kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа жылда жасыл шырша жанында

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жылда жасыл шырша жанында

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жылда жасыл шырша жанында»



Күні: 26.12.2017ж Сынып: 2 «А,Б»

Тәрбие сағат тақырыбы: «Жаңа жылда жасыл шырша жанында»

Мақсаты: 1. балаларға мерекелік көңіл күй тудыру.

  1. Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың карнавалдық киімдеріне назар аударту.

  2. Көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.



Жүргізуші:

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті жиналған қауым, ата-аналар мен ұстаздар! Баршаңызға жаңа 2018 жыл ит жылы құтты болсын! Отбастарыңызға бар жақсылықты тілейміз. Жаңа жылымыз сіздерге мол қуаныш әкеле берсін, осылай кішкентай балаларымыздың қызықтарына тоймай, келе беріңіздер. Бүгін балалар сіздерге арнап өлең, би, ән жырларын дайындады, аяз атаға да арнап дайындаған әндері мен билері бар. Балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Олай болса көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!



1-оқушы: Жаңа жылда жол болсын!

2-оқушы: Әрбір үйде той болсын!

3-оқушы: Берекелі жыл болсын!

4-оқушы: Ақ дастарқан мол болсын!

Бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!



Жүргізуші:

  • Той пердесін ашайық,

Жырдан шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық! – дей отырып Жауқазынның орындауындағы «Әке-Ана» әнін қабыл алыңыздар.

  • 1. Ән: «Әке-Ана» орындайтын: Нұрланқызы Жауқазын.

Жүргізуші:

  • Балалар, қазір әлемге саяхатқа шығамыз. Мұнда біз әр елдің жаңа жылды қарсы алу дәстүрімен танысамыз, және бізде сол дәстүрлері бойынша өнер көрсетеміз. Келістікпе балалар?!

  • Балалар: иә, келістік.





Жүргізуші:

  • Олай болса, балалар, көршілес Ресейде Жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақарды күтеді екен. Солармен ән айтып, би билеп, жарыстар ұйымдастырады. Қане, біз де көршілес халқымыздың әуеніне салып, біраз серпіліп алайық.

  • 2. Би: «Яблоки» Орындайтындар: 2 «Б» сынып оқушылары ұлдар биі.

Жүргізуші:

  • Келесі биіміз де көршілес еліміздің салты бойынша орындалады.

  • 3. Би: «Танец снежинок» қыздар биі. 2 «А» сынып оқушыларына береміз.

Жүргізуші:

Жаңа жылым мереке,

Онда қызық думан бар.

Жаңа жылды біз тойлап,

Әніміз де шырқалар.

  • Келесі кезекті әнге береміз.

4.Ән: «Аспанға қараймын» Диас пен Жігердің орындауында.

Қабыл алыңыздар!



Жүргізуші:

- Балалар, біздің Аяз атамыз алыс сапарда жүр екен. Олар келгенше біз бәріміз Нұртуған мен Жансезімнің орындауындағы «Шыршаға барғанда» әнін тыңдайық. Сонда Аяз ата мен Ақшақар естіп, біздің елді-мекенге келеді. Олай болса ортада:

  • 5. Ән: «Шыршаға барғанда»

  • Орындайтындар: Жансезім, Нұртуған.

Жүргізуші:

  • Жарайсыңдар балалар, алыстан Аяз ата мен Ақшақар келе жатқан сияқты. Қане, бәріміз Аяз атаны шақырайықшы.

  • Балалар: Аяз ата а-у-у-у. Аяз ата а-у-у-у. Аяз ата а-у-у-у.

/Аяз ата мен Ақшақар келеді/

  • Аяз ата: Ақшақарым, біз әні мен сәні жарасқан, ұл-қызы өнерлі, халқының бірлігі мол, берекелі елге келген екенбіз. Мен өте қуаныштымын.

-Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұртым да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берем жұртыма.





Ақшақар: Иә. Аяз ата бұл өзіміздің сағына көруге аңсаған Ақмая елді мекеніндегі Ақмая орта мектебінің білім ордасының шырша тойы екен.

Жүргізуші:

  • Балалар, біздің Аяз атамыз алыс сапардан шаршаған секілді...аяз ата біраз тынығып сендердің өнерлеріңді тамашаласын.

  • /Аяз атаны отырғызу./

Жүргізуші:

  • Қуыршақтар бізде бүгін қонақта,

Дөңгеленіп би билесін ортада.

Қуыршақтар сүйкімдісің қандайсың,

Қанша қарап отырсаң да тоймайсың.- дей келе келесі кезекті биге береміз.

  • 6. Би: «Кукла» Орындайтындар: 2 «Б» сынып оқушылары

қыздар биі.

Жүргізуші:

  • Балалар, Испанияда жаңа жылда жастар «некелеседі» екен. Сонымен қатар сағат тілі соғысымен әрбір испандық 12 жүзім жеуге тырысады. Яғни, осы рәсім орындалатын болса, алдағы жылы тілек орындалады деп біледі. Олай болса кезекті биді Испан биіне берейік.



  • 7. Би: «Испан» қыздар биі. 2 «А» сынып оқушыларына береміз.

Жүргізуші:

Кеткенде той тарқап,

Құр қалдық демеңдер.

Шығыңдар ортаға,

Өнерлі өрендер.

  • 8. Би: «Флешмоб» 2 «Б» сынып оқушылары ұлдар биі.



Жүргізуші:

Жаңа жыл-бұл жаңа нұр,

Нұрдан ләззат ала біл.

Ақын жазар жаңа жыр,

Жырдан тыңда терең сыр.

Балалардың тақпақтарына кезек берсек.



Жүргізуші:

  • Қуаныш пен шаттыққа кенелейік,

Жадырап ән шырқап тербелейік.

Төрлет, төрлет халқымның құтты жылы,



Бәріміз дөңгелене би билейік. – дей келе ендігі кезекті биге берейік.

  • 9. Би: «Вальс» 2 «А» сынып оқушыларына береміз. Қарсы алыңыздар!



Жүргізуші:

Жаңа жылың құтты болсын,

Мейірімді ата-анам.

Шалқып шығып келе жатыр,

Жаңа бір күн жотадан!

-Келесі кезекті әнге берсек.

10.Ән: «Ертегілер» әнімен ортада Жұмабек Жанельді қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

-Балалар, біздің Аяз атамыздың кететін уақыты келген сияқты. Көрші ауылдағы мектептерге де барып балалардың өнерін тамашалау керек. Олай болса, Аяз атамыз бен Ақшақарымызды шығарып салайық!

Балалар: Қош сау болыңыз, Аяз ата Ақшақар!

Аяз ата: Қош сау болыңдар балалар! / Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салу./



Жүргізуші:

  • Құрметті халайық ортаға еліміздің шырайлы Шығысынан келген шынайы өнер бишілерін шақырайық.

  • 11. Би: «Шығыс биі» 2 «Б» сынып оқушыларына береміз.

Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

  • Қадірлі қонақтар! Еліміз еңсесін көтергелі біраз жылдар өтіпті. Жыл өткен сайын жаңарған жерлерді көреміз. Соның бір дәлелі өткен тауық жылында жас Астанамызда ЭКСПО –көрмесі болды.

Гүлдей жайнап өсе бер, Астана! Олай болса, осы кезекте ортаға жастай өсіп келе жатқан ерке қызымыз Балаусаның орындауында Астанаға тарту «Павлин» биін тамашалаңыздар.

12. Би: «Павлин» орындайтын: Еркінқызы Балауса.



Жүргізуші:

Өлең де әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел, Жаңа жыл біздерге.

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл! – дей отырып келесі кезекті ойынға берейік.





13. Ойын: «Кел, би билейік» /столмен би/

Ойын шарты мынадай: ортаға шығып, әр ұлттың биін ырғағына сай етіп билеу керек. Музыка әуені тоқтағанша билеу керек. Музыка сөнген уақытта столға отырып үлгеру қажет. Ойынға музыка пәні мұғалімі Алмагүл апай төрелік етеді. /ортаға 4 оқушы шығады./

Жүргізуші:

  • Рахмет сіздерге көп-көп. Жеңімпазды құттықтаймыз.

Жүргізуші:

  • Басталарда жаңа нұр,

Құйылады жаңа нұр.

Жүрекке арман бөлеген,

Қош келіпсің, жаңа жыл. – дей отырып кезекті әнге береміз.

14. Ән: «Қайда?»әнімен ортада Абдилхамит Сафиянұрды қарсы алыңыздар!



Жүргізуші:

  • Жаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,

Жаңа жылда тағы да алға басамыз.

-Келесі кезекті тамаша бір биге берсек.

15. Би: «Джентельмен» 2 «Б» сынып оқушыларына береміз. Қарсы алыңыздар!



Жүргізуші:

Ал, балалар, құр тұрмайық,

Жібек пен Аянатты шақырайық.

Ән салсын, қол соғайық,

Жаңа жылда ортамызға қарсы алайық!

16. Ән: «Көңілді күн» орындайтындар: Жібек пен Аянат.



Жүргізуші:

  • Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін. – келесі кезекті биге береміз.

17. Би: «Танец мальчиков» 2 «А» сынып оқушыларына береміз. Қарсы алыңыздар!





Жүргізуші:

  • Мың бұралған ақ қайыңдай,

Қыздар шықсын ортаға.

Ал, ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қолқала.

18. Би: «Бабули» » 2 «Б» сынып биші қыздарымызға береміз. Қарсы алыңыздар!



Жүргізуші:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

-Олай болса келесі өнерді керемет бір әнге берсек:

19.Ән: «Ало» орындайтындар: Нұртілеу Жібек.



Жүргізуші:

Бітуге қалды таяп-ай,

Не қыласың аяп-ай.

Қане, халқым, қол соқшы,

Жаңа жылда аямай!

  • Келесі кезекті биге береміз.

20. Би: «Ха Фа На» 2 «А» сынып оқушылары. Қарсы алыңыздар!



Қорытындылау:

  • Қане, енді балалар бәріміз көзімізді жұмайық, көзімізді мен айтқанша ашпаймыз. Келістік пе, балалар?!



  • Біздің оқушыларымыз Аяз атаға хат жазған еді, сол хаттары бойынша аяз ата тілектерін орындап,бізге сыйлық тастап кетіпті. Қане таратып берейік. /музыка ойналады, ата-аналар сыйлықтарды таратады./

Жүргізуші:

  • Ерлерім, ел намысын түйіп белге,

Келеді қолым жетіп биіктерге.

Тілегі қабыл болып Елбасының,

Жаңа жыл құт боп келсін сүйікті елге! –дей келе бүгінгі 2 сынып оқушыларының дайындаған жаңа жылдық кешіміз аяқталды. Құрметті көрермендер келгендеріңізге көп-көп рахмет. Біз сіздермен қоштаспаймыз, тек келесі кездескенше дейміз. Сау болыңыздар!







49 Ақмая орта мектеп











Ашық тәрбие сағаты



«Жаңа жылда жасыл шырша жанында»





Сыныптар: 2 «А,Б»

Сынып жетекші: Ж.Сүлеймен

Қ.Ахметова













2017-2018 оқу жылы.



















































1. Ән: «Әке-Ана» орындайтын: Нұрланқызы Жауқазын.

2. Би: «Яблоки» Орындайтындар: 2 «Б» сынып оқушылары ұлдар биі.

3.Би: «Танец снежинок» қыздар биі. 2 «А» сынып оқушыларына береміз.

4.Ән: «Аспанға қараймын» Диас пен Жігердің орындауында.

5. Ән: «Шыршаға барғанда»

Орындайтындар: Жансезім, Нұртуған.

6. Би: «Кукла» Орындайтындар: 2 «Б» сынып оқушылары

қыздар биі.

7. Би: «Испан» қыздар биі. 2 «А» сынып оқушыларына береміз.

8. Би: «Флешмоб» 2 «Б» сынып оқушылары ұлдар биі.

9. Би: «Вальс» 2 «А» сынып оқушыларына береміз. Қарсы алыңыздар!

10.Ән: «Ертегілер» әнімен ортада Жұмабек Жанельді қарсы алыңыздар!

11. Би: «Шығыс биі» 2 «Б» сынып оқушыларына береміз.

12. Би: «Павлин» орындайтын: Еркінқызы Балауса.

13. Ойын: «Кел, би билейік» /столмен би/

14. Ән: «Қайда?»әнімен ортада Абдилхамит Сафиянұрды қарсы алыңыздар!

15. Би: «Джентельмен» 2 «Б» сынып оқушыларына береміз.

16. Ән: «Көңілді күн» орындайтындар: Жібек пен Аянат.

17. Би: «Танец мальчиков» 2 «А» сынып оқушыларына береміз.

18. Би: «Бабули» » 2 «Б» сынып биші қыздарымызға береміз

19.Ән: «Ало» орындайтындар: Нұртілеу Жібек.

20. Би: «Ха Фа На» 2 «А» сынып оқушылары


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаңа жылда жасыл шырша жанында

Автор: Ахметова Карлыгаш Ордабековна

Дата: 12.02.2018

Номер свидетельства: 456668

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(25) "zhasyl_shyrsha_zhanynda_3"
    ["file_id"] => string(6) "450733"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516241386"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Жаңа жылда жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(37) "zhan_a_zhylda_zhasyl_shyrsha_zhanynda"
    ["file_id"] => string(6) "445587"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1513792783"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(25) "zhasyl_shyrsha_zhanynda_7"
    ["file_id"] => string(6) "624630"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1675282214"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) ""Жасыл шырша жанында" ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(40) "zhasyl-shyrsha-zhanynda-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "325911"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463059827"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Кел жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(39) "zhana_zhyldyk_ertengilik_kel_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "543588"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1584696278"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1480 руб.
2110 руб.
1700 руб.
2430 руб.
1590 руб.
2270 руб.
1850 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства