Жүргізуші: Шырша шамы неге жанбайды? Қане балалар тағы да қайталайық!
Шырша дауысы: Қайталамай-ақ қойыңдар! Жанбаймын!
Жүргізуші: Ой бұл кімнің дауысы?
Шырша: Бұл менмін-шырша!
Жүргізуші: сен неге шамдарыңды жақпайсың, балаларды қуантқың келмей ме?
Шырша: Жыл сайын «Шырша жарқыра, шырша жарқыра!» деп мазалайсыңдар! Жарқырамаймын! Болды!
Жүргізуші: Мүмкін сенің көңіліңді көтерейікпе?
Шырша: Керек емес! Маған тиіспеңдер! Жоламаңдар! Тіпті дем алмаңдар, мен есімнен танып құлап қаламын!
Жүргізуші: Ой қандай қырсық едің! Енді не істесек екен!
Шырша: Мен туралы тақпақтар айтып беріңдер!
Жүргізуші: әрине, біздің балалар жақсы тақпақтар айтып береді
Балалардың тақпақтары.
1.Нұрдәулет
2.Айзере
3.Алихан
Жүргізуші: Ал тақпақ айттық, бірақ шырша жанбай жатыр.
Шырша: Сендер дұрыстап сұраңдар!
Жүргізуші: Балалар қане шыршадан дұрыстап, жануын сұрайықшы!
Барлығы: Қане шырша шамдарыңды жаға ғой!
Шырша шамы жанады.
Жүргізуші: Айта берсек таусылмас Жаңа жылда жаңа жыр Кел оданда, балалар Ойын ойнайық жаңа бір.
Ойын: «Өз үйіңді тап» Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету. Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер. Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады.
(Желдің дыбысы) (Мыстан сыпырғышқа отырады, оны Сайқымазақ сүйреп келеді)
Мыстан: Мен орманда елден естіп қойдым. Барлық қонақтарды шақырып, Жаңа жыл мерекесін тойламақшы болып жатыр екенсіңдер ғой! (ренжіп)
Мені тіпті ұмытып та кетіпті. Кетіңдер, кетіңдер! (сыпырғысымен итереді)
Жүргізуші: Ренжімеші сен-Мыстан. Осы жердегі балалардың барлығы да сені көргеніне қуанышты.
Мыстан: Жарайды. Бірақ сендер қалайша мені, ханшайымды шақырмай тастап кеттіңдер? Сендерді қалай жазаласам екен? (ойланады)
Мыстан: Сен өз ісіңе кіріс. Мына жерде бала-шаға көптігінен ба, шаң көп екен. Өте шаң! (түшкіреді)
Сайқымазақ: Сіз үшін не істейін ханым? Шөптен шай жасап әкелейін бе?
Мыстан: Керек емес! Сулы шүперекпен шаңды сүрт!
(Сайқымазақ шаңды сүрте бастайды)
Мыстан: Не деген жайбасарсың! Олай емес. Қазір көрсетемін, қара! Мен бұрын өте кедей тұрғанда үйшігімді былай былай тазалайтынмын. Аяқтарыңды алыңдар!
(балалардың жанына келіп) Тарт аяғыңды! Неменеге қарайсың мені ұнатпай отырсың ба? Ал аяғыңды! Шаршадым! Сол күндерді есіме алғым келмейді. (жыламсырап)
Жүргізуші: Мыстан дем алыңыз, ал Айзере ән айтып сіздің көңіліңізді көтереді.
Ән:«Зырлайды шанамыз»
Жүргізуші: Мыстан, ой кешіріңіз патшайым! Біздің балалармен бір жақсы ойын ойнасаңыз қайтер екен!
Мыстан: Мені патшайым деп ешкім атаған емес, мынадан басқа. Саған ризамын, ойнасам ойнайын. Қәне, балалар ортаға келіңдер. (ойынның шартын түсіндіру)
«Суреттерді орналастыр» Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер. Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.
Мыстан: Сендер мені көңілдендіріп, мейірімділікке үйреттіңдер! Сендер мерекелеріңе мені емес басқа адамды күттіңдер, солай ма? Олай болса менің жұмбағымды шешіңдер!
Сақалы аппақ, мұрны қызыл
Шапаны аппақ, таяғы бар.
Балалар: Аяз ата!
Мыстан: Қанша қатты шақырсаңдар да ол тез келе алмайды. Борандатып, аққарлатып жеткенше біраз уақыт өтеді. Мен сендерге көмектесейін. Менің сиқырлы сыпырғышымды әкел!
Сайқымазақ: Бірақ ханым, өмірімде бір рет болсын осындайда пайдаланып басқа сыныптың балаларына қонаққа барып биін көрсем деп едім. Әне қараңызшы басқа сыныптардың балаларын Ой небәрі 1 сағатқа сол жерге барып қайтсам ғой!
Мыстан: Ой арманшыл жан! Жарайды көр, сосын сыпырғышты алып кел.
Мыстан: бар, бар, тездет! Балаларға Аяз аталарын алдырып берейік
(Сайқымазақ шығып кетеді) Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.
Жүргізушітың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.Қардың
сықырын естідіңдер ме?
Балалар: Иә, естіп тұрмыз.
Жүргізуші: Енді қарап тұрмайық
Бәріміз бірге дауыстап
Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.
Аяз ата: Амансың ба ұлдарым!
Амансың ба қыздарым!
Қандай әсем жүздерің,
Қандай сұлу күлгенің!
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Келді міне асығып
Аяз ат алыстан. Ақшақар немерем мына балалар бізді көп күтті ғой!
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Аяз ата сендерге асығып келді. Ол сендерге көп ойындар мен қуаныш әкелді.
Аяз ата: Кішкентай тентектерім менің!
Жүргізуші: Тентектер дейсіз бе?
Аяз ата: Балалар араларыңда тентектер бар ма?
Б-р: Жоқ!
Аяз ата: Бұзықтар барма?
Б-р: Жоқ!
Аяз ата: Жылауықтар бар ма?
Б-р: Жоқ!
Аяз ата: Әдемі балалар бар ма?
Б-р: Иә!
Аяз ата: Өте жақсы! Балалар бүгін қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл мерекесі!
Жүргізуші: Аяз ата біздің арамызда өте зейрек өте шапшаң балалар бар. Олар жақсы ән айтады, билейді. Тамашалайсыз ба?
Аяз ата: әрине, әрине! Жаңа жылдың үнін естіп тұрмын.
Жүргізуші: Иә. Балалар сізге әнін айтып береміз дейді.
Ән «Шыршаға бардық»
Аяз ата: Мені бір риза қып тастадыңдар ғой балалар! Рахмет сендерге!
Ақшақар: Осы балалар Жаңа жылды неліктен асығып күтеді екен? Өйткені Аяз ата келіп балаларға қуаныш сыйлайды. Ал бірақ Аяз ата осындай көп күшті қайдан алады екен?
Аяз ата: Е балалар жастық пен шаттықтың ертегі елі бар. Ол жерде барлығы шаттанып жүреді. Оларға музыка көмектеседі. Мен де жылына бір рет сол елге барып қуат алып қайтамын.
Жүргізуші: Біздің балалар да қуана біледі, шаттана біледі.
Ақшақар: Аяз ата мен балалармен бір ойын ойнасам деймін.
Аяз ата: Ойнай ғой,ойнай ғой қызым!
Ақшақар: Ойын: «Байпақ» Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
Аяз ата: Мен балаларды жақсы көремін. Оларға арнап сыйлықтар әкелемін. Міне тәтті кәмпиттер алыңдар!
Сыйлықтарды тарату
Аяз ата: Ал балалар біздерге берілген уақыт та аяқталды. Бізді сендер сияқты балалар күтуде.
Ақшақар: Сау болыңдар балалар! Жаңа жыл құтты болсын! (екеуі кетеді)
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші:
Жаңа жылым төрле бізге нұр болып,
Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып.
Жаңа жыл құтты болсын! Ал балалар мерекемізді осымен аяқтаймыз.
Бәрі. Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.