Просмотр содержимого документа
«Текті білу тегін емес »
Иә, балалар, «атасының көзісің» дегеннен өмір жалғасын, ұрпақ жалғасын түсінуге болады.
Қазақ халқында жеті атаға дейін тегін білу тиісті өнегелі дәстүрге айналған. Бұл дәстүр бойынша әрбір әке өзінің баласына ата тегін таныстырып отырады. Ал бала оны түсініп, біліп қана қоймай, өзі әке болғанда өзінің балаларына таныстырады. Осыны өзінің балаларына жеткізу үшін әрбір бала өзінің ата тегін жақсы біліп алуға тырысады. Сол себепті ата- бабаларымыздан «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақал күні бүгінге дейін жеткен. Жеті ата – ата, әке, бала немере, шөпшек, немене. Олардың бір- бірінен қалай таралатындығын мына өлең арқылы оқып, түсінеміз.
Оқулықпен жұмыс. Әңгімелесу.
«Текті білу тегін емес»
Баламын есті мен- Әкемнің әкесі-
Атамнан естіген: Ақ басты атам бар.
«Үш жұртты» білемін, Әкемнің шешесі-
Таратып беремін. Ақ шашты әжем бар.
Бабамнан басталар, Әкеге мен- бала,
«Өз жұртым» мыналар: Атаға- немере.
Ең жақын адамдар- Немере баласы-
Әкем мен анам бар. Болады шөбере.
Шөбере баласы-
Немене саналар.
Осы ұрпақ жалғасы
«Жеті ата» бола алар.
Мұғалім плакатқа салынған бәйтеректің суретіне әкеден тараған ұрпақтардың аталуын өлең жолдарына сәйкес мретімен балалардың көмегімен жазып шығады. Атадан- әке, әкеден- бала, баладан- немере, немереден- шөбере, шөбереден- шөпшек, шөпшектен- немене.
Оқушылардың ата тегін білуге деген көзқарастарын байқау мақсатында мынандай сұрақтар қойылады.
Неліктен текті білу қажет деп ойлайсыңдар?
Сендерге үлкендер ата тектері туралы айтып, сендерден сұраған кездері болды ма? Сендер оған қалай жауап бердіңдер?
Балалардың жауаптары.
Жеті ата ұғымдарын бекіте түсу үшін дәптердегі тапсырма орындалады.
Дәптермен жұмыс.
«Жеті ата» атты сөзжұмбақты шешіңдер.
Оқушылар тапсырманы өз дәптерлеріне орындайды. Орындап біткен соң жария етеді. Тапсырманы қарындашпен орындау тапсырылады. Оқушылар қате жіберген жағдайда түзетіледі.
Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз (Екі қолдарын жоғары көтереді)
Жапырақтары жайқалған. (Құшағын кең ашады)
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған. (Оңға, солға қозғалады)
Жаттығу- ойлану.
Ата бабаның өсиеттерін ұғындыру мақсатында жаттығу- ойлану ұйымдастырылады.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Бір топқа оқулықта берілген «Ата- бабаның ақ тілегі» өлең жолдарының екі қатарының:
Қыздарымыз есті болсын
Ұлдарымыз сесті болсын
Екінші топқа соңғы екі қатарының:
Балаларымызь қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Үшінші топқа оқулықтағы «Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол» деген халық мақалының мағынасын түсіндіріп беру тапсырылады. Жауаптарын жария етеді.
Үй тапсырмасы
Дәптерде берілген бүгінгі сабақтың дәйек сөзін дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы осы тақырып көрсетілген бетке жазыңдар.
Дәйексөз.
«Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл».
Сабақ дәйексөздің мағынасын жете түсіндіру арқылы қорытылады.
Балалар, дұрыс айтасыңдар! Ата бабаларымыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр, ер етіп өсіргісі келеді. Ұрпақтары әдепті де ізетті болып жүрсе, бәрін ақылға салып шешетін болса, өмірде бақытты болады. Баланың бақыты – ата-ананың бақыты, ұрпағының бақыты. Біз қашанда ата- тегімізді білумен қатар, ең түпкі тегіміз адам екенімізді ұмытпағанымыз жөн. Тегімізге тартып, адами қасиеттерімізден арылмағанымыз дұрыс!
Жүректен- жүрекке.
Сабақ соңында оқушылар ата – бабасына деген құрметтерін өлең арқылы білдіреді.
«Ата бізге келіңіз».
Сабақтың тақырыбы: Жылы жүрек -жақсы тілек
Мақсаты: Балаларды «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
-Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру
-қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактив
Шаттық шеңбері
- Балалар, бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құрайық.
Таң атты: -Қайырлы таң !-деп
Күн шықты :-Қайырлы таң !-деп
Жел есті:- Қайырлы таң !-деп
Қайырлы таң! Жақсылық баршаңызға!
Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізейік:
- Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың;
адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің және т.б. Осындай сөздерді оқушылар бір-біріне кезекпен айтып шығады.
Мұғалім:
Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын. Енді бәріміз орнымызға отырып, өткен сабақтағы үйге берілген тапсырманы есімізге түсірейік.
● Болаттың сыныптастары нағыз достықты қалай дәлелдейді? Балалардың жауаптары тыңдалып мұғалім тарапынан түйінделеді:
- Әңгіме мазмұны бойынша Болаттың сыныптастарының жылы жүректерінен шыққан жақсы тілектері оның сауығып кетуіне шипа болғанын білдік. Бүгінгі сабақта айналамызға үнемі жақсылық тілеп, жылылық сыйлауды оқып үйренеміз.
Ойын-жаттығу Жұмбақ
Сырты қатты
Іші тәтті ( Жаңғақ )
Әр топ жаңғақты алып, бір-біріне ішіндегі әріптен басталатын жақсы тілектер айту керек. Ең көп айтқан топ жеңіске жетеді.
Тыныштық сәті
Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Сендердің жүректерің жылы да, мейірімді, талай қайырымды іс жасайтындарыңды білемін. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.
Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу
Адамның мейірімділігі оның жылы жүрегі мен жақсы ойларынан танылатындығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.
Мұғалім әңгімелеп береді.
Айна мен Айша
● Айшаның көңілсіз, Айнаның көңілді жүруінің себебі неде, деп
ойлайсыңдар?
● Айнаның күнделігінде қандай сөздер болуы мүмкін?
● «Өмір- айна» дегенді қалай түсінесіңдер?
● Сендер кімдердің және нелердің жақсы жақтарын жиі еске түсіресіңдер?
● Сол сәтте қандай сезімге бөленесіңдер?
«Ізгі сөздер» өлеңін оқушыларға оқыту.
«Жақсы ата» әңгімесін оқытып, сұрақтарға жауап алу.
-Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?
-Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?
-Өздерің жылы жүрекпен жақсы тілек айтқан кездеріңді еске түсіріп көріңдер.
- Оқушылар суреттегі кейіпкерлердің орнына өздерің қойып, жақсы сөз, жылы тілек айтады.
Бір оқушы ортаға шығып, адам бойындағы жақсы қасиеттерін айтады,
қалған оқушы « үлгі аламыз» деп қостайды , жаман қасиеттерін айтса үндемей қалады.
Мен алғырмын, мен ініме көмектесемін, мен ұйқыны жақсы көремін,
мен еріншекпін,мен бақыттымын, мен кеңпейілмін,
Дәйексөз
Балалардың жауаптары мұғалім тарапынан дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
Мұғалім тақтаға «Жақсы сөз - жан семіртер» деген халық мақалын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді:
Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
Данышпан атаның сөздері
«Жақсы сөз- жанға қуат»
«Жақсы сөз- жарым ырыс»
« Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады»
Сергіту сәті
Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.
Тілек
(Бейсебай Кірісбаев)
Шөліркемей гүл тұрсын, Сол қолын жайып көрсетеді.
Жерім жайнап құлпырсын. Оң қолын жайып көрсетеді.
Нұрын сыйлап біздерге, Екі қолын жоғары көтереді.
Көкте мәңгі күн тұрсын. Екі қолын екі жаққа жаяды.
Ортақ бізге туыстық, Екі қолын төбесіне көтереді.
Нұр сыйлаған күн ыстық. Қолдарын жаяды.
Ыстық бізге кең өлке, Оң жаққа қарайды.
Ыстық бізге тыныштық. Сол жаққа қарайды.
Үй тапсырмасы
Сабақтағы білімдерін үйде бекіту үшін мынадай үй тапсырмасы беріледі.
Бірінші тапсырма: «Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап күн сайын өзіңнің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың саған көрсеткен жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып жүріңдер.
Екінші тапсырма: Бүгінгі сабақта естіп, білген, үйренген жақсы сөздер мен жүректен шыққан жылы тілектерді дәптерде берілген бос жолдарға жазыңдар.
Жүректен-жүрекке
Мұғалім сабақты қорытындылайды:
Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.
Мұғалім оқушыларды жақсылық шеңберін құруға шақырады.
«Жақсылық шеңберін» құру үшін әр оқушы кезекпен ортаға шығып, өзінің айналасына жақсы тілектер айтады. Осылайша шеңбер кеңейе береді.
Балалар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін бір-біріне көрсете отырып, жақсылық шеңберін құрады. Үнтаспаға ілесе отырып бәрі бірге ән айтады.