kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жасыл шырша жанында

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жасыл шырша жанында

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалар мен қатысушылардың   карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас орнату.
Қатысушылар: Жүргізушілер, Аяз ата, Ақшақар, Жаңа жыл-ит жылы, Ескі жыл-әтеш,түлкі, қоян, балалар және ата - аналар.

Зал әдемі, әсем Жаңа Жыл мерекесіне сай безендірілген.Ортада бойы биік,

ойыншықтары жалт-жұлт еткен,көздің жауын алатындай жап-жасыл шыршамыз орналасқан.Жаңа жыл кешіне арнап көңілді,әсем әуен ойнап тұр,

Балалар жаңажылдық костюмдер киген,көтеріңкі көңіл-күймен залға кіреді.

Музыка ойнап тұрады (балалардың кіруі).

Жаңа жылдық кеш барысы:

 Жүргізуші:  - Құрметті ата-аналар,тәрбиешілер,балалар!Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Отбастарыңызға амандық,келе жатқан  «Ит» жылы баршамызға бақыт,молшылық,табыс, ырыс әкелсін.   

                               Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

                              Жаңа жылды шақырады бар өмір.

                              Бақыт болып,жаңа жылым келді ғой,

                              Құтты болсын,құтты болсын Жаңа жыл!

-Балалар,сендер бүгін әдемі болып,сәнді киініп,сұлу болып кетіпсіңдер,бүгін қандай мереке?

Балалар: -Жаңа жыл!

Жүргізуші: Жаңа жыл тек бақыт пен қуаныш сыйласын, достық пен адалдық күшін арттырсын. Бүгінгі кешімізді бастап,шымылдығын ашар  құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерішісі Дауткалиева Анар  Тохтахуновнаға ұсынамыз.

Жүргізуші:  -Тамаша,тамаша! Олай болса Жаңа жыл кешімізді бастайық.Жаңа жыл мерекесіне дайындап келген тақпақтарың бар ма?

Балалар: Бар.

Дабыл Санжар:

Жаңа жылда балалар

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмандар ешқашан,

Мықты  болып өзіңнен.

Адия:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле,төрле Жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Асылмұрат:

Бүгін біз көңілдіміз,

Жаңа жылды қарсы алып,

Мерекеге келгендерді ән салып.ерекесін

Қоян:  Ой балалар, тақпақтарың керемет екен. Көңіліміз көтеріліп қалды.  Балалар, қараңдаршы ортада әп-әдемі болып тұрған не?

Балалар: - Шырша?

Жүргізуші: -Қоян сен қайдан жүрсін,біздің балалармен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлауға келдің бе? Онда кел, төрлет біздің балалардың өнерін тамашала,келгенін қандай жақсы болды. Шыршамыз міне әдемі безендірілген.Ойыншықтары недеген көп,ал шыршамыз бірақ көңілсіз, өйткені шыршаның шамдары жанбаған,шыршамыз көңілді болу үшін,

шыршаның шамдарын жағайық.

Қоян: Тоқтаңдар балалар,шыршаның шамын сиқырлы таяғымен Ақшақар жағу керек қой. Ал Ақшақарымыз жоқ,ол қайда,орманда адасып кеткен шығар.Кәне барлығымыз айғайлап Ақшақарды шақырайықшы.

Балалар:      Ақшақар,Ақшақар.

Сол кезде залға музыка әуенімен түлкі кіреді.

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырсындар ма? Жаңа жыл құтты болсын! Шыршаларың қандай керемет!  Бірақ шыршаларың көңілсіз екен. Шырша шамдары неге жанбаған? Сиқырлы таяқшамен неге жақпайсыңдар? Кәне, шырша шамын жағайық. Онда шырша шамдарын мен жағайын.

Қоян: Түлкіжан шырша шамдарың сен жақпайсың. Шырша шамдарын сиқырлы таяғымен Ақшақар жағады. Біз сені шақырған жоқпыз Ақшақарды шақырдық.

Жүргізуші: Олай болса Ақшақарды шақырып, шырша шамын жағайық, Жаңа жылды тойлайық.

Балалар: -Ақшақар,Ақшақар.

(Осы кезде шыр көбелек айналып ортаға музыкамен Ақшақар кіреді).

Ақшақар: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Келе жатқан Жаңа  жылдарыңмен!

Мені көп тосып қалдындарма?Мен орманда сендерге асығып келе жатқанда сиқырлы таяқшамды жоғалтып алдам, таяғымды іздеп  кешігіп қалдым. Таппай жүрмін көмектесіп жібересіңдер ме, балалар.

Балалар: Көмектесеміз.

Жүргізуші: Онда балалар Ақшақардың сиқырлы таяғын іздеу  көңілді болу үшін бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Кім жылдам?» Осы шырша маңынан іздейік. Кім жылдам екенін байқайық. Ал, кеттік, сәттілік.

(Музыка әуенімен барлығы ойын ойнайды)

Түлкі: Мен таптым, мен таптым.

Қоян: Түлкіжан бәрекелді, онда тездетіп Ақшақарға  бер, шырша шамын жақсын.

Түлкі: Жоқ, онда мен не ұтамын. «Бауырсақ» ертегісінде Бауырсақты жеп алдым, ал Жаңа жылда құр қол қайтамын ба? Болмайды ең құрымаса тақпақ айтып берсің балалар.

Жүргізуші: Балалар онда тақпақ айтып берейік.

Ақшақар: Ия балалар тақпақ айтып берейік, Аяз ата мен Жаңа жыл келгенше шырша шамын жағып қояйық.

Еркемай:

Ауыл маңы қар аппақ,

Қызықтар көп әр түрлі.

Ақ дәптерді парақтап,

Қыс отырған секілді.

Амантай Дарын:

Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.

Серік Дарын:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса,

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші: Ал, Түлкі, көңілін көтерілді ма?

Түлкі:  Ия керемет, бала тілі бал деп бекер айтпайды екен, Ақшақар, ал сиқырлы таяқшаны.

Ақшақар:  Балалар,сендер шыршаның шамдарын жағу үшін мені күттіңдер. Жоғалған таяқшамды табуға көмектестіңдер. Олай болса барлықтарың менің қасыма келіңдер,сендер сиқырлы сөздер айтыңдар,сонан соң  мен сиқырлы таяғыммен шыршаның шамдарын жағайын.

Балалар:   -1,2,3 (хормен шапалақтап айтамыз.)

                              Қуант бізді таңырқат,

                              Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айтамыз,сол кезде шыршаның шамдары жанады,балалар қол шапалақтайды,қуанады).

Жүргізуші: -Ал,балалар шыршаның шамдары жанды,енді Ақшақармен бірігіп, ару Ақшақарымызға арнап ән айтайық.

Ән:    «Ақшақар» әні  балалардың орындауында.

Жүргізуші:  -Енді осы шыршаға арнап кім тақпақ айтады.

Балалардың тақпақтарың тыңдау

Айдария:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Нұрым:

Бақша іші мереке,

Ойын, күлкі, асқақ ән.

Жақсы апайлар әндетіп,

Мерекені бастаған.

Саяжан:

Ақша қар, ақша қар,

Аппақ болып қонасың.

Тоса қалсам қолымды,

Алақаныма толасың.

Жаннұр:

Әкем таңдап әкелді,

Ең үлпілдек шыршаны.

Жарқыраған шыршаның,

Жұпар иісі аңқыды.

Жүргізуші: Ақшақар біздің кішкентай ұлпақарларымыздың дайындаған «Ұлпақарлар» биін қабыл алыңыздар.

Би «Ұлпақарлар» қыздардың орындауында.

Жүргізуші: Енді балалар айтыңдаршы, жаңа жылымыздың негізгі кейіпкері кім?

Балалар: Аяз ата! (хормен)

Жүргізуші: Онда барлығымыз дауыстап Аяз атаны ортаға шақырайық. Аяз ата!3 (хормен)

Аяз Ата: Амансыңдар ма, ұлдарым,

                Амансыңдар ма, қыздарым!

(Қоян мен түлкі алдынан шығады).

Екеуі: Сағына біз күттік,

            Келеріңізге сендік.

Аяз ата: Рахмет, түлкі пен қоян. Рахмет балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын.

Жүргізуші: Аяз ата сізді көргенімізге қуаныштымын.  Солай ма, балалар?

Балалар: Қуаныштымыз!

Аяз ата: Менде құр келгенім жоқ, балалар! Сонымен қатар жалғыз да емеспін. (Қолың 3 рет соғады).

Ортаға шана сүйреп Әтеш пен Ит жылдары шығады. Шана үстінде сыйлықтар  тұрады.

Аяз ата: тәп-тәтті бүлдіршіндер міне,  сыйлық. Сонымен қатар ескі жыл әтеш пен жаңа жыл ит жылы.

Ескі  жыл:

Армысыңдар балалар,

Барысыңдар бауырлар.

Жаңа жыл:

Сендерді көргеніме қуаныштымын, балалар. Сыйлық салынған шананы  сүйреп шаршадық. Бізге арнаған тартуларың бар ма?

Жүргізуші: Сыйлығымыз  әлі таусылмады. Біз сіздерге арнап тақпақтар дайындадық. Ендеше балаларға сөз кезегін берейік.

Жанали:

Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде,

Билейміз, ән саламыз.

Диана:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Аянат:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Алихан:

Жасыл елек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіа сағынған.

Ерке:

Аяз ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата.

Сыйлықтары көп оның,

Мерекелі жан ата.

Елдар:

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, ата-әже,

Құтты болсын жаңа жыл.

Жүргізуші: Аяз ата бұл сыйлықтың соңы емес. Ендігі кезекте ұлдарымыз дайындаған «Жаңа жыл» биін қабыл алыңыздар.

Би «Жаңа жыл» ұлдар орындауында.

Ескі жыл: Құрметті балалар, мен сендерге риза болдым. Бірақ кезегімді жолдасым ит жылына беріп, қайтар кезім де келіп қалыпты. Кетпес бұрын сендермен бір ойын ойнасам деп отырмын. Ойын «Қар жинау» деп аталады.

Ойын шарты: музыка әуенімен шашылған қарды шелекке жинау. Ойынды топтасып ойнайық. Онда тез-тез ұлдар мен қыздар тобына бөліне қалайық.

«Қар жинау» ойыны ойналады.

Ескі жыл: Рахмет балалар, керемет ойнадық. Қош болыңдар.

Балалар: Қош болыңыз (3 рет)

Жүргізуші: Біздің балаларымыздың өнері әлі де аяқталмады. Сіздерге арнап тақпақтар әзірлеген балаларымыз бар. Соларға көңіл бөлсек.

 Алдияр:

Аяз ата келіп тұр,

Бізге салем беріп тұр.

Тақпақ айтқан балаларға,

Тәттілерін беріп тұр.

Әміржан:

Аяз ата  ойды қырды,

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы Жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Жан:

Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай  жаңа бақыт.

Құтты болсын Жаңа жыл барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Айлин:

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Ернұр:

О, алақай, Аяз ата,

Келе жатыр алыстан.

Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын жаңа жыл.

Мырзағали Санжар:

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күндіз бірге ойнап бізбен,

Зор қуаныш сыйлап берді.

Аяз ата: Бәрекелді, балалар. Өркендерің өссін.

Жаңа жыл: Ал балалар, енді бәріміз бірігіп, ән орындасақ қалай қарайсыңдар.

Жүргізуші: Балалар шыршамызды айналып «Жаңа жыл әнін» орындайық.

Ән «Жаңа жыл» әні.

Ақшақар: Аяз ата қоштасар сәт жақын. Баратын жеріміз әлі де көп.

Жаңа жыл: Дұрыс айтасың, Ақшақар. Сыйлықтар үлестірейік.

Аяз ата: Балалар мен сендердің хаттарынды алдым. Сұраған сыйлықтарыңды алып келдім.

Сыйлықтарды тарту ету рәсімі.

Ақшақар: Балалар, біздің баратын жерлеріміз көп. Келесі жылы кездескенші сау саламат болыңдар.

Балалар: Қош болыңыздар3.

Жүргізуші: Осымен құрметті балалар, Жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Назар салып, қатысқандарыңызға рахмет. Құттықтау сөзді ата-аналарға ұсынсақ.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жасыл шырша жанында»

Жасыл шырша жанында

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалар мен қатысушылардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас орнату.
Қатысушылар: Жүргізушілер, Аяз ата, Ақшақар, Жаңа жыл-ит жылы, Ескі жыл-әтеш,түлкі, қоян, балалар және ата - аналар.

Зал әдемі, әсем Жаңа Жыл мерекесіне сай безендірілген.Ортада бойы биік,

ойыншықтары жалт-жұлт еткен,көздің жауын алатындай жап-жасыл шыршамыз орналасқан.Жаңа жыл кешіне арнап көңілді,әсем әуен ойнап тұр,

Балалар жаңажылдық костюмдер киген,көтеріңкі көңіл-күймен залға кіреді.

Музыка ойнап тұрады (балалардың кіруі).

Жаңа жылдық кеш барысы:

Жүргізуші: - Құрметті ата-аналар,тәрбиешілер,балалар!Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Отбастарыңызға амандық,келе жатқан «Ит» жылы баршамызға бақыт,молшылық,табыс, ырыс әкелсін.

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылды шақырады бар өмір.

Бақыт болып,жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын,құтты болсын Жаңа жыл!

-Балалар,сендер бүгін әдемі болып,сәнді киініп,сұлу болып кетіпсіңдер,бүгін қандай мереке?

Балалар: -Жаңа жыл!

Жүргізуші: Жаңа жыл тек бақыт пен қуаныш сыйласын, достық пен адалдық күшін арттырсын. Бүгінгі кешімізді бастап,шымылдығын ашар құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерішісі Дауткалиева Анар Тохтахуновнаға ұсынамыз.

Жүргізуші: -Тамаша,тамаша! Олай болса Жаңа жыл кешімізді бастайық.Жаңа жыл мерекесіне дайындап келген тақпақтарың бар ма?

Балалар: Бар.


Дабыл Санжар:

Жаңа жылда балалар

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмандар ешқашан,

Мықты болып өзіңнен.


Адия:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле,төрле Жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.




Асылмұрат:

Бүгін біз көңілдіміз,

Жаңа жылды қарсы алып,

Мерекеге келгендерді ән салып.ерекесін

Қоян: Ой балалар, тақпақтарың керемет екен. Көңіліміз көтеріліп қалды. Балалар, қараңдаршы ортада әп-әдемі болып тұрған не?

Балалар: - Шырша?

Жүргізуші: -Қоян сен қайдан жүрсін ,біздің балалармен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлауға келдің бе? Онда кел, төрлет біздің балалардың өнерін тамашала,келгенін қандай жақсы болды. Шыршамыз міне әдемі безендірілген.Ойыншықтары недеген көп,ал шыршамыз бірақ көңілсіз, өйткені шыршаның шамдары жанбаған,шыршамыз көңілді болу үшін,

шыршаның шамдарын жағайық.

Қоян: Тоқтаңдар балалар,шыршаның шамын сиқырлы таяғымен Ақшақар жағу керек қой. Ал Ақшақарымыз жоқ,ол қайда,орманда адасып кеткен шығар.Кәне барлығымыз айғайлап Ақшақарды шақырайықшы.

Балалар: Ақшақар,Ақшақар.

Сол кезде залға музыка әуенімен түлкі кіреді.

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырсындар ма? Жаңа жыл құтты болсын! Шыршаларың қандай керемет! Бірақ шыршаларың көңілсіз екен. Шырша шамдары неге жанбаған? Сиқырлы таяқшамен неге жақпайсыңдар? Кәне, шырша шамын жағайық. Онда шырша шамдарын мен жағайын.

Қоян: Түлкіжан шырша шамдарың сен жақпайсың. Шырша шамдарын сиқырлы таяғымен Ақшақар жағады. Біз сені шақырған жоқпыз Ақшақарды шақырдық.

Жүргізуші: Олай болса Ақшақарды шақырып, шырша шамын жағайық, Жаңа жылды тойлайық.

Балалар: -Ақшақар,Ақшақар.

(Осы кезде шыр көбелек айналып ортаға музыкамен Ақшақар кіреді).

Ақшақар: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Келе жатқан Жаңа жылдарыңмен!

Мені көп тосып қалдындарма?Мен орманда сендерге асығып келе жатқанда сиқырлы таяқшамды жоғалтып алдам, таяғымды іздеп кешігіп қалдым. Таппай жүрмін көмектесіп жібересіңдер ме, балалар.

Балалар: Көмектесеміз.

Жүргізуші: Онда балалар Ақшақардың сиқырлы таяғын іздеу көңілді болу үшін бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Кім жылдам?» Осы шырша маңынан іздейік. Кім жылдам екенін байқайық. Ал, кеттік, сәттілік.

(Музыка әуенімен барлығы ойын ойнайды)

Түлкі: Мен таптым, мен таптым.

Қоян: Түлкіжан бәрекелді, онда тездетіп Ақшақарға бер, шырша шамын жақсын.

Түлкі: Жоқ, онда мен не ұтамын. «Бауырсақ» ертегісінде Бауырсақты жеп алдым, ал Жаңа жылда құр қол қайтамын ба? Болмайды ең құрымаса тақпақ айтып берсің балалар.

Жүргізуші: Балалар онда тақпақ айтып берейік.

Ақшақар: Ия балалар тақпақ айтып берейік, Аяз ата мен Жаңа жыл келгенше шырша шамын жағып қояйық.

Еркемай:

Ауыл маңы қар аппақ,

Қызықтар көп әр түрлі.

Ақ дәптерді парақтап,

Қыс отырған секілді.



Амантай Дарын:

Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.



Серік Дарын:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса,

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші: Ал, Түлкі, көңілін көтерілді ма?

Түлкі: Ия керемет, бала тілі бал деп бекер айтпайды екен, Ақшақар, ал сиқырлы таяқшаны.

Ақшақар: Балалар,сендер шыршаның шамдарын жағу үшін мені күттіңдер. Жоғалған таяқшамды табуға көмектестіңдер. Олай болса барлықтарың менің қасыма келіңдер,сендер сиқырлы сөздер айтыңдар,сонан соң мен сиқырлы таяғыммен шыршаның шамдарын жағайын.

Балалар: -1,2,3 (хормен шапалақтап айтамыз.)

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айтамыз,сол кезде шыршаның шамдары жанады,балалар қол шапалақтайды,қуанады).

Жүргізуші: -Ал,балалар шыршаның шамдары жанды,енді Ақшақармен бірігіп, ару Ақшақарымызға арнап ән айтайық.

Ән: «Ақшақар» әні балалардың орындауында.

Жүргізуші: -Енді осы шыршаға арнап кім тақпақ айтады.

Балалардың тақпақтарың тыңдау

Айдария:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Нұрым:

Бақша іші мереке,

Ойын, күлкі, асқақ ән.

Жақсы апайлар әндетіп,

Мерекені бастаған.


Саяжан:

Ақша қар, ақша қар,

Аппақ болып қонасың.

Тоса қалсам қолымды,

Алақаныма толасың.


Жаннұр:

Әкем таңдап әкелді,

Ең үлпілдек шыршаны.

Жарқыраған шыршаның,

Жұпар иісі аңқыды.

Жүргізуші: Ақшақар біздің кішкентай ұлпақарларымыздың дайындаған «Ұлпақарлар» биін қабыл алыңыздар.

Би «Ұлпақарлар» қыздардың орындауында.



Жүргізуші: Енді балалар айтыңдаршы, жаңа жылымыздың негізгі кейіпкері кім?

Балалар: Аяз ата! (хормен)

Жүргізуші: Онда барлығымыз дауыстап Аяз атаны ортаға шақырайық. Аяз ата!3 (хормен)

Аяз Ата: Амансыңдар ма, ұлдарым,

Амансыңдар ма, қыздарым!

(Қоян мен түлкі алдынан шығады).

Екеуі: Сағына біз күттік,

Келеріңізге сендік.

Аяз ата: Рахмет, түлкі пен қоян. Рахмет балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын.

Жүргізуші: Аяз ата сізді көргенімізге қуаныштымын. Солай ма, балалар?

Балалар: Қуаныштымыз!

Аяз ата: Менде құр келгенім жоқ, балалар! Сонымен қатар жалғыз да емеспін. (Қолың 3 рет соғады).

Ортаға шана сүйреп Әтеш пен Ит жылдары шығады. Шана үстінде сыйлықтар тұрады.

Аяз ата: тәп-тәтті бүлдіршіндер міне, сыйлық. Сонымен қатар ескі жыл әтеш пен жаңа жыл ит жылы.

Ескі жыл:

Армысыңдар балалар,

Барысыңдар бауырлар.

Жаңа жыл:

Сендерді көргеніме қуаныштымын, балалар. Сыйлық салынған шананы сүйреп шаршадық. Бізге арнаған тартуларың бар ма?

Жүргізуші: Сыйлығымыз әлі таусылмады. Біз сіздерге арнап тақпақтар дайындадық. Ендеше балаларға сөз кезегін берейік.

Жанали:

Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде,

Билейміз, ән саламыз.

Диана:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Аянат:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Алихан:

Жасыл елек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіа сағынған.

Ерке:

Аяз ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата.

Сыйлықтары көп оның,

Мерекелі жан ата.

Елдар:

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, ата-әже,

Құтты болсын жаңа жыл.

Жүргізуші: Аяз ата бұл сыйлықтың соңы емес. Ендігі кезекте ұлдарымыз дайындаған «Жаңа жыл» биін қабыл алыңыздар.

Би «Жаңа жыл» ұлдар орындауында.

Ескі жыл: Құрметті балалар, мен сендерге риза болдым. Бірақ кезегімді жолдасым ит жылына беріп, қайтар кезім де келіп қалыпты. Кетпес бұрын сендермен бір ойын ойнасам деп отырмын. Ойын «Қар жинау» деп аталады.

Ойын шарты: музыка әуенімен шашылған қарды шелекке жинау. Ойынды топтасып ойнайық. Онда тез-тез ұлдар мен қыздар тобына бөліне қалайық.

«Қар жинау» ойыны ойналады.

Ескі жыл: Рахмет балалар, керемет ойнадық. Қош болыңдар.

Балалар: Қош болыңыз (3 рет)

Жүргізуші: Біздің балаларымыздың өнері әлі де аяқталмады. Сіздерге арнап тақпақтар әзірлеген балаларымыз бар. Соларға көңіл бөлсек.

Алдияр:

Аяз ата келіп тұр,

Бізге салем беріп тұр.

Тақпақ айтқан балаларға,

Тәттілерін беріп тұр.

Әміржан:

Аяз ата ойды қырды,

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы Жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Жан:

Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Құтты болсын Жаңа жыл барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Айлин:

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Ернұр:

О, алақай, Аяз ата,

Келе жатыр алыстан.

Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын жаңа жыл.

Мырзағали Санжар:

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күндіз бірге ойнап бізбен,

Зор қуаныш сыйлап берді.

Аяз ата: Бәрекелді, балалар. Өркендерің өссін.

Жаңа жыл: Ал балалар, енді бәріміз бірігіп, ән орындасақ қалай қарайсыңдар.

Жүргізуші: Балалар шыршамызды айналып «Жаңа жыл әнін» орындайық.

Ән «Жаңа жыл» әні.

Ақшақар: Аяз ата қоштасар сәт жақын. Баратын жеріміз әлі де көп.

Жаңа жыл: Дұрыс айтасың, Ақшақар. Сыйлықтар үлестірейік.

Аяз ата: Балалар мен сендердің хаттарынды алдым. Сұраған сыйлықтарыңды алып келдім.

Сыйлықтарды тарту ету рәсімі.

Ақшақар: Балалар, біздің баратын жерлеріміз көп. Келесі жылы кездескенші сау саламат болыңдар.

Балалар: Қош болыңыздар3.

Жүргізуші: Осымен құрметті балалар, Жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Назар салып, қатысқандарыңызға рахмет. Құттықтау сөзді ата-аналарға ұсынсақ.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жасыл шырша жанында

Автор: Ахметова Сандугаш Калибековна

Дата: 18.01.2018

Номер свидетельства: 450733

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "«Жасыл шырша жанында» ерте?гілігі ІІ- с?билер тобы"
    ["seo_title"] => string(49) "zhasylshyrshazhanyndaiertienghilighiiisbiliertoby"
    ["file_id"] => string(6) "330466"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464266864"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(25) "zhasyl_shyrsha_zhanynda_7"
    ["file_id"] => string(6) "624630"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1675282214"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) ""Жасыл шырша жанында" ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(40) "zhasyl-shyrsha-zhanynda-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "325911"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463059827"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(25) "zhasyl_shyrsha_zhanynda_4"
    ["file_id"] => string(6) "551875"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1590742344"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Жасыл шырша жанында "
    ["seo_title"] => string(23) "zhasyl-shyrsha-zhanynda"
    ["file_id"] => string(6) "199011"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428502253"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства