kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жол ережесі тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Педагогтің Т.А.Ә.

 (болған жағдайда)

Артықбай Д.М

Күні:

 21.09.2026ж.

Сынып: 1 а

Қатысушылар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

 «Жол әліппесі»                                                                                                                         №4 қауіпсіздік сабағы «Бейтаныс адамдардан қалай сақтану керек?»

 (10 минут)

Құндылық

«Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы»

Сабақтың мақсаты.

Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

   

Апта дәйексөзі

«Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ» 

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті         

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар қызыл, сары, жасыл жетондарды өз қалауымен таңдап, алып үш топқа бөлініп отырады.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді,

Сабақ басы (10 мин)

Мұғалім:

- Құрметті оқушылар, бейнебаяннан көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде?

- Дұрыс айтасыздар, жолда жүру ережесі, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы туралы болмақ. Сабағымыздың басты мақсаты егемендігі мен елдігі орнаған осындай Қазақстан атты бейбіт өлкемізде сәбилердің қуанышты күлкісі мен аналарымыздың әсем жүзі бақытқа толы болса дейміз, ол үшін әр азамат өмір қауіпсіздігін сақтап, жол тәртібін білу керек. Біз бүгін осы мақсатта жол ережелері өлкесінде қонақта боламыз. Сәт сапар, Жас ұлан!

II. Мағынаны ашу.

1-жүргізуші:

«Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі машинаның аз кезінде-ақ туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен ауыстырылатын және алмастыру үшін арнайы адам тұратын еді және ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы америкада электр бағдаршамы пайда болды.

2-жүргізуші:

Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін 127 км ғана жол болса, елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз км дейін жетті. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

1-жүргізуші:

- Балалар, МАИ қызметкері дегініміз кім? Дұрыс айтасыздар, бүгін бізге МАИ қызметкері келген екен. Сіздердің ұшқыр ойларыңыз бен білімдеріңізді сынап көрмекші.

МАИ қызметкері:

- Әр бір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Сондықтан жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білулерін керек. Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс. Сол себепті сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар. Бірінші, жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

1-оқушы:Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, сонда қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады.

МАИ қызметкері:

- Топталып келе жатқан жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек?

2-оқушы: Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек. Негізінен жол тәртібін сақтап, жаяу жүргіншіге арналған жолмен немесе бағдаршамнан өтуі керек.

МАИ қызметкері:

- Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?

3-оқушы:

Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін. Сондықтан әр кез сақ болып, асықпай жүрген абзал.

МАИ қызметкері:

- Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?

4-оқушы:

Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.

МАИ қызметкері:

- Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өту керек?

- Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде

 

Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер

Соңы

2 мин

Рефлексия.

 Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Сабақта сізге не қатты әсер етті?
  • Сіздің есіңізде қандай жақсы істер немесе идеялар қалды?
  • Қандай тапсырмалар немесе әрекеттер ең қызықты болды және неге?
  •     Хормен:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

Қазақ атты елімде,

Бақытты өмір сүрейік!

   Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады

стикерлер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?

Как тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих уроках?
Как получить возможность работать творчески?

Просмотр содержимого документа
«Жол ережесі тәрбие сағаты»


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Артықбай Д.М

Күні:

01.09.2026ж.

Сынып: 1 а

Қатысушылар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Қазақстан Республикасы Конституциясы: адал азаматты, интеллектуалды ұлтты және жауапты қоғамды қалыптастырудың негізі!»

№1 қауіпсіздік сабағы «Төтенше жағдайлар қызметтері мен байланыс орталығының телефон нөмірлері» (10 минут)

Құндылық


«Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы»

Мақсаты

Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру. Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Апта дәйексөзі

«Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ»

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы





1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. ҚР Мемлекеттік Гимнін орындау.

2. «Миға шабуыл»: Сынып сағатының тақырыбын ашу үшін сұрақтар қояды:

– Заң дегеніміз не? Ол бізге не үшін керек? – Конституция туралы не білеміз

Мұғалім сабақ мақсатымен және «Адал азамат» ұғымымен қысқаша таныстырады.


Оқушылар орнынан тұрып, Әнұранды орындайды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына өз ойларын еркін жеткізіп, жауап береді. Ойларын ортаға салады.

ҚР гимні аудио жазбасы, Интерактивті тақта, слайд.


Ортасы

1-тапсырма: «Құқық пен Міндет» (Топтық жұмыс)

Сыныпты 3 топқа бөледі. Мұғалім әр топқа А3 форматындағы плакаттар мен стикерлер береді.

Тапсырма: Конституцияда көрсетілген Адам құқықтары мен Міндеттерін ажыратып жазу. Құндылық: Ұлттық мүдде (Заңды білеміз)


Топ мүшелері ақылдаса отырып, стикерлерге адамның құқықтарын (білім алу, өмір сүру т.б.) және міндеттерін (табиғатты қорғау, заңды сақтау т.б.) жазып, плакатқа жапсырады.

А3 плакаты, түрлі-түсті стикерлер, маркерлер.



2-тапсырма: ЖИ-мен сұхбат – «Адал азаматтың портреті» Мұғалім интерактивті тақтадан Жасанды Интеллект (мысалы, ChatGPT немесе отандық AI бот) ашып, оқушылармен бірге сұрақ қояды: "6-сынып оқушысы үшін Адал азамат болу деген не?" ЖИ берген жауапты оқып, оқушылармен талқылайды. Құндылық: Талап (жаңа технологияны пайдалану) және

Оқушылар ЖИ берген жауапты мұқият тыңдайды. Оны өз өмірлерімен байланыстырады. «Менің ойымша, ЖИ мына қасиетті дұрыс айтты...» немесе «Мен тағы мына қасиетті қосар едім» деп өз пікірлерін білдіреді.

Интерактивті тақта, интернет, ЖИ платформасы (ChatGPT/Gemini/басқа).




3-тапсырма: «Жауапты қоғам» Мұғалім экраннан түрлі жағдаяттарды көрсетеді:

1. Сен мектеп ауласында біреудің қоқыс тастап кеткенін көрдің.

2. Сыныптасың сабақтан қашуды ұсынды.

Осы жағдайда «Зерделі ұлт» және «Адал азамат» ретінде қалай әрекет етер едіңдер? Құндылық: Ар-ұят (Қоғам алдындағы жауапкершілік).


(Жағдаяттық сұрақтар) Оқушылар берілген жағдаяттарды оқып, шешімдерін ұсынады.






Заң Кері байланыс: Слайд, бағдаршам карточкалары.


Сабақтың соңы

Рефлексия: «Еркін микрофон» Мұғалім оқушыларға микрофон (немесе микрофон пішініндегі ойыншық) ұсынады.

– Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер?

– Адал азамат болу үшін бүгіннен бастап қандай әдетті қалыптастырасың?

Қорытынды сөз: Конституция тек қағазға жазылған ереже емес, ол біздің күнделікті өміріміз бен қауіпсіздігіміздің кепілі екенін айтып, сабақты аяқтайды

Оқушылар микрофонды қолдан-қолға беріп, сабақтан алған әсерлерімен, түйген ойларымен бөліседі. Өздеріне уәде береді.

Микрофон, «Жетістік баспалдағы» плакаты, стикерл

 

 









 































Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Артықбай Д.М

Күні:

07.09.2026ж.

Сынып: 1 а

Қатысушылар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Отбасымдағы мейірім мен жылулық.

№2 қауіпсіздік сабағы «Менің «қауіпсіздік шеңберім» (10 минут)

Ата-аналар жиналысы «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп»

ЖЖЕ №1 «Көше күтпеген оқиғаларға толы»

Құндылық


«Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы»

Мақсаты

Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, студенттердің бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 


Апта дәйексөзі

«Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ»

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі


  Барысы:
1. «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя»
2. Шаттық шеңбері (тренинг)
3. Сұрақ - жауап
4. «Адамгершілік» видеоролигі

5.Мақал-мәтелдер.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді,








Сабақ басы








І. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады..

IІ. Оқушылар біздер қазіргі таңда өз сыныбымызда кішігірім отбасымыз, осы отбасының бақытты екендігін білдіру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізді жылы лебізбен таныстырып өтейік
Оқушылар қолындағы жүректі бір – біріне атының бас әрпінен басталатын жылы сөздермен атап жалғастырады.
Мысалы: мейірімді Мөлдірмін, ізетті Інжумін, ақылды Ақжарқынмын т. б.

ІІІ. Отбасының қоғам мен мемлекет тіпті, күллі адамзат алдындағы орны тым бөлек. «Отан –от басынан басталады», «Отбасы– шағын мемлекет» деген сөздер де бекер айтылмаса керек. Сонымен сіздерге сұрақ : Сіздің үйде отбасы мүшелерінің орны қандай, соларға лайықты көңіл аударып жүрміз бе? 

(Сұрақ –жауап).

ІV. «Адамгершілік» (Видеоролик)
Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды.


5.Мақал-мітелдер

«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табайық.

.Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.

  1. Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................

  2. Ананың көңілі балада, ..........................

  3. Ата-ананың қадірін - ................................

  4. атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)

  5. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

  6. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

  7. ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

  8. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

  9. Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы)

  10. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)

  11. ............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

  12. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)

«Сөз тапқанға .....» деп аталады.

Берілген әріптерден басталатын создермен жауап бересіздер.

1.Тілді қадірлейсіз бе?

2. Орысша сөйлеуге қызығасың ба?

3. Мерекеге қандай киім киесіз?

4. Кітап оқығанды ұнатасың ба?

5. Лотореядан акша ұтсаңыз, не істейсіз?

6 Достарың кімдер, коп пе?

7 Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?

8 Түнде аспанда не болады?































Оқушылар сұрақтарға жауап береді.























Оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табады.


























Соңы

2 мин






 Балдан тәтті не? ( бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы? (ата)

4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра(

5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)

6. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)

Оқушылардың сабақтан алған әсерін смайликтер арқылы білдіруі.


Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады

стикерлер


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Артықбай Д.М

Күні:

14.09.2026ж.

Сынып: 1 а

Қатысушылар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Бес қасиет»

«Еңбегі адал-жас өрен» жобасы(әртүрлі мамандықтарға қызығушылық және еңбекқорлық идеясын насихаттау)

№3 қауіпсіздік сабағы «Ересек адам «ата-анаңа айтпа» десе не істеу керек?» (10 минут)


Құндылық


«Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы»

Мақсаты

  • Білім алушыларды ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдері мен қарасөздерінің мазмұнын меңгертуге, мағынасын аша білуге, талдауға бейімдеу;

  • Білім алушылардың тіл байлығын, ой өрісін, өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

  • Білім алушыларға эстетикалық тәрбие беру, адамгершілікке, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.

Апта дәйексөзі

«Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ»

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі


Оқушыларымен амандасу, тәрбие сағатына назарларын аудару. (Өзін таныстыру)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

(Оқушылардың көңіл күйлерін сұрап, сәттілік тілеу)

Ой қозғау: тақтадан «175» саны көрсетіледі. Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Бұл санды қандай атаулы оқиғамен байланыстырасыздар?

  • Осы санды көргенде ойларыңызға бірден келген ой қандай?


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді,








Сабақ басы








Мұғалім сөзі: құрметті оқушылар біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше болмақ, себебі біз бүгін Абай атамызбен танысамыз.


  1. А.Құнанбайұлына арналған бұрышқа саяхат.

  2. А.Құнанбайұлы атындағы кітапханаға саяхат.

  3. А.Құнанбайдың өлеңдері және кинотеатрға саяхат.

А.Құнанбайұлы атындағы мектепке саяхат.


1.Саяхат: Оқушылар А.Құнанбайұлы атындағы бұрышқа саяхат жасайды. Өмір жолымен танысады.


1.Тапсырма(А.Құнанбайұлы атындағы бұрыштағы тапсырманы орындайды)


Сандар сөйлейді: 45, 1845, 60, 1904, 170, 56, 20, 3

Жауабы: 45 (А.Құнанбайұлы қара сөздерінің саны), 1845 (А.Құнанбайұлы дүниеге келген жыл), 60 (А.Құнанбайұлының шығармалары 60 тілге аударылған), 1904 (А.Құнанбайұлы дүниеден өткен жыл), 170 (А.Құнанбайұлының 170 өлеңі бар), 56 (А.Құнанбайұлының 56 аудармасы бар), 20(А.Құнанбайұлының 20 шақты әні бар), 3 (А.Құнанбайұлының аяқталған 3 поэмасы бар)


2. Саяхат:А.Құнанбайұлы атындағы кітапханаға саяхат.

2-тапсырма.Кітапханада «Абай» журналынан ақынның үш тілде аударылған қарасөзің оқиды.

Отыз бірінші қара сөзі: Естілген нәрсені ұмытпастыққы төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

4..Саяхат:А.Құнанбайұлы атындағы кинотетрға саяхат. Кинотеатрдан А.Құнанбайұлы туралы қысқаша ақпарат беретін бейнефильм көреді.


4.Саяхат: А.Құнанбайұлы атындағы мектепке саяхат жасайды.(Мектепте оқушыларға арналған тапсырмаларды орындайды)

Оқушыларды Абай өлеңдерінің қиындылары арқылы екі топқа бөлу:


І-топ «Ақыл» (Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап)

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме


ІІ –топ «Ғылым»(Жасымда ғылым бар деп ескермедім)

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы-бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім,

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.


Оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірімен танысады.






























Оқушылар жауап береді.





































Соңы

2 мин






 Оқушыларға таратып беремін).

1.Мен бүгін білдім...

2.Мен бүгін сезіндім...

3.Мен келесі сабақта білгім келеді...



Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады

стикерлер







Педагогтің Т.А.Ә.

(болған жағдайда)

Артықбай Д.М

Күні:

21.09.2026ж.

Сынып: 1 а

Қатысушылар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Жол әліппесі» №4 қауіпсіздік сабағы «Бейтаныс адамдардан қалай сақтану керек?»

(10 минут)

Құндылық


«Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы»

Сабақтың мақсаты.


Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.



Апта дәйексөзі

«Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ»

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар қызыл, сары, жасыл жетондарды өз қалауымен таңдап, алып үш топқа бөлініп отырады.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді,


Сабақ басы (10 мин)







Мұғалім:

- Құрметті оқушылар, бейнебаяннан көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде?

- Дұрыс айтасыздар, жолда жүру ережесі, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы туралы болмақ. Сабағымыздың басты мақсаты егемендігі мен елдігі орнаған осындай Қазақстан атты бейбіт өлкемізде сәбилердің қуанышты күлкісі мен аналарымыздың әсем жүзі бақытқа толы болса дейміз, ол үшін әр азамат өмір қауіпсіздігін сақтап, жол тәртібін білу керек. Біз бүгін осы мақсатта жол ережелері өлкесінде қонақта боламыз. Сәт сапар, Жас ұлан!

II. Мағынаны ашу.

1-жүргізуші:

«Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі машинаның аз кезінде-ақ туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен ауыстырылатын және алмастыру үшін арнайы адам тұратын еді және ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы америкада электр бағдаршамы пайда болды.


2-жүргізуші:

Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін 127 км ғана жол болса, елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз км дейін жетті. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.


1-жүргізуші:

- Балалар, МАИ қызметкері дегініміз кім? Дұрыс айтасыздар, бүгін бізге МАИ қызметкері келген екен. Сіздердің ұшқыр ойларыңыз бен білімдеріңізді сынап көрмекші.


МАИ қызметкері:

- Әр бір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Сондықтан жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білулерін керек. Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс. Сол себепті сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар. Бірінші, жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

1-оқушы:Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, сонда қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады.

МАИ қызметкері:

- Топталып келе жатқан жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек?

2-оқушы: Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек. Негізінен жол тәртібін сақтап, жаяу жүргіншіге арналған жолмен немесе бағдаршамнан өтуі керек.

МАИ қызметкері:

- Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?

3-оқушы:

Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін. Сондықтан әр кез сақ болып, асықпай жүрген абзал.


МАИ қызметкері:

- Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?

4-оқушы:

Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.


МАИ қызметкері:

- Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өту керек?

- Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде


















Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер

Соңы

2 мин






Рефлексия.

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Сабақта сізге не қатты әсер етті?

  • Сіздің есіңізде қандай жақсы істер немесе идеялар қалды?

  • Қандай тапсырмалар немесе әрекеттер ең қызықты болды және неге?

  • Хормен:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

Қазақ атты елімде,

Бақытты өмір сүрейік!

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады

стикерлер



ЖЖЕ №1 «Көше күтпеген оқиғаларға толы»



Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген өліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.Жол заңы дұрыс жүріп ,абай болуды талап етеді.

1.Жаяу жүргінші жаяу жол (тротуар) немесе жаяу

жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.

2.Елді мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы

бағытта жүруге тиіс;

3.Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі

белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;

4.Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;

5.Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз

жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;

6.Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан

өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;

7.Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңындакүту қажет. Егер ондай болмаса, жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн.


Қорытынды: Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана

аман - есен жүруге болады.





























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жол ережесі тәрбие сағаты

Автор: Артықбай Д.М

Дата: 30.09.2026

Номер свидетельства: 691044

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Т?рбие са?аты "Жол ережесін білесі? бе?""
    ["seo_title"] => string(46) "t-rbiie-sag-aty-zhol-ieriezhiesin-biliesin-bie"
    ["file_id"] => string(6) "247635"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446605362"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Тәрбие сағаты Жолда жүру ережесі."
    ["seo_title"] => string(40) "t_rbiie_sag_aty_zholda_zhuru_ieriezhiesi"
    ["file_id"] => string(6) "431964"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1507745557"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Ашы? т?рбие са?аты Та?ырыбы: «Абай болы?дар, балалар!»"
    ["seo_title"] => string(54) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-tak-yryby-abai-bolyn-dar-balalar"
    ["file_id"] => string(6) "311955"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459268131"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Жолда ж?ру  ережелерін  білесі? бе?  Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "zholdazhuruieriezhielierinbiliesinbietrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "270704"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1451234757"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Т?рбие са?аты "Жол ережесін есте са?та!" "
    ["seo_title"] => string(47) "t-rbiie-sag-aty-zhol-ieriezhiesin-iestie-sak-ta"
    ["file_id"] => string(6) "205697"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429978552"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей


ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства