Тақырыбы: «Жаса ,жайна ,ару қалам- Астана.
Мақсаты:а)Білімділік:Оқушыларға Астана қаласы туралы кеңінен мағлұмат беру.
ә) Тәрбиелік:Оқушыларды Отанын ,елін шексіз сүйе білуге тәрбиелеу.
б)Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорларын ,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Көрнекілігі:тақырыбы ,Астана қаласының суреттері ,президентіміз Н.Н.Назарбаевтың суреті және ұлағатты сөздері, «Астана:дерек пен дәйек.».
Әдісі: сұрақ-жауап ,түсіндіру.сайыс,ойын.көрнекілік.
Түрі:жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Жаңа сабақ.
Астана- Еуразия құрлығының кіндігінде,Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан.
Астана-Еуропа мен Азияны көне заманнан бері жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолының бойындағы қала.
Астана—көлік жолдары Қытай мен Ресейді ,Батыс Еуропа мен Таяу Шығысты байланыстырып жатқан қала.
Астана- қазақстандықтардың мақтанышы.
Астана- Қазақстан Республикасының елордасы.
«Астана: дерек пен дәйек.»
1. 1920 жылдан бастап Қазақстанның тұнғыш астанасы Орынбор қаласы болды.
2. 1925жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді.
3 Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшіруге басты себеп болды.
Бұл заң жүзінде 1927 ж 3-сәуірде , іс жүзінде 1929ж жүзеге асырылды.
4.Қала жөнінде жалпы мәліметтер .
Құрылған жылы 1832 ж. Теміржол бекетінің атауы -Астана станциясы.
1961 жылға дейін Ақмола қаласы
1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград қаласы.
1993 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола қаласы.
1997 жылғы 20 қазандағы Президент жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының Астанасы болып жарияланды.
1998 жылғы 6 мамырдағы Президент жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.
Қазақстанның жаңа елордасы Астананың тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өткізілді.
1999 жылғы шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды
«Астана келбеті-ұлт келбеті.»
«.Астана –Отанымыздың жүрегі.»
«Жаңа астана –тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны.»
Н.Ә.Назарбаев.
Сайыстың бағдарламасы:
1.Таныстыру.
2. Астанам-ұрпағымның мақтанышы.
3. «Бәйге» ойыны.
4. «Ойлан ,тап».
5. «Сөз ойла ,тез ойла» ойыны
6. «Өнерлі өрге жүзер».
1.Таныстыру.
1-топ «Астана» тобы.
Топтың ұраны:
Көз тіккен төрткүл дүние алты Алашы.
Бұл бүгін қазағымның бас қаласы.
Елордам халқым үшін ерен бөлек ,
Тәуелсіз елдің Астанасы.
2-топ. «Бәйтерек» тобы.
Топтың ұраны:
«Бәйтерегім » аспанмаен таласады.
Ай мен Күндей көркіне жарасады.
Қазағым ,алға ұмтыл ,құлаш серме!
Шабыттанып еңбек ет,биікке өрле!
2. Астанам-ұрпағымның мақтанышы.
1-оқушы
Күн сүйген Сарыарқаның даласында ,
Таранған аққудай боп қала осында .
Жүрегі еліміздің Астана ол –
Есілдің еркелеп аққан жағасында.
2-оқушы
Кезінде көтергенде батыл мұңы,
Көрінді көп ұлттың да татулығы.
Ап келді Елорданы Сарыарқаға
Қазақтың Нұрсұлтандай ақылды ұлы.
3-оқушы
Іске алып Елбасының бастамасын
Елімнің бой көтерді бас қаласы.
Өзінің көркіменен бар әлемге
Танылды қазақтың бұл Астанасы.
Астана -еліміздің қақ ортасы,
Астана –ырыс ,құт пен бақ ордасы.
Алыстан көз тартады тұлғаланып,
Сәулетті Елбасының Ақордасы.
4-оқушы
Тарихқа бұл өңірдің бар дерегі ,
Қарайды заңғар көкке «Бәйтерегі».
Бр көріп келген адам Астананы
Аузынан суы құрып айтар еді.
Қазақтың қуат берген даласына ,
Нұр құйған әр адамның санасына.
Еліміздің төріндегі Астана бұл
Айналған Жаңа ғасыр қаласына.
5-оқушы
Астанам –бағы биік асқарымсың,
Астанам –мәңгі жарық аспанымсың.
Астанам –пейіш қала ,ел арманы ,
Астанам қайда жүрсем мақтанышым.
Астанам –шапағаттың шуағындай,
Астанам –махаббаттың тұрағындай.
Астанам –періштелер мекенісің ,
Астанам –Қазақстан тұмарындай.
6-оқушы
Өзіңе сырттай мен де тамсанамын,
Мерекеңді шаттана қарсы аламын .
Сен тұрсаң Есіліңнің толқынымен ,
Мен тұрам Сырдың күтіп таң самалын.
1-оқушы
Көркіңе көз тоймайды ,қызығасың ,
Халықтың қуанышын айт ,жүзі жарқын .
Көк тіреп Бәйтерегі Сарыарқада ,
Тұрғандай ,танытқандай батыр халқын.
2-оқушы
Қазақтың қайтпас -қайсар батырлығын
Бар әлем келіп тойлап жатыр бүгін.
Нұр ағам Астананың төрінде отыр
Халқының жеңілдетіп ауыр жүгін.
3-оқушы
Құлпырып гүлзарменен ғажап тағы,
Ордамның жарқырайды ғажап таңы.
Астанам- ұрпағымның мақтанышы,
Шаһарым-шуағы мол жәннат бағы.
Сән берген Сарыарқадан гүл өңірге ,
Жайнаған Отанымның жүрегінде.
Астанам-бақ ошағым ,түп қазығым,
Айналған бар қазақтың тірегіне.
4-оқушы
Тәуелсіз байтақ елім бар,
Тәу еткен туған жерім бар.
Елімнің биік еңсесі
Астанам ордам ,төрім бар.
Атағы кезген шартарап,
Ұланы біздей өр талап,
Астанам -жалын маздаған ,
Отына жылын ,мархабат.
5-оқушы
Елордам елдің жүрегі,
Елбасым алтын тірегі.
Елдік тұғыры екеуін
Ажыратпаймын бір елі.
Астана -әсем ,бас қалам ,
Алматы –алтын баспанам.
Қызылорда -қара шаңырақ ,
Бәрі де менің Астанам.
ІІІ.«Бәйге» ойыны.
1-топқа
1.Қазақстанның тұңғыш Астанасы қай қала болды?.(Орынбор)
2.Қазақстан Республикасының елордасы қай қала? (Астана)
3.Астана қаласының қазіргі әкімі кім? (Иманғали Тасмағамбетов)
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
5.«Қазақ елі»монументінің биіктігі қанша метр? (91 м)
6.Қазақстанның тәуелсіздігі қай жылы жарияланды?(1991 ж16 желтоқсан)
2-топқа
1.1925 жылы Қазақстанның астанасы қай қалаға көшірілді?
1. Бұрын еліміздің астанасы болған қаланы ата.(Алматы).
2.Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды?
3.Қазақ елінің рәміздерін ата.
4.1-желтоқсан қандай мереке?
5. Астана қаласының алғашқы әкімі кім? (Әділбек Жақсыбеков)
6.Бәйтеректің биіктігі қанша метр?(97 м)
ІҮ. «Ойлан ,тап».
1-топқа
1.Айнымайды шыныдан ,
Қорқады тек жылыдан.(Мұз.)
2.Қайда жүрсең ,
Қосарлана шабады.
Үйге кірсең ,
Босағада қалады.(Аяқ киім)
3.Таудан түссем ,тоқтауды білмейді ,
Тауға қарай тартсам , жүргісі келмейді.(Шана)
4.Тал бас басында түндіксіз отау.(Ұя)
5.Қабат-қабат қаптама ,
Ақылың болса аттама.(Кітап)
2-топқа
1.Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.(Шаңғы)
2.Жаралғанда
жабысқан.(Кісінің есімі).
3.Қыста ғана болады.
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар.)
4.Көкте бар,
Суда бар ,
Жерде жоқ.(Ай)
5.Үй үстінде ұсақ тас .(Жұлдыз)
Ү. «Сөз ойла ,тез ойла» ойыны
Қазақстан.
Қызылорда
ҮІ. «Өнерлі өрге жүзер».
Ән. «Астана».
Өзбек биі.
Ән «Жаса,Қазақстан»
ҮІІ .Қорытынды.
Арманыма арқау болған Астанам,
Көкке қарай қанат жая бастаған.
Дәл осылай жүректерде сақталса ,
Отаным деп туары анық жас балаң .
Бәйтерек тұр көкке тіреп төбесін ,
Танытқандай сұлулықтың төресін
Елім - тыныш ,жерім аман болса егер,
Сан мың жылдар жаңа таңын көресің.
Әрқашан да тарылмасын құлашың ,
Күнге қарай мойыныңды бұрасың.
Көрем ,сұлу келбетіңнен әрдайым,
Ел есінде мәңгілікке тұрасың.
Ұштастырып жер мен көктің арасын,
Күннен күнге сұлуланып барасың.
Пана болған құтты мекен -Астанам!
Қазағыма қасиетті қаласың.
Тәуелсіздігіміздің тірегі ,
елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін!»
Ән «Көк тудың желбірегені.»
Қадырқұл негізгі жалпы білім беретін мектебі.
Ашық тәрбие сағаты.
Тақырыбы: «Жаса ,жайна ,ару қалам- Астана!»
Өткізген: Бактигереева Б.С