін одан әрі дамыту,ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдап,рөлдерді бөліп ұйымшылдықпен ойнауға,ойын барысында жаман-жақсыныәрекеттерді ажыратып,үлкенді құрметтеп,кішіні қамқорлауға үйрету. Ертегі кейіпкерлері арқылы мейірімділікке және шын достыққа тәрбиелеу.
Рөлдерде:
Автор: Юсип Айару
Жұман етікші: Нұрым Дінасыл
Етікшінің балалары: Жақан Алуа, Жалғасбаева Аңсаған, Жеңіс Али, Нұрлан Ерасыл, Жәнібеков Диас, Бақыт Қайсар, Амнбай Нұрым.
Дәу: Мұханбетсадық Біржан
Дәудің достары: Сақыпадин Альфия, Мұхамбетқазы Сезім, Мырзағали Айзере, Мырзабеков Данияр, Сенбаева Фатима, Құлынтаева Гүлнаурыз.
Етікшінің көршілері: Алдадосова Айназ, Ерғазы Бағлан
Ерте заманда бір кедей етікші болыпты. Бала-шағасы көп екен. Үй-ішін асырау үшін ол ел аралап, қобдиын құшақтап жүріп, етік тігіпті.
Күндердің күнінде қобдиын қолтықтап, таныс емес бір ауылға аттанады. Бұрын жүрмеген жолы болған соң, етікші адасып кетеді. Түн болады. Ақырында, етікші далада жалғыз тұрған иесіз үйге кездеседі. Иесіз қыстаудың ішіне кірген етікші пештің үстіне шығып, қобдиын басына төсеп жата кетеді.
Бір уақытта салдыр-гүлдір еткен бір нәрсенің даусы шығады. Етікші есікке қараса маңдайында жарқыраған жалғыз көзі бар, бір еңгезердей дәу кіріп келе жатыр екен.
