Просмотр содержимого документа
«Үшік ертегісі 1в сынып»
Күні: 31.03.25
Тақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі. Мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды-жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: үйшік үйі, кейіпкерлер.
Кейіпкерлер:
Ертекші-Мұратова И.
Тышқан-Тлеубаев Т.
Бақа-Көбеген Е.
Қоян-Амангелді Р.
Түлкі-Төремұратова А.
Қасқыр-Серік И.
Аю-Иса И. Ертекші: Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап: Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар? Ертекші: Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді. Бақа: - Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар? Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің? Бақа: - Мен бақылдауық бақамын. - Кел, бірге тұрайық. Ертекші: - Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді. Қоян: - Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар? Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Бақа: - Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің? Қоян: - Мен қорқақ қоянмын! Екеуі: - Кел, бірге тұрайық. Ертекші: - Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені қағады. Түлкі: - Сүп-сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ? Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Бақа: - Мен бақылдауық бақамын! Қоян: - Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің? Түлкі: - Мен қу түлкімін. Үшеуі: - Кел, бірге тұрайық. Ертекші: - Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған даусымен: Қасқыр: Бұл үйшікте кім бар? Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын! Бақа: - Мен бақылдауық бақамын! Қоян: - Мен қорқақ қоянмын! Түлкі: - Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің? Қасқыр: -Мен сұр қасқырмын! Бәрі: - Кел, бірге тұрайық. Ертекші: -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді. Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар даусымен: Аю: Сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?! Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын! Бақа: - Мен бақылдауық бақамын! Қоян: - Мен қорқақ қоянмын! Түлкі: - Мен қу түлкімін! Қасқыр: - Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің? Аю: - Мен қорбаңбай аюмын! Бәрі: - Кел, бірге тұрайық. Ертекші: - Аю ары- бер тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю: Аю:-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын. Бәрі: - Жоқ, қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой. Аю: - Қорықпаңдар түкте болмайды. Ертекші: - деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды. Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп – әдемі, жаңа үйшік тұрғызып алады. Күтілетін нәтиже. Нені білу керек: "Үйшік" ертегісінің мазмұнын түсінді Нені білді: жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру.