kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жол ережесін білу -бәріне міндет.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жол жүру ережесін білу керек. Жолда жүргенде абай болу керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жол ережесін білу -бәріне міндет.»

Сабақтың тақырыбы: Жол ережесін білу - бәріне міндет!
Сабақтың мақсатыЖолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: презентация
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:

Кіріспе. Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан. Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.

1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолдажүру ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің еі ббелгілі түрі – бағдаршам. 1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын мына алдарыңыздағы үш топты таныстырып өтейін. Және де бүгінгі сабағымыздың сайыс түрінде өтелетінін қаперіңізге беріп өтейін. Алдымен сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

1) Таныстыру (топ басшысы тобын таныстырады)
2) Викториналық сұрақтар!
3) Ойлан тап (жұмбақ беріледі, шешуін табу)
4) Сен білесің бе? (әр топ өздеріне белгіленген жол белгілері бойынша сөйлейді)
5) Кім жылдам?
6) «Шығармашылық жұмыс»
7) Қорытындылау

Әртоп өз топтарының атын, ұранын айтып таныстырады.

Сайысымызды бастаймыз.
Сайысымыздың шартына көшейік. Әр топқа 10 сұрақтан оқылады. Сұраққа сол топтың оқушылар жауап беруі керек.
1-топ
1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар)
2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен)
3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол)
4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді)
5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі)
6) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек (аялдамалардан)
2- топ.
1) Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі? (14 жастан)
2) Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? (Көшеде жүре білу көлік апатынан сақтайды?
3) Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршам)
4) Бағдаршам нені реттейді? (бағдаршам жол қозғалысын реттейді?)
5) Бағдаршамда сигналдар (яғни белгілер қалай орналасқан? (қызыл, сары, жасыл)
6) Жаяу жүргіншілерге арналған жол қалай аталады? (ақ жолақты жол- жаяу жүргіншілер жолы)
7) Көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (көшеде жүру ережесін білуіміз керек)
8) Жүріп келе жатқан көліктің қай жағынан өту керек? (көлік өтіп кеткенше күтіп, көліктің артынан өту керек)
9) Бағдаршамның Абайла! Дайындал! белгілерін білдіретін қай түсті сигнал? (сары сигнал)
10) Велосипед те екі, таксиде төртеу болады? (дөңгелек - яғни аяғы)

«Ойлан топ» бөлімі (жұмбақтың шешуін табу)
1-топ
1. Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған  
Өміріңді күзеткен  
Ысқырығы түзеткен (полиция)

2. Көше бойлап аяңдайды
 Адам тасып аялдайды (автобус)

3. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та
Бақырайған үш көзі бар бірақ та (бағдаршам)

4. Арқаным бар тым ұзын  
Ала алмайсың бір үзім  
Ақылға салып ойланып  
Тапшы мұны пысығым (жол)

2-топ
1. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді  
Жүк емес жануарға жүз адам да,  
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді (трамвай)

2. Қатар жатқан қос білек  
Үстінен келер күш үдеп (темір жол)

3. Жер асты даңғылы  
Көлігінің зулаған  
Естіледі соңғылы (метро)

4. Сөйлегенді білмейді Бірақ «Тоқта, жүр» - дейді (бағдаршам)

«Шығармашылық жұмыс.» Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру

Өлең құрастыру

------------ балалар

------------- тротуар

-------------- ұмытпа

-------------- сақта!

 

Сен білесің бе? Қызыл түспен «Ескерту белгілері» Сары түспен «Нұсқау белгілері» Жасыл түспен «Тыйым салу белгілері» деген жазу шығады
1-топ - Ескерту белгісі туралы не айтамыз   (Үшбұрышты қызыл баяумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.)
2-топ -Нұсқау белгілері нені білдіреді? (Нұсқау белгілері жаяу жүргіншілер мен вилосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат береді.)
Жалпы сұрақ - Тыйым салу белгілері нені білдіреді? (Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен берілген белгілер қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.)

«Кім жылдам» кезеңі? Алдарыңызға мына қиындылар беріледі. Сол қиындыларды құрап, белгілі бір белгіні табу және де сол белгінің нені міндеттейтінін айтып бересіңіздер

«Жолда жүру ережелері» тақырыбына постер жасаймыз. Жол тәртібіне қандай ережелер қоскыларыныз келеді.

Қорытындылау кезеңі

Топтың атынан бір оқушы топтың атын кірістіре отырып, қорытынды сөз сөйлейді. Мұғалімнің сөзі - Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білетін ойларыңызды көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,  
Жол жүру ережесін білмей тұрып.  
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да  
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да  
Жол жүру ережесі заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен-кіші баршаңызға –дей келе, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жол ережесін білу -бәріне міндет.

Автор: Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы

Дата: 28.10.2024

Номер свидетельства: 658576

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Жол ережесін білу - б?ріне міндет"
    ["seo_title"] => string(38) "zhol_ieriezhiesin_bilu_b_rinie_mindiet"
    ["file_id"] => string(6) "345032"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1474475575"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(203) ""Қауіпсіз жол" онкүндігінде өткізілген "Жол ережесін білу-бәріне міндет" видео-журнал түріндегі тәрбиелік шара"
    ["seo_title"] => string(80) "kauipsiz_zhol_onkundiginde_otkizilgen_zhol_erezhesin_bilu_b_rine_mindet_video_zh"
    ["file_id"] => string(6) "557759"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1600402411"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Жол ережесін есте сақтау!""
    ["seo_title"] => string(26) "zhol_erezhesin_este_saktau"
    ["file_id"] => string(6) "639405"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1699250029"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(229) "Мектеп оқушыларының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жол ережесі туралы,балалардың өрттен,судан сақтануы туралы іс-жоспары"
    ["seo_title"] => string(80) "miektiep_ok_ushylarynyn_zhol_k_auipsizdighin_k_amtamasyz_ietu_zhol_ieriezhiesi_t"
    ["file_id"] => string(6) "411073"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1492965204"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "«Жол ережесін білу – бәріне міндет»."
    ["seo_title"] => string(33) "zhol_erezhesin_bilu_b_rine_mindet"
    ["file_id"] => string(6) "639063"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1698695279"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства