Просмотр содержимого документа
«Жоғары атақ иесі-адам»
Тақырыбы: «Жоғары атақ иесі – адам»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу
Көрнекілігі: стикер, түрлі-түсті маркер, ақ парақтар.
Сабаќтың түрі: дәстүрлі
Пәнаралық байланыс:әдебиет, қазақ тілі, өзін-өзі тану.
Барысы:
І Кіріспе бөлім.«Жылулық шеңбері» тренинг
ІІ Негізгі бөлім.
Аукцион (маќал-мәтелдер айтысы).
Топтастыру (жағымды және жағымсыз қасиеттерді жазады)
«Ќұпия хаттарға» жауап.
«Сиқырлы дүкен»
«Есімде қалған жақсылығым...»
ІІІ Ќорытындылау.
Тәрбие сағатын қорытындылау.
Ұйымдастыру бөлімі:
«Жылулық шеңбері» тренинг
- Балалар, сәлеметсіңдерме! Көңіл - күйлеріміз қалай? Қазір барлығымыз өз есімімізді айтып, сол әріптен басталатын өз бойымыздағы бір қасиетті, көршіміздің өзімізге ұнайтын бір қасиетін айтамыз.
Мұғалім:
-Балалар, сендер көлікке мініп жол жүргенде терезеден айналаға, жолға назар аударасыңдар ма? Тез-тез ағылып өтіп, ұзын жолдар артта қалып жатады. Бұған нені ұқсатуға болады?
- Әрине, адамның өмірі.Ал, адам сол өмірін қалай өткізу керек деп ойлайсыңдар?
Адам қоғамда, адамдар арасында өмір сүреді. Басқалар сенімен қарым-қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс. Сыртқы келбетің мен жүріс-тұрысың, адамдармен ұдайы сәлемдесіп, кішіпейілдік, қайырымдылық көрсетуің -сенің адамгершілігің мен әдептілігіңді көрсетеді.
- Балалар, қазір, Аукцион өткізіп көрсек қайтеді. Кім адамдық қасиеттер туралы мақал-мәтелді көп біледі екен?(«Аукцион» деп аталатын бұл бөлімінде оқушылар назарына «СӘТТІЛІК» ұсынылады. Екі топ адамның ізгі қасиеттері туралы мақал-мәтелдер айту арқылы «СӘТТІЛІКТІ» ұтып алуы тиіс.)
(Оқушылар мақал-мәтел айтып жарысады)
ІІ. Балалар, мен сендерге түрлі түсті қалам мен ақ парақтар таратып беремін. Сендер:
І топ. Адам бойындағы жағымды қасиеттерді;
ІІ топ. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді жазыңдар.
Адамдық асыл қасиеттерге : әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, үлкенді сыйлау, кісілік жатады.
ІІІ. Балалар «Аулақ жүріп жаман қылық әдеттен. Үйреніңіз жақсы мінез әдеппен»,- демекші, біздерге өзге мектептегі достарымыздан құпия хаттар келіпті. Сол «Ќұпия хаттарға» жауап беріп, достарымызға кеңес беріп көрейік.
Бірінші хат. Ерлан байқамай Анарды итеріп қалды. Анар қатты ашуланды да, жағымсыз сөздер айтып тастады. Қалай ойлайсың кімдікі дұрыс? Қане, кім жауап береді?
Екінші хат. Менің көршімнің бір баласы бар. Ол өтірікші. Көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып, ойнайын ба?
Үшінші хат. Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап-ойнап тапсырманы орындамай, жазбай келеді. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» дейді. Менің не істеуім керек?
Төртінші хат. Менің бір досым мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішіндегі нәрселерін айтып мақтана береді. Мен онысын ұнатпаймын. Мен осы баламен дос болайын ба?
Бесінші хат. Маған анам өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Мен достарыммен ойнап жүріп бұл өтінішті тіпті ұмытып кеттім. Анам жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қойды. Ренжулі еді. Анамның көңілін қалай ауласам екен?
Ия, қазір адамдар бірі-бірінің жақсы қасиеттерінен гөрі жағымсыз қасиеттерін көргіш, сынағыш келеді. Көпшілігіміз жұмыс басты болып, не күнделікті сабағымызға дайындалып бір-бірімізге назар аудармай, көңіл бөлмей кеттік.
Олай болса барлығымыз «Сиқырлы дүкен» ойынын бірге ойнайыќ..
Қатысушыларғасиқырлы дүкен бар екенін елестетутапсырылады. Ол дүкенде мынандай нәрселер бар: шыдамдылық, мейірімділік, қамқорлылық, басқаларға түсіністікпен қарау, әзілді түсіну, қайырымдылық, тілектестік, жақсылық ойлау, білімқұмарлық, шынайылық, шыншылдық, әділдік. Бір қатысушы сатушы рөлінде болады. Қатысушылардың бірі дүкеншіден өзіне қажетті «затты» сұрайды, ол «заттың» не үшін қажет және қандай жағдай үшін қажет екенін түсіндіреді де сұраған «затын» береді.
«Есімде қалған жақсылығым...» (стикерге жазу)
ІІІ Қорытындылау.
Мұғалім:
«Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды» демекші, қашан да болмасын инабатты ұл мен ибалы қыз – елдің көркі, ортаның мақтанышы болмақ.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыз әр сайыскер мен ұстазға үлгі аларлық тәлім берді деп ойлаймын.Бүгінгі тәрбие сағатын жақсы лебіздерімізбен аяқтайық. Еліміз тыныш болсын! (оќушылар кезекпен бір-бір ауыз тілектерін айтады)
Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен,
Біреуден болды дегенді
Шығарамын сөзімнен.
Келесі кездескенше еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!