Ма?саты: о?ушыларды? ана тіліне деген с?йіспеншілігін арттыру, ана тілін ??рметтеуге т?рбиелеу. Озы? ойлы т?л?а ?алыптастыру.
К?рнекілігі: ?анатты с?здер, суреттер
Барысы:
Ж?ргізуші: ?ымбатты ?стаздар, о?ушылар! Мектебімізде ?аза? тілі апталы?ы ?тіп жат?аны баршамыз?а белгілі. Соны? бір д?лелі б?гінгі ?ткелі отыр?ан сайысымыз. Сыныптар арасында ?тетін «Тіл білгір» танымды? ойынымыз?а ?ош келді?іздер!
Ана тілім-бала ша?ым, ?ркенім,
Ана тілім-болаша?ым, ерте?ім.
Ана тілім-сайын далам, жер, к?гім,
Ана тілім-арман, ойым, ?рнегім,-дей отырып, б?гінгі сайыс?а ?атысатын о?ушыларды орта?а ша?ырамыз.
О?ушылар ?здерін таныстырады.
Б?йгені? аттарындай шабыстары,
Білімні? ?ш?ыр болсын табыстары.
?ол со?ып, ?ошеметтеп отырайы?,
О?ушылар б?гін, міне, сайысады.
Сайысымыз бес б?лімнен т?рады. ?р жауап 5 ?паймен белгіленіп отырады. С?ра? барлы?ына бірдей ?ойылады. Кім бірінші жалаушаны к?терсе, сол о?ушы жауап береді. С?ра?тар ?аза? тілі п?ні бойынша ?ойылады.
Ал ?ырандар, сайыс?а ?алайсы?дар,
Сендер ?тер ?лі де талай сын бар,
Берілген тапсырманы м??ият ты?дап,
Жауап берсе? с?ра??а жарайсы?дар!
І б?лім «Білгенге маржан»
С?ра?тар:
1. Адамдар бір-бірімен не ар?ылы т?сініседі? (тіл)
2. Дыбысты? жазуда?ы та?басын не деп атаймыз? (?ріп)
Б?л ойында ма?ал-м?телді? т?сіп ?ал?ан с?здерін тауып, сол с?зді? орысша, а?ылшынша аудармасын айтады. Бір с?ра??а жауап беріп, бір н?с?асын айтса 5 ?пай, барлы? н?с?асын айтса 10 ?пай жинайды.
?нер алды – ?ызыл ... . (тіл-язык-Ianguage)
Тіл ... жарады, ... жармаса бас жарады. (тас-камень-stone)
Жал?ауды? жаны т?тті, е?бекті? ... т?тті. (нан-хлеб-bread)
Атпаз к?рген ат таныр, ?стаз к?рген ... таныр. (хат-письмо-Ietter)
Шешен ... бастайды, батыр ?ол бастайды. (с?з-слова-word)
Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие на тему" Тіл білгірі " »
«Тіл білгірі» сайысы
Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Озық ойлы тұлға қалыптастыру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер
Барысы:
Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде қазақ тілі апталығы өтіп жатқаны баршамызға белгілі. Соның бір дәлелі бүгінгі өткелі отырған сайысымыз. Сыныптар арасында өтетін «Тіл білгір» танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Ана тілім-бала шағым, өркенім,
Ана тілім-болашағым, ертеңім.
Ана тілім-сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім-арман, ойым, өрнегім,-дей отырып, бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
Оқушылар өздерін таныстырады.
Бәйгенің аттарындай шабыстары,
Білімнің ұшқыр болсын табыстары.
Қол соғып, қошеметтеп отырайық,
Оқушылар бүгін, міне, сайысады.
Сайысымыз бес бөлімнен тұрады. Әр жауап 5 ұпаймен белгіленіп отырады. Сұрақ барлығына бірдей қойылады. Кім бірінші жалаушаны көтерсе, сол оқушы жауап береді. Сұрақтар қазақ тілі пәні бойынша қойылады.
Ал қырандар, сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар,
Берілген тапсырманы мұқият тыңдап,
Жауап берсең сұраққа жарайсыңдар!
І бөлім «Білгенге маржан»
Сұрақтар:
1. Адамдар бір-бірімен не арқылы түсініседі? (тіл)
2. Дыбыстың жазудағы таңбасын не деп атаймыз? (әріп)
3. Қазақ тілінде қанша әріп бар (42)
4. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
5. Буынның неше түрі бар? (ашық, тұйық, бітеу)
6. Мағыналары қарама-қарсы сөздерді қалай атаймыз? (қарсы мәндес)
7. Мәтіннің қандай түрлері болады? (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
8. Сөйлем деген не? (аяқталған ойды білдіреді)
9. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлшегі қалай аталады? (түбір)
10. Қосымшаның түрлерін ата. (жұрнақ, жалғау)
11. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? (9)
12. Тұрлаулы мүшелерді ата. (бастауыш, баяндауыш)
13. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем қалай аталады? (жалаң)
14. Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер қалай аталады?
15. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз қалай аталады? (туынды)
ІІ бөлім «Жеті жұрттың тілін біл»
Жүргізуші: Ата-дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер шығарар ел төріне.
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
Бұл ойында мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармасын айтады. Бір сұраққа жауап беріп, бір нұсқасын айтса 5 ұпай, барлық нұсқасын айтса 10 ұпай жинайды.
Өнер алды – қызыл ... . (тіл-язык-Ianguage)
Тіл ... жарады, ... жармаса бас жарады. (тас-камень-stone)
Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің ... тәтті. (нан-хлеб-bread)
Атпаз көрген ат таныр, ұстаз көрген ... таныр. (хат-письмо-Ietter)
Шешен ... бастайды, батыр қол бастайды. (сөз-слова-word)
Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе ... көркі. (жер-земля-Iand)
ІІІ бөлім «Әдебиет әлемі»
Білімдінің әлемін
Тағы да байқап көрелік.
Жүйрік аттай желейік,
Әдебиетке кезек берейік.
1.Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер, білім-бәрі де
Оқуменен табылған. Қай ақынның өлеңі?
2. Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз. Қай өлеңңнен алынған үзінді?
3. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынов)
4. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады? (аңыз)
5. Солтүстік Қазақстан облысында туған ақын, жазушы әрі педагог кім? (Мағжан)
6. –Шырағым, ер жетерсің,
Ер жетсең, сірә, не етерсің?
Алысқа шырқап кетерсің,
Шыңдасаң, шыңға жетерсің,-деп бала Абайға бата берген кім? (Барлас ақын)
7. Гиннес кітабына кірген қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
8. Әбілхан Қастеев қай өнердің иесі?
9. «Қарлығаш әулие» атанған би. (Төле )
10. «Ердің атын еңбек шығарады» халық ауыз әдебиетінің қай түрі?
Жүргізуші: ұпайы аз екі ойыншы сайыстан шығады. Қошеметпен шығарып салайық.
ІV бөлім «Шешендік шиырлары»
Ал, кімнің білімі бар қаншалықты,
Ортамызға жүйріктерше білімдерін салыпты.
«Тіл білгірі» сайысынан бүгін бәйге алуға,
Сайыскерлер аянбай жан салыпты.
Бұл бөлімде сайыскерлерімізге қазақтың би-шешендерінің шешендік сөздері айтылады. Кімнің сөзі екендігі сұралады.
1.Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын – анаң қымбат,-деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?
2. Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін.
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Қай шешеннің сөзі? (Әйтеке би)
3. –Қатты адамға мал тұрса, шөп шықпайтын тақыр-дағы. Кімнің сөзі? (Сырым)
4. Жаңбыр жаумаса – жер жетім,
Басшы болмаса – ел жетім,-деп басталатын шешендік сөзді кім айтқан? (Төле)
Жүргізуші: ұпайы аз оқушы сайыстан шығады. Қошеметпен шығарып салайық.
V бөлім «Жорға»
Қазақ тілдің түрлі-түрлі сыры бар,
Сырын ашып, оқыған жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен, қос сайыскер,
Сол себептен қояр біраз сұрақтар бар.
Бұл бөлімге ұпай саны бойынша алда келе жатқан екі оқушы қатысады. Ойыншыларымыз 10 сұраққа бір минут ішінде жауап береді.
Бірінші сайыскерге сұрақ.
1.Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам. (Ыбырай)
2. Қазақ тілінде сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшесі бар? (3)
3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
4. Өлең жазатын адамды қалай атайды? (ақын)
5. «Төбе шашы тік тұру» тұрақты сөз тіркесі қандай мағына береді? (қорқу)
6. Сиырдың пірі. (Зеңгібаба)
7. 20 жасында Олимпиада чемпионы атанған қазақ боксшысы. (Бекзат)
8. Зат есімнің сұрақтарын ата. (кім? нелер?)
9. Кеспе, жүгірме қандай етістік? (болымсыз)
10. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (етістік)
Екінші сайыскерге сұрақ.
1. «Ғылым таппай мақтанба» деген кім? (Абай)
2. Қазақ тілінде сөйлемнің неше тұрлаулы мүшесі бар? (2)
3. Абылай ханның шын аты. (Әбілмансұр)
4. Жыр айтатын адамды қалай атайды? (жырау)
5. «Қас пен көздің арасында» тұрақты сөз тіркесі қандай мағына береді? (жылдам)
6. Жылқының пірі. (Қамбарата)
7. Ұлы Абайды әлемге танытқан жазушы кім? (М.Әуезов)
8. Сын есімнің сұрақтарын ата. (қандай? қай?)
9. Оқы, сұра қандай етістік? (болымды)
10. Заттың атын білдіретін сөз табы. (зат есім)
Жүргізуші: Ұпайы аз оқушы сайыстан шығады. Қошеметпен шығарып салайық.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын,-дей келе сөзді әділқазылар алқасына берейік. Сайысқа қатысушыларды марапаттау.