kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жігіт сұлтаны атты тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жігіт сұлтаны атты тәрбие сағаты 1 а сыныбында өткізілді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жігіт сұлтаны атты тәрбие сағаты»



Жігіт сұлтаны.

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.


Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 1 сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.- дегендей бүгінгі сайысымызды 1 а сынып қыздарының «Қаражорға» биімен ашуға рұқсат етіңіздер.


Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы 9  жігіт өз өнерлерін көрсетпек.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп сыныптың жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші. . Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Бастауыш сынып мұғалімі

Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.

1. Қуантады білімімен бізді  Бейбіт  
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
 

2. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Аңсар Көрінген күштің басынан


 

3. Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерімен тамсандырған адамды
Қошеметпен шақыралық ортаға
Мансур атты жігіт болған сарбазды

4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Ислам

5. Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға Даниал

Сом білек Қажымұқанның інісіндей 



6.Қуантады білімімен бізді Асанәли
Қол соғып қарсы алайық, 
Білімің серік болсын талабыңа, 
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

7.  Сыйлаған ата-анасын Үлкеннің алған батасын   
 Сүрінбей сыннан өтемін 
Мақсатыма жетемін  деп келе жатқан Тоқпаев Мансурды қарсы алайық

8 Оқу - білім жолымен болашаққа бастаған

Ерхан жігіт адалдықты  ту еткен .

Тайталасып көрейін күш-жігерім жеткенше,

Бақ пен бабым келіссе топтан озам деген .



9.   Спортпенен білім жағын бір қосқан

     Кем қалмаған талантпенен  табысқан

   Қараңыздар Ибраһим  ортада

    Тауды бұзар шын кіріссе намыстан-



Әр сайыскер сандар суырып, нөмірлерін тағады.

І бөлім: «Таныстыру»

Жігіттер өздерін таныстырып өтеді.



Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі де ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

Парасатты ер жігіт,

Ақылымен әр іс біледі.

Өнерің барда жігіттер,

Тоқталып сірә, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,



2 бөлім:  Үкілі домбыра өңгерген,

Ер жүзіне өң берген.

Мауыты шапан жамылған,

Ата салттан аспаған,

Аталы сөзге тоқтаған,

Халықтың сәні,үміті,

Қазақтың сері жігіті- дегендей ер жігіттің ұлттық киім кию үлгісін тамашалайық.

3 - бөлім «Жігітке жеті өнер де аз» (өз өнерін көрсету )
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар- деп жігіттеріміз үйден дайындап келген өнерлерін ортаға салады.



Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар
Жауаптарын таба ма екен бұл жігіттер
Сондықтан қойылатын сұрақтар бар.
 

4 - бөлім. «Көңілі ояу, көзі ашық» (сұрақ - жауап)

 «Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.


5 –бөлім: Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.

Әр жігітке 1 мақалдан  беріледі,олар жалғасын табулары керек.

        9-оқушыға:

1.   Досы жоқ адам – (тұзы жоқ тағам.)

2. Отан – (оттан да ыстық. )

3. Оқу –білім бұлағы, (білім- өмір шырағы.)

4. Досы көпті жау алмайды-

5.Оқусыз білім жоқ , (білімсіз күнің жоқ.) 

6.Ашу дұшпан, (ақыл – дос)

7.Білекті бірді жығады ,  (білімді мыңды жығады.

8. Әдепті бала - арлы бала  (Әдепсіз бала – сорлы бала).



9. 6.Тіл тас жарады.(Тас жармаса, Бас жарады.)

1 сынып қыздарының орындауында «Өзбек» биін қабылалыңыздар

  1.      Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

  2. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»

  3. «Дарынды жігіт»

  4. «Сегіз қырлы, бір сырлы».

  5. «Өнерпаз жігіт»

  6. «парасатты жігіт»

  7. «Алғыр жігіт».

  8. «Шымыр жігіт».

  9. «Шешен жігіт»

9.«Батыр жігіт»

  1. «Биші жігіт»

  2. «Әнші жігіт»



 

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады

деп бүгінгі
«Жігіт сұлтаны» сайысымыз да аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Жігіт сұлтаны атты тәрбие сағаты

Автор: Сатыбалдинова Альмира Бабакановна

Дата: 12.03.2018

Номер свидетельства: 461509

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "«Т?уелсіздік-тірегім» атты т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(43) "t-uielsizdik-tirieghim-atty-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "178873"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424887006"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "«Іздегенде табылатын ?асы?нан» ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(56) "izdieghiendie-tabylatyn-k-asyn-nan-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "195728"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427958913"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "1-?ырк?йек Білім к?нінде ?ткізілген "Мені? Отаным-?аза?стан" атты т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(87) "1-k-yrkuiiek-bilim-kunindie-otkizilghien-mienin-otanym-k-azak-stan-atty-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "239476"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444804597"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«?лтты тану – ?рпа? борышы» атты т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(47) "u-ltty-tanu-u-rpak-boryshy-atty-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "180799"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425234596"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін с?йген -Елбасы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(32) "ielinsuighienielbasytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "290462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454953621"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства