kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қауіпсіз жол" онкүндігінде өткізілген "Жол ережесін білу-бәріне міндет" видео-журнал түріндегі тәрбиелік шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Жол ережесін білу - бәріне міндет
Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: презентация
Сабақтың түрі: видео-журнал
Сабақтың барысы:

Кіріспе. Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан. Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.

1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолда жүру ережелері енгізілді. 1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қауіпсіз жол" онкүндігінде өткізілген "Жол ережесін білу-бәріне міндет" видео-журнал түріндегі тәрбиелік шара»

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы

Сабақтың тақырыбы: Жол ережесін білу - бәріне міндет
Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: презентация
Сабақтың түрі: видео-журнал
Сабақтың барысы:

Кіріспе. Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан. Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.

1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолда жүру ережелері енгізілді. 1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі. Міне, осы мақсатта бүгін «Жол ережесін білу-бәріне міндет» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз.
Арманға алда күткен асығамыз
Біз қалай толқын атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз- дей келе видео-журнал түріндегі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Сабағымызды сұрақ-жауаптан бастайық.

1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар)
2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен)
3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол)
4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді)
5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі)
6) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек (аялдамалардан)
7) Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? (болмайды)
8) Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? (жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машиналарына)
9) Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? (көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)
10) Бағдаршамы жоқ көшеден қалай өтейміз? (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)
11) Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі? (14 жастан)
12) Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? (Көшеде жүре білу көлік апатынан сақтайды?1
13) Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршам)
14) Бағдаршам нені реттейді? (бағдаршам жол қозғалысын реттейді?)
15) Бағдаршамда сигналдар (яғни белгілер қалай орналасқан? (қызыл, сары, жасыл)
16) Жаяу жүргіншілерге арналған жол қалай аталады? (ақ жолақты жол- жаяу жүргіншілер жолы)
17) Көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (көшеде жүру ережесін білуіміз керек)
18) Жүріп келе жатқан көліктің қай жағынан өту керек? (көлік өтіп кеткенше күтіп, көліктің артынан өту керек)
19) Бағдаршамның Абайла! Дайындал! белгілерін білдіретін қай түсті сигнал? (сары сигнал)
20) Велосипед те екі, таксиде төртеу болады? (дөңгелек - яғни аяғы)

Өте жақсы сұрақтарға жауап бердіңіздер. Келесі айдарымызға көшпес бұрын видеоға назар аударыңдар. «Көшеде сақ бол!» видео көрсетіледі.

Келесі балалар «Ойлан топ» бөлімі (жұмбақтың шешуін табу)
1. Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған  
Өміріңді күзеткен  
Ысқырығы түзеткен (полиция)

2. Көше бойлап аяңдайды
 Адам тасып аялдайды (автобус)

3. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та
Бақырайған үш көзі бар бірақ та (бағдаршам)

4. Арқаным бар тым ұзын  
Ала алмайсың бір үзім  
Ақылға салып ойланып  
Тапшы мұны пысығым (жол)
5. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді  
Жүк емес жануарға жүз адам да,  
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді (трамвай)

6. Қатар жатқан қос білек  
Үстінен келер күш үдеп (темір жол)

7. Жер асты даңғылы  
Көлігінің зулаған  
Естіледі соңғылы (метро)

Видеоролик көрсетіледі. Сен білесің бе? Қызыл түспен «Ескерту белгілері» Сары түспен «Нұсқау белгілері» Жасыл түспен «Тыйым салу белгілері» деген жазу шығады. Видеоға байланысты жол белгілері туралы оқушылар пікірлерін айтады.
Ескерту белгісі туралы не айтамыз   (Үшбұрышты қызыл баяумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.)
Нұсқау белгілері нені білдіреді? (Нұсқау белгілері жаяу жүргіншілер мен вилосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат береді.)
Жалпы сұрақ - Тыйым салу белгілері нені білдіреді? (Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен берілген белгілер қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.)

Қорытындылау кезеңі

Мұғалімнің сөзі - Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білетін ойларыңызды көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,  
Жол жүру ережесін білмей тұрып.  
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да  
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да  
Жол жүру ережесі заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен-кіші баршаңызға –дей келе, бүгінгі видео-журнал түріндегі тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Автор: Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы

Дата: 18.09.2020

Номер свидетельства: 557759


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства