| Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Артықбай Д.М | |
| Күні: | 21.09.2026ж. | |
| Сынып: 1 а | Қатысушылар саны: 22 | Қатыспағандар саны: |
| Сынып сағатының тақырыбы | «Жол әліппесі» №4 қауіпсіздік сабағы «Бейтаныс адамдардан қалай сақтану керек?» (10 минут) | |
| Құндылық | «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы» | |
| Сабақтың мақсаты. | Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. | |
| Апта дәйексөзі | «Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ» | |
| Сабақтың кезеңі | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті |
Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
| Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) | І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар қызыл, сары, жасыл жетондарды өз қалауымен таңдап, алып үш топқа бөлініп отырады. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, | |
| Сабақ басы (10 мин) | Мұғалім: - Құрметті оқушылар, бейнебаяннан көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде? - Дұрыс айтасыздар, жолда жүру ережесі, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы туралы болмақ. Сабағымыздың басты мақсаты егемендігі мен елдігі орнаған осындай Қазақстан атты бейбіт өлкемізде сәбилердің қуанышты күлкісі мен аналарымыздың әсем жүзі бақытқа толы болса дейміз, ол үшін әр азамат өмір қауіпсіздігін сақтап, жол тәртібін білу керек. Біз бүгін осы мақсатта жол ережелері өлкесінде қонақта боламыз. Сәт сапар, Жас ұлан! II. Мағынаны ашу. 1-жүргізуші: «Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі машинаның аз кезінде-ақ туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен ауыстырылатын және алмастыру үшін арнайы адам тұратын еді және ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы америкада электр бағдаршамы пайда болды. 2-жүргізуші: Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін 127 км ғана жол болса, елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз км дейін жетті. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады. 1-жүргізуші: - Балалар, МАИ қызметкері дегініміз кім? Дұрыс айтасыздар, бүгін бізге МАИ қызметкері келген екен. Сіздердің ұшқыр ойларыңыз бен білімдеріңізді сынап көрмекші. МАИ қызметкері: - Әр бір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Сондықтан жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білулерін керек. Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс. Сол себепті сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар. Бірінші, жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді? 1-оқушы:Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, сонда қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады. МАИ қызметкері: - Топталып келе жатқан жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек? 2-оқушы: Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек. Негізінен жол тәртібін сақтап, жаяу жүргіншіге арналған жолмен немесе бағдаршамнан өтуі керек. МАИ қызметкері: - Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма? 3-оқушы: Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін. Сондықтан әр кез сақ болып, асықпай жүрген абзал. МАИ қызметкері: - Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады? 4-оқушы: Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады. МАИ қызметкері: - Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өту керек? - Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде |
| Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер |
| Соңы 2 мин | Рефлексия. Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:
Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік. Қазақ атты елімде, Бақытты өмір сүрейік! | Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады | стикерлер |
v
